Физика пәні бойынша есептерді шешуге үйретудің әдіс-тәсілдері
Оценка 4.7

Физика пәні бойынша есептерді шешуге үйретудің әдіс-тәсілдері

Оценка 4.7
Образовательные программы
rtf
физика
Взрослым
15.05.2017
Физика пәні бойынша есептерді шешуге үйретудің әдіс-тәсілдері
Физика пәнінде есептерді шығару мен талдау негізгі заңдар мен формулаларды есте сақтауға және түсінуге мүмкіндік беріп, олардың сипаттамалық ерекшеліктерімен қолданылады.Есептер танымдық және тәжірибелік мәнге ие нақты сұрақтарды шешу үшін материалдық әлемнің ортақ заңдарын қолданудағы дағдыларды дамытады. Есепті шығара білу қабілеті бағдарламалық материалды тереңдеп оқудың және оны игеруге бағытталады. Әрбір физикалық есептің негізінде бір немесе бірнеше негізгі табиғат заңдарының жеке пайда болуы және олардың салдары жатырФизика пәнінде есептерді шығару мен талдау негізгі заңдар мен формулаларды есте сақтауға және түсінуге мүмкіндік беріп, олардың сипаттамалық ерекшеліктерімен қолданылады.Есептер танымдық және тәжірибелік мәнге ие нақты сұрақтарды шешу үшін материалдық әлемнің ортақ заңдарын қолданудағы дағдыларды дамытады. Есепті шығара білу қабілеті бағдарламалық материалды тереңдеп оқудың және оны игеруге бағытталады. Әрбір физикалық есептің негізінде бір немесе бірнеше негізгі табиғат заңдарының жеке пайда болуы және олардың салдары жатыр
Гулнур 16-01-2017 макала.rtf
физика пәнінің мұғалімі  Макенова Гульнур Кызыровна Физика пәні бойынша есептерді шешуге үйретудің әдіс­тәсілдері        Физика курсында есептерді шығаруды оқыту зор мәнге ие және оған бұл курсытың көп бөлігі бөлінеді. Физика     пәнінде   есептерді   шығару  мен  талдау  негізгі   заңдар мен формулаларды есте сақтауға және түсінуге   мүмкіндік беріп, олардың   сипаттамалық   ерекшеліктерімен   қолданылады.Есептер танымдық   және   тәжірибелік   мәнге  ие  нақты  сұрақтарды   шешу үшін     материалдық   әлемнің   ортақ   заңдарын   қолданудағы дағдыларды дамытады. Есепті   шығара   білу   қабілеті   бағдарламалық   материалды тереңдеп  оқудың және оны игеруге бағытталады. Әрбір физикалық есептің негізінде бір немесе бірнеше   негізгі табиғат   заңдарының   жеке   пайда   болуы   және   олардың   салдары жатыр. Сондықтан да қандайда бір     бөліміндегі есепті шығаруға кіріспестен   бұрын   сұрақ   теориясын   жақсылап   меңгеруі тиіс.Теориялық   нақты   білім   болмаса,   есептерді айтпағанның   өзінде,   қарапайым   есептерді   талдау   мен   шығаруда сәттілікке қол жеткізу мүмкін емес.     Есепті   шешу   әдістемесі   көптеген   шарттарға:   оның   мазмұнына, оқушылардың дайындығына, олардың алдына қойылған мақсаттарға және   т.б.   байланысты   болады.   Соған   қарамастан,   оларды   шешу кезінде ескеру керек болатын, көптеген есептер үшін ортақ бірқатар ережелер бар.   күрделі Орта  мектептің   физика   курсында   есептер  саны  өте  көп.  7­11 сыныптарда   оқушылар   170­ге   жуық   негізгі   формулаларды   меңгеру керек.   Әрбір   формулаға   үштен   кем   емес   есеп,   шама   кіретін болғандықтан,   онда   мектеп   оқушыларының   физиканың   тек   негізгі заңдылықтарына ғана жүздеген есептер шешуі керектігі анық. Есептерді табысты шешудің басты шарты оқушылардың физика заңдылықтарын   білуі,   физикалық   шамаларды,   сондай­ақ   оларды өлшеу тәсілдері мен бірліктерін дұрыс түсінуі. Міндетті шарттарға оқушылардың математикалық дайындығы да жатады. Содан кейін алдыңғы   қатарға   белгілі   типті   есептерді   шешудің   кейбір   ортақ, сондай­ақ арнайы тәсілдері бойынша да оқыту шығады. Есепті   шешу   белсенді   танымдық   процесс,   онда   физикалық құбылыстарды   бақылау   және   эксперимент   үлкен   роль   атқарады; олар   сәйкес   бейнелер   мен   түсініктерді   құруға,   есептің   шарттарын нақтылауға және т.с.с. мүмкіндік береді. Сондықтан физика мұғалімінің міндеті оқушыларды есептерді саналы шешуге үйрету, есептің шарттары мен шешімдерін қысқаша жазудың   ұтымды   тәсілдерін   пайдалануға,   шешудің   нақышты тәсілдерін табуға үйрету. Оған тек есептерді шешу және оларды жазу тәсілдерін көрсету арқылы ғана үйретуге болады. Осы мәселелерді талқылау процесінде оқушылар есептерді шешу әдістемесін таниды, оларды шешумен байланысты жұмыстың негізгі кезеңдерін айқын түсіне бастайды. Есептерді шешумен байланысты орындалатын жұмыстың негізгі кезеңдерін білу және сақтау жұмыс істеу мәдениеті элементтерінің бірі болып табылады. Сабақта күрделі есептерді шешу әдетте келесі элементтерден қалыптасады: ­ есептің шартын оқу;        ­ шартты қысқаша жазу; ­ суретті, сұлбаны немесе сызбаны орындау; ­ есептің физикалық мазмұнын талдау және шешу жолдарын  (тәсілдерін) айқындау; ­ шешу жоспарын құрастыру; ­ шешуді жалпы түрде орындау; ­ шамалау және есептеп шығару; ­ нәтижені талдау және шешімді тексеру. Күрделі   (сандық)   есепті   шешу   әдістемесінің   жеке   кезендерінің сипаттамасы: Есептің   шартын   оку.  Мәтін   анық,   мәнерлі,   асықпай   окылуы керек.  Көптеген  жағдайларда  есептің  шартын  мұғалімнің  өзі   оқуы керек,  ал  оқушылар   тыңдауы   және   есеп   кітапшасы   бойынша қадағалауы   керек   немесе   окушы   есепті   тақтаның   алдына   шығып дауыстап оқиды.  Шартты оқыған соң, мұғалім жаңа терминдердің мағынасын тусіндіреді   немесе   олардын,   жаңа   терминдердің   мағынасын   қалай түсінетінін,   оқушылардың   өздеріне  түсіндіруді   ұсынады.   Содан   соң, есеп шартының  кысқаша жазбасын орындайды. Есеп   шартының   кыскаша   жазбасы    .  Берілгенін   жазу   керек, есептің  толық   мәтінін  тақтада  және  оқушылардың  дәптерлерінде жазудың қажеті жоқ. Есептің шартын қайталау.  Есеп шартының қыскаша жазбасы бойынша оқушылар есептің шарттарын кайталайды. Мұғалім жеке оқушыларға   есеп   шартының  мағынасын   дәл   беріп,   оның   мазмұнын "өз"   сездерімен   қайталап   айтып   беруді   ұсынады,   содан   кейін   есеп шартын толық түсінгендеріне көз жеткізу үшін, оқушыларға бірнеше сұрақтар   кояды.   Осыған   байланысты   оқушылар   есепті   шешу   үшін сұлбаларды,  сызбалар мен кестелік  мәндерді пайдаланудың   талап етілетінін немесе етілмейтінін айқындайды. Сызбаны,   сұлбаны   немесе   суретті   орындау.   Есептің   шартын түсінуді және оны шешу тәсілін табуды жеңілдетеді. Шартты   талдау.  Есепті   талдау   кезінде   ең   алдымен   оның физикалық   мәніне,  берілген   есепте   пайдаланылатып,   физикалық процестер   мен   заңдарды,   қарастырылатын   шамалар   арасындағы тәуелділіктерді айқындауға назар аударады. Оқушыларды   7   сыныптан   бастап,   алға   қадам   басқан   сайын, шешудің   дұрыс   жолын   іздеп   табу   үшін   есепті   талдау   жүргізуге, шыдамдылықпен үйрету керек, өйткені бұл оқушылардың логикалық ойлауын   дамытуға   мүмкіндік   туғызады   және   есептерді   шешуге саналы көзқарасты тәрбиелейді. Сабақтың үстінде есепті талдауды көбінесе   ұжымдық   түрде,   мұғалімнің   оқушылармен   әңгімелесуі түрінде жүргізеді, оның барысында мұғалім өз араларында логикалық байланысқан сұрақтарды талқылау нәтижесінде оқушыларды есепті шешудің аса ұтымды тәсіліне біртіндеп келтіреді. Есепті   шешу.  Шамалардың   сандық   мәндерін   формулаларға атауларымен бірге қойған мақсатқа сәйкес болады. Бұл шамалардың барлық   бірліктерінің   бір   жүйеде   алынғандығын   қадағалауға міндеттейді. Оқушылар есептеп шығаруға көп уақыт жұмсайды. Бұл басты   түрде   математикалық   білімдерін   практикада   қолдана білмеуінен   болады.  Сондықтан   есептерді   шешкен   кезде   алдыңғы қатарға   сұрақтың   физикалық   жағын   шығару   керек,   ал   содан   кейін ұтымды математикалық есептеп шығару жолдары мен тәсілдерін іздеу керек. Атап айтқанда, оқушыларды анықтамалық кестелермен пайдалануға   үйрету   керек.   Оқушылар   жуықталғаы   есептеп   шығару ережелерімен   физиканы   зерделегенге   дейін   математика сабақтарында танысады. Есептің жауабын ерекшелеп көрсету, мысалы оның астын сызу немесе   оны  қоршап   қою  ұсынылады.  Осының  барлығы  оқушыларды жұмыс істеуде нақтылық пен ұқыптылыққа үйрететін болады. Жауапты тексеру және бағалау. Есептің алынған жауабын жан­ жақты   тексеру   қажет.   Ең   алдымен   оқушылардың   назарын жауаптың шынайылығына аудару керек. Кейбір жағдайларда есептерді шешкен кезде оқушылар есептің шартына мүлдем сәйкес  келмейтін, ал кейде сау адамның ойына  қарама­қайшы   нәтижелерді   алады.  Бұл   есептеу   процесінде олардың   есептің   нақты   шартымен   байланысты   жоғалтуынан болады.   Сонымен   бірге   қате   алынған   нәтиженің   қисынсыздығы оқушының көзқарасы өрісінен тыс қалады. Сондықтан   мұғалім   оқушыларды   алынған   шаманың   ретін тексеруге (шамалаудың көмегімен) үйретеді, жуықталған сандармен амалдар   жасаудың   тиесілі   ережелеріне   қарағанда,   сандарды   аса өрескел   жуықтайды   және   математикалық   амалдарды   ойда орындауды жеңілдету үшін орындалатын амалдарды алмастырады. Жауаптың   талданғанын   тексеру   үшін   оның   шындыққа сәйкестігін, соның ішінде мөлшерлілік әдісінің көмегімен логикалық бағалау маңызды болады. Сондай­ақ   оқушылар   есепті   шешудің   дұрыстығын,   оны   басқа тәсілмен   шешіп   тексеруге   және   осы   шешімдердің   нәтижелерін салыстыруға болатынын меңгеруі керек.              ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 1. Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың Л.М. Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық  университетінде оқыған «Инновациялар мен оқу­білімді жетілдіру арқылы  білім экономикасына» ­ атты лексиясы // Егемен Қазақстан 27.05.06ж  №115 2. Мақамбаев М. Педагогикалық технологияны оқу процесінде қолдану /М.  Мақамбаев// Математика және физика. ­2004. ­№1. 3. Ақтанова А. Оқутыдың жаңа технологиясын пайдалану – сапалы білім  негізі /А. Ақтанова// Математика және физика. ­2005. ­№1. 4. Баенова Д. Жаңа технология физика сабағында /Д. Баенова// Математика  және физика. ­2005. ­№1. 5. Нұрпейісова Р. Физика пәнін деңгейлеп саралап оқыту /Р. Нұрпейісова//  Математика және физика. ­2004. ­№5. 6. Қажымғалиева К. Жаңа технология – физикада /К. Қажымғалиева// Физика және астрономия. ­2006. ­№2, 5бет.

Физика пәні бойынша есептерді шешуге үйретудің әдіс-тәсілдері

Физика пәні бойынша есептерді шешуге үйретудің әдіс-тәсілдері

Физика пәні бойынша есептерді шешуге үйретудің әдіс-тәсілдері

Физика пәні бойынша есептерді шешуге үйретудің әдіс-тәсілдері

Физика пәні бойынша есептерді шешуге үйретудің әдіс-тәсілдері

Физика пәні бойынша есептерді шешуге үйретудің әдіс-тәсілдері

Физика пәні бойынша есептерді шешуге үйретудің әдіс-тәсілдері

Физика пәні бойынша есептерді шешуге үйретудің әдіс-тәсілдері
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
15.05.2017