Экзаменационные задания по казахскому языку 3 вариант
Оценка 4.9

Экзаменационные задания по казахскому языку 3 вариант

Оценка 4.9
docx
22.05.2024
Экзаменационные задания по казахскому языку 3 вариант
10 сынып емтихан 3 - вар.docx

10 сынып бойынша «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәні бойынша

аралық аттестаттау тапсырмалары

Емтихан мазмұны:

1)Тыңдалым

10.1.5.1 мәтіннен автордың көзқарасын (негізгі ойын) негіздейтін аргументтерді талдай отырып, астарлы ойды анықтау.

2)Айтылым

10.2.1.1  ғылыми-көпшілік және публицистикалық стильдегі мәтіндерден күрделі сөздердің жасалу жолын анықтау, ауызша мәтін құрауда орынды қолдану

3)Оқылым

10.3.1.1 мәтіндегі негізгі және қосымша ақпараттарды анықтай отырып, факті мен көзқарасты ажырату, мәтін идеясымен байланысын анықтау

4)Жазылым

10.4.2.1 қажетті клишелер мен лексикалық құрылымдарды қолданып, көтерілген мәселе бойынша өз ойын дәлелдеп эссе жазу ("келісу, келіспеу" эссесі, дискуссивті эссе, аргументативті эссе)

5)Тілдік бағдар

10.5.1.2 сын есімнің жасалу жолдарын білу, мәтін құрауда орынды қолдану;

Рубрика

10- сынып

 

Төмен деңгей  1-2 балл

Орта деңгей    3-4 балл

Жоғары деңгей  5 балл

Тыңдалым

10.1.5.1 мәтіннен автордың астарлы ойын анықтап, автордың көзқарасын 1-2 сөйлеммен   дәлелдеу.

10.1.5.1 мәтіннен автордың көзқарасын (негізгі ойын) негіздейтін аргументтерді талдай отырып, астарлы ойды анықтау.

 

 

10.1.5.1 мәтіннен автордың көзқарасын (негізгі ойын) негіздейтін аргументтерді талдай отырып, астарлы ойды  өз көзқарасы негізінде анықтау.

Айтылым

10.2.1.1  ғылыми-көпшілік және публицистикалық стильдегі мәтіндерден күрделі сөздердің жасалу жолын анықтау, ауызша мәтін құрауда қателіктер жіберу

10.2.1.1  ғылыми-көпшілік және публицистикалық стильдегі мәтіндерден күрделі сөздердің жасалу жолын анықтау, ауызша мәтін құрауда қолдану

10.2.1.1  ғылыми-көпшілік және публицистикалық стильдегі мәтіндерден күрделі сөздердің жасалу жолын анықтау, ауызша мәтін құрауда орынды қолдану

Оқылым

Әдеби  шығармада көтерілген әлеуметтік-қоғамдық мәселені талдауда және кейіпкерлерді шынайы өмірмен салыстырып бағалауда 4-5 қате жібереді.

Әдеби  шығармада көтерілген әлеуметтік-қоғамдық мәселені талдайды, кейіпкерлерді шынайы өмірмен салыстырып бағалауда 1-2 қате жібереді.

Әдеби  шығармада көтерілген әлеуметтік-қоғамдық мәселені талдайды және кейіпкерлерді шынайы өмірмен салыстырып бағалай алады.

Жазылым

Қажетті  клишелер мен лексикалық құрылымдарды қолданып, көтерілген мәселе бойынша өз ойын дәлелдеп («келісу, келіспеу» эссесі, дискуссивті эссе, аргументативті эссе) эссе жазуда  4-5 қате жібереді.

Қажетті  клишелер мен лексикалық құрылымдарды қолданып, көтерілген мәселе бойынша өз ойын дәлелдеп («келісу, келіспеу» эссесі, дискуссивті эссе, аргументативті эссе) эссе жазуда 1-2 қателік  жібереді.

Қажетті  клишелер мен лексикалық құрылымдарды қолданып, көтерілген мәселе бойынша өз ойын дәлелдеп («келісу, келіспеу» эссесі, дискуссивті эссе, аргументативті эссе) эссе жазады.

Тілдік бағдар

Тәуелдік,  көптік жалғауларды қолдана алады,  мәтін құрауда сын есімді, сан есімді, есімдік, есімші, үстеу, шылауларды қолдануда 4-5 қате жібереді.

 

Тәуелдік,  көптік жалғауларды дұрыс қолданады, мәтін құрауда сын есімді, сан есімді, есімдік, есімші, үстеу, шылауларды қолдануда 1-2 қате жібереді.

 

Тәуелдік,  көптік жалғауларды дұрыс қолданады, мәтін құрауда сын есімді, сан есімді, есімдік, есімші, үстеу, шылауларды орынды қолданады.

 

 

10 - сынып.

1)Тыңдалым. 

Мәтінді тыңда. Берілген мәтін  бойынша автордың көзқарасын айқындайтын сөйлемдерді анықта.

Отандық кинолар жайында...

Қазіргі қазақ киносы бір арнаға түсе бастағандай. Соңғы 3-4 жылда бірінен соң бірі шыққан киноларымыз қазақ тілді көрерменнің көз қуанышына айналып, жақсы-жаман бағаларын да алып үлгерді. Сең боп қатып  қалған қазақ киносын аз да болса қалыпқа келтірдік, бірақ  сапа, мән-мағына жағынан әлі де кем тұстарымыз табылуда. Әрине, мойындау керек, бұл 3-4 жылымыз қазақ тілді көрерменнің қатарын едәуір көбейтті. Шетел көрерменіне арналған кейбір төл туындыларымыз жүлделі боп жатса, кейбірі үмітті ақтамай жатты. Шетел демекші, көптеген режисерлер осы күні фильмдерінің тұсауын өз елімізде емес, шетелде кесуге тым әуес. Егер ұлттығымызды көрсететін фильм болса бір сәрі, кей фильмдерімізді қарап отырып, нағыз қазақ осындай ма еді деп күмәндәніп қалатынымыз тағы бар.

Жақсыны жақсы дей отырайық! «Жау жүрек, мың бала», «Анаға апарар жол», «Шал» және тағы басқа фильмдердің қазақ көрермені үшін орны бөлек. Елімізде де, шетелде де лайықты бағасын алған туындылар...

 

(136сөз)

 

______________________________________________________________

 

2) Айтылым.

Тыңдалған мәтіннің мазмұны бойынша монолог құрастыр.

 

3) Оқылым

Берілген мәтінді оқы. Тапсырмаларды орында. 

 

«Жастардың денсаулығы- қоғам байлығы»

Бірінші байлық – денсаулық дейміз. Бірақ осы сөздің жауапкершілігін жастар мен жасөспірімдер көбіне мойындамайтын сыңайлы. Қазір халықтың табиғи өсімі төмендеп, ауру- сырқау деңгейі арта түсті. Әсіресе, жасөспірімдер мен жастардың ден­саулығына қауіп туындауда: темекі тарту, ішімдік пайдалану, есірткіге және улы заттарға әуестілік кеңінен тарауда. Жастар – біздің болашағымыз. Жас бала еліктегіш, қызба келеді, темекіге, ішімдікке тым үйір болады. Алкоголизм – психологиялық сырқат. Біз бұл дертпен жиі кездесіп қалып жатамыз. Соңғы кездері балалардың — 9,4 пайызы, жасөспірімдердің — 21,3 пайызы, ересектердің 46 пайызы алкогольді ішімдіктерді тұтынады.

Соңғы мәліметтер бойынша, елімізде 2 мың 532 баланың ішімдікке әуес екені анықталып, 1 мың 996 жасөспірімге «алкоголизм» деген диагнозы қойылыпты. Темекі тарту- ертеден келе жатқан зиянды әдеттердің бірі. Темекі жасөспірімдер үшін өте зиянды. Никотин бауыр ағзасын тез уландырады, баланың дұрыс өсуіне кедергі жасайды. Темекі тарту, ішімдікті тұтыну, нашақорлық тұтас ұлттарды да жойып жібере алатынын жастарға ескерткеніміз жөн.

(136 сөз)

 

1.    1-тапсырма. Мәтіннен 1 негізгі және оны толықтыратын 2 қосымша ақпаратты анықтап, кестеге түсіріңіз.

 

Негізгі ақпарат

 

 

Қосымша ақпарат

 

 

Қосымша ақпарат

 

 

 

2-тапсырма. Мәтіннің идеясын 1 сөйлеммен түсіндіріңіз.

________________________________________________________________________________

 

4) Жазылым

Эссе талабына сай оқылым мәтініндегі дерек негізінде, лексико-грамматикалық нормаларды сақтай отырып, «Бірінші байлық- денсаулық» тақырыбында эссе жаз. Эссе жазуда сын есімдерді қызметіне қарай қолдан.

5) Тілдік бағдар

Эссе мәтінінен 4 сын есімді тауып, жасалу жолына қарай талда .

 

Бағалау критерийлері:

Оқу дағдысы

Бағалау критерийлері

Тапсырма реті

дескриптор

Балл

тыңдалым

Мәтінді тыңдап, автордың көзқарасын айқындайтын сөйлемдерді анықтайды

 

1

Автордың көзқарасын айқындайтын сөйлемдерді анықтайды.

0,5

Айтылым

Тыңдалған мәтіндегі ақпараттарды бір-бірімен байланыстырып, ауызша мәтін құрастырып, ортақ идеяны түсіндіреді.

1

Мәтіннен күрделі сөздердің жасалу жолын анықтап, ауызша мәтін құрауда орынды қолданады

0,5

Оқылым

Негізгі және қосымша ақпараттарды анықтап, факті мен көзқарасты ажыратады, мәтін идеясымен байланысын айқындайды.

2

Негізгі (1), қосымша (2) ақпаратты анықтайды. Мәтін идеясын 1 сөйлеммен түсіндіреді

1

жазылым

Эссе құрылымына сай оқылым мәтініндегі дерек негізінде  лексико-грамматикалық нормаларды сақтай отырып эссе жазады. 

3

-Эссе құрылымн сақтап жазады (0,5 балл)

-көтерілген мәселе бойынша өз ойын дәлелдейді (1 балл)

- орфографиялық, пунктуациялық нормаларды сақтайды- (0,5 балл)

2

Әдеби тілдің нормалары

 Эссе жазуда  сын есімдерді қызметіне қарай қолданады.  4 сын есімді тауып, жасалу жолдарын ажыратады.

 

1

Сын есімді қызметіне қарай қолданады (0,25 балл)

Сын есімдерден мысалдар келтіреді (0,25 балл)

Сын есім түрлерін ажыратып көрсетеді (0,25 балл)

Сауатты жазады (0,25 балл)

1

 


 

Емтихан мазмұны: 1)Тыңдалым 10

Емтихан мазмұны: 1)Тыңдалым 10

Оқылым Әдеби шығармада көтерілген әлеуметтік-қоғамдық мәселені талдауда және кейіпкерлерді шынайы өмірмен салыстырып бағалауда 4-5 қате жібереді

Оқылым Әдеби шығармада көтерілген әлеуметтік-қоғамдық мәселені талдауда және кейіпкерлерді шынайы өмірмен салыстырып бағалауда 4-5 қате жібереді

Жақсыны жақсы дей отырайық! «Жау жүрек, мың бала», «Анаға апарар жол», «Шал» және тағы басқа фильмдердің қазақ көрермені үшін орны бөлек

Жақсыны жақсы дей отырайық! «Жау жүрек, мың бала», «Анаға апарар жол», «Шал» және тағы басқа фильмдердің қазақ көрермені үшін орны бөлек

Оқу дағдысы Бағалау критерийлері

Оқу дағдысы Бағалау критерийлері
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
22.05.2024