Қысқа мерзімді жоспар.
Күні:13.02.20ж |
Мұғалімнің аты-жөні: Ж.Жолдасова |
Сынып: 10 |
Қатысқандар саны: |
Сабақтың тақырыбы: |
Экономикалық дамудағы әлемдік тәжірибе |
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары |
10.4.1.12 дүниежүзі елдерінің экономикалық даму стратегияларына баға беру (қазақстандық компонентті қосымша қамту негізінде) |
Сабақ мақсаттары |
Барлық оқушылар: Экономикалық дамудағы әлемдік тәжірибені біледі |
Оқушылардың басым бөлігі: Экономикалық дамудағы әлемдік тәжірибені талдай алады |
|
Кейбір оқушылар Экономикалық дамудағы әлемдік тәжірибелерді Қазақстанның даму бағытымен салыстыра алады |
|
Бағалау критерийі |
Білу және түсіну Экономикалық даму үлгісінің түрлерін біледі. Қолдану Елдердегі экономикалық дамудың әртүрлі үлгілерін салыстырады. Талдау Әртүрлі экономикалық даму моделінің артықшылықтары мен кемшіліктеріне баға бере алады. |
Тілдік мақсаттар
|
Талқылауға арналған сұрақтар: ауызша Пәнге қатысты лексика мен терминология Нарықтық экономика, капитализм, социализм, кемелдену, либералды (америкалық), әлеуметтік(Шведтік),әлеуметтік-нарықтық (германдық), иерархиялық-бірлестіктік( жапондық) модельдер Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер «Қоныс аударған капитализм» елдері .......... жатады. Азиядағы Корея, Сингапур, Сянган, Тайвань......... ............... елдер Келесі факторлар.............. елдердің экономикалық дамуының көрсеткіштері. Екінші салдары ... Негізгі сөздер мен тіркестер: көрінбейтін экспорт,хай-тек, ақпараттық экономика, маркетинг,дамыған, дамушы,шағын капиталистік елдер, «қоныс аударған капитализм», жаңа индустриялық елдер |
Құндылықтарға баулу |
Бәсекелестікке қабілеттілік |
Пәнаралық байланыстар |
Тарих, математика, экономика |
Алдыңғы білім |
9 сыныптан Халықаралық экономикалық қатынастар түрлерітақырыбы |
Сабақтың барысы
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет
|
Ресурстар |
|||||||||||||
Сабақтың басы 2 мин
5 мин
|
Ұйымдастыру кезеңі Сынып оқушыларына жағымды ахуал туғызу. Сергіту сәті. «Тілек айту» Топқа бөлу «Либералды модель», «Швед моделі», «Германдық модель», «Жапондық модель» арқылы. Үй тапсырмасын пысықтау, сұрақтар қою. 1. Дамыған елдердің ерекшелігі неде? 2. Жетекші дамыған елдер мен шағын капиталистік елдердің басты айырмашылығы 3. Жаңа индустриялық елдердің жоғары дамыған елдерден айырмашылығы қандай 4. «Дамыған елдердің бәсекеге қабілеттілігінің негізін ғылыми білім мен жоғары деңгейдегі мамандар құрайды» пікіріміз қандай? |
|
|||||||||||||
Сабақтың ортасы
1-тапсырма
3мин
25мин
|
Суреттер арқылы ой қозғау. «Америка», «Швед », «Герман», «Жапон» қалалары берілген
- Суреттер қай елдер жайлы ақпарат береді? - Қандай өзгерісті байқап тұрсыздар? - Айырмашылығы неде? (1-Швеция, 2-АҚШ, 3-Жапония, 4-Германия) Сабақта қарастырылатын жаңа сөздермен жұмыс. Көрінбейтін экспорт,хай-тек, ақпараттық экономика, маркетинг,дамыған, дамушы,шағын капиталистік елдер, «қоныс аударған капитализм», жаңа индустриялық елдер (мағынасын тану) Дескриптор : - экономикалық даму стратегиясы жай-күйін талдайды; - мақсаттарды анықтау және негіздеуді анықтайды; кезеңдер бойынша мақсаттарды реттеуді сипаттайды; Мәтінмен жұмыс (жұптық) (оқулықпен жұмыс) - Мәтінмен танысып, ақпаратты саралайды; - Әр жұп елдердің даму үлгісіндегі ең басты 1 ерекшелікті анықтайды; - либералды (америкалық), әлеуметтік(Шведтік),әлеуметтік-нарықтық (германдық), иерархиялық-бірлестіктік( жапондық) модельдердің даму үлгісін Венн диаграммасында салыстырады; а)
б)
Графикалық органайзермен жұмыс. (топта жұмыстана отырып, нәтижесін картосхема, постер, ментальды карта, түрінде жасайды) - дамыған елдерді даму деңгейі бойынша жіктейді; - дамушы елдерді даму деңгейі бойынша топтастырады;
Графикалық органайзерді қорғау. («Галерея» әдісі арқылы оқушылар айналып шығып бағалауына болады, топ болып қорғауына болады немесе спикер таңдап алып қорғатуға болады, т.б түрлері)
Бағалау. Қолдану Экономикалық даму көрсеткіштерін анықтайды; Талдау Даму көрсеткіші бойынша елдерді жіктейді және елдердің дамуына әсер ететін факторларды талдайды.
Бағалау дескрипторы: - Топтық талқылауға белсене қатысады; - Дамыған елдерді дамуына сәйкес жіктейді/дамуына әсер еткен басты факторларды түсіндіреді; - Дамушы елдерді дамуына сәйкес жіктейді/дамуына әсер еткен басты факторларды түсіндіреді;
Қорыту - Елдердің даму үдерісі тұрақты ма? - Болашақта өзгеруі мүмкін бе? |
Как время изменило самые знаменитые города http://travelask.ru/blog/posts/3755-15-foto-do-i-posle-demonstriruyuschih-kak-vremya-izmenilo-sa
Үлестірме мәтін Нарықтық экономика https://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%9D%D0%B0%D1%80%D1%8B%D2%9B%D1%82%D1%8B%D2%9B_%D1%8D%D0%BA%D0%BE%D0%BD%D0%BE%D0%BC%D0%B8%D0%BA%D0%B0
Таныстырылым «Дүниежүзі елдерінің экономикалық даму көрсеткіштері»
|
|||||||||||||
Сабақтың соңы |
Сабақ мақсатына оралу. Рефлексия. «Блоб ағашы» әдісі - Сабақ басындағы көңіл-күйім, қай деңгейдемін? - Қандай көмек бере алдым? - Көңіл күйімдегі өзгеріс... - Оқу мақсатына жету үшін не жасадым? - Қандай ақпарат алдым? - Қай деңгейге жеттім? |
https://ust.kz/word/sabaqta_qoldanylatyn_50_adis_jinagy-2546.html |
|||||||||||||
Сабақ бойынша рефлексия
Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? |
Кері байланыс: Не білдім? Нені білгім келеді Үй жұмысы: мектепте халық санағын жүргізу. Яғни оқушылар арасында халық санағын жүргізіп келу, |
||||||||||||||
Жалпы баға Сабақтыңжақсыөткенекіаспектісі (оқытутуралыда, оқутуралыдаойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
|||||||||||||||
Экономикалық дамудың нарықтық үлгілері
Американдық үлгі. Бұл үлгі «капитализмнің либералдық үлгісі» деп аталады. Ерекшеліктері:
· мемлекеттің экономикадағы реттеуші рөлі өте төмен. Мемлекеттің экономикаға кірісуі көбінесе экономикалық дағдарыстармен (XX ғасыр 30—70-ші жылдары), немесе, экономиканың күрт өсуімен (XX ғасыр 60-шы жылдары - кедейлікпен күресу, әлеуметтік бағдарламалардың санының өсуі) байланысты болады.
· көсілкерлікті барынша қоддау (XX ғасыр 80-ші жылдары АҚШ-да кіші кәсіпкерлік жаңа жұмыс орындарының 80% қамтиды);
· халықтың бай, кедей болып әйгілі бөлінуі;
· жалақы айырмашылығының тым алшақтығы. Фирманың бастығының жалақысы жабайы қызметкердің жалақысынан 110 есе артық;
· жетімді түрде қамтамасыз етілмеген топтардың әл-ахуалы жарамды дәрежеде.
Жапониялық үлгі. Осы замандағы шаруашылық жүргізу үлгісі дамудың ерекше жағдайында қалыптасқан. Әскери шығындардан бас тартып, Жапониябарлык мүмкіндіктерін «бейбіт мақсатқа», яғни, өнеркәсіптің экономикалық «потенциалын» өсіруге жұмылдырған. Осы мақсатқа жетуге көмек берген жағдайлар: американдық және батысеуропалық патенттер мен лицензияларды еркін сатып алу, дүниежүзілік шикізаттар мен отын нарықтары бағаларының төмендеуі, жапониялық жұмысшы күшінің салыстырмалы арзандығы, елеулі әскери шығындардың болмауы. Жапондык үлгінің негізгі белгілері:
· ұлттық экономиканың негізгі бағыттарына мемлекет әсері өте жоғары. Алдымен мемлекет танкерлер өндіруді қолдады, содан кейін — аз литражды автомашиналарды, ал XX ғасыр 70-ші жылдарынан бастап — электроника мен компьютер өндірісін қолдады. Осының нәтижесінде XX ғасыр 70-ші жылдары ортасына дейін Жапония елеулі дағдарыстардан аулақ болды және экономика ұнамды даму алды;
· өзін өзі қорғаудың дамуы мен нығайтылуының 5-жылдық жоспарларын жасау. Қазір 1991-1995 жылдары қамтитын 8-ші бес жылдық жоспар аяқталды. «Жапондық кереметтің» болар алдында экономиканы дағдарыстан шығарудың және тиімділігі жоғары өндірісті жасаудын, 30 жылдық жоспары жасалған;
· фирмалардың басым көпшілігі жұмысшыларды барлық өмірлік мерзімге жалдайды;
· жұмысшыларды ортақ ынта арқылы біріктіру;
· жұмысшыларды басқаруға жөне шешім кабылдауға тарту;
· жалақы дәрежелерінің айырмашылықтары көп емес — фирма бастығының жалақысы жабайы жұмысшылардыкінен 17 есе артық;
· үлгінің әлеуметтік бағытталуы. Әлеуметтік мәселелерді шешу көбінесе корпорация мен бірлестіктерге жүктелген.
Неміс үлгісі. Әлеуметтік-экономикалық мазмұны жағынан бұл үлгі Жапониялық үлгіге ұқсас. Әлеуметтік нарық экономикасының бас идеологі Людвиг Эрхард. Ол өз кітабында немістің жаңа экономикасының қызмет етуінің негізгі принциптерін баяндайды. Неміс үлгісінің негізгі ерекшеліктері:
· экономикаға мемлекеттің зор әсер етуі. Бұл жағдай әсіресе әлеуметтік мәселелерді шешуде байқалады. Мемлекет елеулі әлеуметтік міндеттер атқарады: тегін медицина, білім, және т.б.
· XX ғасыр 70-ші жылдардың басында Германияда негізгі макроэкономикалық көрсеткіштерге таргетирование (жоспарлау) принципін қолдану жүзеге асырылған. Осымен қатар жұмысшылар кәсіпорын меншігіне де қатысады;
· Неміс үлгісінде, Жапониялықтай, банктер шешуші рөл атқарады. Орталық банк толық автономия негізінде жұмыс істейді;
· Жапондық үлгідегідей, жалақы дәрежесінің айырмашылығы елеулі емес — фирма бастығы мен жабайы қызметкер жалақысының ара алшақтығы 23 есе.
Шведтік үлгі. Бұл үлгінін, айырмашылықтары:
· әлеуметтік бағытталу,
· мүліктік теңсіздіктің төмендегі,
· жеткілікті түрде қамтамасыз етілмегендерге қамқорлық жасау.
Кейде швед үлгісін социализмнің екінші үлгісі деп атайды. Швецияда өмір дәрежесі мен азаматтық құқық жақсы қамтамасыз етілген. Жұмыссыздық төмен дәрежеде. Мемлекеттік сектордың дәрежесі өте жоғары. Қызметтердің басым көбін мемлекеттік сектор тегін көрсетеді. Баға белгілеуге мемлекет белсенді кіріседі.
Француздық үлгі. Бұл үлгінің елеулі ерекшелектері американдык пен неіміс үлгісінің орта шамасы. Француздық үлгіде мемлекетгің реттеуші рөлі күшті. 1947 жылдан бастап бес жылдық жоспарлар — индикативтік жоспарлау жүзеге асырылып отыр. Бүл үлгіге мемлекеттік кәсіпкерліктің жоғарғы дәрежесі тән. Капиталдың қорлануына мемлекет белсенді қатысады.
Оңтүстік Кореялық үлгі. Осы үлгі Оңтүстік Кореяны қысқа мерзімде алдыңғы қатарлы индустриялдық жоғары дамыған елге айналдырды. Бұл үлгінің ерекшелігі — мемлекет экономиканың дамуына өте зор әсер етеді. Бұл әсердің экономикалық құралы — экономикалық дамуды жоспарлау. XX ғасыр 70-ші жылдардан бастап директивтік жоспарлау индикативтік жоспарлаумен алмастырылды. Оңтүстік Кореяда көп уақыт несие-қаржы сферасында мемлекеттік монополия болды. Жеке меншіктік банк-несие институттары XX ғасыр 80-жылдары пайда бола бастады; сыртқы-экономикалық сфераны мемлекет реттейді. Экспорт мәселелері ерекше бақылауға алынған. Осының алдындағы бесжылдықта (1987-1991 жылдары) экономикаға реанимация жасалған соң үкімет элеуметтік бағдарламаларды орындауға кірісті.
Қытайлық үлгі. Қытайда экономиканы реформалау ауыл шаруашылығынан басталды. «Халық коммунасының» орнына отбасы мердігерлігі келді (1984жылы аяқталды). Отбасының мердігерлігі шаруашылықты отбасының күшімен жерде жүргізуге негізделген. Жер пайдалануға 15-20, кейде 30 жылға беріледі. Еңбек құралдары мен ауылшаруашылық техникасы көбінесе бірнеше үйдің меншігінде болады. Шаруалар өндірілген өнімдердің бір бөлігін келісім арқылы мемлекетке тапсырады, келесі бөлігін — салықты өтеу үшін тапсырады. Тағы бір бөлігін жергілікті үкімет қорларына өткізеді.
Қазіргі жағдайда ауылдың ілгері дамуы талқыланып отыр. Шаруаларды кооперациялық әрқилы формаға біріктіру жөне жерді мықты шаруашылыққа шоғырландырып жалдама жұмыс күшін қолдану мәселелері қозғалып отыр.
Реформа 1984 жылдан қалада басталды. Қытай ғалымдары экономикалық дамудың «аралас үлгісін» жасаған. Бұл үлгінің варианттары Венгрияда, Чехия мен Словакияда пайдаланылған болатын. Осы үлгінің мөні: нарық механизмі мемлекеттік реттеу жағдайында өрекет етеді. Бұл жағдай жоспарлы экономиканы жетілдіруге көмек береді жөне үш жақтың мүдделерін ұштастырады — мемлекеттің, кәсіпорынның жөне жұмыскердің. Бұл макродәрежеде нарықтық реттеуді жөне мемлекет реттейтін әр алуан ыарықтардың өрекет жасауын талап етеді. Нәтижесінде «орталықтанған жоспарлы экономика» үлгісінен «социалистік жоспарлы нарық экономикасының» үлгісіне көшу көзделеді. Кейінгі аталған үлгінің мәні мынада: социалистік өндіріс — тауарлы өндіріс, тауар өндірушілердің езара әсері тауар-ақша қатынастарының дамуына негізделеді. Осы жағдайда маңызды құрал-жабдықтарға меншіктің қоғамдық формасы және макродәрежеде орталықтанған жоспарлау шешуші рөл атқарады.
Теориялық зерттеулерге сүйене отырып, ККП XVII съезі экономикалық реформа жүргізудің негізгі принциптерін белгіледі. Олардың бастысы: меншік құқын шаруашылық жүргізу құқынан ажыратыд, мемлекет секторындағы көсіпорындардың шаруашы- лық іс-өрекетгерін жандандыру. Бұл үшін шаруашылық жүргізудің әр түрлі формаларын — кәсіпорындарды ұжымдар мен жеке адамдарға жалға беру, еркін сатуға кәсіпорындардың акциясын шығару — пайдалану көзделіп отыр. Кәсіпорындар арасындағы тікелей шаруашылык байланыстарды белсенді дамыту ұсынылады. Нарықтар жүйесін, оның ішінде қор, қызметтер, информация, техника және технология нарықтарын құруға үлкен мағына беріліп отыр. Шаруашылық жүргізудің нарықтық әдістеріне көшу, макроэкономикалық релеуді жетілдіру мен нығайтуды қатар жүргізу керек деген талап қойылып отыр.
Экономикалық реформалар ауылда өнеркәсіптің дамуын жандандырды. Өткен 10 жылда ауылда 80 млн. жұмыс орындары пайда болды.
Өнеркэсіптегі экономикалық өзгерістердің нәтижесінде, меншіктің әртүрлі формаларын және шаруашылық жүргізудің әрқилы әдістерін қолданудың негізінде жаңа шаруашылық механизмі пайда болды. Бұрынғыша жетекші рөл меншіктің қоғамдық формаларында сақталған. Демек, өнеркәсіп өнімдерінің 56% мемлекеттік секторда шығарылды, 36% — үжымдық кәсіпорындарда және 5% — жеке меншік секторында шығарылды. Жаңа механизм кәсіпорьшдарына жоспар шеңберінен тыс өнімдерді сатып алу, өндіру, сату мүмкіндігіне жол берді. Бұның нәтижесінде жоспардан артық өнімдер өндіру молайды. Кәсіпорындар жоспардан артық өндірілген өнімді ашық нарықта мемлекет белгілеген бағадан 20% қымбат дәрежеде сатуға мүмкіншілік алды. Осының барлығы экономиканы жандандыруға жол ашты. Ақырғы жылдарда Қытай өнеркәсіпті дамытуда дүние жүзіндегі ең жоғарғы дәрежеге жетті.
Қысқа мерзімді жоспар.
Күні:13.02.20ж |
Мұғалімнің аты-жөні: Ж.Жолдасова |
Сынып: 8 |
Қатысқандар саны: |
Сабақтың тақырыбы: |
Экономикалық дамудағы әлемдік тәжірибе |
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары |
10.4.1.12 дүниежүзі елдерінің экономикалық даму стратегияларына баға беру (қазақстандық компонентті қосымша қамту негізінде) |
Сабақ мақсаттары |
Барлық оқушылар: Экономикалық дамудағы әлемдік тәжірибені біледі |
Оқушылардың басым бөлігі: Экономикалық дамудағы әлемдік тәжірибені талдай алады |
|
Кейбір оқушылар Экономикалық дамудағы әлемдік тәжірибелерді қолдана алады |
|
Бағалау критерийі |
Білу және түсіну Экономикалық даму үлгісінің түрлерін біледі. Қолдану Елдердегі экономикалық дамудың әртүрлі үлгілерін салыстырады. Талдау Әртүрлі экономикалық даму моделінің артықшылықтары мен кемшіліктеріне баға бере алады. |
Тілдік мақсаттар
|
Талқылауға арналған сұрақтар: ауызша Пәнге қатысты лексика мен терминология Нарықтық экономика, капитализм, социализм, кемелдену, либералды (америкалық), әлеуметтік(Шведтік),әлеуметтік-нарықтық (германдық), иерархиялық-бірлестіктік( жапондық) модельдер Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер «Қоныс аударған капитализм» елдері .......... жатады. Азиядағы Корея, Сингапур, Сянган, Тайвань......... ............... елдер Келесі факторлар.............. елдердің экономикалық дамуының көрсеткіштері. Екінші салдары ... Негізгі сөздер мен тіркестер: көрінбейтін экспорт,хай-тек, ақпараттық экономика, маркетинг,дамыған, дамушы,шағын капиталистік елдер, «қоныс аударған капитализм», жаңа индустриялық елдер |
Құндылықтарға баулу |
Бәсекелестікке қабілеттілік |
Пәнаралық байланыстар |
Тарих, математика, экономика |
Алдыңғы білім |
9 сыныптан Халықаралық экономикалық қатынастар түрлерітақырыбы |
Сабақтың барысы
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет
|
Ресурстар |
|||||||
Сабақтың басы 2 мин
5 мин
|
Ұйымдастыру кезеңі Сынып оқушыларына жағымды ахуал туғызу. Сергіту сәті. «Тілек айту» Топқа бөлу «Либералды модель», «Швед моделі», «Германдық модель», «Жапондық модель» арқылы. Үй тапсырмасын пысықтау, сұрақтар қою. 5. Дамыған елдердің ерекшелігі неде? 6. Жетекші дамыған елдер мен шағын капиталистік елдердің басты айырмашылығы 7. Жаңа индустриялық елдердің жоғары дамыған елдерден айырмашылығы қандай 8. «Дамыған елдердің бәсекеге қабілеттілігінің негізін ғылыми білім мен жоғары деңгейдегі мамандар құрайды» пікіріміз қандай? |
|
|||||||
Сабақтың ортасы
1-тапсырма
3мин
25мин
|
Суреттер арқылы ой қозғау.
Абу Даби Сингапур
Астана
- Суреттер қандай ақпарат береді? - Қандай өзгерісті байқап тұрсыздар? - Бұл өзгерістер қалай әсер етіп жатыр? (Не? Қайда? Қашан? Қалай? Не себепті? сұрақтары арқылы жаңа сабақты болжау)
Сабақтың оқу мақсаты мен бағалау критерийін таныстыру.
Сабақта қарастырылатын жаңа сөздермен жұмыс. (мағынасын тану)
Мәтінмен жұмыс (жұптық) (оқушыларға мәтін таратылып беріледі)
- Мәтінмен танысып, ақпаратты саралайды; - Әр жұп елдердің даму үлгісіндегі ең басты 1 ерекшелікті анықтайды; - Батыстық және Азиялық даму үлгісін Венн диаграммасында салыстырады;
Графикалық органайзермен жұмыс. (топта жұмыстана отырып, нәтижесін концептуальды кесте, картосхема, постер, ментальды карта, альбом, буклет, т.б түрінде жасатуға болады) - дамыған елдерді даму деңгейі бойынша жіктейді; - дамушы елдерді даму деңгейі бойынша топтастырады; - өтпелі экономикалық елдердің даму деңгейін анықтайды;
Графикалық органайзерді қорғау. («Галерея» әдісі арқылы оқушылар айналып шығып бағалауына болады, топ болып қорғауына болады немесе спикер таңдап алып қорғатуға болады, т.б түрлері)
Бағалау. Қолдану Экономикалық даму көрсеткіштерін анықтайды; Талдау Даму көрсеткіші бойынша елдерді жіктейді және елдердің дамуына әсер ететін факторларды талдайды.
Бағалау дескрипторы: - Топтық талқылауға белсене қатысады; - Дамыған елдерді дамуына сәйкес жіктейді/дамуына әсер еткен басты факторларды түсіндіреді; - Дамушы елдерді дамуына сәйкес жіктейді/дамуына әсер еткен басты факторларды түсіндіреді; - Өтпелі экономикалық елдерді дамуына сәйкес жіктейді/дамуына әсер еткен басты факторларды түсіндіреді.
Қорыту - Елдердің даму үдерісі тұрақты ма? - Болашақта өзгеруі мүмкін бе? |
Как время изменило самые знаменитые города http://travelask.ru/blog/posts/3755-15-foto-do-i-posle-demonstriruyuschih-kak-vremya-izmenilo-sa
Үлестірме мәтін Нарықтық экономика https://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%9D%D0%B0%D1%80%D1%8B%D2%9B%D1%82%D1%8B%D2%9B_%D1%8D%D0%BA%D0%BE%D0%BD%D0%BE%D0%BC%D0%B8%D0%BA%D0%B0
Таныстырылым «Дүниежүзі елдерінің экономикалық даму көрсеткіштері»
|
|||||||
Сабақтың соңы |
Сабақ мақсатына оралу. Рефлексия. «Блоб ағашы» әдісі - Сабақ басындағы көңіл-күйім, қай деңгейдемін? - Қандай көмек бере алдым? - Көңіл күйімдегі өзгеріс... - Оқу мақсатына жету үшін не жасадым? - Қандай ақпарат алдым? - Қай деңгейге жеттім? |
https://ust.kz/word/sabaqta_qoldanylatyn_50_adis_jinagy-2546.html |
|||||||
Сабақ бойынша рефлексия
Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? |
Кері байланыс: Не білдім? Нені білгім келеді Үй жұмысы: мектепте халық санағын жүргізу. Яғни оқушылар арасында халық санағын жүргізіп келу, |
||||||||
Жалпы баға Сабақтыңжақсыөткенекіаспектісі (оқытутуралыда, оқутуралыдаойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
|||||||||
Скачано с www.znanio.ru
© ООО «Знанио»
С вами с 2009 года.