Ертегілер
Оценка 5

Ертегілер

Оценка 5
Домашняя работа
docx
администрации
Детсад
18.05.2019
Ертегілер
... . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
Ертегілер жинағы-1.docx
Ертегі терапиясы – психотерапияның құрамдас бөлігі. Баланың ертегі  сюжетіне әсерленуі, кейіпкердің қиыншылықтарына алаңдауы оның келешекте өз алдында пайда болатын кедергілерден қиналмай өтуіне іштей дайындығын  туындатады. Практикалық психологияның ертегілік терапия бағыты –  баланың жақсылық пен жамандықты айыруына, мінез­құлықтық  стереотиптерді тануына көмектесіп, адамдардың өмірде алдынан шығатын сан түрлі қиыншылықты ең соңында жеңе аларына деген сенімін нығайтады. Ертегі терапиясының көмегімен балаларда қоршаған әлемге деген белсенді  қызығушылығын қалыптастырамыз. Ал ертегіні айту кезінде, бала мен ересек  адамның арасында коммуникативтік ынтымақтастық жағдайын жасаймыз.  Бала ертегіні тыңдау арқылы мазмұнды бірізді айтуға, жағдайы бойынша  әрекет етуге үйренеді. Сондай­ақ координация, моторика, кеңістікте бағыт  табуды үйренеді. Бұл әдіс мектепке дейінгі балаларда, кіші мектеп жасындағы және басқа  жастағы балаларда кездесетін көптеген қиындықтарды шешуде көмектеседі.  Ертегі терапиясы арқылы сенімсіз, агрессивті, қорқынышы басым балалармен  жұмыс істеуге болады, олармен: ұят, өтірік, кінәні сезіну және түрлі  психосоматикалық аурулармен, энурезбен т.б. қиындықтарда қолданылады.  Сонымен қатар, ертегітерапия үдерісі балаға өз қиындықтарын түсінуге,  талқылауға және де сол қиындықтарды шешудің түрлі жолдарын көруге  мүмкіндік береді. Осы психологиялық ертегілер жиынтығы балабақша және бастауыш сыныптар  балаларымен түзету­дамытушылық жұмыстар жүргізетін психологтарға  ұсынылады. 1­ ЕРТЕГІ «Кішкентай Кенгуру қалай өздігінен әрекет етуге үйренді» 2­5 жастағы балалар үшін Бағыттамасы: Жалғыз қалатындығына байланысты анасынан айырылу  қорқынышы, күйзелісі, мазасыздануы. Негізгі сөздері: «Кетпеші, мен қорқамын». Ертеде үлкен Кенгуру­ ана өмір сүріпті. Күндердің күнінде ол әлемдегі ең  бақытты Кенгуруға айналды, өйткені ол кішкентай Кенгуру туды. Басында  кішкентай Кенгуру өте әлсіз болды, сондықтан оны анасы өзінің қарнындағы  сөмкесіне салып жүрді. Ол анасының сөмкесінде кішкентай Кенгуруға өте  жайлы болды және тіпті де қоқынышты болған жоқ. Кішкентай Кенгуру  шөлдесе анасы оны тәтті сүтпен сусындатады, ал ашықса қасықпен ботқа  береді. Содан кейін кішкентай Кенгуру ұйқыға кетеді, ал анасы осы кезде үй жинайды немесе тамақ дайындайды. Бірақ кейде кішкентай Кенгуру оянғанда қасында анасы болмай қалатын  кездер де болатын, онда ол қасына анасы келіп сөмкесіне салғанша қатты  жылап айғайға басатын. Бірде кішкентай Кенгуру тағы да жылай бастағанда,  анасы оны сөмкесіне салуға қанша тырысса да, сөмке таршылық етіп, оның  аяғы сыймады. Кішкентай Кенгуру қорқып кетті де одан бетер қатты жылады: ол енді анасы кетіп қалады да, ол жалғыз қалып қояды деп қорқып кетті.  Сонда кішкентай Кенгуру бар күшімен аяғын бауырына тартып сөмкеге  сыйып кетті. Кешке олар анасымен қонаққа барды. Қонақта басқа балалар да болды, олар  ойнап көңілді жүрді, кішкентай Кенгуруды да ойнауға шақырды, бірақ ол  қанша ойнағысы келсе де, анасынан бөлек кетуге қорқып, кеткенше анасының  сөмкесінде отырды да қойды. Кеш бойы оларға үлкен ағайлар мен тәтейлер  келіп, «сондай ересек Кенгуру неге анасын қалдырып басқа балалармен  ойнауға қорқады»,­ деп сұрады. Ал ол болса одан бетер қорқып кетті де,  сөмкеге тығылғаны сонша тіпті басы да көрінбей қалды. Күннен күнге  анасының сөмкесі тар және ыңғайсыз бола бастады. Кішкентай Кенгурудың  үйдің маңындағы көк шөпте, құммен, көрші ұлдармен және қыздармен асыр  салып ойнағысы келді, анасынан кету өте қорқынышты болды, сондықтан  Кенгуру ана оны тастап кет алмай, үнемі онымен үйде отырды. Бірде Кенгуру  ана дүкенге кетті. Кішкентай Кенгуру оянып жалғыз қалғанын көрді де жылап жіберді. Ол қанша жыласа да анасы келмеді. Кенеттен кішкентай Кенгуру ойнап жүрген көршілердің балаларын көрді.  Олар жүгіріп, бірін­бірі қуып, күліп ойнап жүрді Оларға өте көңілді еді.  Кішкентай Кенгуру жылауын қойды да, өзі де анасынсыз жуынып, киініп,  балаларға барып ойнай аламын ғой деп шешті. Солай істеді де. Балалар оны  өздерімен ойнауға қуанышпен қарсы алды, және ол бәрімен бірге жүгіріп,  секіріп ойнады. Ал кешікпей анасы келді де, оның батыл да, өз бетімен ойнай алатындығын  айтып мақтады. Енді анасы күнде таңертең жұмысқа және дүкенге бара алады, өйткені енді кішкентай Кенгуру анасынсыз жалғыз қалуға мүлде қорықпайды  ғой. Ол анасының күндіз жұмыс істеуі керектігін біледі, ал кешке анасы  міндетті түрде үйіне, өзінің сүйікті кішкентай Кенгуруына келеді. 2­ ЕРТЕГІ «Ормандағы оқиға» 3­6 балалар үшін. Бағыттамасы: Өз­өзіне сенімсіздік. Мазасыздық. Өздігінен әрекет ету қорқынышы. Негізгі сөздері: «Ештеңе шықпайды!» Бір орманда Қоянның көжегі тұрды. Оның ең асыл арманы күшті, батыл  болғысы елді және маңайындағылар үшін пайдалы, жақсы бір іс істегісі келді.  Ал іс жүзінде ешқашан ештеңе шықпайтын еді. Ол өте қорқақ болды және  өзіне­өзі сенбеді. Сондықтан ормандағылардың бәрі оны «Қорқақ­қоян» атап  кетті. Бұған ол өте ренжіп, көңілсіз жүретін, ал жалғыз қалғанда жиі­жиі  жылайтын. Оның жан дегенде жалғыз досы – кішкентай Борсық болды. Міне, бір күні ол екеуі ойнауға өзенге барды. Бәрінен де оларға шағын ағаш  көпір арқылы жүгіріп жүріп, бірін­бірі қуып ойнау ұнайтын. Ең бірінші Көжек  қуып жетті. Бірақ кішкентай Борсық көпірден жүгіріп өткенде кенеттен бір  тақтайы сынып кетті де, ол өзенге құлап түсті. Кішкентай Борсық жүзу  білмейтін, сондықтан көмек сұрап, суда бір батып, бір шығып жүрді. Ал Көжек аздап жүзу білсе де, қатты қорқып кетті. Ол біреу естіп досын  құтақарып қалар деген үмітпен, жағалауда көмек сұрап жүгіріп жүре берді.  Бірақ жақын маңда ешкім болмады. Міне, сонда Көжек досын тек өзі ғана  құтқара алатынын түсінді. Ол өзіне «Мен ештеңеден қорықпаймын, мен жүзе  білемін және досымды құтқарамын» деді де, суға секіріп түсіп, жүзе жөнелді,  сөйтті де досын жағалауға алып шықты. Кішкентай Борсық құтқарылды! Олар үйлеріне оралып, өзендегі жағдай туралы айтқанда, басында кішкентай  Қоянның досын құтқарып қалғанына ешкім де сене алмады. Ал аңдардың  бұған көздері жеткенде, олар Көжекті мақтап, оның батыл да, адал дос екенін  айтты, содан соң оның құрметіне үлкен көңілді мереке өткізді. Бұл күн Көжек үшін өте бақытты күн болды. Оны бәрі де мақтан тұтты, ол өзі де мақтаныш  сезімде болды, өйткені ол өз күшіне, жақсы да пайдалы іс істеуге қабілетті  екеніне сенді. Ол бір өте маңызды және пайдалы ережені өмір бойы есінде сақтап қалды:  «Өзіңе сен және әрқашан да және барлық жағдайда да тек өз күшіңе сен!».  Содан бері оны ешкім де және ешқашан да қорқақ деп мазақтаған жоқ. 3­ ЕРТЕГІ. «Ер бала Санжар». 5­11 жастағы балалар үшін. Бағыттамасы: Кіші қарындасымен (інісімен) жанжалдасуы. Екінші (кіші) баланың тууына байланысты қызғанышы мен реніші. Негізгі сөздері: «Анам мен әкем енді мені жақсы көрмейді» Алыста­алыста, таулардың, орманның ар жағында бір өте әдемі шағын кішкентай қалада Санжар атты бір ер бала тұрыпты. Ол басқа балалар сияқты және кей жерлерімен саған ұқсас болыпты. Ол  әкесімен, анасымен және Амина есімді кішкентай қарындасымен өмір сүріп  жатты. Ертеректе, әлі де Амина дүниеге келмеген кезде үйдегі барлық  ойыншықтар тек оныкі болатын, анасы тек оған ғана мейірін төгетін, тек  онымен ғана әкесі велосипед тебуге баратын және әкесі мен анасы тек онымен ғана теледидардан футбол және мультфильмдер көретін. Ал енді анасы Аминамен көбірек айналысатын болды және Санжарға  бұрынғыдай күлімсіреп жиі қарамайтын, ның онымен ойнауға уақыты мүлдем  жетпейтін болды. Бірақ бәрінен де жаманы, анасының Санжардан Аминамен  серуендеп келуді сұрайтыны еді. Аминамен қыдыру өте жалықтыратын еді,  өйткені онда ол футбол ойнай алмайтын, жолдастарымен жүгіре алмайтын,  тіпті ағашқа да шыға алмайтын. Бірақ анасы Аминаны қорғауын және әкесі  сияқты күшті, нағыз еркек болуын сұрайтын. Санжарға әкесі мен анасы оны бұрынғыдай жақсы көрмейтіндей, себепсіз  ұрсатындай, ал анда­санда ғана мақтайтындай көрінетін. Ол Аминаның  болмағанын және бәрі де бұрынғыдай болғанын армандады. Ал кейде оның  анасы мен әкесінің назарын аудару үшін, бір жаман аурумен ауырып, өліп  қалғысы келетін. Сонда олар оны қалай аз сүйгендерін, бірақ енді кеш  қалғандарын түсінер еді. Міне, бірде Санжар мектептеп үйіне келді. Есіктен ене бере, бір бейтаныс  дауысты естіді. Анасы ақ халаттағы бір тәтеймен дауысын шығармай сөйлесіп жатты. Анасының түріне қарап, Санжар бір жаманшылық болғанын бірден  түсінді. Дәрігер кеткен соң, Санжар анасын құшақтап, ақырын: «Ксюшаға  бірдеңе болды ма?» деп сұрады. Анасы оны құшақтап, мейірлене сүйді де,  Ксюшаның ауырып қалғанын, ыстығы өте жоғары екенін және оны ауруханаға  алып кетулері мүмкін екендігін айтты. Кешке Санжар ұйықтауға жатқанда, ол көпке дейін ұйқтай алмады, ал  ұйықтаған кезде ол түс көрді, түсінде ол әдемі бұйралаң жолмен келе жатты,  кенеттен оның алдынан тау пайда болды, ал онда ем болатын суы бар су көзі  бар екен. Ол көз жасындай тап­таза бұл судан алды да, өзінің кішкентай  қарындасына беру үшін жүгіре жөнелді. Ол оны ауруханаға әкеткенін тіпті де  қалаған жоқ еді… Таңертең терезеден күннің көзі жарқырап тұрды, жып­жылы көктемгі күн  еді.Санжар ояна сала, бірден Аминаның бөлмесіне жүгірді де, оның оянғанын,  анасына да, әкесіне де, өзіне күлімсіреп қарағанын көрді. «Яғни көмектесті, енді барлық қорқыныш артта қалды»,­деп ойлады Санжар. Ол қарындасын төбесінен сүйді. Анасы оған күліп қарап: «Сенің нағыз еркек  болып, есейгеніңді мен жаңа ғана түсіндім.»,­ деді. 4­ЕРТЕГІ 5­11 жастағы балалар үшін. Бағыттамасы: ұрлықты түзету Теңіз шошқасы Дуся балабақшаға баратын. Оған онда өте ұнайтын. Ол өзінің  отбасына «Онда әрқашан да көңілді»,­ дейтін. Дусяның Яша деген аламан досы болды. Олар екеуі ойнағанды жақсы көретін. Бірде Яша бала­бақшаға калейдоскоп әкелді. Бұл таңғажайып ойыншық  барлық бала аңдарды қызықтырды. Бір оюдың екіншісімен қалай  ауысатындығын бәрінің де көргісі келді. Теңіз шошқасы Дуся калейдоскопқа сиқырлап алғандай қарады. Бірақ  калейдоскоппен ойнағысы келетіндер көп болғандықтан, ол көп қарай  алмады. Түскі астан кейін барлық бала аңдарды серуендеуге шығарды.  Аламан Яша қолындағы калейдоскоппен Дусямен қатар келе жатты. Яша, сен ойыншығыңды үйіңе апарасың ба? – деп сұрады Теңіз шошқасы Дуся. Әрине, Дуся, апарамын, әйтпесе мұнда жоғалып кетуі мүмкін, — деді күзен  Яша. Теңіз шошқасы Дуся: «Егер калейдоскоп жоғалып кетсе, онда Яша оны үйіне  апара алмайды. Ал мен онымен тіпті де аз ойнадым, бір жағынан теңіз  шошқаларының отбасы мұндай ойыншықты ешқашан көрген жоқ» деп ойланып қалды. Міне, Аламан Яша калейдоскопты сатының қасына қалдырып, таудан  сырғанауға жүгіріп кетті. Дуся калейдоскопты байқаусызда жақын маңдағы  талдардың арасына қоя қойды. «Іс істелді!» — деп, масаттанып кетті. Яша! Күзен Яша, сенің әкең келді! — деп тәрбиеші дана Тасбақа Яшаны  шақырды. Аламан соңғы рет таудан сырғанады да, жүгіріп әкесіне кетті. Сау бол, Яша! – деп Дуся досына қолын бұлғады. Ертеңге дейін, Дуся! – деді де, Аламан Яша әкесінің соңынан жүгіріп үйіне  кетті. Кешікпей Теңіз шошқасы Дусяның да анасы келді. Ол анасына қарай жүгіре  жөнелді де, кенеттен кері қайтты да талдың арасынан Яшаның калейдоскобын  алды. Ана — Теңіз шошқасы асығыста қызының қолындағы бөтен ойыншықты  байқамады. Кешке Дуся калейдоскопты ата­анасына көрсетті. Оның олармен өзінің қуанышымен бөліскісі келіп кетті, өйткені мұндай ойыншық екінің бірінде  жоқ қой. Бірақ Ана — Теңіз шошқасының әлденеден қабағы түйіліп кетті. Дуся, әкең екеуімізге мына калейдоскоптың саған қалай келгенін айтшы? деп сұрады. Мен оны тауып алдым, — деп жауап берді Дуся. Бұл өте жақсы табыс, — деп келісті Әке – Теңіз шошқасы, — бірақ сен қазір осы тамаша ойыншықты жоғалтып алған бала қандай көңіл­күйде екенін  ойлашы. Қазір ата­анасы оны қалай уатуды білмей жатқан шығар, — деп, Ана – Теңіз шошқасы да қосылды. Өзінің ойыншығын тал арасында ұмытып кеткеніне қарағанда, Аламан онымен ойнап­ойнап жалыққан шығар. Алайда, сен бұл кімнің ойыншығы екенін білесің ғой?, — деді де Ана Теңіз шошқасы Дусяға қарады. Ол Аламан Яша. Ол калейдоскобын ұмытып, үйіне кетіп қалды, — деді, Теңіз шошқасы – Дуся еденге қарап тұрып, ал оның екі беті қызарып кетті. Есіңде ме, Дуся, сен екеуміз саябақта қыдырып жүргенде сенің сүйікті шарыңды ұмытып кетіп едік қой, — деп сұрады Әке – Теңіз шошқасы. Сонда сен қалай жылап едің, ал біз болсақ саябақты шарлап шарыңды іздедік қой, егер оны таппағанда, не істер едік, мен оны білмеймін, — деп  қосылды, Ана — Теңіз шошқасы. Теңіз шошқасы Дуся Аламан Яша туралы ойлады да, мұңайып қалды. Мен, жай калейдоскоппен ойнайын дегем, менде мұндай ойыншық жоқ қой. Бірақ мен Аламан Яша өзінің ойыншығын жоғалтып алып жылайды деп  ойламаппын,­ деді ол. Сенің мұны түсінгеніңе біз өте қуаныштымыз. Есіңде болсын Дуся: өзіңе Жатпайтын нәрсені, тіпті ол зат саған өте ұнаса да алуға болмайды, — деді,  Әке – Теңіз шошқасы Дусяны құшақтап тұрып. Келесі күні Теңіз шошқасы Дуся калейдоскопты бала­бақшаға алып келді. Ол  өзін ыңғайсыз сезінді, айналадағы барлық аңдар оның жаман қылығы туралы  біліп тұрғандай көрінді. Жолда Дусяның аяқтары шалынып жүре алмады, ол  өте қатты ұялды. Аламан Яша өзінің ойыншығын көргенде қатты қуанды. Теңіз шошқасы Дусяға жүгіріп келіп, оны мұрнынан сүйіп алды да қауныштан секіріп жүріп: Дуся, сен оны таптың ба! Сен менің сүйікті каледоскобымды таптың! Ура! Сен нағыз доссың! Кел екеуміз ойнайық: калейдоскопты бұраймыз да,  бір­бірімізге ең күшті оюларды көрсетеміз, — деп айғайлады. Және олар күні бойы бірге тату ойнады. Дуся Аламан Яшаның қуанғанына  қарау өте ұнады, бірақ өзінің қылығы үшін ол бәрібір де аздап ұялды: Аламан  Яша оны нағыз дос деп есептейді, ал ол кеше оның ойышығын алды да, ол  уайымдап жылайды деп ойламады. «Айту керек»,­ деп шешті Дуся. Дуся Аламан Яшаға бәрін айтып берді. Аламан оны мұқият тыңдап алды да: Сен мықтысың, өйткені шындықты айтуға бел будың, мен сен бәрін де түсіндің деп ойлаймын. Достар басына іс түскенде біліседі. Мен, сенің енді  ешқашан да жаман қылықтар жасамайтыныңа ,­ деді. Содан бері Теңіз шошқасы Дуся бөтен нәрсені сұраусыз ешқашан да алмайды. 5­ЕРТЕГІ 5­9 жастағы балалар үшін. Бағыттамасы: жүйке күйзелісін түзету: ұрсыс, ата­анасының айырылысуы Негізгі сөздері: «Анам мен әкем енді мені жақсы көрмейді» Кішкентай Зебра Ами биік ылғалды шөпте еш алаңсыз шауып жүрді. Оған  жүгіру, құлағындағы жел ысқырығы, күннің алтын сәулесі және ұлпа қардай  аппақ бұлттар ұнайтын. Ами үйіне жүгіріп кірді. Ас үйде анасы өзінің  фирмалық салатын дайындап жатты. — Халың қалай, менің Амиім? – деді анасы. — Бәрі де жақсы, тек менің қарным ашты! – деп жауап берді Ами, столға отыра бере. Бұл да өте жақсы! Менің салатым дайын! Жей ғой, қызым! – деп анасы, тәрелке толы салатты Амидің алдына қойды, Ами тәбеттене жей бастады. Салат жеп болған соң Ами: Анам, әкем қайда? деп сұрады. Оның бүгін болмауы мүмкін. Түсінесің бе, маңызды жұмыстары бар… деп анасы күмілжи жауап қатты. Ами аздап ренжіп қалды, бірақ кейіннен тынышталып, ойнауға кетті. Ойнап жүріп, Ами орманның ең шетінен, ашық жер мен орманның арасында  бір бұрышта орналасқан көзден таса бір алаң тапты. Бір жағында алаңды ашық жерден бөліп тұрған үлкен ағаш өсіп тұр, ал орманнан оны тәтті жемістері бар бұтақтар жауып тұр. «Бұл сиқырлы жасырын орын менікі болады»,­ деп  ойлады кішкентай Ами. Келесі күні Ами өзінің кереуетінде оянды. Жап­жасыл, жып­жылы, мамықтай  жұмсақ көк шөпте әлі де жата тұрғысы келді. Кенеттен, көрші бөлмеден ата­ анасының дауыстарын естіді. Олардың Амиді оятқысы келмей бәсең дауыспен сөйлесіп жатты. Бірақ Амиге мазасыздана бастады – ол ата­анасының ұрсысып жатқанын сезді. «Мүмкін, олар екеуіне қажет бір нәрсені бөліп жатқан  шығар?» деп ойлады. Күтпеген жерден оның ойын, есік қағып, бөлмеге кірген әкесі бұзды. Қайырлы таң, менің қызым! – деп ол көңілдене айтқанмен, Ами оның дауысындағы көңілсіздікті сезіп қойды. Сәлем әке! – деп ол қуана әкесінің қасында секіріп жүрді. – Ал, мен, сені кеше күні бойы күттім. Кешірші. Кеше мүлдем кете алмадым, жұмыс көп – жарыстар, өзің түсінесің ғой. Ал, бүгін мен күні бойы тек сенімен ғана боламын! Тұр! Біз сені таңғы асқа күтеміз. Таңғы астан кейін Ами мен әкесі серуендеуге шықты. Олар ойнақтап  төбешіктерге шықты, одан күліп­ойнап, беттерін және жола­жолақ бүйірлерін  қытықтай жанасқан шөптердің арасында жарыса жүгірді. Уақыт көңілді және  тез өтіп кетті. Ал кешке әкесі тағыда бір жерге кетіп қалды. Кешкі ас кезінде анасықамсыз және көңілді көрінгісі келгенімен, бәрібір оның  көздерінен мұң көрініп тұрды. Анашым, сен әкемнің бізбен бірге болмағанын ойлап қамығып отырсың ба? – деп сұрады Ами. Қызым менің, — деп бастады анасы — біз әкең екеуміз бөлек тұруға Келістік. Сенің оны қалай жақсы көретініңді мен білемін. Ол да сені жақсы  көреді. Сондықтан әкең саған демалыс күндері келі тұрады. Ами, әрине, одан бірдеңе жасыратындарын сезді. Бірақ анасынан естігені оны  қатты ренжітті. Ами ата­анасын қатты аяп кетті. Оған бұрынғы сондай  бақытты өмірі көптеген ұсақ бөліктерге бөлініп жатқандай көрінді. Көздерін  жас буып, тамағында ащы түйіршік тұрып қалды. Жаны қайғыдан жарылып  кете жаздап тұрды, Ами үйден жүгіріп шықты да, жол да таңдамай, бар  күшімен жүгіре жөнелді. Анасы оны қуып жетейін деп еді, жете алмады,  кішкентай құлыншақтың бейнесі түн қараңғылығына батып кетті. Қобалжыған ата­анасы Амиді іздеуге бірге шықты. — Оның қайда екенін білеміндеп ойлаймын, — деді әкесі жұбайына, —  қалмай ілес, асығу керек. Лезде Амидің ата­анасы зәулім еменнің қасында тұрды. Олар өздерінің  кішкентай қыздарының жылаған дауысын естіді де бұтақтарды ашып, оның  қасына келді. Олар тағы да бәрі бірге еді. — Сендер мені қалай таптыңдар?­ деп сұрады Ами. — Кішкентай болғанда, мен де осы таса бұрышты жақсы көретінмін. Мен  бірден, саған бұл орын таныс екен деп ойладым,қызым менің, — деді әкесі. — Сендер анам екеуің енді ешқашан да бірге болмайсыңдар ма? – деп Ами  айғай салды. — Түсінесің бе, біздің өміріміз біздің бояуымыз сияқты. Ашық, көңілді,  бақытты минуттары, сағаттары, күндері бар. Алайда мұңаятын, жылайтын,  қайғыратын кездері де бар. Бұл уақыттар біздің бүйіріміздегі қара жолақтарға ұқсас. Бірақ сен білуге тиіссің, қара жолақтан кейін, міндетті түрде ақ жолақ  та келеді. Сонымен қайғы кетеді. Біз анаң екуіміз бірге бола алмаймыз,  сондықтан әр жерде тұрамыз, бірақ біз сенімен бірге бола аламыз. Біз сені  жақсы көреміз. Қайғы да да, қуанышта да, біздің өмір жолағымыз қай түсте  болғанына қарамастан біз біргеміз. Ал қазір үйге бару керек. – Аздан соң  қара­ақ жолақты үшеуі, жолақты бүйірлерімен шайқала басып, тау­тәтті күйде кетіп бара жатты. 6­ ЕРТЕГІ 3­7 жастағы балалар үшін. Бағыттамасы: қорқынышты түзеу: қарағылықтан, жалғыздықтан, тұйық  кеңістіктен қорқу Негізгі сөздері: «Мен үйде қалуға қорқамын» Қалың орманда алаңқайдың шетінде құлаған ағаш жатты. Ағаштың  тамырының астында інге кіретін жол бар еді. Бұл кең, жайлы ін болатын:  еденге жылы және жұмсақ болу үшін сабан төселген, ал тамырлар мен  топырақтан жасалған төбесі жаңбырдан қорғайтын. Бұл інде үлкен және азулы Әке­Қасқыр, Ана­Қасқыр (ол да күшті және азулы болатын, бірақ денесі  күйеуінен кішкентай еді) және бала­ Қасқыр тұрды. Бала­Қасқырдың аяқтары  қысқарақ, тістері кішірек, ал жүні жұп­жұмсақ және қалың еді. Әке­Қасқыр түні бойы аң аулайтын, ал бала­Қасқыр анасының жылы бүйіріне  тұмсығын тығып тез ұйықтап қалатын. Бір кездері қасқырларға қорек болатын аңдар бұлардың інінен алысқа кетіп қалып, Әке­Қасқыр үш күн бойы тамақ  болатын ештеңе әкелмеді. Отбасылық кеңесте келесі жолы Ана­Қасқыр Әке­  Қасқырмен бірге аңға шығатын болды – екеулеп аң аулау жеңілірек. — Анам, мен қайда қаламын?­ деп сұрады бала Қасқыр.­ Мен жалғыз қаламын ба? Түнде? — Бәрі де жақсы болады, балам! Сен үлкен емессің бе. Біз табысымызбен таң  ата келеміз,­ деді де Ана­Қасқыр баласының маңдайынан сипады. Оның  шешесін жібергісі келмеді, бірақ басқа амал жоқ еді. Міне, ата­анасы кетті де, бала жалғыз қалды. Күн ұясына отырды да, лезде қараңғылық басты. Бала­Қасқыр ұйықтап қалуға қанша тырысса да ұйқысы келмей қоды. Ол әрбір дыбысты тыңдап, көзін ашып ала берді. Іннің қабырғаларынан оған қорқынышты көлеңкелер көрінгендей  болды. Олар біресе көрініп, біресе ақырын­ақырын өзіне қарай еңбектеп келе  жатқандай болды. Сосын ол сабанның арасына кіріп кетті де, аяқтарымен  бетін және құлақтарын жауып алды. Әлдекім қорқыта пысқырып, іннің жанынан қатты басып жүргендей болды.  Осылайша бір сағаттай уақыт өтті. Ал ұйқысы қашып кетті. Қасақана  қылғандай жаңбыр басталды. Қатты жауғаны сондай, кешікпей жоғарыдан  Бала Қасқырдың мұрнына су тамшылады, негізі төбе жұқарған ғой. Бала­ Қасқыр іннің басқа бұрышына ауысты, кенеттен өзінің жалғыз емес екендігін,  біреудің жыбырлап жер астынан шыққанын сезді. Бала­Қасқырдың қорыққаны сонша, қол­аяғы дірілдеп кетті. Күтпеген жерден іннен дауыс шықты: — Мен қайдамын? Және мұнда, жел өтіндегі құрғақ жапырақ сияқты кім  дірілдеп тұр? Дауыс қорқынышты емес, керісінше жылы естілді. Бала­Қасқыр  қорқынышын жеңіп: — Бұл, мен, Бала­Қасқырмын. Ал сен кімсің?­ деді. — Мен, Көртышқан ағаймын. Менің інімді жаңбыр суы басып кетті де,  жылдам ін қазуға тура келді. Ал сенің інің жылы және құрғақ. Мұндай інде  алаңсыз таң атқанша ұйықтауға болады. — Бірақ, мұнда қараңғы, жалғызсырайсың және қорқынышты,­деді Бала­ Қасқыр. — Мына қара, қараңғы дейсің бе?­ деп Көртышқан Көртышқан ағай таң  қалды. – Ал сен білесің бе, біз, кроттар, түнде түгіл күндіз де көрмейміз.  Бірақ, біз өте жақсы естиміз және иістерді айыра аламыз. Мен саған  қараңғыдан қорықпауды үйретемін, тек ертең. Ал қазір көзіңді жап! Мен  сенімен бірге бола тұрамын. Көртышқан ағай Бала­Қасқырмен қатар отырды да, оған ертегі айта бастады.  Ертегі өте қызық және жақсы оқиғалармен болды, Бала­Қасқыр тынышталды  да ұйықтап қалды. Таңертең ата­анасы үйлеріне келді. Ана –Қасқыр Бала­Қасқыр үшін өте  қобалжыған еді, сондықтан ол ойлағандай аң да аулай алмай үйіне бос қайтты. Ата­анасы дем алып жатты., ал Бала­Қасқыр серуендеп жүрді. «Қызық,  Көртышқан ағай қалай маған көмектеседі?» деп ойлады Бала­Қасқыр. Қасқыр әке оянғанда, Бала­Қасқыр оған жұқарған төбе туралы айтты. Менімен бірге жүр,­ деді оған Әке­Қасқыр,­ маған көмектесесің. Олар төбенің тесігін жабу үшін топырақты шөп жинауға бет алды. Әкесі баласымен індерінің төбесін ұйымдасып жауып тастады. Болды, балам, шаршадың ба?­ деп сұрады әкесі. Аздап,­ деді Бала­Қасқыр, бірақ жұмыс істеуін тоқтатқан жоқ – пайдасы  тигеніне ол өте қуанышты еді. Кешке ата­анасы тағы да аңға шығуға жиналды, ал Бала­Қасқыр інде  Көртышқан ағайды күтіп жатты. Міне, таныс сыбдыр да естілді­ау, және  артынша Көртышқан ағайдың тұмсығы да көрінді. — Бала­Қасқыр, сен осындасың ба?­ деп сұрады ол. — Иә, мен сені күтіп отырмын!­ деп қуана жауап берді Бала­Қасқыр. — Ал, мен саған бірдеңе әкелдім,­ деп мақтанды Көртышқан ағай және  қоңырау гүлдер алып шықты. Гүлдің шәшкелерінде жарық беретін көбелектер  отырды. Іннің іші тез арада ақшыл жасыл түсті жарыққа боянды. – Бұл саған,  кішкентай қасқыр! Енді қараңғылық саған қорқынышты емес! — Қандай тамаша! – деп қуанды Бала­Қасқыр. – Енді менің жарық беретін  көбелектер бар! Ол қоңырау­гүлді қолына алып, іннің бұрышына барды да, сабанды ысырып  былай деді: — Ах, міне, кім маған жыбырлап ұйқы бермейді! Мынау жер құрты ғой,­деді. Кенеттен есік артынан біреудің тез басқан аяқ дыбысы және пысқырғаны  естілді. Бала­Қасқыр іннен шығып, жарық беретін көбелектер бар тәрелкені  басынан жоғары көтерді. — Бұл жай Кірпі ғой, ал мен қорықтым,­ деп қуанды Бала­Қасқыр, содан соң: — Ал қабырғаларда еңбектеп жүретін көлеңкелер ше, олар кімдер,­ деп  сұрады. — Ол ағаштардың көлеңкесі. Оларды жел тербетеді де көлеңке тербеледі, —  деп түсіндірді. — Саған көп рахмет! Енді мен қорқатын ештеңе жоқ екенін білемін. Міне,  мына оттарды ал. – Осы сөздермен Бала­Қасқыр Көртышқан ағайға жарық  беретін көбелектері бар қоңырау гүлді ұсынды. – Мүмкін олар тағы басқа  балаларға да көмектесер. — Сен жарайсың! Сен жарық беретін көбелектермен жолыңа жарық түсіріп  өзіңнің қорқынышыңды жеңіп шықтың! Саған жақсылық тілеймін! – деді де  Көртышқан ағай жер астына сүңгіп кетті. Іннің іші қап­қараңғы болды. Бірақ қараңғылық Бала­Қасқырды енді қорқыта  алмайды. Түнде тағы да қатты жаңбыр жауса да, жөнделген төбеден ақпады.  Бұл түнде Бала­Қасқырдың ата­анасының жолы болды. Таңертең Бала­ Қасқыр­ ды тәтті тағам күтіп тұрды. 7­ЕРТЕГІ 3­7 жастағы балалар үшін. Бағыттамасы: баланың жалған сөйлеуін түзету Негізгі сөздері: «Анам мен әкем енді мені жақсы көрмейді» Қалалық зоопаркте өзінің ата­анасымен бірге кішкентай хамелеон тұрды. Оның өзінің денесінің түсін өзгерте алатын тамаша қабілеті бар болатын.  Мысалы, ол қиялға кеткенде, күтпеген жерден ашық күлгін түсті, ал бақытты  кездерінде мұрнынан бастап жүзікше оралған құйрығына дейін алқызыл түске  енетін. Күндіз хамелеон бұтақта отырып, бағдаршам түстеріне еніп жергілікті  торғайлардың көңілін аулап отырды. Сонысы үшін торғайлар оны бағдаршам  атап кетті, және де бұл есімі хамелеонның ата­анасының да көңілінен шықты. Көктемде хамелеондар отбасы тропикалық аралдан хат алды: Бағдаршам  Хамелеонның атасы мен әжесі сүйікті немерелерін жазғы каникул бойы  қонаққа күтіп отырғандарын айтты. Алдағы сапары кішкентай Хамелеонды  қатты қуандырды: ол кемемен жүзіп барады, атасы мен әжесімен жүздеседі! Бір аптадан кейін оны атасы мен әжесі күтіп алды. Кемемен жүзу жақсы өтті,  тек ұзақ тербелістен кейін Хамелеон көк­жасыл түспен алмасып тұрды.  Осылайша, Бағдаршамның жазғы каникулы басталды. Атасы мен әжесі кішкентай Бағдаршамға өте ұнады. Ол қарттарға бақшада да, үй шаруасында да көмектесті, олар да немерелеріне өте риза болды. Бірақ Хамелеон Бағдаршамның, оны тіпті де жақсы көрсетпейтін бір мінезі  бар еді: ол өтірік айтуды ұнататын. Кейде ол, шындықтың бір бөлігін жасырып қалып, барлық жағдайды айтпайтын. Ал атасы мен әжесі Хамелеонның өтірік  айтқанын сезіп қоятын – мұндай кезде ол қою қызыл түске енетін. Жұма күні Хамелеон­әже керемет тәтті пирог дайындады. Оны ең тәбет  ашатын жапырақтармен әшекейлеп, терезе алдына суытуға қойды. Міне, тамаша! Қандай дәмді иіс шығып тұр! Мұндай пирогты мен ешқашан татып көрген жоқпын,­ деп далада атасына көмектесіп жүрген бағдаршам –  Маған әжеме үстел жасауға көмектесу керек,­ деп үйге кірді. — Әрине, бара ғой, Бағдаршам,­ деді атасы. — Хамелеон Бағдаршам пирогтың қасындағы орындықта отырып алып, оның  толықша жапырақшаларына қызыға қарап отырды. «Мынауысы тәтті, ал  мынау одан да тәтті»,­ деп ойлады да, ең үлкен жапырағын жалап алды.  Хамелеон «Ой, мен не ісеп қойдым!­ деді де тағы да біреуін жалап алды. – Ой  мен тоқтай алар емеспін!»,­ деді де, әжесі пирогты тек оған ғана емес, бәріне де дайындаса да, Бағдаршам пирогты қомағайлана жей бастады. Хамелеонның әжесі ас үйге кіргенде, ұйқыға кетіп бара жатқан Бағдаршамды  және бос тәрелкені көрді. — Ойпырым­ай, жиырма бес минут бұрын ғана мына жерде пирог тұр еді ғой!­ деп күбірлеп жүрды ол. — Әже, мен сені шақырғалы жатыр едім,­ деді қызараңдап,­ терезеге бір бақа  шығып алып, біздің пирогымызды жей бастады. Мен оны қудым, бірақ ол  секіріп түсіп басқа жақтан келі. Менің оны ұзақ қуғаным сонша, шаршап  ұйықтап кетіппін. Ал бақа барлық пирогты жеп қойды. Хамелеон Бағдаршам қою қызыл түспен жарқырады. Әжесі оны байқады,  бірақ немересін аяп кетті де, «Қандай жаман бақа» деп күбірлей жүріп, басқа  пирог дайындауға кірісті. Ал Бағдаршам болса, бақа туралы өтірік айтып, жақсы құтылып кеттім деп  ойлады. Бірнеше күн өтті. Орманда жаңбар басталды. Хамелеондар аяқтарын сулап  тұмаумен ауырып қалмас үшін үйде отырды. Бағдаршам әжесінің үйінен  түрлі­түсті мата қиқымдарын тауып алды және тосын сый жасамақшы болды.  Ол қайшы сұрап алды да жұмысына бөлшектер кесу үшін терезенің алдына  отырды. Бағдаршам өз жұмысына өзі риза болды: сары түсті күн көзі, атасы мен  әжесінің үйі тамаша шықты, тек бұлт қана жетіспей тұрды. Хамелеон керекті  түсті тапты да кесе бастады. Ол байқамай бұлтты дастарханмен бірге кесіп  алды. Тесікті көріп, Хамелеон қорқып кетті және не істерін білмей қалды.  Әжесі немересінің әр түрлі түске боянып отырғанын көрді де, сұрады: — Бағдаршам, бірдеңе болды ма? Осы кезде кішкентай Хамелеон қою қызыл түске бөленді де, қатты айғай  салды: — Әже, сен білесің бе, мен суретті желімдегенше бақа келіп дастарханды  кесіп кетті! — Қап,­ деп әжесінің қабағы түсіп кетті,­ мұндай жауынды күні бақаларға  далада да жақсы, ал мынау зиянкес тағы да келді ме?! Әжесі бақаға ұрсып жатты, ал Хамелеонға өзіне ұрсып жатқандай көрінді.  Текке ол тағы да өтірік айтты: атасы мен әжесі оны жақсы көреді, ал ол  оларды алдайды. Бірақ іс істелініп қойды, ал мойындауға ұялды. Кешке Бағдаршам ұйықтап жатқанда Ата­Хамелеон айтты: «Біздің кішкентай  Хамелеонымыздың өз ісі үшін жауап бергісі келмейтіндігі өте жаман. Одан  жауапкершілігі жоқ өтірікші өсіп шығуы мүмкін. Мұны елемей, аяқсыз қалдыруға болмайды. Мен не істеу керек екендігін білетін сияқтымын. Келесі күні Бағдаршам серуендеуге шықты. Түскі асқа қарай ол үйге оралды.  Есік жабық болды, Хамелеон есікті қақты. — Бұл кім? Түскі ас уақытында бізді кім мазалап тұр?­ деген әжесінің ренішті дауысы шықты. — Бұл мен Хамелеон Бағдаршам! — Ах, бұл тағы да зиянкес бақа ма! Атасы терезелерді мықтап жап, анаубіздің үйге кіріп кетпесін! — Әже­Хамелеон, бұл мен, сенің немереңмін ғой!­ деп кішкентай Хамелеон  жылай жаздады. — Дегенмен де мынау бақа қандай ұятсыз! Тыңдашы атасы: «Бұл мен, сенің  немереңмін»,­ деп айтады әжесі Бағдаршамды мазақтады. — Иә, осы тәрбиесіз бақалардан қайда қашып құтыларыңды білмейсің! – деп  ашулана жауап берді атасы. Хамелеон Бағдаршам үйден алысырақ кетіп, орындыққа отырды. Ол: «Неге  менің атам мен әжем бәрін шатыстырды? Бақа қайдан келді, мен оны ойлап  таптым ғой?». Кішкентай Хамелеон біраз уақыт жалғыздықта отырды, тіпті  қасына атасының келіп отырғанын да байқамай қалды. — Неге уайымдап отырсың немерем? Неге түскі асқа келмейсің?­ деп  мейірлене сұрады атасы. — Хамелеон­Ата!­ деп қуанып кетіп, Бағдаршам атасын құшақтай алды. Мен  мұнда көптен бері отырмын, сендер мені бақа деп үйге кіргізбедіңдер ғой… — Біз бақаны кіргізбейік дедік, өйткені ол ұятсыз және өзін қалай ұстауды  білмейді. Сенің сондай болмағаның қандай жақсы. — Хамелеон­Ата, бақа емес, мен ұятсызбын… Мен әжем екеуің маған  ұрсасыңдар ғой деп қорқып кеттім де, бақаны ойлап таптым. Ал шынында да  барлық пирогты мен жеп қойдым және дастарханды да мен бүлдірдім.  Кешіріңдерші, мені! — Біз саған ашуланған жоқпыз. Бірақ, сенің өз ісіңе жауап бергің келмегені  бізді қатты ренжітті. Ал кейде кішкентай ғана жалған сөз үлкен сенімсіздік  туғызады. Сенімсіздердің орнында болу қандай ыңғайсыз екенін сен түсінген  шығарсың деп ойлаймын. Жарайсың, өзіңнен күш тауып мойныңа алдың. Ал  енді үйге барайық, әйтпесе әжең күтіп қалды. Содан бері Кішкентай Хамелеон, тек өзінің қалалық көршісі бағдаршамға  ұқсағысы келгенде ғана қызарады. 8­ ЕРТЕГІ 3­7 жастағы балалар үшін. Бағыттамасы: баланың ұялшақтығын түзету Жер бетінде Дракоша атты кішкентай Айдаһар өзінің анасымен бірге өмір  сүріп жатты. Ол өте ұялшақ болды. Далаға серуендеуге шыққанда, ол шулап  ойнап жүрген аңдарға қарай жүгіруге асықпайтын, олардың ойнағандарына  қарап сыртта тұра беретін. Ал анасына досы ұшып келгенде немесемүйге  қонақтар келсе, Дракоша тығылып қалатын, бөлмесінен шығып, олармен  амандаспайтын да. Айдаһардың анасы оның тұйықтығын, өзін жақсы  көрмейтіндігін, басқалардан қорқатындығын байқайтын, және бұған ол қатты  уайымдайтын. — Дракоша, саған не болған?­ деп анасы жиі сұрайтын. — Неге сен басқа аңдармен ойнамайсың? — Мен олардың бәрінен қорқамын,­ деп жауап қатты Дракоша. — Неге, дракондар ең күшті және ең батыл жануарлар емес пе! Біз ештеңеден  қорықпаймыз,­ деді анасы. – Мен сенің салмақты, өзіңе сенімді болғаныңды  қалаймын, менің саған көмектескім келеді, бірақ бұл сенің қатысуыңызсыз  мүмкін емес. Келісесің бе? Иә, анашым, мен тырысамын, — деді Дракоша. «Ал бізге тағы да бір кемеңгер гном көмектеседі», — деп ойлады анасы. Таңертең Ана­Айдаһар және Дракоша таңғы астарын ішті де, жолға жинала  бастады. Дракоша өздерінің барлық медициналық ғылымдардың докторы –  ұлы Гном Листочкинге ұшып баратындарын әлі де білмейтін. Ол өзінің  кішкентай ғана үйшігінде, кішірек өзеннің жағасында тұратын. Гном Листочкин аңдарды өте жақсы көретін және ылғи да қолы бос  болмайтын. Бірақ, егер де біреуге көмекгі қажет бола қалса, ол ойланбастан  көмекке келетін. Ал, дракондар, бірінші рет оның өзінің үйіне келді. Сондықтан Гном  бастапқыда қорқып қалды, кереуеттің астына тығылып қалып, сонда он бес  минуттай жатты. Содан соң ол, бұл түс екен деп ойлап, өзінің сақалды бетін  терезеден ақырын шығарды. Бірақ дракондар оның үйінің қасында әлі де  жүрді. Кішкентай Дракоша бір жерден шығып тұрған жіпті көрді де, оны  тартып қалды, сол кезде Гномның үйінің қасына мұқият жинап қойған  ағаштары тарс­ тарс етіп, барлық аулаға домалай жөнелді. Гном Листочкиннің тағы да тығылып қалғысы келді де, сосын бұл дәулер осылай бір­бір ағаштан  бүкіл үйін домалатуы мүмкін ғой деп ойлады. Ол: — Әдепсіздікті тоқтатыңдар! Сендер, не бұзақылық жасауға келдіңдер ме?! — деп айғай салды. — Аса құрметті Гном, біз алыстан ұшып келдік, — деді Ана­Айдаһар және  дәлел ретінде өзінің алып қанаттарын жая түзетті, соның салдарынан алаңда  қап­қараңғы болып кетті және күшті жел тұрды. – Мен көптен бері сіздің  қайырымдылығыңыздан және қабілеттілігіңізден хабардармын, және де бізге  көмек беруден бас тартпассыз деп ойлаймын. — Сондай үлкен Сізге кішкентай Гномның көмегі қажет пе?! – деп таң қалды  Листочкин. — Сіздің көмегіңіз, менің кішкентай ұлым Дракошаға қажет. Ол, міне! –  Анасы басын изеп, ағаштың артына тығылуға епсіз әрекет етіп жатқан,  Дракошаны көрсетті: ал оның аяқтары,, құйрығы және қанаттарының бір  бөлігі ағаштың артынан көрініп жатты. Дракошаның тығылғысы келді, өйткені ол алғашқыда ағаштар домалай  жөнелгенде қорықты, ал Гном ұрса бастағанда одан бетер қорқып кетті. Гном Листочкин өзінің үйінен шығып, ағашқа қарай беттеді. Әй, Дракоша, мен сені көріп қойдым! Шық, тығылғаның жетеді! – деп жылы  дауыспен айғайлады Гном. Дракоша қоқа­қорқа ағаштың артынан басын шығарды: оның көзінде жас  тұрды. Осындай үлкен, жылап тұрған айдаһардың түрі Гномның күлкісін  келтірді. — Жетед, дірілдеме! — Ағатай кешіріңізші, мен енді қорықпаймын, — деді Дракоша. — Иә, әрине, енді қорқып қажеті жоқ. Саған рахмет – сен менің жібімді тауып бердің, әйтпесе мен оны іздеп­іздеп таба алмай жүр едім! – деп күлімсіреді  Гном Листочкин. – Сенің анаң, мен саған әлденеден көмектесе аламын деді  ғой. — Менің анам? Көмек? Енді… менің жаман жерім сол, мен бәрінен де  қорқамын. Анам дракондар өздерін бұлай ұстауға тиіс емес дейді. — А­а, Міне мәселе неде! Іс қиындау екен, дегенмен де менде дұға оқылған  бой тұмар бар: оны маған, менің атам сыйлаған, өйткені кішкентай болғанда,  мен де бәрінен қорқатынмын. Тұра тұр, мен қазір келемін! – Гном үйіне қарай  жүгіре жөнелді. Жерқоймасынан кішкентай дөңгелек бір нәрсені алып шықты  – бұл өзі айтқан бойтұмар еді. Гном қауана Дракошаға қарай кері жүгірді. — Міне, Дракоша, осы бойтұмар. Тек мұның жібі жоғалып қалды. Міне, сен  тауып алған жіп осыған дәл келеді! – Осыны айта отырып, Гном жіпті  бойтұмардың тесігінен өткізіп, әзер дегенде Дракошаның мойнына кигізді. – Бойтұмарды тексеріп көру керек, өйткені ол көпке дейін жұмыссыз жатты  ғой. Міне, саған бірінші тапсырма. Сенің жаман ұшпайтыныңды байқап  тұрмын… Мынау үлкен таудың артында менің әжем тұрады. Оған менен хат  апарып бер, үлкен­үлкен сәлем айт та, қайтып кел. Біз, сені анаң екеуміз  осында күтеміз. — Мен жалғыз ұшамын ба? – деп үрейлене сұрады Дракоша. — Иә, бірақ , ұмытпа, сен менің бойтұмарыммен ұшасың, ол саған  көмектеседі. Және де менің әжем жануарларды өте жақсы көреді, — деп Гном Дракошаны тыныштандырды. Кішкентай Айдаһар Гном Листочкиннің тапсырмасын орындауға ұшып кетті.  Ол үлкен тауды ұшып өтті де, кішкентай үйшіктің қасына қонды. Ол ақырын  ғана есікті қақты да табалдырықта қозғала алмай тұрып қалды. Есік сықырлап ашылды да, Дракоша әдемілеп таралған ақ шашты кішкентай әйелді көрді.  Драконды көріп, Әже­гном, әрине қорқып кетті, бірақ сыр білдірмей: — Көптен бері маған дракондар ұшып келмеп еді. Үш жүз жылдай бұрын сен  сияқты кішкентай дракон болмаса… Ал, сәлеметсің бе! Неге келдің? — Әже, сәлеметсіз бе! Мен, сіздің немереңіз Гном Ласточкиннен хат және  үлкен сәлем әкелдім! — Тамаша, сенің хат тасушы болуға келіскенің қандай жақсы болған!­ Әжесі  хатты алды. – Сен күте тұратын шығарсың? Мен жауап жазайын. Әзірше  аулада күте тұр. «Қайтемін, күте тұрамын да»,­ деп ойлады Дракоша, сөйтті де өзінің  құйрығына отырды. — Қараңдар, қандай үлкен! – деген кенеттен дауыс шықты. — Оның қанаттары қандай әдемі! – деп басқа біреу таң қалды. – Ал, қандай  мойны қандай әсем… — Мұнда кім бар? – Дракоша жан­жағына қарады. – Сені көзбен сүзіп,  сыртыңнан сыбырласып жатқан өте жаман, ал сен ешкімді көрмейсің.  Шығыңдар, мен де сендерді көрейін! Бұтаның арасында ұзақ уақыт сыбыр тұрды да, Дракошаға қарай кірпі  домалап жетті. — Енді, біз ғой, енді… міне! – деді күмілжіп, кірпі. — Сен өте түсініксіз сөйлейсің, деп таң қалды Дракоша. — Ме­мен, кірпімін, жә­және де мен ешқашан сендей үлкен аңды көрген  жоқпын. Менің достарымның сенімен танысқысы келеді, бірақ олар сен оны  жеп қоясың деп қорқады. — Бүгін, біз, менің анам екеуміз тамақтандық. Және де мен шырынды жемістерді жегенді жақсы көремін. Сендердің ешқайсыңды жегім кеп тұрған  жоқ, — деді Дракоша, сосын тағы да қосты: — Менің сенің достарыңмен өте  танысқым келеді. Өтінемін, оларды шақыршы! Кірпі өзінің достарын шақырды, аздан соң алаңда Тиін, қоян және Галчонок  пайда болды. Көп кешікпей жаңадан пайда болған достары драконның  құйрығынан көңілдене секіріп, үлкен қанатында, антракциондағыдай сырғанап жүрді. Дракоша бойтұмардың әсері бар екенін түсінді және оған өте қуанды.  Күтпеген жерден Дракошаны, өзінің немересіне жауап жазып, тіпті тәтті тағам пісіріп те үлгерген Әже­гном шақырды. Бала Айдаһар қайтатын уақыт  болғанын түсінді. Ол тағам салынған себетті тістеп алды да, өзінің жаңа  достарымен қоштасып, алаңның үстін айналып бір ұшып өтті де, өзінің  анасына және Гном Листочкинге қарай ұшып кетті. — О, міне сіздің ұлыңыз Дракоша! – деп қуанды Гном Листочкин, — аспанды  көрсетіп. Бала айдаһар жақынады да, артынша анасының алдына қонды. Ол аузынан  себетті түсірді де: — Анашым, анашым Гномның бойтұмары жұмыс істейді! Мен оның әжесіне  сәлемін жеткіздім, ал ол тәтті тағамын пісіргенше және жауап жазғанша, мен  кірпімен, Тиінмен және Галчонокпен таныстым! Шынымен де тамаша! Гном Листочкин осы кездеДракоша әкелген себетпен айналысып жатты. — О, менің әжем менің жақсы көретін тағмымды пісіріпті. Әлбетте, мен  сендерді шәйға шақырамын! Гном далаға үстелді, самауырды, әдемі шәшкелерін және тәрелкелерін  шығарды. Барлығы үстелдің айналасына жайғасты. Кенеттен Гном Листочкин  Бала Айдаһарға қарады даөзінің орындығынан тұрып, айғай салды: — Ой, мен сенің мойныңа не ілдім?! — Бойтұмар! – деді бала Айдаһар. — Жооқ, бұл менің ескі арбамның дөңгелегі. Ой­ей­ей! – Осы сөздермен Гном басын ұстады. — Ал, мен бұл бойтұмар, және оның әрекеті бар, сондықтан маған достарды  тартады деп ойладым … – Дракоша таң қалды. — Ұлым, менің, сенің достар тапқаның – тек өзіңнің ғана табысың…Және  саған достасу және олармен араласу үшін ешқандай бойтұмардың қажеті жоқ!  – деді Ана Айдаһар, баласын басынан сипап. Сосын үшеуі шәй ішуді  жалғастырды. Бұл, қазіргі жұғымды бала Айдаһардың өмірдегі ең бақытты  күні еді. 9­ ЕРТЕГІ 3­7 жастағы балалар үшін. Бағыттамасы: қорқынышты жеңуі Негізгі сөздері: «Мен қорқамын» Бір үлкен үйде кішкентай қорқақтар тұрды. Олардың қорқақ болғаны сонша,  үйдің ішінде күндіз ешқашан да ойнамайтын. Қорқақтар үйде тұратын  адамдардың біреуін кездестіріп қаламын ба деген ойдың өзінен дірілдеп  тұратын. Тек, түнде, барлық адамдар ұйықтағанда ғана, олар өз орындарынан  абайлап тұрып, ұлдар мен қыздардың бөлмелеріне, олардың ойыншықтарымен  ойнау үшін келеді. Олар тып­тыныш ойнауға тырысатын және үнемі  дыбыстарға құлақ түріп жүреді. Егер бөлмеден сәл ғана сыбдыр естілсе  болды, қорқақтар ойыншықтарды лақтыра салып, өздерінің кіп­кішкентай  аяқтарымен, кез келген секундта қаша жөнелуге дайын тұрады. Қорқыныштан шаштары тік тұратын, ал көздері үп­үлкен болып және шарасынан шығып кете жаздайды. Құлап түскен ойыншықтың дыбысынан оянған және алдарында  тұрған осындай «құбыжықты» көрген балалардың қандай жағдайда болатынын елестетуге болады. Әрине, кез келген бала айғайға басып, ата­анасын көмекке  шақырады. Балалардың айғайынан қорқақтарды тіпті қорқыныш билейтін.  Олар бөлменің есігі қайда екенін ұмытып, бір бұрыштан бір бұрышқа жүгіре  береді, кейде тіпті баланың кереуетіне шығып кетеді, алайда баланың ата­ анасы келгенше қашып кетіп, тығылып қалуға үлгереді. Ата­аналар бөлмеге  кіріп, жарықты қосып, балаларын тыныштандырып, ұйқтатады да өздерінің  жатын бөлмелеріне кетеді. Тағы да барлық үй иелері ұйқыға батады. Тек  кішкентай қорқақтар ғана таң атқанша ұйықтамайды. Олар өздерінің  орындарында қатты жылап жатады, өткені олар тағы да ойыншықтармен  ойнай алмай қалды. Құрметті, балалар, түнде қорқақтарды өздеріңнің айғайларыңмен қорқытпаң­,  оларға сендердің ойыншықтарыңмен тыныш қана ойнауға мұрсат беріңдер. 10­ ЕРТЕГІ 3­7 жастағы балалар үшін. Бағыттамасы: қорқынышты жеңуі Негізгі сөздері: «Мен қорқамын» Менің Амира есімді таныс қызым бар. Анам мен әкем оны Ами, ал үлкен ағам  Қорқақ деп атайды. Бір жыл бұрын, Амира әлі тіпті де кішкентай болғанда,  үлкен ағам оған, жеңілмейтін үш басты Айдаһар туралы ертегі айтып берді. Б9л құбыжықты ешкім де, не батыл батырлар да, не ашулы мыстан кемпірлер  де, не қайырымды сиқыршылар да жеңе алмайтын.Олешқашан өлмейтін  Айдаһар еді. Егер оның басын кессең, оның орнына тағы да үшеуі пайда  болатын. Бұл өте қорқынышты ертегі еді. Содан бері Амира жаман  ұйықтайтын болды. Түн сайын ол бір түсті қайталап көре беретін, өзінің  жатын бөлмесіне аузынан от шашқан Айдаһар ентелеп кіріп келе жатқандай  болатын, содан Амира қорқып оянатын. Дашаның қорқатыны сонша түсін бір  де бір рет соңына дейін көріп көрген жоқ. Амира маған өз түсін айтып  бергенде, менің есіме айдаһарлардың бәрінің де тәттіге құмар екені, әсіресе  олардың кәмпит пен печеньені өте жақсы көретіні түсті. Біз Амира екеуміз  ұйқтар алдында кереуеттің қасындағы үстелдің үстіне тәттілер салынған  тәрелке қойып, түсін соңына дейін көруге келістік. Келесі Күні Амира түсінің жалғасын айтып берді. Айдаһар бөлмеге еніп өзіне  тап берейін деп жатқанда, кәмпит пен печеньелер салынған тәрелкені көріп  қалды. Айдаһар ақырын үстелге жақындап келіп, тәттілерді аузын толтыра  жей бастады. Бәрін жеп қойғаннан кейін ол ақырын сыбырлап: «Амира, сен  әлемдегі ең жақсы қызсың. Тек сен ғана менің басымды шабам демей, кәмпит,  печенье сыйладың. Енді мен сенің досыңмын. Ешқашан да ешкімнен де  қорықпа, бүгінгі түннен бастап сенің ұйқыңды Айдаһар күзетеді» деді. Сол  түннен бастап Амираны түнгі қорқыныштар мазалауын қойды. 11­ ЕРТЕГІ 3­7 жастағы балалар үшін. Бағыттамасы: қараңғылықтан қорқу Негізгі сөздері: «Мен қараңғыдан қорқамын» Бір ауылдағы үйде сондай кішкентай, ұзын құйрықты сұп­сұр аң — тышқан  тұрды. Тышқанға тіпті жақсы еді: оған жылы да еді, тамағы да тоқ еді. Жақсы  болды, бірақ бәрі емес. Тышқанның Қорқыныш атты бір пәлесі бар еді. Ол  мысықтан да гөрі қараңғылықтан қорқатын. Қалай қараңғылық түсе бастаса, ол солай үй ішінде жүгіріп жарықтау жер  іздей бастайтын. Бірақ үй иелері түнде ұйықтағанда барлық бөлмедегі  жарықты өшіріп тастайтын. Міне кішкентай тышқан таң атқанша тектен­текке жүгіріп жүретін. Аптадан апта, айдан ай өтіп жатты, ал кішкентай тышқан түн сайын солай жүгірді де жүрді. Бірде ол қатты шаршап, үйдің табалдырығына  отырды да жылап жіберді. Қасынан өтіп бара жатқан күзетші ит сұрады: Сен неге жылайсың? Ұйқым келіп тұр,­ деп жауап береді кішкентай тышқан. Онда неге ұйықтамайсың?­деп таң қалды ит. Ұйықтай алмаймын, менде қорқыныш. Қандай ол қорқыныш?­ деп ит түсінбеді. Қорқыныш – ш­ш­ш,­ деп кішкентай тышқан одан сайын жылады. Ал ол не істейді? Ұйқы бермейді, түні бойы қинайды, көзімдіашық ұстайды. Міне, тамаша,­ деп ит қызықты, сенің қорқынышыңды маған берсе ғой. Саған,­ деді кішкентай тышқан жылауын қойып,­ Ол саған не керек? Мен қартайдым. Түн келсе болды, көзім өздері жабылады. Ал маған ұйқтауға мүлде болмайды: мен күзетші итпін. Мен сенен өтінемін, кішкен­тай  тышқан, Қорқынышыңды маған сыйлашы. Кішкентай тышқан ойланып қалды:  мүмкін мұндай Қорқыныш өзіне керек шығар? Бірақ ол итке көбірек қажет  деп шешті де, Қорқынышын итке сыйлады. Содан бері кішкентай тышқан түні  бойы тыныш ұйықтайды, ал ит ауылдағы үйді адал күзетеді. 12­ ЕРТЕГІ 3­7 жастағы балалар үшін. Бағыттамасы: балалардың еркеліктерін түзету Негізгі сөздері: «Жасамаймын», «Бармаймын» т.с.с Жұлдызнамашы тентектерді іздеуде Бірде, мен кешке кешігіңкіреп саябақ арқылы үйге келе жаттым. Жолға  шамдардың жарығы түсіп тұрды, ал айнала қап­қараңғы еді. Кенеттен, қайдан  шыққаны белгісіз, менің алдымнан бір күдікті қарт адам шыға келді. Киімдері  қара, үстіндегі жабуы күміс парчадан және алтын жұлдыздармен  әшекейленген үлкен қалпағы бар. Сіз кімсіз?­ деп сұрадым мен. Тентектер планетасынан келген Жұлдызнамашымын,­ деп шал өзін таныстырды. Тентектер планетасынан, Жұлдызнамашы?­ деп таң қалдым мен, ал арқамнан бір суық жүгіріп өткенін сездім. – Мұнда неғып жүрсіз? Тентектерді іздеп жүрмін,­ деп Жұлдызнамашы шаршаңқы жауап берді де, біздің қаламызда тентек ұлдар мен қыздар қайда тұратынын Сіз білмейсіз  бе деп сұрады, менің есіме бір қыз түсті, бірақ мен ол туралы  Жұлдызнамашыға айтпадым. Оның орнынамен, оның неге тентек балаларды  іздеп жүргенін сұрадым. Жұлдызнамашы қатты бір күрсінді де, өзінің  әңгімесін бастады: Биік­биік аспанда, үлкен және жап­жарық жұлдыздардың артында бір кішкентай планета айналып тұрады. Ол Гауһартас деп аталады, бірақ соңғы  кезде оны көбіне Тентектер планетасы деп атайды. Атам заманнан бері  Гауһартаста еңбексүйгіш, тәртіпті және таза адамдар тұрды. Сыртынан  қарағанда Жерде тұратын адамдарға ұқсас, тек өте кішкентай. Осы кішкентай адамдар әрқашан да өз планеталарына қамқорлық жасайтын, тазалықта  ұстайтын, табиғатқа ұқыпты қарайтын, көрші планетаның тұрғындарымен  тату тұратын және ешқашан да космостық тәртіп ережелерін бұзбайтын. Қандай жақсы адамдап,­ деп мен әңгімені қолдадым – Сіз неге оларды тентектер дейсіз? Бір жыл бұрын үлкен қайғыға ұшырадық, Гауһартасты Вирус планета­ сының микробтары жаулап алды, содан барлық кішкентай адамдар  тыңдамайтын және тентектік көрсететін аурулармен ауырып қалды. Міне,  содан бастап планетаны Тентек планета, ал адамдарын тентектер деп атай  бастады,­ деп мұңая жауап берді Жұлдызнамашы. Кейіннен не болды? Неге Сіз біздің планетадан тентектер іздеп жүрсіз? Жұлдызнамашы менің мазасызданып тұрғанымды түсінді де, көзін төмен  түсіріп, ақырын жалғастырды: Планетада карантин жарияланған болатын, ал тұрғындарға, бәрін емдеу үшін, Гауһартастың ғалымдары дәрі ойлап тапқанша ашық космоста жүруге  қатаң тыйым салынды. Бірақ бірнеше тентек космос ережелерін бұзып,  серуендеп жүргенде адасып кетіп осы Жер планетасынан бір­ақ шығыпты. Жердегілерге қауіп төніп тұр ма?­ деп қорқып кеттім мен. Иә дә, жоқ та, — деп Жұлдызнамашы мені тыныштандырғысы келді, мен барлық тентектерді таптым, ектім және Гауһартасқа жібердім. Енді олар  бұрынғыдай еңбексүйгіш, тәртіпті және ұқыпты адамдар. Яғни, енді қауіп жоқ. Мен қуанып кеттім, тіпті шапалақ ұрдым. Бірақ Жұлдызнамашы қабағын  түйіп былай деді: Өкінішке орай, бәрі де ойдағыдай емес. Іс мынада, Жерде тыңдамау микробы тек балалар үшін ғана қауіпті, онымен тек кішкентай адамдар ғана  ауырады. Бағымызға қарай Жер планетасының көптеген балаларының тыңдау  иммунитеті жақсы, бірақ…. Сіздің кейбір балалар тентектікпен ауырып үлгерді дегіңіз келіп тұр ма? – деп мен қарттың сөзін бөліп жібердім. Иә,­ деді Жұлдызнамашы мұңая. Оларға енді не болады? Олардың кішкентай тентек болып мәңгілік қалуы мүмкін. Оларға қалай да болмасын көмектесуге бола ма? Иә. Оларға сиқырлы екпе немесе бірнеше кәдімгі екпе жасау керек,­ деді Жұлдызнамашы. Екпе – Менің есіме бала күнімде ауырғаным және маған қалай екпе жасағандары түсіп кетті. Иә, бірнеше кәдімгі екпе, — Жұлдызнамашы жай ғана қайталады, — мұны барынша тез арада істеу керек. Тек екпе ғана тентек қыздар мен ұлдарға  өзгеруге, мықты және дені сау, әдемі және ақылды боп өсулеріне көмектеседі. Осы кезде Жұлдызнамашының телефоны қоңырау шалды да, оған тағы да бір  тентек баланы тауып алғандары туралы хабарлады. Жұлдызнамашы маған  иіліп ізет көрсетті де, күтпеген жерден қалай пайда болса, солай жоқ болды.  Ал мен, осы оқиғаны тезірек айту үшін өзімнің таныс қызыма жетуге асықтым. 13­ ЕРТЕГІ 3­7 жастағы балалар үшін. Бағыттамасы: қорқынышты жеңуі Негізгі сөздері: «Мен қорқамын» Мур­мур атты мысық. Бір жанұяда Мур­мур атты бала мысық тұрды. Оның аты кездейсоқ қойылған  жоқ, иелері оны мамық арқасынан сипағанда, ол: «Мур, мур, мур» деп қатты  пырылдайтын. Бұл өте сүйкімді мысық болды, алайда барлық кішкентай  балалар сияқты ойыншыл, тыңдауды білмейтін және икемсіз еді. Біресе  үстелге шығып гүлі тұрған вазаны құлатады, біресе аяғын өзінің тәрелкесіне  салып сүтін төгеді, біресе қатты жүгіріп келеді де қабырғаға басын соғады. Иелері бала мысықты өте жақсы көрді. Ал Мур­мурдың өзі иелерінің  кішкентай ұлын бәрінен де жақсы көретін. Оған баланың күні бойы өзімен  бірге жүгіріп, секіріп, аунап ойнайтыны ұнайтын. Мур­мур оны нағыз досы  санайтын, тіпті онымен бір бөлмеде ұйықтайтын. Бірақ, түн болып үйдегілер ұйқыға кіріскенде заттардың бәрі қараңғылық­қа  бататын, бала мысық оянып кететін. Ол түнде тыныш ұйқтай алмайтын,  қорқынышты бір нәрсе болатындай көрінетін. Батыл барлаушы сияқты Мур­мур баланың бөлмесінен шықты да  орындықтардың және үстелдің аяғының арасында жүріп, шкаптың және  тоңазытқыштың артын қарап, әрбір бұрышты иіскелей бастады. Бала мысық  өзінің иелерінің ұйқысын адал күзетті. Таң ата, жарықтана бастағанда бала мысық шаршаған күйде баланың  бөлмесіне баратын, бірың ата­анасының бөлмесінен табылатын. Ололардың кереуетіне секіріп шағып, оларды оятып жіберетін. Үй иелеріне Мур­мурдың  олардың бөлмелеріне келіп ұйқтауға кедергі келтіретіні ұнамайтын, бірақ  олар бала мысыққа ұрыспайтын, басқа бөлмеге қумайтын. Олар тек қатты  ренжіп, бір­біріне: «Егер мур­мур таң атқанша ұлымыздың бөлмесінде  ұйықтаса, ал біз ұйқымызды қандырсақ, қандай жақсы болар еді» дейтін.  Бірде ұлдары түнде не болатынын және ата­анасының ұйқыларын қандыру­ды  армандайтыны туралы біліп қойды. Ол бала мысықты өзінің бөлмесіне кіргізді де, оған:……… түсіндірді. Психолог: Ұлдары бала мысыққа не деді? Тимур: Ол «Ата­анасына барып, оларға ұйықтауға кедергі жасамау  керектігін» айтты. Психолог: Бала мысық бәрін түсінді және қуана пырылдады. Содан бері ол  түні бойы баланың бөлмесінде тыныш ұйықтайды. 14­ ЕРТЕГІ 4­9 жастағы балалар үшін. Бағыттамасы: сыйластыққа үйрету Бір орманда арыстандар отбасы тұрды: әкесі, анасы және екі кішкентай  арыстан, біреуі үлкен, екіншісі кішірек. Арыстандар отбасы тату және  орманда сыйлы болды. Ормандағы барлық аңдар әке­арыстанды оның ақыл­ дылығы мен батылдығы үшін бағалайтын. Ана­арыстанды қайырымдылығы  мен жұмсақтығы үшін жақсы көретін. Үлкен балаларын адамгершілігі және  төзімділігі үшін құрметтейтін. Ал кішкентай арыстанда әлі сүйіп үлгерген  жоқ, өйткені ол орманда жалғыз жүрмейтін және басқа орман тұрғындары  сирек араласатын. Кішкентай арыстанға мектепке баратын уақыт та жетті. Мені басқа аңдар танып әкем, анам және ағам сияқты жақсы көретін болды­ ау­ мектепке барамын және бәрін өзімді сыйлауға мәжбүр етемін,­ деп,  армандайтын кішкентай арыстан. Мектептегі алғашқы күннен бастап, кішкентай арыстан сыныптастарының  құрметіне ие бола бастады. Тиінге тас лақтырады да: «Кім ең мерген? Кім ең  күшті?» деп сұрайды. Жерге кішкентай аюды жерге алып ұрады да: «Мен ең  шапшаңмын, мен ең күштімін» деп қуанады. Кішкентай пілді кітаппен басынан бір соғады да: «Менсені жеңдім. Сыныпта ең күшті менмін» деп шаттана  айғайлайды. Екі апта өтті, бірақ сыныптастарының ешқайсысының да кішкентай  арыстанмен достасқысы келмеді. Кішкентай арыстанның іші пысты, ол мұңайып үйіне келді де, үлкен ағасынан: — Неге менімен ешкім дос болғысы келмейді? Неге аңдар мені сен сияқты  сыйламайды? – деп сұрады. Үлкен ағасы үндемеді. Бұта арасынан, алаңда жайылып жүрген кішкентай  лақты аңдып отыр. Ал кішкентай арыстан ағасын айнала жүгіріп жүр, біресе  оның құлағынан тістейді, біресе құйрығынан тартады: — Айтшы, неге мені ешкім сыйламайды, неге ешкімнің менімен достасқысы  келмейді? Сыныпта мен күштімін, ең күштімін ғой! Мен аңдардың  патшасының ұлымын ғой! — Патшаның күші жұдырығын ала жүгіріп, сыныптастарын ренжітуде емес.  Патшаның күші шыдамдылық пен тыныштықта. Міне, сен менің айналамда,  көз алдымда мазасыз маса сияқты жүгіріп жүрсің, ал мен лақтан көзімді алмай отырмын. Менің күшім шыдамдылық пен тыныштықта. Мені басқа аңдар  жайдан­жай ешкімге де соқтықпайтыным үшін сыйлайды. Кішкентай арыстан ағасын тыңдады да ана­арыстанға барды: — Анашым, айтшы неге мені ешкім сыйламайды, неге ешкімнің менімен  достасқысы келмейді? Сыныпта мен күштімін, ең күштімін ғой! Мен аңдардың патшасының ұлымын ғой! Ана­арыстан ұлын құшақтады да, оны емірене жалап, құлағына: — Ботам  менің, сен нәзік те сүйкімдісің ғой. Сенің патшалық күшің қайырымдылықта.  Егер басқа аңдарға ықыласпен және қайырымдылықпен қарасаң, олардың  бәрінің де сенімен достасқысы келеді. Кішкентай арыстан ішінен былайдеп шешті: «Тыныш және ұстамды,  қайырымды және ықыласты боламын». Бірақ кенеттен ойланып қалды. «Ал  онда маған патшалық кштің қажеті не?». Бұл сұрақпен кішкентай арыстан  әкесіне жүгірді. Маған үлкен ағам патшалық күш шыдамдылық пен тыныштықта деді. Анам менің күшім қайырымдылықта деді. Онда маған патшалық күш, білектің күші, тырнақ және үшкір тістер не үшін қажет? – деп әкесінен сұрады. Аңдардың патшасы ұлына қарады да, оның иығына ауыр аяқтарын қойып, жұмсақ дауыспен былай деді: — Анаң да, ағаң да дұрыс айтады. Патшалық күш басқа аңдарды жәбірлеу  үшін қажет емес. Адал да қайырымды болсаң сыныптастарың сені жақсы көріп кетеді және сенімен дос болады. Ал білектің күші спорттық жарыстарда жеңу  үшін қажет. Ал тырнақ пен үшкір тістер кішкентайлар мен әлсіздерді қорғау  үшін қажет. Кішкентай арыстанда өзіне патшалық құпияның ашылғанына қуанып кетті. Енді оған міндетті түрде достар табылатынын, ал ормандағы барлық аңдар  әкесін, анасын және үлкен ағасын қалай құрметтесе, сыныптастары оны сүйіп,  құрметтейтінін білді. 15­ ЕРТЕГІ 3­7 жастағы балалар үшін. Бағыттамасы: тәттіні артық жеуді алдын алу Негізгі сөздері: «Тәттіні жеймін» Крокодил. Мүмкін теңізде, мүмкін көлде, мүмкін орман өзенінде кішкентай Крокодил  тұрды. Бәрінен де ол тәтті тамақ жегенді жақсы көретін. Балықты да, бақаны  да, құсты да шайнай алатын, өйткені оның мықты, әдемі және сап­сау тістері  бар болатын. Бірақ Крокодильде бір жаман әдет болатын, ол жиі ұрсысатын,  көптеген ашулы және жаман сөздер айтатын. Бір күні Крокодил қайырымды  сиқыршыны ренжітті. Сиқыршы оны сиқырлап тастады, енді әрбір жаман  сөзінен кейін Крокодилдің бір тісі түсіп отырды. Тез арада оның мүлде тісі  болмады, енді ол тәтті тағам жей алмайтын болды. Крокодил өте қатты назаланды. Ол су айдынының тұрғындарынан, неге оның  барлық тісі түсіп қалғанын сұрай бастады. Кемеңгер Бегемот оған себебін  түсіндірді. Крокодил бәрін түсінді де, Сиқыршыдан кешірім сұрады, оған  жаңа тістер шыға бастады. Сол кездерден бері Крокодил өзінің тістерін  сақтайды. Ол оны тек қана тазалап қоймайды, ең бастысы жаман сөздер  айпайтын болды.

Ертегілер

Ертегілер

Ертегілер

Ертегілер

Ертегілер

Ертегілер

Ертегілер

Ертегілер

Ертегілер

Ертегілер

Ертегілер

Ертегілер

Ертегілер

Ертегілер

Ертегілер

Ертегілер

Ертегілер

Ертегілер

Ертегілер

Ертегілер

Ертегілер

Ертегілер

Ертегілер

Ертегілер

Ертегілер

Ертегілер

Ертегілер

Ертегілер

Ертегілер

Ертегілер

Ертегілер

Ертегілер

Ертегілер

Ертегілер

Ертегілер

Ертегілер

Ертегілер

Ертегілер

Ертегілер

Ертегілер

Ертегілер

Ертегілер

Ертегілер

Ертегілер

Ертегілер

Ертегілер

Ертегілер

Ертегілер

Ертегілер

Ертегілер

Ертегілер

Ертегілер
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
18.05.2019