ЭКОЛОГИЯЛЫҚ МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ ТӘРБИЕ
Оценка 4.8

ЭКОЛОГИЯЛЫҚ МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ ТӘРБИЕ

Оценка 4.8
Документация
doc
Междисциплинарный 6
03.12.2019
ЭКОЛОГИЯЛЫҚ МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ ТӘРБИЕ
Токанбаев Асхат Экология .doc

УДК 504.75

 

ЭКОЛОГИЯЛЫҚ МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ ТӘРБИЕ

 

Аликенова К.Н.,ф.ғ.к., доцент , Токанбаев А.Е.

І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті

Талдыкорған қ.

 

Аңдатпа

Бүгінде адам санасы барлық іс-әрекетін экологиялық тұрғыдан қарас­тыр­маса, тіршілігімізге қауіп төніп тұр­ғаны сөзсіз. Әл-Фараби атамыз айтқан­дай, «Дүниеде бәрі математикалық дәлдік­пен орналасқан, орнынан бір нәрсе жыл­жыса, табиғаттағы тепе-теңдік бұзылады». Соңғы жылдары пайдалы қазба қорларының азаюы, жер бетінен өсімдіктер мен жануарлардың көптеген түрлерінің біржола құрып кетуі мен табиғи ортаның шектен тыс ластануы айрықша белең алды. Осындай табиғи эко-жүйелердің бұзылуы салдарынан флора мен фаунаның тозуы орын алып, қолайсыз экологиялы ахуал халықтың денсаулығына елеулі зиян келтіруде. Ал мұның бәрі қоршаған ортаны қорғап, табиғатты сақтау мен оны орнына келтіру мәселелеріне ерекше мән беріп, оның ресурстарын үнемді пайдалануды қатаң талап етеді. Бұл әрбір адамзаттың экологиялық сауаттылығын талап етеді.

 

Кілт сөздер: Экология, сана, білім, мәдениет, қоршаған орта.

 

 

ЭКОЛОГИЧЕСКАЯ КУЛЬТУРА И ОБРАЗОВАНИЕ

 

Аликенова К.Н., к.ф.н., доцент, Токанбаев А.Е.

Жетысуский государственный университет им. И.Жансугурова

г. Талдыкорган

 

Аннотация

Без сомнения, когда человеческое сознание не является экологически запрещенным, наши жизни находятся в опасности. Как говорит аль-Фараби, «все в мире построено с математической точностью, а баланс в природе нарушен». В последние годы особое значение приобретает снижение минеральных ресурсов, вымирание многочисленных видов растений и животных с поверхности Земли и экстремальное загрязнение окружающей среды. Из-за деградации таких природных экосистем происходит деградация флоры и фауны, а неблагоприятные условия окружающей среды оказывают значительное влияние на здоровье населения. И все это для защиты окружающей среды, уделения особого внимания вопросам сохранения и восстановления природы и строгому использованию ее ресурсов экономически. Это требует экологической грамотности каждого человека.

Ключевые слова:   Экология, знание, культура, сознание, окружающая среда.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ECOLOGICAL CULTURE AND EDUCATION

 

Alikenova K.N., Ph.D., associate professor, Tokanbayev A.E

Zhetysu State University named after I. Zhansugurova

Taldykorgan

 

Annotation

Without a doubt, when human consciousness is not ecologically inhibited, our lives are in danger. As Al-Farabi says, "Everything in the world is built with mathematical precision, and the balance in the nature is broken". In recent years, the decline in mineral resources, the extinction of numerous species of plants and animals from the surface of the Earth and the extreme pollution of the natural environment have become especially important. Because of the degradation of such natural ecosystems, degradation of flora and fauna occurs, and adverse environmental conditions have a significant impact on the health of the population. And all this is to protect the environment, to pay special attention to the issues of conservation and restoration of nature, and to strictly utilize its resources economically. This requires the environmental literacy of every human being.

 

Экология ( лат. оіkos – үй, баспана; logos – ілім) – жеке организмнің қоршаған ортамен қарым-қатынасын, ортаға бейімделу заңдылықтарын, сондай-ақ организм деңгейінен жоғарырақ тұрған биологиялық жүйелердің – популяциялардың, организмдер қауымдастықтарының, экожүйелердің, биосфераның ұйымдастырылу және қызмет атқару заңдылықтарын зерттейтін ғылым. Экология терминін ғылымға енгізген Э.Геккель (1866). Экология ғылымы жедел дамып, көптеген жаңа салалары пайда болды. ХІХ ғасырдың аяғы, ХХ ғасырдың басында ғалымдар негізінен жекелеген факторлардың, әсіресе климаттық факторлардың, организмдердің таралуы мен сандинамикасына әсерін зерттеді. Бірімен-бірі тығыз байланысқан, біртұтас құрылымдық бірлік түзетін азғалар қауымдастықтары (қ. Биоценоз) туралы ұғым да осы кезде қалыптаса бастады (К.Мәбиус, 1877; С.Форбс, 1887).Эрнст Геккель ХХ ғасырдың басында экология жеке ғылыми бағыт ретінде таныла бастады, ал “экологияның алтын ғасыры” аталған 20 – 40-жылдары популяциялар мен қауымдастықтарды зерттеудің басты бағыттары айқындалып, экологияның негізгі ережелері мен заңдары тұжырымдалды: Ф.Клементс (1916) биоценоздардың өзгеріп, дамитынын және бұл бейімделушілік сипатындағы құбылыс екендігін көрсетті; А.Тинеманн (1925) өнім ұғымын енгізді, ал Ч.Элтонның Э. бойынша алғашқы оқулығында (1927) биоценоздарда жүріп жатқан процестердің заңдылықтары көрсетіліп, трофикалық қуыс ұғымына анықтама берілді, экологиялық пирамидаларұғымы тұжырымдалды; 1926 жылы В.И. Вернадскийдің “Биосфера” атты кітабы жарыққа шығып, онда алғаш рет Жердегі бүкіл тірі азғалар жиынтығының – “жердің тірі затының” ғаламдық рөлі айқын көрініс тапты. А.Тенсли (1935) және В.Н. Сукачев (1940) еңбектері бірімен бірі өзара тығыз байланысқан, қоршаған физикалық ортамен зат және энергия алмасып отыратын азғалар кешені туралы көзқарастардың дамуына, экожүйе және биогеоценоз ұғымдарының қалыптасуына әкелді.  Популяция санының ауытқуларын, популяциялар арасындағы әсерлесулерді сипаттайтын матем. модельдер құру (А.Лотка, В.Вольтерра, 1925, 1926), сол модельдерді эксперимент барысында тексеру (Г.Ф. Гаузе, 1934) сияқты, қазіргі теория экологияның негізін құрайтын зерттеулер де сол жылдары қалыптаса бастады.

ХХ ғасырдың 60 – 70-жылдары, бұған дейін негізінен биолог мамандардың арасында ғана қолданылып келген “экология” термині кенеттен көпшілік арасында ең танымал терминдердің біріне айналды. Осы жылдары, табиғат пен адамзат арасындағы қайшылықтардың үдей түсуіне байланысты, қоршаған ортаның ластануы, қоршаған ортаның ахуалы, халық санының өсуі, азық-түлік пен энергия қорларын пайдалану сияқты мәселелер ғылымның әр түрлі салаларында зерттеліп, бұқаралық ақпарат құралдары бетінде кеңінен талқылана бастады және бұл процесс әлі де жалғасын табуда.  Соның нәтижесінде экологиялық дүниетаным жаратылыстану ғылымдары ғана емес, көптеген қоғамдық ғылымдарға да енді, экологияда көптеген жаңа бағыттар пайда болды.

Экология ғылымдарының қалыптасуын төмендегідей кезеңдермен қарастыруға болады. Экология ғылымының жеке ғылым ретінде қалыптасу және даму кезеңі. Бұл кезеңде шетелдік ғалымдармен қоса орыс ғалымдарының еңбектері шыға бастады. Бұл кезең ХІХ ғасырдың басы мен ХХ ғасырдың 70-80 жылдарын қамтиды. Атап айтсақ Мәскеу университетінің ғалымы И.А.Северцов, Н.А.Наумов т.б. В.И.Вернадскийдің «Биосфера туралы ілімі» т.б.ғылыми еңбектері экология ғылымының негізін қалаған болатын. Қазіргі заманғы экология -бүкіл әлемдік ғылымдар мен әлеуметтік, экономикалық жағдайлар және проблемаларды қарайтын деңгейге жетіп отыр. Осыған орай, экология ғылымының қолданбалы және адам экологиясы бағыттары дами түсті. Экологияның жаңа саласы бойынша теориялық және практикалық зерттеулер жүргізілді.

Қазіргі өркениеттің ең ғаламдық проблемасы — экологиялық апаттың төнуі. Тірі табиғаттағы бір түр болып саналатын адам əрекетінің барлық саласында табиғатпен шиеленушілік байқалуда. Мəселенің өзектілігі өркениеттің тек қана өзін-өзі жойып жіберу ғана емес, барлық қоршаған тіршілікті Жер бетінен құртып жіберу қауіпінде. Оны шешу үшін əр түрлі ғылымдар саласының өкілдері толғануда жəне одан шығудың жолдарын ұсынуда. Бірақ көбіне бұл технократтық жолдар болып отыр. Шын мəнінде осы сыртқы апаттың «дəні» іште жатыр, ол — саналы адамның рухани- адамгершілік құндылықтарының жұтауы, ол — кең ауқымды ұғымдағы адам мəдениетінің жетімсіздігі мен жетілмегендігі. XX–XXI ғғ. ғылымның бірте-бірте Жер биосферасын терең де қатты өзгертуінің куəсі болып отырмыз. Ғылым тіршілік жағдайларын, геологиялық үдерістерді, планетамыздың энергетикасын өзгертуде, олай болса, ғылыми ой-пікірдің өзі де табиғи құбылыс болып табылады. Осы жөнінде В.И. Вернадский «Натуралистің ой-толғамы ғылыми пікір планеталық құбылыс ретінде» деген кітабында Жердің геологиялық тарихын талдаған. Бұл еңбегінде В.И. Вернадский «Ғылыми ой-пікір мен адам еңбегінің əсерінен биосфера жаңа күйге — ноосфераға ауысады» деп анық жазған. Ол ауысу жаңа геологиялық күштің — адамзаттың ғылыми пікірінің əсерінен деп пайымдайды. Ноосфера жөніндегі ілімнің басты тақырыбы — биосфера мен адамзаттың бірлігі. Ғалым өз еңбектерінде осы бірліктің түптамырын, адамзаттың дамуындағы биосфераның ұйымдасқандығын ашып көрсетеді. Бұл дегеніміз биосфера эволюциясындағы адамзаттың тарихи дамуының орны мен рөлін жете түсінуге мүмкіндік береді, сөйтіп, оның ноосфераға айналуының заңды екендігін көрсетеді.

Саналы адамның даму тарихы көрсеткендей, адамның санасы, ақыл-ойы мен əрекетінің дамуы мен жетілуінің шегі жоқ. Экологиялық мəдениеттің рухани формасы — экологиялық сана, ол адамның табиғатқа жəне адамдар арасындағы өзара қарым-қатынастағы мəдени дəрежесін көрсетеді. Адамның экологиялық мəдениетінің аспектлерінің көп түрлілігін мынадай тұрғыда көрсетуге болады: экологиялық білім мен біліктілік, экологиялық ойлау, құндылық бағыт-бағдар, экологиялық дəлелденген (ақталған) мінез-құлық. Экологиялық мəдениеттілік оқушының сезімін тəрбиелеуден, экологиялық сананы қалыптастырудан шығады. Адамның табиғатпен өзара қатынасындағы білімі, сенімі жəне дағдысының жиынтығы экологиялық сананы білдіреді.

В.И.Вернадский өзінің еңбектерінде: «Экологиялық сана — адамның дүниеге, өзіне шығармашылық қарым-қатынасы», — деген пікір айтады. Адамзатта ең өзекті мәселе болып жаңа қоғам өмірін ұйымдастыру және біртұтас білім принциптері болып табылады. В.И.Вернадский былай деп айтқан «планетада адамзатты сақтап қалу ноосфера бүтіндігін жалпы тапсырманы құрастыру негізінде сақтап қалу мүмкін» деген. Бұл үшін: үшінші мыңжылдықта адам алдында тұрған. жаңадан ойлау, жаңа саясат, жаңа мәдениет, сонымен қатар білім, сәйкес деңгейіне қарай бірңғай тапсырмалар  қажет. Жеке экологиялық мәдениет биосфераның ноосфераға ауысу процесінде ғана құрылмайды, және ол мынандай ауысуға қатысады. “ Адам мәдениетінің  қуаты, - В.И.Вернадский былай деп жазған, - сол биохимиялық  қуат қалыпы, қазіргі кезде ноосфераны жасайды. Жаңа  мораль, мінез – құлыққа тәрбиелеу және  қоғамды қайта құру және адамзаттан үлкен күшті талап етеді, бұл қыин және ауыртпалы процесс болады. Адамдардың өмірі табиғаттың қолдауына байланысты (су, ауа, күннің көзінің қуаты, тағам  және т.б. қажеттіліктер) және денсаулық, ал табиғат факторлары, қоғам тұтұнушылары құндылығына экологиялық мәдениет құндылығы жүйесіндегі  ұнамды салт болуы керек.  Бұдан басқа В.И.Вернадскидің  нақты лебізі “жаңа күштің келісуі өзімен өзі дұысталады және адамның өмірқызметінің бір көзі шындығында өмірдің әртүрлі формасы болып  есептелінеді”.

Қазақстан ғалым-философтарының Ə. Нысанбаев, Т. Əбжанов, Ғ. Ақпанбек пікірлерінде «табиғатқа саналы көзқарас, қарым-қатынас адам дүниетанымының құрам бөлігі» деп қаралып, адамның табиғатты қорғау үшін алдымен оны танып білуі, ол үшін өзінің жан дүниесін жан-жақты зерттеуі, түйсінуі керек дейді. Экологиялық мəдениеттің қайнар көзі халықтың ғасырлар бойы жинақталған өмір тəжірибесі — табиғатты аялау, оған ұқыпты қарау, қорғау мен үндестікте өмір сүру жəне оның байлығына деген есепті қарым-қатынас. Соңғы жылдары экология ғылымының негізгі салаларының бірі-педагогикалық экология (көпшілікке экологиялық білім мен тәрбие беру), адам экологиясы және халытық экология-«этноэкология» бағыттары дами бастағаны белгілі. Бұл-бүгінгі өмір талабы. Себебі, биосферадағы тіршіліктің тұрақты сақталуы адамның ақыл ойына тікелей тәуелді екендігі жоғарыда аталды ол күннен күнге анықтала түсті.

Сондықтан ХХI ғасыр адамзаттың санасы кемелденген нооэкология кезеңі болмақ. Өйткені, жер шарының бүгінгі тағдыры мен болашағы адам баласының геологиялық күш ретінде ақыл-ойының, білімінің деңгейіне тікелей қатысты. Әлемдік тәрбие көрсеткендей экологиялық проблемаларды  нәтижелі шешумен экологиялық апаттардың алдын алудың негізі кез келген мемлекеттің әлеуметтік-экологиялық жүйесін экологияландыру болып табылады. Осыған орай, соңғы жылдары жарық көрген мемлекеттік заңдар, тұжырымдамалар, қаулылар, актілер мен табиғи байлықты қорғау мен оларды тиімді пайдалануға арналған ұсыныстар бұл істі жүзеге асыруда экологиялық бағдарлама ретінде басты құрал бола алады.  

Экологиялық мәдениет ресурстағы бар табиғат мүмкүншілігі талаптарын өлшеу мүмкүншілігімен қалыптастырады, қоршаған орта мүмкүншілігі, яғни жеке тұтұнушылық жүйелі экологиялық негіздеуді қажет етеді. Экологиялық мәдениет, жалпы адамзат мәдениетіндегі құрамдас бөлігі болып келеді, адам арасындағы құнды қарым – қатынас көлемі және әлеуметті табиғат ортасындағы процесстің пайда болуы және материалдық және рухани құндылықты және мінезін анықтайды, бағалы бағыт жүйесі пайда болады және қоғамның жауаптылық сатысы және тұрақты биосферадағы жеке адамды сақтау, эколгиялық іс - әрекетті дәлелдеу және адамзат қызметінің шешімінде және барлық түрлерде игеріледі, табиғатты қорғау және танумен байланысты.     Қазіргі заманда жеке экология мәдениетін түсіну, бөлек адамның құндылығын мойындайтын, оның білімге құқығы, бақытқа және адамның бастапқы құқығы – таза табиғат ортасында мәнсіз (мағынасыз) өмір сүру  мүмкіндігін көрсету. Адам – табиғаттың бір бөлігі, барлық табиғатқа қарсы істелген істер адам табиғатына әсер етуіде мүмкін және оның психикасына, ойлау қабілетіне, әлеуметтік  белсенділігіне ықпал етуі мүмкін. Э.В.Гирусова және Е.Д.Никитина былай деген “экологиялық мәдениет – бұл біздің ішіміздегі ноосфераның пайда болуы”. Экологиялық мәдениетті ұйымдастыру барлық адам өміріндегі ғылыми білімге ықпалы, тәрбиесі, өмірлік тәжірбиесі, өнер, ұзақ мерзімде  процесс ретінде қаралады

Қазіргі уақытта  әлемдік қоғам назары экологиялық білім беру проблемасына аса назар аударылуда. Себебі, қазіргі таңда кез-келген  адам баласы үшін кезек күттірмейтін екі мәселе туындап отыр. Біріншісі, адам қазіргі кезде табиғатпен тығыз қарым-қатынаста болуы, алайда мұның арты орны толмас экологиялық қиын жағдайға әкеліп соқтыруы мүмкін. Екіншісін таңдар болса, онда биосфераны сақтап қалуға тырысу керек, ол үшін адамдардың табиғатқа деген көзқарасын түбегейлі өзгерте отырып, жаңа экологиялық мәдениетті қалыптастыру қажет. Бұны, БҰҰ мен бірқатар мемлекеттердің адам және оны қоршаған орта туралы жаңа бағыттағы білім жүйесін қалыптастыратын, биосфераны сақтап қалуға бағытталған, энергияны және ресурстарды үнемдейтін технологияларды енгізуді міндеттейтін тұрақты даму стратегиясын қабылдауына байланысты түсіндіруге болады. Экологиялық білім беру проблемасына қоғамның назар аударуының тағы бір себебіне, антропогендік түрдегі (табиғи ресурстардың азаюы, биоалуантүрліліктің төмендеуі, қоршаған орта жағдайының төмендеуі, зиянды қосылыстардың көбеюі және т.б.)   экологиялық проблемалардың пайда болуы жатады. Экологиялық мәдениет ұғымына берілген анықтамаларды пайымдауда олардың мазмұны мен басты идеяларына қарай бірнеше бағытта қарастырылғандығын көрсетеді: экологиялық мәдениет – жалпы мәдениеттің бір бөлігі; экологиялық мәдениет адамдардың табиғатпен қарым – қатынастары жөніндегі қалыптасқан дүниетанымы, сенімі, түсініктері, білімі, іскерлігі, құндылық бағдар жүйесі; экологиялық мәдениетке – адамның өмірлік белсенді тұғырнамасы; экологиялық мәдениет адамның табиғатты теориялық, материалдық – практикалық, рухани ізгілікті меңгеруі және жаңартудағы мәнді күш – қуатының өлшемі, іс - әрекетінің жиынтығы; экологиялық мәдениет – адамның табиғатпен ғана емес, әлеуметтік – тарихи ортамен, биосферамен өзара әрекеттестігі. Экологиялық тәрбие – табиғатқа деген жанашырлықты адам бойына сіңіру.

Қазіргі кезде кейбір көшелерде қоқыстан аяқ алып жүру мүмкін емес. Әсіресе ауылдық жерлерде кез келген жерге қоқыс тастап кету, санаулы шақырым жерге жүріп барып қоқыс жәшігіне тастауға ерінетін адамдар көптеп кездеседі. Бұл олқылықтар жоғарыда аталған экологиялық тәрбиенің нашар деңгейде дамуының кесірі. Мұндайға жол бермес үшін алдымен енді өсіп келе жатқан жас буын тәрбиесіне баса назар аударғанымыз жөн. Еңбектеген бала шағынан туған Отанын сүюге тәрбиелеуді қолға алу қажет. Жастайынан бойына отансүйгіштік сезімін сіңіріп өскен бала қоршаған ортасын ластамай, басқаларды да соған үндейді деп сенемін. Қайта қалпына келмейтін табиғи ресурстарды оңды-солды шашамыз, суды, ауаны ластаймыз, көптеген тұрмыстық қоқыстар шығарып жатырмыз. Табиғатты қорғауды өз үйіңнен бастауға болады, бұл – суды үнемдеп жұмсау, оның ластануын төмендету, ауаны ластайтын зиянды заттары жоқ нәрселерді қолдану, т.б.

Сөйтіп экологиялық мәдениеттің басы отбасында түзіледі. Балаларды тәрбиелейтін ата-ана мен ұстаздар өте сауатты, білімді болуы керек. Одан кейінгі экологиялық тәрбиенің қалыптасуы қоғамның қатысуымен болуы керек. Бұл көбіне елдің басшыларына, олардың экологиялық мәдениетінің деңгейіне, қоршаған табиғи ортаны қорғау мақсаттарына қаншалықты көңіл бөлініп жатқанына байланысты. Экологиялық тәрбие беруді әртүрлі жолдармен жүргізуге болады. Бұл жерде бұқаралық ақпарат құралдарының (БАҚ) және Қоғамдық экологиялық ұйымдардың ролі зор. БАҚ бірінші болып экологиялық қолайсыз жағдайлар туралы дабыл қағып халықты құлағдар етіп отыруы керек. Осының арқасында халықтың экологиялық сана-сезімі өсіп, көтеріледі. Экологиялық тәрбие экологиялық білім берумен толықтырылады. Бәріне ортақ принципі бойынша экологиялық тәрбие мен білім беру қоғамның барлық мүшесін қамтуы керек. Экологиялық пәндерді оқыту жоғары оқу орындарының барлығында жүргізілуі керек. Алайда, жоғарыда айтылғандай, экологиялық ағарту жұмысы тек оқытумен ғана шектелмеу керек.



ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:

 

1 . Досмаханова М. С. Білім алушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру // Молодой ученый. — 2014. — №1.2. — С. 22-23.

2 . Ғылым тарихы мен философиясы: Оқу құралы. / Әлікенова К.Н. – Талдықорған: ЖМУ. 2012.

3 . Гирусов Э.В. Әлеуметтік экология негіздері : Оқу құралы. - М., 1998. – 312 б.

 

 

 

 

 

 

ЭКОЛОГИЯЛЫҚ МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ ТӘРБИЕ

ЭКОЛОГИЯЛЫҚ МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ ТӘРБИЕ

ЭКОЛОГИЯЛЫҚ МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ ТӘРБИЕ

ЭКОЛОГИЯЛЫҚ МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ ТӘРБИЕ

ЭКОЛОГИЯЛЫҚ МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ ТӘРБИЕ

ЭКОЛОГИЯЛЫҚ МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ ТӘРБИЕ

ЭКОЛОГИЯЛЫҚ МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ ТӘРБИЕ

ЭКОЛОГИЯЛЫҚ МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ ТӘРБИЕ

ЭКОЛОГИЯЛЫҚ МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ ТӘРБИЕ

ЭКОЛОГИЯЛЫҚ МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ ТӘРБИЕ

ЭКОЛОГИЯЛЫҚ МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ ТӘРБИЕ

ЭКОЛОГИЯЛЫҚ МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ ТӘРБИЕ
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
03.12.2019