Білім беру саласы: Таным.
Ұйымдастырылған оқу қызметінің түрі: Жаратылыстану
Тақырыбы: Еліміздің рәміздері.
Мақсаты Еліміздің рәміздері туралы білімдерін толықтыру. Әр рәміздің мән-мағынасын түсіндіру арқылы зейіндерін дамыту.Өз елінің тарихын білуге деген қызығушылықтарын тудыру; отансүйгіштікке тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: Қазақстан Республикасының рәміздері
Қажетті құрал-жабдықтар: жұмыс дәптері, түрлі-түсті қарындаштар
Алдын ала жасалатын жұмыс: Қазақстан Республикасының Гимнін жаттау
Әдіс-тәсілдері: сөздік, көрнекілік, ойын, практикалық.
Қостілділік компонент/билингвальный/: герб-елтаңба, флаг-ту, гимн- әнұран.
ҰОҚ кезеңдері |
Педагогтың іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
Мотивациялық-қозғаушылық |
Шаттық шеңберіне тұрғызу |
Балалар шаттық шеңберін құрып, өздеріне таныс өлең жолдарын айтады. |
Ұйымдастырушылық-ізденістік |
Педагог бүгінгі жиынды Қазақстан Республикасының Гмнін орындаудан бастайтындығын айтады. Балалар сендер неге Гимнді орындағанда қолдарыңды жүректеріңнің тұсына қойдыңдар? Педагог балаларға Гимнің әні мен сөзін кім жазғандығы туралы ақпарат береді. Және Гимнді орындаған кезде немесе естіген кезде орындарынан тұру керектігін айтады. Педагог мелкеттік ту, тудың түсі, туда бейнеленге күн, қыран құс, ұлттық өрнектің қандай мағына беретіндігі туралы қосымша ақпараттар бере отырып, оны ресми түрде Қазақстан Респбуликасының мемлкеттік Туы деп айтылатындығын түсіндіреді. Балалар енді елтаңба туралы не білесіңдер, соны байқап көрейік. Қазақстан Респбуликасының мемлекеттік елтаңбасында не бейнеленген? Қалай ойлайсыңдар, елтаңбаның төменгі жағында қандай жазу жазылған? Елтаңбаның ең жоғарғы жағынан ненің бейнесін көріп тұрсыңдар? Ал осы сендер айтқан шаңырақ, уықтар, қанатты ат, жұлдыз бейнеленгені және қандай мағынаны білдіретіндігі туралы білесіңдер ме? Қазақстан Респбуликасының мемлекеттік рәміздері туралы толықтырып түсіндіреді және оларға құрметпен қарау керектігін айтады. Балаларды екі орталыққа бөледі. Бірінші орталықтағы балаларға күннің суретін салуды, екінші орталықтағы балаларға «Арайлы менің - астанам» тақырыбында суретке қарап әңгіме құрастыруды тапсырады.
|
Әнұранды қолдарын жүректің тұсына қойып орындайды.
Бірінші орталықтағы балалар күннің суретін салып, салған суреттері туралы әңгімелеп береді. Екінші орталықтағы балалар суретке қарап, астана туралы әңгімелеп береді |
Рефлексиялық-түзетушілік |
Педагог балалардан бүгінгі жиыннан алған әсерлерін, көңіл-күйлерін, немен айналысқандарын, не үйренгендерін сұрайды. |
Жиыннан алған әсерлерін айта отырып, көңіл-күйлерін дәптердегі таңбаларға белгілейді. Немен айналысқандары, не білгендерін айтады. |
Күтілетін нәтиже:
Біледі: Қазақстан Республикасының рәміздерін танып біліп, айтып беруді; Қазақстан Республикасының Гимнін жатқа айтуды.
Игереді: Қазақстан Республикасының рәміздері туралы; . Гимнді жатқа айтады.
Меңгереді: Қазақстан Респбуликасының Гимніне рәсім жасауды
© ООО «Знанио»
С вами с 2009 года.