Ұлттық жаңғыру дегеніміз – ұлттық санамен тығыз байланысты. Оның түпкі мақсаты – ұлттық бірегейлікті сақтап, ел ішінде бейбітшілік пен келісім үйлесе отырып, ұлттық береке, бірлік салтанат құрған бәсекеге қабілетті, табысты ел болу. «Сонымен бірге, жаңғыру ұғымының өзі мейлінше көнерген, жаһандық әлеммен қабыспайтын кейбір дағдылар мен әдеттерден арылу дегенді білдіреді», - дейді Н.Ә.Назарбаев. Сондықтан рухани жаңғыру үдерісін дер кезінде қабылданған оң шешім деп танимыз. Осы рухани жаңғырудың жүзеге асырылуын біз және сіз болып, «Бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып» бірлікте орындауымыз аса қажет. Бәсекеге қабілетті, әлемдік деңгейде танылған әрі дамыған рухани кемел ел болу – Елбасының асыл арманы. Ендеше, мемлекет басшысының жастарға соны серпін, тың бастама ұсынуы келешекке қамданудың әрекеті деп түсінеміз.Бұл мақала ғана емес, мазмұны терең, ауқымы өте кең, ұлт руханиятын ХХІ ғасыр биігіне көтеретін рухани жаңғыру бағдарламасы деуге болады. Елбасы ғылым, білім, мәдениет пен тарихты тұтастай қамтитын ұлттық рухани жаңғыру бағдарламасын халық назарына ұсынып отыр. Мемлекет басшысы ХХІ ғасырдағы жаңа ұлттың, жаңа қазақтың феноменін анықтап беріп отыр
Болашаққа бағдар рухани жаңғыру бойынша презентация.docx
УБИТАЕВА МАЙРА АСКЕРБЕКОВНА
БАСТАУЫШ СЫНЫП ЖЕТЕКШ ІСІ
ЖЕЗҚАЗҒАН ҚАЛАСЫ, № 133 ОРТА МЕКТЕБІ
ЕРКІН ЕЛДІҢ ЖАСТАРЫ – ЕЛ БОЛАШАҒЫ.
Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру»
бағдарламалық мақаласы ел дамуының жарқын үлгісі мен нақты қадамдарын көрсететін
келелі ой, салиқалы пікір, батыл шешімдерге құрылған маңызды құжат. Бұл мақалада
сананы жаңғырту, ұлттық болмыстан, ұлттық кордан айырылып қалмай, оны әлемдік
құндылықтармен үйлестіріп, Қазақстанның игілігіне жарату жолындағы мақсат
мүдделер туралы өзекті мәселе көтеріліп отыр. Онда ел Президенті Қазақстан үшін
қайта түлеудің айырықша маңызды екі үдерісі – саяси реформа мен экономикалық
жаңғыруды қолға ала отырып, Біртұтас Ұлт болу үшін болашаққа қалай қадам
басатынын және бұқаралық сананы қалай өзгертетіні жөнінде алысты болжайтын
көзқарастарымен бөліседі.
Бұл мақала ғана емес, мазмұны терең, ауқымы өте кең, ұлт руханиятын ХХІ ғасыр
биігіне көтеретін рухани жаңғыру бағдарламасы деуге болады. Елбасы ғылым, білім, мәдениет пен тарихты тұтастай қамтитын ұлттық рухани жаңғыру бағдарламасын халық
назарына ұсынып отыр. Мемлекет басшысы ХХІ ғасырдағы жаңа ұлттың, жаңа қазақтың
феноменін анықтап беріп отыр. Әрі осы жаңа дәуірдегі ұлттың рухани жаңғыру
жолының алты бағдарын ұсынған:
1. Бәсекеге қабілеттілік;
2. Прагматизм;
3. Ұлттық бірегейлікті сақтау;
4. Білімнің салтанат құруы;
5. Қазақстанның революциялық емес, эволюциялық дамуы;
6. Сананың ашықтығы [1].
Болашаққа бағдар ретінде О.А.Байқоңыров атындағы университеттің әрбір
профессороқытушылар құрамы және осы оқу орнында білім алып жатқан жастарымыз
Елбасының осы сөздерін өздерінің алға қойған өмірлік мақсаттарына енгізе отырып,
еліміздің рухани тұрғыдан дамып, интеллектуалдық дәрежесінің жоғарылауына үлесін
қосады деген сенімдемін. Тәуелсіз еліміздің болашағы – жастарымыздың
интеллектуалды көрсеткіштері олардың тек білім деңгейімен ғана емес, сонымен бірге
олардың ұлттық тәрбиесімен, рухани жаңғыруымен де тікелей байланысты. Ұлттық
кодтың өзегін сақтай отырып, болашаққа қадам басуымыз қажет. Білім – рухани
жаңғырудың басты алғышарты. Өйткені, ой жүйесі терең, алыстан пайымдап, тереңнен
тамырланған дүниетанымы кең адам ғана бәсекеге төтеп береді деген ауқымды ұғымды
білдіреді.
Мен Елбасының осы сөздерін толық қолдай отырып, рухани мәдениеттің дамуы
үшін тағылымды ұлттық тәрбиенің қайнарынан сусындап, биік адами құндылықтардың
кемелдену барысында әрбір маман иесі кәсіби қызметін жоғары деңгейде жүзеге асыруы
қажеттілігін түсінемін. Жастарымыз басымдық беретін межелердің қатарында білім
жүйесі әрдайым бірінші кезектегі орында тұруы міндет деп есептеймін.
Ұлттық жаңғыру дегеніміз – ұлттық санамен тығыз байланысты. Оның түпкі
мақсаты – ұлттық бірегейлікті сақтап, ел ішінде бейбітшілік пен келісім үйлесе отырып,
ұлттық береке, бірлік салтанат құрған бәсекеге қабілетті, табысты ел болу. «Сонымен
бірге, жаңғыру ұғымының өзі мейлінше көнерген, жаһандық әлеммен қабыспайтын
кейбір дағдылар мен әдеттерден арылу дегенді білдіреді», дейді Н.Ә.Назарбаев.
Сондықтан рухани жаңғыру үдерісін дер кезінде қабылданған оң шешім деп танимыз.
Осы рухани жаңғырудың жүзеге асырылуын біз және сіз болып, «Бір жағадан бас, бір
жеңнен қол шығарып» бірлікте орындауымыз аса қажет. Бәсекеге қабілетті, әлемдік
деңгейде танылған әрі дамыған рухани кемел ел болу – Елбасының асыл арманы.
Ендеше, мемлекет басшысының жастарға соны серпін, тың бастама ұсынуы келешекке
қамданудың әрекеті деп түсінеміз. Елбасы Н.Ә. Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық
мақаласында тарихтың өткеніне көз жүгіртіп, жаңа тарихи кезеңдерге жанжақты баға
бере отырып, рухани жаңғыру арқылы болашаққа деген өзінің парасатты пікірлері мен
көзқарасын білдірді. «Екі дәуір түйіскен өліара шақта Қазақстанға түбегейлі жаңғыру
және жаңа идеялар арқылы болашағын баянды ете түсудің теңдессіз тарихи мүмкіндігі
беріліп отыр. Мен барша қазақстандықтар, әсіресе, жас ұрпақ жаңғыру жөніндегі осынау
ұсыныстардың маңызын терең түсінеді деп сенемін. Жаңа жағдайда жаңғыруға деген
ішкі ұмтылыс – біздің дамуымыздың ең басты қағидасы», деп ел келешегіне үміт
артады.
Ендеше, рухани жаңару арқылы әлем мойындар табысты ел болып, жарқын
болашаққа деген сенім мен үмітті үндестіре отырып, баршамыз бірлік туы астында
бақытқа бірге жетейік!
Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Болашаққа
бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында жаңа
тарихи кезеңге тән қатерлер мен тәуекелдерге жан-жақты баға
бере отырып, рухани жаңғыру арқылы болашаққа деген өзінің
терең көзқарасын білдірді.
Сондықтан, Мемлекет басшысы атап өткендей, еліміздің әрбір
азаматы бүкіл қоғам, саяси партиялар мен қозғалыстар, барша
мемлекеттік органдар ағымдағы жағдайға талдау жасап, біздің
қай жерде тұрғанымызды анықтап, әрбіріміздің не істеу
керектігімізді жете ұғынуы керек [2].
Біз біртұтас ұлы ұлттың перзенті екенімізді мақтан тұтуға
тиіспіз. Біздің жолымыз айқын: Жаңару арқылы жарқын болашаққа
жетейік!
Ең бастысы – бағытбағдарымыз анық, жолымыз жарқын.
Қолданылған әдебиеттер тізімі
1
Нұрсұлтан
–
жаңғыру. //kisi.kz/uploads/33/files/nSI88FRe.pdf
Назарбаев
Балашаққа
бағдар:
рухани
2 Әбдіхалықова Г.
Рухани жаңғыру – Қазақстанның үшінші жаңғыруының
негізі. //http://abai.kz/post/51594.
ЕРКІН ЕЛДІҢ ЖАСТАРЫ – ЕЛ БОЛАШАҒЫ.
ЕРКІН ЕЛДІҢ ЖАСТАРЫ – ЕЛ БОЛАШАҒЫ.
ЕРКІН ЕЛДІҢ ЖАСТАРЫ – ЕЛ БОЛАШАҒЫ.
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.