Ғасыр перзенті – Әуезов
Қазақ әдебиеті қазақ халқының болмысының, тіршілігінің бет пердесі іспетті. Қазақ халқы қаншама жыл отаршылдық езгінің қол астында болсада, қазақ әдебиеті өзінің дамуын тоқтатқан емес. Ұлтшыл деген атпен қаншама азаматтарымыз да қыршынынынан қиылды. Алайда сол кезде нағыз ер-азаматтар қазақ тілі, қазақ халқы, ұлты, мәдениеті деп еңселерін биік ұстай білді. Сол кездің өзінде де қазақ әдебиетінің статусы әлемдік деңгейге көтерілді.
эссе Мұхтар Әуезов.docx
Ғасыр перзенті – Әуезов
Қазақ әдебиеті қазақ халқының болмысының, тіршілігінің бет пердесі іспетті. Қазақ
халқы қаншама жыл отаршылдық езгінің қол астында болсада, қазақ әдебиеті өзінің дамуын
тоқтатқан емес. Ұлтшыл деген атпен қаншама азаматтарымыз да қыршынынынан қиылды.
Алайда сол кезде нағыз еразаматтар қазақ тілі, қазақ халқы, ұлты, мәдениеті деп еңселерін
биік ұстай білді. Сол кездің өзінде де қазақ әдебиетінің статусы әлемдік деңгейге
көтерілді.
Ұлттық көркемдік ойымыздың көкжиегін кеңейтіп, қазақ әдебиетін әлемдік деңгейге
көтерген заманымыздың ұлы суреткері, ақын, жазушы Мұхтар Әуезов. Қазақ халқының
мәдени, әдеби даму тарихында жазушы, драмашы, публицист, зерттеуші, аудармашы әрі аса
ірі қоғам қайраткері Мұхтар Омарханұлы Әуезовтің алатын орны ерекше. М.Әуезов – ауыз
әдебиеті мен классикалық әдебиеттің, батыс пен шығыс көркем сөз мұрасының озық
дәстүрін жете меңгеріп, қазіргі дәуірдегі қазақ әдебиетінің реалистік сапасын арттыруға,
әдеби тілді байытуға ересен зор еңбек сіңірген ХХ ғасырдың ұлы жазушысы.
Шығармашылық сапары өткен ғасырдың алғашқы жылдарындағы дауылды дүрбелеңімен,
яғни қазан төңкерісімен тұстас келген суреткер 20жылдардың бас кезінде жазылған
«Қорғансыздың күнінен» «Абай жолы» романэпопеясына, «ЕңлікКебек» трагедиясынан
«Қарақыпшақ Қобыландыға», отызыншы жылдардағы әңгімесі – «Білекке білектен»
«Өскен өркен» романына, эпос, әдебиет тарихы туралы мақалаларынан КСРО халықтары
әдебиетіндегі дәстүр мен жаңашылдық, ұлттық және интернационалистік сипат
мәселелеріне арналған терең теориялық зерттеулеріне дейін ұзақ та жемісті жол кешті.
Оның бүкіл қазақ әдебиетінің асқақ тұрған күмбезіндей «Абай жолы» романэпопеясы
әлемдік даңққа ие болды. М.Әуезовтің таңдаулы шығармалары осы заман әдебиетінің жер
жүзілік көлемде танылған жаңашылдығын зор қуатпен дәлелдеді.
Мұхтар Әуезовтің эпикалық көркем прозасы, барша әлемді таңғалдырған жаңалықтары,
философиялық толғаулары ынтаықылас қойған әрбір адамның ішкі жан дүниесін байыта
түсері анық. Әуезов шығармаларын оқыған әрбір жас өзіне рухани азық алады. Көркем
әдебиетте қалдырған тамаша туындылары қазақ халқының барлық тарихынан сыр шертеді.
Өсіп келе жатқан жас ұрпақ үшін туған жерінің тарихын білуге септігін тигізер, шоқтығы
биік шығармаларын айта кеткен жөн. Мұхтар Әуезов шығармаларында қазақ өмірінің алуан
көріністері, түрлі құбылыстары мол қамтылған. Автор аз сөз, шағын пейзаж, ықшамды
суреттерді ұтымды пайдаланудың тәсіліне шебер. Оның шығармаларынан өз ара үйлеспей жүрген көріністерді, оқиғаларды, фактілерді ұшыратпайсыз, жазушының жазғандары
өмірдің өзінен алынған.
Оның әңгімелері, романдары, пьесалары – қазақ өмірінің нақтылы құбылыстарын,
табиғи қалпын көрсетеді. Жеке кейіпкерлерінің сөздері солардың санасезіміне,
психологиялық ерекшелігіне, ісәрекетіне, тәлімтәрбиесіне сай келеді, бұлар өмірдің бір
бөлшегі, қоғам уәкілі ретінде көзге түседі. Кемеңгер жазушы Мұхтар Әуезов түрлі
қоғамдық сатыдан өтті, алуан өмірдің ойынқырын байымдады
Әсіресе, адамды өмір сүруге ұмтылдыратын, сол өмірді сүйіп, бағалауға тәрбиелейтін
«Абай жолы» сияқты таңғажайып шығармада, жан тебірентер әр түрлі қылықмінездерімен,
ісәрекеттерімен бірінбірі қайталамай толықтырып отыратын, қиналысізденісі, сүйініш
күйініші еріксіз елжіретіп, өзіне тартатын бір топ әйелдер бейнесін жасады.
Алғашқы басылымдарынанақ, жас Мұхтардың ойөрісінің кеңдігі, білім дәрежесінің
молдығы қалыптаса бастаған азаматтық парасатының шамасы жақсы аңғарылады.
Ұлттық теңсіздік пен сауатсыздықты, аштықты жою жөніндегі ашық пікірі мен
шығармалары үшін « ұлтшыл, алашордашыл» атанып, саяси сахнадан шеттетілседе Мұхаң
шығармашылық жолында біртуар тамаша, құнды туындыларын шығарудан бас тартқан
емес.
Мұхтар Әуезовтің туып өскен топырағы да киелі, қасиетті Абай ауданы жазушының
тұлға болып қалыптасуына, өзіне рухани мол азық алуына да септігін тигізгені анық. Абай
ауданыМұханның туған өлкесі,перзенттік махаббатымен, ақындық нәзік жүрегі елжіреп те
егіле сүйген, кіндік қанына қоса тұңғиық ойлы жанарларының ащы жасы да тамған өимас
мекені, киелі топырағы. Абай ауданытүркі дүниесі түгел танып, тәнті болған құдіретті
өнер иесі, ұлтымыздың ұлы суреткер, жазушысы Мұханның елі. Сондықтан да «Сүйер ұлың
болса, сен, сүй, сүйінуге жарар ол», деп ұлы Абай айтөандай, Мұханды шын сүйіп, шын
құрметтеу оның өзінің туған жерінен басталса, жарасар.
«Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы ерінбе» дегендей Мұхтар Әуезовтің мағынасы терең
шығармаларын оқу, біз яғни өсіп келе жатқан жас ұрпаққа кемел шыңдарды бағындыруда
бірденбір таптырмас құнды, асыл дүние.
Бір сөзбен айтқанда, Мұханның шығармашылық қызметінің барлық қырлары туралы
егжейтегжейлі айту қиын. Мұхтар Әуезов – қайта жаңару мен өрлеу ауқымындағы тұлға.
Мұндай алып тұлғалар қоғамның рухани өмірінің көптеген салаларында жарқырап жарық
жұлдыз кейпінде көрінеді. Мұхтар Әуезовтың қазақтың дүниетанымы мен рухани дүниесін
дамытудағы орны ерекше. Жазушының шығармашылығы – қазақ өнерінің кемелденуінің айғағы. Әлемдің мәдениетке қазақ халқы қандай көркемдік игіліктер өосты дегенде, ауызға
алынар есімнің біріӘуезов. Ол – әлемдік құбылыс. Әуезов – ғасырлар бойы жиналып
келген қазақ топырағындағы асыл құнарлардың жарқырап қайта көрінунің үлгісі.
Эссе
Эссе
Эссе
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.