Электр өлшеуіш аспаптары көмегімен өлшеулер жасау

  • Лекции
  • Научные работы
  • Презентации учебные
  • Разработки уроков
  • docx
  • 21.11.2018
Публикация на сайте для учителей

Публикация педагогических разработок

Бесплатное участие. Свидетельство автора сразу.
Мгновенные 10 документов в портфолио.

Токты өлшеу. Ток күшін өлшеуге арналған прибор амперметр деп аталады. Ол тізбектің ток күші өлшенетін бөлігіне тізбектеп қосылады. Амперметрдің ішкі (меншікті) кедергісі мүмкіндігінше аз болуға тиіс. Сонда амперметрді тізбекке қосқанда тізбектің осы бөлігінің кедергісі іс жүзінде өзгеріссіз қалады да, прибор тұтынатын қуат елеусіз аз болады. Осылай қосылған амперметрлер токты тікелей бақалайтын приборлар ретінде қолданылады, бұлар өлшенетін токтың сандық мәндерін көрсетеді. Жұмыс істеу негізіне қарай амперметрлер магнитоэлектрлік және электромагниттік болып бөлінеді. Магнитоэлектрлік жүйедегі амперметрдің жұмыс істеуі тұрақты магниттің магнит өрісімен өлшенетін ток өтетін қозғалмалы контурдың әсерлесуіне, ал электромагниттік жүйедегі амперметрдің жұмыс істеуі орамдары арқылы өлшенетін ток өтетін катушканың магнит өрісімен қозғалмалы ферромагниттік өзектің әсерлесуіне негізделген.
Иконка файла материала 12 Сабақ өткізілетін күні.docx
Сабақ өткізілетін күні «       »             І курс № 11­15 топ             2015 жыл «Бекітемін» Директордың оқу өндірістік жұмыстары жөніндегі орынбасары              А. Романкулов               Өндірістік сабақ жоспары Сабақтың  тақырыбы: Электр өлшеуіш аспаптары көмегімен өлшеулер жасау. Сабақтың білімділік мақсаты:  Оқушыларға электр өлшеуіш аспаптарымен өлшемдер жасау және   олардың   бір   –   бірінен   айырмашылықтары   жайлы   түсінік   беру.    Электр   өлшеуіш аспаптарының жұмыс істеу тәртібімімен таныстыру.       Сабақтың тәрбиелік мақсаты:  Ток күші, электр кернеуі және оларды өлшейтін құралдар амперметр, вольтметр, омметрлердің жұмысын түсіндіре отырып,  оқушыларды ұқыптылыққа, техникалық қауіпсіздік ережесін есте сақтауға, өз ойын толық жеткізе білуге тәрбиелеу.  Сабақтың дамытушылық мақсаты:  Білім   алушылардың  теориялық  білімдерін   практика жүзінде ұштастыруын  ұйымдастыру, өлшеу аспаптарын ұқыпты қолдана пайдалана білуге, жұмыс орнында техника қауіпсіздігі ережелерін қатан сақтауға дағдыландыру. Сабақтың   материалдық­техникалық   жабдықталуы:  Амперметр,   вольтметр,   омметр, мегометрлердің   технологиялық   картасы,   бейне   көрсетілім   «Электр   өлшеу   аспаптарының түрлері», «Омметр қызметі», «вольтметр». Сабақ барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: 1.Білім алушылардың сабаққа қатысуы мен дайындығын тексеру 2.Білім алушылардың арнаулы киімдерін тексеру ІІ. Кіріспе нұсқау: 1. Білім алушыларға сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау және түсіндіру 2. Өткен сабақ бойынша білім алушылардың білімін тексеру: Сұрақ­жауап. 1. Бақылау­өлшеу аспаптарына не жатады? 2. Амперметр ? 3. Вольтметр ? 4. Омметр ? Білім алушыларға  жаңа сабақ бойынша нұсқау беру:Токты   өлшеу. Ток   күшін   өлшеуге   арналған   прибор   амперметр   деп   аталады.   Ол тізбектің ток күші өлшенетін бөлігіне тізбектеп қосылады. Амперметрдің   ішкі (меншікті) кедергісі мүмкіндігінше аз болуға тиіс. Сонда амперметрді тізбекке қосқанда тізбектің осы бөлігінің кедергісі іс жүзінде өзгеріссіз қалады да, прибор тұтынатын қуат елеусіз аз болады. Осылай қосылған амперметрлер токты тікелей бақалайтын приборлар ретінде қолданылады, бұлар өлшенетін токтың сандық мәндерін көрсетеді. Жұмыс істеу негізіне қарай амперметрлер магнитоэлектрлік және электромагниттік болып бөлінеді. Магнитоэлектрлік жүйедегі амперметрдің жұмыс істеуі тұрақты магниттің магнит   өрісімен   өлшенетін   ток   өтетін   қозғалмалы   контурдың   әсерлесуіне,   ал электромагниттік   жүйедегі   амперметрдің   жұмыс   істеуі   орамдары   арқылы   өлшенетін   ток өтетін   катушканың   магнит   өрісімен   қозғалмалы   ферромагниттік   өзектің   әсерлесуіне негізделген. Тұрақты   ток   тізбектерінде   негізінен   магнитоэлектрлік   (электромагниттік   сирек қолданылады) жүйедегі амперметрлер қолданылады. Амперметр ток күшінің белгілі шектік мәніне  арналады.  Оның  өлшеу  диапазонын  үлкейту үшін   амперметрге  параллель  қосымша есе   үлкейту   үшін   кедергісі кедергі   (шунт)   қосылады.   Сонда   өлшеу   диапазонын шунт керек болады. Гальванометрге (вольтметрге) параллель шунт жалғап, бақылау шкаласын өзгертіп, оны амперметрге айналдыруға болады. Кернеуді өлшеу Кернеуді өлшеуге арналған прибор вольтметр деп аталады. Вольтметр өлшенетін   тізбек   бөлігіне   параллель   қосылады.   Ол   да   амперметр   секілді   магнитоэлектр немесе  электромагнит  жүйесінде   болады.   Вольтметр  тізбекке  параллель   қосылатындықтан негізгі  тізбек  тогын  көп  өзгертіп  алмас  үшін  оның  кедергісін  өте  үлкен  етіп  алады,   яғни вольтметрден өтетін ток өте аз болуы керек. Сондықтан вольтметрдің өлшеу шегін өзгерту үшін   оған   тізбектей   қосымша   кедергі   жалғайды:   өлшеу   шегін   есе   өсіру үшін   қосымша кедергі керек.Конденсаторлардың жарамдылығын дұрыстығын омметрмен тексеру Бөлуші   тармақталатын   және   блоктаушы   тізбектерде   қолданылатын   тұрақты сыйымдылық   конденсаторлар   үшін   жарамсыздықтың   төмендегідей   түрлері:   диэлектриктің тесілуі, диэлектриктің сапасының төмендеуінен токтың кемуі, сыйымдылыңтың нақты мәнінің өзгеруі   және   шығу   сымдарының   үзілуі   кездеседі.   Сыртқы   түрі   бойынша   конденсатордың жарамсыздығын  анықтау   өте   қиын.  Тұрақты   токты   жарамды  конденсаторлардың  кедергісі (электролиттісінен басқасы) ондаған және жүздеген мегомды құрайды. Сыйымдылығы 0,05 мкФ ­ қа дейінгі конденсаторлардың кедергілерін омметрдің көмегімен практикалық тұрғыда өлшеу мүмкін емес. 0,05 мкФ сыйымдылықтан бастап, омметрдің көрсеткіші (жебесі) бірнеше кішкене   бөліктерге   секіруімен   (заряд)   ауытқиды   және   алғашқы   қалпына   (разряд)   қайта оралады.  Диэлектриктің тесілгендігін (тесілгенін анықтау үшін) тексеру үшін конденсатордың шығу сымын босатып алып, омметрді оның шығу сымына параллель жалғайды. Диэлектриктің толық тесілуі кезінде омметр қысқа тұйықталуды көрсетеді, жеке бөліктері тесілген болса конденсатордыұ   изоляциясының   кедергісі   жүздеген   килоомға   дейін   азаяды.   0,05   мкФ   ­қа дейінгі сыйымдылықты жарамды конденсатордың кедергісі, өткізгіш  сымның ішінен  үзілуі кезінде омметр шексіз үлкен мәнді (кедергіні) көрсетеді. Мұндай жағдайда конденсаторды жарамдысымен біле тұра ауыстыру керек (немесе оны ВК7­3 типті прибор немесе Е12­2 типті әмбебап көпір көмегімен тексеру қажет). Электролитті конденсаторларда, жоғарыда аталған ақаулардан басқа, жиі байқалатыны электролиттің кебуінен сыйымдылықтың азаюы кездеседі. Тесілу кезінде немесе оқшаулағыш(изоляция) кедергісінің төмендеуі (кемуі) электролитті конденсаторларда қатты қызып кетуді тудырады.   Электролитті   конденсаторлардың   тесілуін   немесе   кемуін   тексеру   омметрдің көмегімен жүргізіледі.  Егер   конденсатор   жарамды   болса,   онда   омметрдің   көрсеткіші   (стерлкасы)   бірден нөлдік   көрсеткіш   жаққа   (заряд)   ауытқиды,   содан   кейін   үлкен   кедергіге   сәйкес   жағдайға (көрсеткішке) қайта келеді. Егер омметрдің көрсеткіші 50­100 кОм аралықтағы мәнге дейін орын алмастырса, онда изоляция кедергісінің төмендегенін көрсетеді.   Конденсатордың зарядталу­ разрядталу көрсеткішінің жоқ болуы үзілгендігін (шығу сымдарының) сипаттайды. Электролитті конденсатордағы үзілудің немесе сыйымдылықтың төмендеуін   тексеруді,   сыйымдылығы   сондай   (бірдей)   немесе   одан   үлкен   жарамды электролитті  конденсаторға  параллель  (схемада)   жалғау   жолымен  жүргізуге  болады.   Егер радиоаппаратурадағы жарамсыздың түзетілсе (жойылса), онда конденсатор нашар және оны алмастыру қажет.  Радиотеледидарлы   аппаратураларды   жөндеу   процесінде   бір   типті   конденсаторды басқасымен   ауыстыруға   тура   келеді.   Мұндай   жағдайда   радиоаппаратура   каскадындағы (немесе   басқа)   өзгертілетін   конденсатордың   жұмыс   істеу   жағдайын   және   арналуын басшылыққа   алу   қажет.   Мысалы,   ТЖ   (НЧ)   каскадындағы   қағаз   конденсаторды   сондай көрсеткіштегі   слюдалы   (қабатты,   құрылымды   алюминосиликатттарға   жататын   минералдар тобы) конденсатормен алмастыруға болады. Шешілетін сүзгілерде, катодты резисторлардың блокты сеткаларында (торларында) егер габариті (шекті сыртқы келбеті) мүміндік беретін болса,   2­3   есе   көп   сыйымдылықты   басқа   конденсатормен   өзгертуді   орындауға   болады. Тербелмелі контурдағы конденсаторларды алмастыру кезінде тұрақты сыйымдылықты ғана емес   және   шектіні   (допускіні)   (бірақ   сыйымдылықтың   температуралық   коэффицентісіз) ескеруге тура келеді.  Екі конденсаторды тізбектей жалғау кезінде жалпы сыйымдылық аз сыйымдылықтан да аз болады және төмендегідей өрнекпен есептеледі: Стізб. =(С1 * С2)/(С1 + С2 ); Параллель жалғау кезінде сыйымдылықтар қосылады: Спар. = С1 + С2 ; Екі жағдайда да конденсатордың жұмыс кернеуі берілген тізбектегі максималды жұмыс жасаушы кернеуден төмен болмауы қажет.   Ауалы   (воздушным)   диэлектрикті   айнымалы   (өзгертілмелі)   сыйымдылықты конденсатордың (АСК) жарамсыздығын роторлы және статорлы пластинкалардың арасындағы тұйықталудан   тұрады.   Қабылдағыштың   (приемниктің)   жұмысы   кезінде   мұндай   ақаулар (дефектілер) сыбдыр, сатыр­42 сұтыр дыбыс немесе шкаланың нүктелерінде радиостанция қабылдауы толық жоғалу түрінде болады. Мұндай жағдайда АСК роторын бұраумен шамамен тұйықталған   орынды  тауып  және  0,2­0,5мм  қалыңдықтағы  жайпақ  пластинаның  көмегімен тұйықталуды   түзетуге   тырысу   керек.   Егер   тұйықталуды   осындай   түрде   түзету   нәтижелі болмаса, онда оны қабылдағыш шассиінен АСК босатып алып, жұмыс столында жөндеуді орындайды.   Пластиналардың   тұйықталу   орнын   омметрмен   немесе   электр   лампасымен анықтайды.   Омметрмен   тұйықталуды   тексеру   кезінде   прибордың   бір   щупы   қозғалмалы пластинаға,   басқасы   ­   қозғалмайтын   пластинаға   жалғанады.   Содан   кейін   жаймен   АСК роторын бұрайды және омметрдің көрсеткішін (стрелкасын) бақылайды.  Көрсеткіштің   (стрелканың)   ауытқуы   ротор   және   статор   пластиналарының   жанасуы жөнінде   мағлұмат   береді.  Тұйықталу   металл   пластиналармен   түзетіледі,   яғни   жарыққа қараған кезде көрінген  ротор мен статор пластиналарының  арасындағы  жанасу нүктесінің орнына пластиналар енгізіледі. Тексеруді АСК роторын бір шеткі нүктеден келесі бір шеткі нүктеге бұру кезінде жүзеге асырады. Себебі, пластиналардың жанасуы бірнеше орындарда болуы   мүмкін.   АСК   пластиналарының   тұйыңталуын   электр   лампасымен   тексеру   кезінде кернеуі 36 В электр тізбегіне қуаты көп емес лампаны тізбектей жалғайды. АСК роторын бұраумен   лампаның   жарық   болуы   және   конденсатор   пластиналары   арасындағы   ұшқыны бойынша тұйықталу нүктелерін оңай табуға болады. Содан соң тізбекті ажыратып, жоғарыда көрсетілген әдістермен пластиналар арасындағы тұйықталуды түзетеді.Кіріспе нұсқауды пысықтау:  Өлшеу құрылғыларының шартты белгілері?  Тұрақты шамаларға қарай қандай түрлерге бөлінеді, қандай қызметтер атқарады?  Конденсатор дегеніміз?  Конденсатор   жарамдылығын   тексеру   барысындағы   омметр   жұмысының   реттілігін айтыңыз?  Мультиметр қызметі? ІІІ. Ағымдық нұсқау: 1. Білім алушыларды жұмыс орындарына бөлу 2. Тексеру мақсатында білім алушылардың  жұмыс орындарын аралау 3. Білім алушылардың жаттығу жұмыстарын орындау үшін технологиялық нұсқау  картамен жұмыс жасауларын ұйымдастыру 1­аралау. Білім алушылардың жұмыс орындарын ережеге сай ұйымдастырылуын тексеру 2­аралау.Жұмыста қолданылатын  жұмыс құралдарының жұмысқа жарамдығын тексеру 3­аралау.Жұмыстың уақытылы басталуын білім алушылардың, іс­қимылдарының  дұрыстығын, құралдарды қолдану әдіс тәсілінің   дұрыстығын тексеру 4­аралау.Жаттығу жұмыстарын орындау барысында қауіпсіздік ережелерінің сақталуын  қадағалау 5­аралау.Жұмысты орындау кезінде білім алушылардың жіберген қателіктерін ескертіп,  түзету және қосымша нұсқау беру. 6­аралау. Білім алушылардың орындаған жұмыстарын қабылдап алу, тексеру, 7­аралау. Жұмыс орындарының тазалығын, құрал­аспаптардың дұрыс жиналуын тексеру ІV. Қорытынды нұсқау: 1.Сабақты қорытындылау ,бағалау. 2. Тапсырманы орындау және сабаққа қатысу белсенділігін сараптай отырып  білім  алушылардың  жақсы жұмыстарын атап өту. 3. Үйге тапсырма беру:  «Электр өлшеуіш аспаптар және өлшемдер» тарауын қайталау.                                                  Өндірістік оқыту шебері:               І. Қуанышова