Экологиялық факторлар және тірі ағзалар (11-сынып)
Оценка 4.6

Экологиялық факторлар және тірі ағзалар (11-сынып)

Оценка 4.6
Рабочие листы
doc
биология
11 кл
13.02.2018
Экологиялық факторлар және тірі ағзалар (11-сынып)
Публикация является частью публикации:
13.02.doc
13.02.2018ж                           11 «Б» сынып Сабақ тақырыбы: Экологиялық факторлар және тірі ағзалар Сабақтың мақсаты: Білімділік:оқушылардың ойында абиоздық, биотикалық және антропогендік факторлардың ағзаға қалай әсер ететінін нақты дәлелдер арқылы түсіндіру. Дамытушылық: Қоршаған ортаны сақтауда экологиялық факторлар  туралы білімдерін тереңдете  отырып ойлау қабілетін дамыту. Тәрбиелік: Қоршаған ортаны қорғауды құрбы – құрдастар арасында дисскусия жүргізу жәнеолардың  маңызын түсіндіре отырып, салауатты өмірсалтын қалыптастыруға тәрбиелеу. Сабақтың типі: аралас сабақ. Сабақ әдістері:сыныпта ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыруға тренинг, тақырыпты ашу  мақсатында «миға шабуыл», мағынаны тану үшін «Карусель» стратегиясын пайдалану, бағалау  парақшалары Сабақ көрнекілігі: интерактивті тақта, слайд, таратпалар Сабақ барысы: 1. Ұйымдастыру. Оқушылармен  сәлемдесу. Сәлеметсіздер ме! Құрметті «Балдаурен»  оқушылары. Баршаңызға шығармашылық табыс тілей отырып сабағымызды бастайық. Олай болатын  болса баршамыз ортаға шығайық, шаттық шеңберін құрамыз. Осы шаттық шеңберінде мен сіздерге сурет қиындыларын таратып беремін. Сол қиындыларға қарап отырып сіздер басқа оқушылардікі мен  салыстыра отырып қиындылардан бүтін сурет құрастыруларыңыз қажет. Оқушыларды топқа бөлу.  Оқушылардың қолдарына сурет қиындыларын тарату. Сол қиындылардан тұтас сурет құрастыру арқылы топқа бірігу./2 мин/ Қызығушылығын ояту    Слайд1,2 1. 2. 3. 4. 5. 6. Әр топ құрастырған суреттеріне қарап бүгінгі жаңа сабақтың тақырыбын табу керек. Сабақтың  тақырыбы келіп шыққаннан кейін топтарға қосымша 1 – 2 минут жұп болып бүгінгі сабағымыздың  мақсатын келтіріп шығаруға уақыт беріледі. ІІ. Мағынаны тану Карусель стратегиясы. Оқушыларға оқуға 5 минут беріледі. Топ тақырыпты 4 ке немесе 5 ке бөліп оқуларына болады. 4 топқа  әртүрлі проблемалық сұрақтар жазып беремін. Бірінші топ сұрақтарға жауап беріп, сағаттың жүретін  бағыты бойынша жазып келесі топқа береді, ал екінші топ ол берілген жауапты қайталамау керек.  Екінші топ жауаптарын жазып үшінші топқа береді. Қойылатын сұрақтар: 1 – топ. Экологиялық фактор дегеніміз не? Минимум заңы 2 – топ. Абиотикалық фактор дегеніміз не? Төзімділік заңы 3 – топ. Биотикалық фактор дегеніміз не? Оптимум заңы 4 – топ. Антропогендік фактор дегеніміз не? Эврибионттар Топ құрамынан топ басшысы немесе топ мүшелері тақтаға шығып өз жазғандарын қорғайды. Галерея  Оқушылар карусельді болған соң, өз жұмыстарын тақтаға іліп қояды. Әрбір оқушы нақты және дұрыс  жауапқа өз дауыстарын (стикер арқылы) береді. Осы жолмен топтың қалай жұмыс істегендері  бағаланады. Сергіту сәті Ой қорытынды 4 топқа тапсырма беріледі. 1,2,3 топқа экологиялық факторларды үш бағанға ажыратып жазу. 4 топқа  тақырыпқа байланысты оқиға беріледі соны сахналық көрініс ретінде көрсету. 1,2,3 топ тапсырмалары. Орта факторларын үш бағанға бөліп жазыңдар: орман өрті, қоянды қуалау, қар жауды, атмосфераны  улау, таңқурайды аюдың жеуі, аптап ыстық, кәріз суының өзенге ағуы, өсімдіктердің тозаңдануы,  жаңбыр. Дарынды талантты балаларға арналған тапсырмалар. 7. 8. Соңында ой қорытынды ретінде оқушыларға «Жер жаннаты – Бурабайға» тілек айту. Үй тапсырмасы: Мазмұндау. Хабарлама жазу «Стенобионттар, эвриобионттар». Фактор  сөзіне сөзжұмбақ құрастыру.

Экологиялық факторлар және тірі ағзалар (11-сынып)

Экологиялық факторлар және тірі ағзалар (11-сынып)

Экологиялық факторлар және тірі ағзалар (11-сынып)

Экологиялық факторлар және тірі ағзалар (11-сынып)
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
13.02.2018