Этилацетат (Сірке қышқылының этил эфирі)
Оценка 4.6

Этилацетат (Сірке қышқылының этил эфирі)

Оценка 4.6
docx
11.01.2021
Этилацетат (Сірке қышқылының этил эфирі)
Этилацетат (Сірке қышқылының этил эфирі).docx

Зертханалық жұмыс

Этилацетат (Сірке қышқылының этил эфирі)

Реакция теңдеуі:

 

Реактивтер: Мұзды сірке қышқылы 20 мл, этанол (95%) 23мл, күкірт қышқылы (р=1,84 г\см), натрий карбонаты, кальций хлориді.

 

Керекті құрал - жабдықтар:Вюрц құтысы (колба), май моншасы, термометр, тамшылатқыш құйғы (воронка), аллонж, қабылдағыш құты (колба).

 

Жұмыстың жасалу реті:

Тамшылатқыш құйғымен сулы тоңазытқыш жалғанған құтыға (100мл-к) 3 мл этанол құяды. Оған абайлап араластыра отырып, 3 мл конц күкірт қышқылын құяды. Колбаны майлы моншада  140 С-ға дейін қыздырады. Осы температураға жеткенде тамшылатқыш құйғыдан 20 мл этанол және 20 мл мұзды сірке қышқылын жібере бастайды. Түзілген эфир қандай жылдамдықпен жүрсе, қоспаны да сондай жылдамдықпен жібереді. Реакция 2 сағаттай жүреді. Синтез барысында температураның  140 С – дан аспауын қадағалау керек. Қоспаны қыздыру барысында аралық реакциялар түзіледі:

Диэтил эфирі түзілетін этанолдың дегидратациясы және тотығу-тотықсыздану реакциялары, құтыдағы заттардың күюіне әкеліп соғатын және күкірт (ІҮ) оксидінің түзілуі.

  Айдалынған этилацетат құрамында сірке қышқылы мен этанол сақталады. Сірке қышқылынан айыру үшін қабылдағыш колбаға шыны таяқшаның көмегімен тез шайқай отырып, қаныққан натрий карбонатының ертіндісін құяды. Көміртек (ІҮ) оксидінің  бөлінуіне байланысты сұйық көбіктенеді. Сода ертіндісін беткі қабатқа (этилацетат) батырылған көк лакмус қағазы қызаруын қойғанша құяды.

Қоспаны бөлгіш құйғыға құйып, астынғы сулы қабатын төгіп тастайды, ал беткі қабатын қаныққан кальций хлоридінің ерітіндісімен (10г СаСІ2 – ң 10мл суда) шайқайды. Бірінші реттік спиртпен кальций  хлориді кристалды молекулалық қосылыс түзеді, осы жағдайда СаСІ2  * 2С2Н5ОН, ол этилацетатта ерімейді, бірақ суда ериді. Қабаттарды тағы бөлгіш құйғы арқылы бөледі. Беткі қабатын (этиацетат) сусызданған кальций хлоридімен кептіреді. Оны Вюрц құтысынан қайтадан айдайды , ол үшін сулы моншада қыздырады. 75-79 С температурада қайнаған фракцияны жинайды, шығым 20 г

Этилацетат (сірке этил эфирі, сірке қышқылының этил эфирі) жағымды иісі бар, түссіз сұйықтық. Этил спиртімен, диэтил эфирімен, хлороформмен араласады, белгілі мөлшерде суда ериді. (20 С-да 8,5% -к еріінді түзеді).

Балқу температурасы 83,5С, қайнау температурасы 77,15 С-да.


 

Зертханалық жұмыс Этилацетат (Сірке қышқылының этил эфирі)

Зертханалық жұмыс Этилацетат (Сірке қышқылының этил эфирі)
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
11.01.2021