Электрические измерительные приборы
Оценка 4.6

Электрические измерительные приборы

Оценка 4.6
Лекции
docx
информатика
Взрослым
14.06.2017
Электрические измерительные приборы
Сайыс - сабақ мақсаты: - «Радиоэлектроника», «Электрорадиотехникалық өлшеулер», «Электротехника» пәндері бойынша студенттердің теориялық және практикалық білімдерін бағалау; • Білімділік: «Радиоэлектроника», «Электрорадиотехникалық өлшеулер», «Электротехника» теориялық негіздерін оқыту ерекшеліктерін көрсету. Сайыстың тапсырмасын орындауда студенттердің алған білімдерін және оның шығармашылық қолдануы мен дағдылығын тексеру; • Дамытушылық: сайыс тапсырмаларын орындау барысында топ ішінде шешім қабылдау дағдылығын қалыптастыру. Өз бетінше шешім қабылдауды қалыптастыру, берген тапсырмаға ізденімпаздығын, жауапкершілікпен қарауын және жеңіске деген ұмтылыстарын арттыруСайыс - сабақ мақсаты: - «Радиоэлектроника», «Электрорадиотехникалық өлшеулер», «Электротехника» пәндері бойынша студенттердің теориялық және практикалық білімдерін бағалау; • Білімділік: «Радиоэлектроника», «Электрорадиотехникалық өлшеулер», «Электротехника» теориялық негіздерін оқыту ерекшеліктерін көрсету. Сайыстың тапсырмасын орындауда студенттердің алған білімдерін және оның шығармашылық қолдануы мен дағдылығын тексеру
Электротехникааааа.docx
ҚЫЗЫЛОРДА ИНДУСТРИАЛДЫ­ТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ САБАҚТЫҢ ТАҚЫРЫБЫ:  ЭЛЕКТРЛІК ӨЛШЕУІШ АСПАПТАР ЖӘНЕ ӨЛШЕУЛЕР 2016­2017 оқу жылы «Радиоэлектроника және байланыс»,   3 курс № 2­14 Мамандығ ы Курсы Тобы Сабақ жоспары      Сабақтың тақырыбы: электрлік өлшеуіш аспаптар және өлшеулер Сайыс ­ сабақтың ұраны: Ең мықтысы жеңіске жетсін! Сайыс ­ сабақ мақсаты: ­   «Радиоэлектроника», «Электрорадиотехникалық өлшеулер», «Электротехника» пәндері   бойынша студенттердің   теориялық және практикалық білімдерін бағалау;  Білімділік: «Радиоэлектроника», өлшеулер», «Электротехника»  теориялық негіздерін оқыту ерекшеліктерін көрсету. Сайыстың тапсырмасын орындауда   студенттердің     алған   білімдерін   және   оның   шығармашылық   қолдануы   мен дағдылығын тексеру; «Электрорадиотехникалық  Дамытушылық: сайыс   тапсырмаларын   орындау   барысында     топ   ішінде     шешім қабылдау   дағдылығын   қалыптастыру.   Өз   бетінше   шешім   қабылдауды   қалыптастыру,     берген тапсырмаға   ізденімпаздығын,   жауапкершілікпен   қарауын   және   жеңіске   деген   ұмтылыстарын арттыру; Тәрбиелік: таңдаған   мамандықтарына     қызығушылығын   арттырып,   жұмысты ұйымдастыруға, басқаруға баулу. Сабақ түрі: сайыс сабақ  Сабақ типі: жалпылау және қорытындылау сабағы Сабақтың әдісі: топпен жұмыс, ой қозғау, оқуда жеңіс жағдайын туғызу,  Пән   аралық   байланыс: электротехника, арнаулы технология   радиоэлектроника,   электрорадиотехникалық   өлшеу, Көрнекілік   құралдар:   тест   тапсырмалары,   слайд,   интерактивті   тақта,   қол   құралдары, қысқыш, кабельдік тестер, «Иірілген» кабельді ұштау бойынша нұсқаулық, бағалау парағы  Сайыс ­ сабақты өткізу жоспары: Сайыс – сабақтың жоспарымен таныстырып өтейін. Сайыс – сабақтың өту барысы: ­ Сәлеметсіздер ме, құрметті студенттер ! Сіздер бұл сайыста «Электрлік өлшеу аспаптар және   өлшеулер»   бөлімі   бойынша   алған   білімдеріңіз   сарапқа   салады   деген   ойдамын. Барлықтарыңызға  тек сәт сапар тілеймін! 1. «Таныстыру» деп аталатын бөлімде әр топ өз атауларын радиоэлектроника саласында қолданылатын радиоэлементтермен  атай отырып,  өз атауының ерекшелігін  айтып өтеді.    (  5 минут) 2. «Үй жұмысы» бөлімінде  өткен   тақырыптар  бойынша  тест  сұрақтары  беріледі.  Онда көрсетілген үш жауаптың дұрысын таңдау керек. ( 5 минут) 3. «Эрудит»   атты   ұяшық   сұрақтары. Интерактивтік   тақтада   ұяшықтардағы   сұрақтар көрсетіледі,   «Электрорадиотехникалық   өлшеулер», «Электротехника»  бойынша үш бөлімнен тұрады. Топтар ең бірінші бөлімді, содан соң, ұяшық   олар   «Радиоэлектроника», санын таңдап, сондағы шыққан сұраққа жауап береді. Егерде ол сұраққа жауап бере алмаса, қарсыласының жауап беруіне болады. (10 минут) 4. «Бұл не?» деген турда радиоэлектроникалық және электротехникалық  жабдықтардың суреттердің   дұрыс   жауабын     анықтау,   сол   сөзді   орыс   және   ағылшын   тілдеріне   аудару тапсырылады. ( 8 минут) 5. «Шығармашылық» бөлімінде   «Иірілген кабельдердің бау сымдарын дайындау және RJ­45  ашаларды  жинақтау»  бойынша   шығармашылық  жұмыстары   сарапқа   салынады   ,    RJ­45 патч­кордтың жалғануының дұрыстығын кабельдік тестермен тексеріледі. ( 8 минут)  6.  «Кім жүйрік?» атты блиц­турнир. Біліктік тест тапсырмалары беріледі.  Мұнда көп ұпайға ие болған екі топтың капитандары жарысады. Олар арнайы белгіленген уақытта қойылған сұрақтарға жауап беруі керек. Егерде екі сайыскердің біреуі көп жауап берсе, онда сол топ жеңімпаз атанады. ( 9 минут) Сайыс басталды. 1. «Таныстыру» деп аталатын бөлімде әр топ өз атауларын радиоэлектроника саласында қолданылатын радиоэлементтермен  атай отырып,  өз атауының ерекшелігін  айтып өтеді.    ( 5 минут) Топ атаулары: 1. Диод  2. Трансформатор 3. Генератор 4. Транзистор 5. Резистор 2.   «Үй   жұмысы» бөлімінде   студенттерге   өткен   тақырыптар   бойынша   тест   сұрақтары беріледі. Онда көрсетілген үш жауаптың дұрысын таңдау керек.  1. Сымның басындағы кернеудің мәні өссе, сымдағы кернеу шығыны қалай өзгереді? А) Өседі Б) Өзгермейді С) Азаяды 2. Реостаттың   қозғағышын   оңға   қарай   қозғалтсақ,   онда   аспаптың   көрсеткіші   қалай өзгереді? А) Вольтметр аспабының көрсеткіші өседі Б) Амперметр аспабының көрсеткіші азаяды С) Вольтметр аспабының көрсеткіші азаяды 3. Магнит индукциясының өлшем бірлігі А) Ампер Б) Вольт С) Тесла 4. Электр тогының жұмысының формуласын тап А) А= UI t Б) I=R/U С) I=U/R 5.Халықаралық СИ жүйесінде магнит индукциясы қандай шамамен өлшенеді? А) Вебер Б) Тесла С) Гаус 6. Кедергі өскен жағдайда ток қалай өзгереді? А) Өзгермейді Б) Өседі С) Азаяды 7. Ток өскен жағдайда кернеу қалай өзгереді? А) Өседі Б) Өзгермейді С) Азаяды 8. Қай формуламен токты өлшейді? А) I=U*R Б) I=R/U С)I=U/R 9. Қай формуламен кернеуді есептейді? А) U=I/R Б) U=I*R С) U=R/I 10. Өткізгіштің кедергісі неге тәуелді? А) Өткізгіштің фазасына Б) Көлденең қиманың ауданына С) Өткізгіштің материалына,қимасына,ұзындығына   3. «Эрудит» атты ұяшық сұрақтары.   Интерактивтік тақтада ұяшықтардағы сұрақтар көрсетіледі,   «Электрорадиотехникалық   өлшеулер», «Электротехника»  бойынша үш бөлімнен тұрады. Топтар ең бірінші бөлімді, содан соң, ұяшық санын таңдап, сондағы шыққан сұраққа жауап береді. Егерде ол сұраққа жауап бере алмаса, қарсыласының жауап беруіне болады. Әр дұрыс жауап 10 ұпаймен есептелінеді.   олар   «Радиоэлектроника», А) Радиоэлектроника бөлімі 1.Әр   түрлі   жиіліктердің   бірдей   күшейтілмеуінің   әсерінен   пайда   болатын   шығыс сигналының бұрмалануын не деп айтамыз? Жауабы: Жиіліктік бұрмалану 2. «ЭҚК өздік индукциясы кез келген мезетте сырттан қосылатын кернеуге қарсы әсерін тигізетін бағытқа ие» деген анықтама берген ғалым? Жауабы: Э.Х.Ленц 3. Автогенераторлар дегеніміз не? Жауабы: Өздігінен қозушы генераторлар 4. Потенциал деп нені атаймыз? Жауабы: Электр өрісінің екі нүктесінің арасындағы кернеулер айырымын потенциал деп атаймыз. 5. Конденсатор деп нені атаймыз? Жауабы: Диэлектрик   қабатымен   бөлінген   екі   қарама   қарсы   зарядталған   өткізгіштен тұратын зарядты жинақтауға арналған құрылғыны конденсатор деп атайды. Б)  Электрорадиотехникалық өлшеулер бөлімі 1. Омметр дегеніміз не? Жауабы: Омметр – актив электр кедергіні өлшеуге арналға құрал 2. Кернеу тұрақтандырғышы деген не? Жауабы:Қоректендіру   көздері   немесе   жүктеме   кернеуінің   өзгерісі   кезінде   әрдайым шығыстағы кернеудің тұрақтылығын қамтамасыз ететін құрылғы 3. Өлшеу деп нені айтамыз? Жауабы: өлшенетін   шаманың   онымен   бірлігімен   байланысын   анықтауды   және   бұл шаманың   мәнін   табуды   қамтамасыз   ететін   физикалық   шама   бірлігін   сақтаушы   техникалық құралды қолдану бойынша операциялардың жиынтығын айтады. 4. Электро тогының күшін өлшеуге арналған  құрал? Жауабы: Амперметр. 5. Өлшеуіш ақпараттың сигналын өңдеу немесе сақтау үшін, сондай­ақ көрсеткіш құрылғыға беру үшін қолайлы күйге түрлендіру қызметін атқаратын өлшем құралы? Жауабы: Өлшемдік түрлендіргіш С) Электротехника бөлімі 1. Электростатикалық өріс деп нені айтамыз? Жауабы: Электр тогы жоқ болған кездегі қозғалмайтын зарядталған денелердің электр өрісін 2. Магнит өрісінің кернеулігі дегеніміз не? Жауабы: Магнит   өрісінің   кернеулігі   дегеніміз   –   бұл   ортаның   қасиеттеріне   тәуелді болмайтын күштік сипаттама болып табылады. 3. Тұрақты ток дегеніміз не? Жауабы: Уақыт өтуіне қарай өзгермейтін электр тогын тұрақты ток деп атайды 4. Магнит ағыны дегеніміз не? Жауабы: Индукция В мен барлық нүктелерінде индукция векторлар сан мәні бойынша бірдей және оған перпендикуляр болатын жазық ауданның көбейтіндісі магнит өрісінің индукция векторының ағынын құрайды, яғни аудан арқылы өтетін магнит ағынын құрайды. 5. Электромагниттік құбылыс деп нені атайды? Жауабы: Егер   өткізгішті   қолмен   тұйықтаса,   онда   тоқ   пайда   болады,   бұл   құбылысты электромагниттік құбылыс деп атайды. 4. «Бұл не?» кезеңінде суреттердің дұрыс жауабын және сол сөзді орыс, ағылшын тілдеріне аудару қажет.  Дұрыс жауап – 15 ұпай, ал бір тілге аударылмай қалса – 10 ұпай, екі тілге де аудара алмасаңыздар 5 ұпай ғана беріледі.  1. Трансформатор – Трансформатор ­  Transformer 2. Генератор ­   Генератор ­  Generator 3. Латор – Латор ­  Sharp 4. Реостат  ­ Реостат ­ Rheostat 5. Амперметр – Реостат ­  Ammeter 6. Вольтметр – Вольтметр ­ Voltmeter 7. Ваттметр – Ваттметр ­ Wattmeter 8. Транзистор  ­ Транзистор ­  Transistor 9. Электронды шам ­  Электрическая лампочка ­ Electric lamp   5.«Шығармашылық» бөлімінде   «Иірілген кабельдердің бау сымдарын дайындау және RJ­45  ашаларды  жинақтау»  бойынша   шығармашылық  жұмыстары   сарапқа   салынады   ,    RJ­45 патч­кордтың жалғануының дұрыстығын кабельдік тестермен тексеріледі. Патч­кордты жасау үшін қажетті ұзындықта 4 – жұпты кабель кесіп алыңыз. «Иірілген» кабельді ұштау бойынша нұсқаулық Сыртқы   оқшаулағышын   алу   үшін   кабельдің   қабықшасын   айналдыра   жоныңыз.   Ол   үшін кабель   бойымен   жаншитын   тістеуіктің   төменгі   пышағымен   толық   бір   айналдырып, оқшаулағыштың кесілген бөлігін алып тастау қажет. Кабельден минимум 20 мм қабықшаны алып тастау қажет. Кабельді электр тізбегін ажырататын ағытпаға  орналастыру үшін кабельді тарқату қажет. Кабелді бір қатарға ыңғайлы орналастыру үшін, кабельге жазық пішін беретін кабелді кабель қабықшасының шетіне дейін тарқатады. Қос сымдарды, параллель орналасқан өткізгіштерден жазық қабат қалыптасатындай етіп ажырату қажет. Қысқаш тістеуіктің көмегімен кабель қабықшасының шетінен шамамен 14 мм қашықтықта өткізгіштерді қиып тастаңыз. Өткізгіштерді таңдап алынған сәйкес ажыратқыш түстерге сәйкес ыдыратылады. Алғашқы екі қос­сымның түсі Т568А немесе Т568В таңдап алынған вариантына байланысты. TIA­T568B ­ ажыратқыш құрылғыдағы өткізгіштерді құрастыру тізбегінің ең көп таралған түрі (солдан оңға қарай:   ақшыл     қызғылт­сары,   қызғылт­сары,   ақшыл­жасыл,   көк,   ақшыл­көк,   ақшыл­қоңыр, қоңыр)           Өткізгіштерді таңдап алынған сәйкес ажыратқыш түстерге сәйкес ыдыратылады. Алғашқы екі қос­сымның түсі Т568А немесе Т568В таңдап алынған вариантына байланысты. TIA­T568B ­ ажыратқыш құрылғыдағы өткізгіштерді құрастыру тізбегінің ең көп таралған түрі (солдан оңға қарай:   ақшыл     қызғылт­сары,   қызғылт­сары,   ақшыл­жасыл,   көк,   ақшыл­көк,   ақшыл­қоңыр, қоңыр) Өткізгіштер   ажыратқыш   құрылғыға   өз   арналарына   орналасатындай   орнықтырыңыз,   ал кабельдің  қабықшасы  ажыратқыш  құрылғыға  көп  дегенде  6 мм  қашықтыққа  енгізілуі  қажет. Ажыратқыш құрылғыны бекіткіш­кілтімен төмен қарай ұстаңыз. Ажыратқыш құрылғының бүйір жағынан өткізгіштерді тірелгенше салыңыз. Ажыратқыш құрылғы   корпусының   стандартты   бойлық­ұзындығы   өткізгіштердің   сызықтық   ажыратылған ұзындығын кішірейтуге мүмкіндік бермейді, сондықтан да   қыстырма жалғауға қоспас бұрын оларды дұрыс түзету ерекше маңызды.   Ажыратқыш құрылғының корпусы мөлдір пластиктен жасалғанның арқасында, өкізгіштердің ыдыратылу ережесін көзбен бақылауға және   ажырату схемасын тексеруге болады. Иірілген қос сымды ажыратқыш құрылғының пышағымен жалғау үшін қысқаш тістеуікті пайдаланыңыз.   Егер   де   терминдеуді   бастамас   бұрын   қыстырма­жалғау   ажыратқыш   құрылғы корпусы сыртында болатын болса, онда қысу процесі кезінде қыстырма­жалғауларды корпустың ішіне қарай қысады да өткізгіштің қабықшасын кесіп, электр тоғын туғызып олар өткізгіштер өрімдерінің   арасына   енеді.   Кәсіби   металл   аспап   пуансонның   ажыратқыш   құрылғының   бетіне перпендикуляр   қозғалысын   қамтамасыз   етеді,   соның   арқасында   иірілген   сымдар   және   кәбіл ажыратқыш құрылғыда нық бекітіледі.                             Классикалық   құрылым   ажыратқыш   құрылғыға   кабельді   механикалық   бекіту   шамамен ұзындығы 7 мм   жазық тақтайша түрінде болатын қысқышпен жүзеге асырылады. Бұл элемент корпустың интегралды құрама бөлігі болып табылады және де оған тек бір ұзын жағы ғана бекітіледі. Қысқаш аспаптың әсерінен планка корпустың ішіне бекіту жағын айнала бұрылып жылжиды.   Күш   салу   әсерінен   кәбіл   ажыратқыш   құрылғы   корпусының   төменгі   қабырғасына қысылады да нық бекітіледі. Бітеп жабу жұмысы дұрыс болғанына көз жеткізіңіз. Терминдеу нәтижесінде қыстырма­ жалғау өткізгіш тарамдарымен жалғасып тұруы қажет. 6. «Кім жүйрік?» атты блиц­турнир.       Бұл кезеңде  топ капитандары ұяшықтың бірін таңдау арқылы бастайды. Әр ұяшықта пәндер бойынша 15 сұрақтан әзірленген. 1­ұяшық сұрақтары: 1. Абоненттік пунктер арасында ақпаратты тек сандық түрде тарататын желіні ата? (сандық желі) 2. АТС түрлері қандай? (сандық, аналогты) 3. Әрбір пакет не деп аталады? ( датограмма) 4. Бір АТС қандай  қандай байланыс? (түйін құрамайтын байланыс) 5. Бір уақытта көп адамның сөйлесуі? (транкинг) 6. Генератор деген? (түрлендіргіш) 7. Ең алғаш ұялы телефон қай жылы шықты? (1973ж) 8. ИКМ 30 қай стандартқа жатады? (европалық) 9. Кедергінің өлшем бірлігі? (Ом) 10. Кедергі не үшін қажет? (сигналды түрлендіру үшін қажет) 11. Қандай   компанияның   қызметкері   ең   алғаш   ұялы   телефонды   ойлап   тапты? (моторолла) 12. Модуль деген не? (қондырғылар жиынтығы) 13. HDSL мүмкіншілігі қандай? (сигналды әлсірету) 14. Телекоммуникация Қазақстанға қашан ене бастады? (ХХ ғ 1990ж) 15. Электр сыйымдылықтың өлшем бірлігі қандай? (Тесла) 2­ұяшық сұрақтары: 1. ADSL ағылшын тілінен аударғанда? (ассимметриялық сандық абоненттік желі) 2. ADSL мүмкіншілігі қандай? (мәліметтерді жіберу) IDTV  ­  ол? (ADSL сызықты желімен берілетін  теледидар жүйесі) 3. 4. Амплитудасы бар қандай сигнал? (аналогты) 5. Бірнеше АТС қандай байланыс ( түйін құрайтын) 6. Диод құрамындағы анод ол ? (оң электрод) 7. Кернеудің өлшем бірлігі? (вольт) 8. Коммутация дегеніміз не? ( хабар алмасу) 9. Кронер деген не? (сымды плинтке бекітетін құрал) 10. Қуаттың өлшем бірлігі? ( Ватт) 11. Локальді желіде бірнеше компьютер қосу үшін қолданылады? (желі картасы, сым) 12. Нөмір тергеннен кейін абонентке қандай сигнал жіберіледі? (шақыру сигналы) 13. Радионы ең алғаш ойлап тапқан ? (Попов) 14. Сым дегеніміз не? (электротехникалық құрал) 15. Сымның таралу жолын не деп атайды? (Кама)   Сайысты қорытындылау  Бүгінгі сайысымыздың жеңімпазын анықтау үшін, әділқазыларға сөз кезегін береміз.

Электрические измерительные приборы

Электрические измерительные приборы

Электрические измерительные приборы

Электрические измерительные приборы

Электрические измерительные приборы

Электрические измерительные приборы

Электрические измерительные приборы

Электрические измерительные приборы

Электрические измерительные приборы

Электрические измерительные приборы

Электрические измерительные приборы

Электрические измерительные приборы

Электрические измерительные приборы

Электрические измерительные приборы

Электрические измерительные приборы

Электрические измерительные приборы
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
14.06.2017