4-сабақ
Жұмбақ әлемінде
1-жаттығу. Мәтінді түсініп оқы.
Жұмбақ– адамның ой-өрісін, білімін сынау мақсатында нақты бір зат немесе құбылыс тұспалдап сипатталатын шағын әдеби жанр.Жұмбақ жанры дүние жүзі халықтары әдебиетінің көпшілігінде бар. Бұл жанрға Аристотель “Жұмбақ – жақсы жымдасқан метафора” деп анықтама берген.
Сөздік:
Жұмбақ – загадка
Ой-өрісі – кругозор,,
Әдеби – литературный
2-жаттығу. Мәтіннің ішіндегі қарамен жазылған сөздерге сұрақ қой.
3-жаттығу. Жұмбақтарды оқы, шешуін тауып, дәптерге жаз.
1.Көкшіл айна үйдегі
Көрсетеді киноны.
2.Қатар тұрып екеуі
Бірін-бірі көрмейді,
Көр десе де көнбейді.
3.Көзде бар,
Баста жоқ.
Өмірбекте бар,
Омарбекте жоқ.
4-жаттығу. Жұмбақ өлеңді шеш,жаттап ал.
Ағам бізді жинады,
Сегіз қолғап сыйлады.
Қамқор болған ағамыз,
Сонда қанша баламыз.
5-сабақ
Мақал-мәтелдер әлемінде
1-жаттығу. Мәтінді түсініп оқы.
Қазақ халқы әдебиеті мен мәдениеті жөнінен, ұлттық тәрбиесі тұрғысынан өте білгір ел болған, халық даналығы үлкен ойды аядай қалыпқа сыйғызып мақалмен айтқан, танытқан. Мақал-мәтел – шешендік өнердің бір үлгісі.
(Жүсіпова Д.З.).
мақал-пословица
шешен-оратор
шешендік-красноречивый
өнер-исскуство
2-жаттығу. Мақал-мәтелдерді оқы.
1. Ата балаға сыншы.
2. Ата – бәйтерек,
Бала – жапырақ.
3. Батаменен ер көгерер,
Жаңбырменен жер көгерер.
3-жаттығу. Мақалдың мәнін түсіндір, жаттап ал.
Еңбек – ер азығы,
Жауын – ер азығы.
4-жаттығу. Мақалдардың аудармасын тауып жаз.
Еңбек түбі береке. Трудовой хлеб сладок.
Еңбек етсең емерсің. Труд -источник достатка.
Еңбектің наны тәтті. Венец труда - достаток
Скачано с www.znanio.ru
© ООО «Знанио»
С вами с 2009 года.