Білімдерін пысықтау, бекіту, ойлау қабілеттерін және білімге деген құштарлығын
арттыру
Адамгершілікке, ұқыптылыққа, алғырлыққа, отансүйгіштікке, табиғатты аялауға,
сыйластық пен әдептілікке баулу.
Аралас, жаңа білімді қалыптастыру, жалпылау, бақылау, сарамандақ, зертханалық,
қорытындылау, тексеру және бағалау, бекіту, қайталау.
Әңгіме, лекция, дискуссия, кітаппен жұмыс, демонстрация, видео әдісімен,
жаттығулар орындау, лаборатория, танымдық ойындар, сынақ жүргізу.
3. Тәрбиелік мақсаты:
САБАҚТЫҢ ТҮРІ:
САБАҚТЫҢ ӘДІСТӘСІЛДЕРІ:
САБАҚТЫҢ КӨРНЕКІЛІКТЕРІ:
САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ:
І. ДК. ҰЙЫМДАСТЫРУ КЕЗЕҢІ:
Сабақ реті_5 _ Пәні физика _ Сынып 7 Күні__________
САБАҚТЫҢ ТАҚЫРЫБЫ:
Сабақ жоспары
§ 10, 11. Физикалық шама. Шамаларды өлшеу. Өлшеулер мен есептеулердің дәлдігі.
САБАҚТЫҢ МАҚСАТЫ:
1. Білімділік мақсаты:
Физикалық шаманы өлшеу туралы, физикалық шаманың мәні туралы түсінік
қалыптастыру, бөліктің құнын анықтауды үйрету.
2. Дамытушылық мақсаты:
Графопроектор, телевизор, видеомагнитафон, плакаттар, суреттер, үлестірме
қағаздар, слайд.
Сәлемдесу, отырғызу, түгендеу.
ІІ. ДК. ҮЙ ТАПСЫРМАСЫН ТЕКСЕРУ, ҚАЙТАЛАУ.
А) теориялық білімдерін тексеру.
Ә) практикалық тапсырмаларын тексеру.
Б) есептерін тексеру.
ІІІ. ДК. БІЛІМДІ ЖАНЖАҚТЫ ТЕКСЕРУ:
1. Табиғат құбылыстары жайлы білімді біз қандай жолдармен аламыз?
2. Қандай ғылымдар тәжірибе көмегімен білім алады (дамиды) ?
3. Қандай ғылымдар бақылаулар көмегімен білім алады (дамиды) ?
4. Тәжірибенің бақылаудан айырмашылығы неде?
5. Галилей нені зерттеді?
ІV. ДК. ЖАҢА МАТЕРИАЛДЫ ҚАБЫЛДАУҒА ӘЗІРЛІК, МАҚСАТ ҚОЮ.
Бүгінгі сабағымыздың негізгі мақсаты физикалық шамалармен танысу. Оларды өлшеуді үйрену.
V. ДК.ЖАҢА МАТЕРИАЛДЫ МЕҢГЕРТУ:
Физикалық шамалар және оларды өлшеу
Ғалымдар жүзеге асыратын тәжiрибелерде (немесе эксперименттер) әдеттегiдей өлшеулер қосарлана
жүргiзiледi. Денелердiң немесе процестердiң тәжiрибеде өлшенетiн сипаттамаларын физикалық шамалар
деп атайды. Көлем, температура, жылдамдық, масса, салмақ және т.б. физикалық шамалар болып саналады.
Әрбiр физикалық шаманың өз бiрлiгi бар. Мысалы, көптеген елдер қабылдаған бiрлiктiң Халықаралық
жүйесiнде (қысқаша СИ, демек, жүйе интернационалдық) ұзындықтың негiзгi бiрлiгi метр (1 м), уақыт бiрлiгi
секунд (1 с) болып есептеледi. Практикада сондайақ 10, 100, 1000 және т.б. есе үлкен еселiк бiрлiктер мен
10, 100, 1000 және т.б. есе кiшi үлестiк бiрлiктер пайдаланылады. Еселiк және үлестiк бiрлiктердi белгiлеу
үшiн мега (М), кило (к), милли (м), санти (с) және т.б. арнайы қосымшалар пайдаланылады (1кесте).
1кесте
Қосымша
Көбейткiш
Қосымша
Көбейткiш
мега (М)
кило (к)
1 000 000
микро (мк)
0,000001
1000
милли (м)
0,001 гекто (г)
100
санти (с)
0,01
Мысалы: 1 км = 1000 м, 1 мс = 0,001 с .
Физиалық шамаларды өлшеу және тәжiрибелер жүргiзу үшiн әр түрлi физикалық аспаптар керек. Олардың
кейбiреулерi жеткiлiктi түрде қарапайым. Мысалы, рулетка (4сурет) мен сұйықтың көлемiн өлшеуге
қолданылатын өлшеуiш цилиндр (мензурка) (5сурет) осындай аспаптар. Бiрақ аса күрделi аспаптар да бар:
секундөлшеуiш (6сурет), термометр (7сурет) және
басқалары.
Физика мен техниканың дамуына қарай аспаптар
жетiлдiрiлдi және күрделене түстi.
Өлшеуiш
аспаптардың көпшiлiгiнде шкала бар, яғни аспаптарға
штрихтардың көмегiмен бөлiктер түсiрiлген де оларға
сәйкес шамалардың мәндерi жазылған. Тұсына сандық
мәндерi жазылған штрихтардың аралығы сандармен
белгiленбеген қосымша бiрнеше бөлiкке бөлiнуi
мүмкiн. Бiрақ әрбiр ең кiшi бөлiктер шаманың қандай
мәндерiне сәйкес келетiнiн тағайындау күрделi емес.
4сурет
5сурет
Мысал үшiн ұзындықты өлшеуге арналған аспапты —
сызғышты қарастырайық. Ара қашықтығы 1 см, 2 см, 3 см жән
т.c.c. белгiленген штрихтардың арасы бiрдей 10 бөлiкке
бөлiнген. 1 см/10 қатынасын тауып, әрбiр бөлiк, яғни қатар екi
штрихтың ара қашықтығы 1 мм сәйкес келетiнiн
тағайындаймыз. Бұл шама аспап бөлiгiнiң құны деп аталады.
Қандайда бiр аспаппен физикалық шамаларды өлшемес бұрын
осы асапап бөлiнiнiң құнын анықтап алу керек.
Бөлiктiң құнын анықтау үшiн тұсында сандық мәндерi
жазылған шкаланың жақын екi штрихын анықтау керек.
Содан кейiн үлкен мәннен кiшi мәндi алып айырымын
анықтап ол айырым санды олардың арасында тұрған
бөлiктердiң санына бөлу керек. Мысалы, 6суретте бейнеленген секундөлшегiштiң бөлiгiнiң құнын
анықталық. Тұсында өлшенетiн шаманың (уақыттың) мәнi көрсетiлген кез келген екi штрихты, мысалы 20 с
және 25 с сандары бар штрихты пайдаланамыз. Осы штрихтардың арасындағы аралық 10 бөлiкке бөлiнген.
Демек, бiр бөлiктiң құны:
25 c – 20 c
бөлiктiң құны =
= 0,5 с.
10
Бөлiктiң құнын бiле отырып, бiз қарастырып отырған секундөлшеуiш қай уақытты көрсететiнiн анықтай
аламыз: уақыт =20 с + 4 ∙ 0,5 с = 22 с.
Сонымен, 6суретте бейнеленген секундөлшеуiштiң тiлi 22 с көрсетедi.
VI. ДК. ОҚЫТЫЛЫП ОТЫРҒАН ОҚУ МАТЕРИАЛЫН ҚАБЫЛДАУДАҒЫ ОҚУШЫ ТҮСІНІГІН ТЕКСЕРУ: 1. Физикалық шамаларға не жатады?
2. Физикалық аспапқа не жатады?
3. Шкаласы бар физикалық аспаптарды атаңдар?
4. 7суреттегі термометрдің көрсетуін анықта?
5. 5суреттегі мензурканың бөлігінің құнын анықта
VII. ДК.ОҚЫТЫЛЫП ОТЫРҒАН ОҚУ МАТЕРИАЛЫН БЕКІТУ НЕМЕСЕ ДАҒДЫЛАНДЫРУ
ЖҰМЫСТАРЫН ЖҮРГІЗУ:
1жаттығудың 1,2,3 сыныпта орындау, 2жаттығудың 1,2,3,4 сыныпта орындау.
VIII.ДК. ҮЙ ТАПСЫРМАСЫН БЕРУ: § 10,11 оқуға 1жаттығудың 4,5; 2жаттығудың 5
IX. ДК. БАҒА ҚОЮ.
Физика сабақ жөспары
Физика сабақ жөспары
Физика сабақ жөспары
Физика сабақ жөспары
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.