Физика және табиғат ( 7 сынып)
Оценка 4.6

Физика және табиғат ( 7 сынып)

Оценка 4.6
Разработки уроков
docx
физика
6 кл
30.05.2017
Физика және табиғат ( 7 сынып)
Оқушылар физика пәні - табиғат туралы ғылымды зерттейтінін жете меңгерту, қоршаған ортадағы табиғаттың өзгеруіне адамзат әрекетінің де рөлі зор екендігін түсіндіру, физикалық терминдер мен ұғымдарды меңгерту, физика мен техникаға байланысты төрт ғажайып жетістікті білу мақсатында "Физика және табиғат "тақырыбындағы сабақ жоспары құрастырылғанФИЗИКА ЖӘНЕ ТАБИҒАТ
Физика_7_физика және табиғат_сабақ жоспары.docx

 

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Мектеп: НЗМ Орал қ.

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Сатова Ж.М

Сынып: 7

Қатысқандар саны:10

Қатыспағандар саны: 0

 

Сабақ тақырыбы

Физика табиғат туралы ғылым.Табиғатты зерттеудің ғылыми әдістері

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

7.1.1.1 физикалық құбылыстар, физикалық шамалар және  өлшем бірліктерге мысалдар келтіру;

 

 Сабақ    мақсаттары

Оқушылар физика пәні - табиғат туралы ғылымды зерттейтінін жете меңгерту, қоршаған ортадағы табиғаттың өзгеруіне адамзат әрекетінің де рөлі зор екендігін түсіндіру. Физикалық терминдер мен ұғымдарды меңгерту. Физика мен техникаға байланысты төрт ғажайып жетістікті білу.

Бағалау критерийлері

 Оқушылар мақсатқа жетеді егер:

Білу:Физика пәні нені оқытатынын түсіндіре алса;  физика мен техникаға байланысты 4 ғажайып жетістіктерді білсе, табиғатты зерттеу әдістерін білсе;

Түсіну: физикалық заңдар мен ұғымдарды ажырата алса,физикалық заттар мен денелерді ажырата алса;

Қолдану:  Мәтін бойынша сұрақтар құрастыра алса;

Анализ: Зерттеу жұмысын орындай алса;

Синтез: Жұмысты қортындылай алса;

Бағалау:

Тілдік  мақсаттар

 

Физиканың негізгі мақсатын түсіне отырып,физикалық заңдар мен ұғымдарды, физикалық заттар мен денелерді салыстырып ажырата алады.

Қазақша

Орысша

Ағылшынша

физика

физика

physics

Табиғат

природа

The nature

Физикалық эксперимент

Физический эксперимент

Physical experiment

Халықаралық бірліктер жүйесі (ХБЖ)

Межнународная система единиц

The international system of units

Дене

тело

body

зат

вещество

substance

материя

материя

matter

құбылыс

явление

The phenomena

заңдар

законы

laws

 

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:   

Табиғат құбылыстрына.............жатады.Қоршаған ортаның табиғатының өзгеруіне.......әрекетінің де зор.Табиғатты зерттеуде..... алатын орны ерекше.

Құндылықтарды  дарыту

 

 

Оқушылар сабақ барысында топпен жұмыс істейді.

Жұмыс барысында жауапкершілік және өзара құрмет құндылықтарын дамытады. Академиялық адалдық

Пәнаралық байланыстар

Дүниетану, химия, биология

АКТ қолдану дағдылары

Ғаламтор мәліметтерімен жұмыс

Ғаламтор деректерімен, видеоролик,презентация қолдану

Бастапқы білім

 

Заттардың құрылысы, мкт негізгі қағидалары

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет 

 

Ресурстар

Сабақтың басы

0-5 мин

Ұйымдастыру моменті

Тақырыбы: «Қызығушылықты ояту»

Мақсаты: Жаңа сабақтың тақырыбын ашу

Мұғалім іс-әрекеті: Оқушыларды 3 топқа бөледі.Әр топқа суреттер таратылады. Оқушыларға тақырыпқа байланысты әртүрлі мысалдар келтіре отырып сұрақтар қойылады.

Оқушы іс-әрекеті: Оқушылар сол сұрақатрға жауап беру арқылы  жаңа тақырыпты анықтауға болжам жасайды..

Бағалау: ЖП1

 

 

 

 

 

Презентация

 

 

 

Сабақтың ортасы 

10 мин

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

15 мин

 

 

 

 

 

 

 

10 мин

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тапсырма 1. Кестемен жұмыс

Мақсаты: Құбылыстарды ажырата алу.

Мұғалім іс –әрекеті:  Оқушыларға презентация арқылы құбылыстарды көрсетеді, әр топқа кестені ұсынады.

Оқушы іс-әрекеті: Көрсетілген презентация бойынша кестедегі электр, жарық, механикалық құбылыстар, жылу құбылыстары,дыбыс құбылыстары,магниттік құбылыстарды ажыратып жазады.

Тапсырма 2. Мәтінмен жұмыс

Мақсаты: Берілген мәтін бойынша өз ойларын жүйелеп,маңызды бөліктерін іріктеп, сұрақтарға нақты жауап беруге машықтану;

Мұғалім іс –әрекеті:  Оқушыларға мәтін мазмұны таратады. Берілген сұраққа жауап беріп,қалған топтарға сұрақ құрастыру керек екендіктерін ескертеді.

Оқушы іс-әрекеті: Оқушылар мұғалім таратқан мәтіндерді оқиды.Мәтін мазмұнынан берілген сұраққа жауап іздейді.Қалған топтарға  сұрақ құрастырады.  

Қортынды: Бізді қоршаған орта: жан-жануарлар мен өсімдііктер, Жер,Ай мен Күн, жұлдыздар –осылардың барлығы табиғат деген мағынаны білдіреді. Терминдер - жол, жылдамдық, күш. Физикалық ұғымдар – материя, дене, зат. Әлемде не бар болса, соның бәрі материя деп аталады. Техниканың негізі – физика. Қазіргі кездегі ең негізгі төрт ғылыми – техникалық ғажайыптар:Ядролық энергияны алу,ғарыш жетістіктері,лазердің ашылуы,кибернетика саласының дамуы.

Тапсырма 3.   Физикалық заттар мен денелер

Мақсаты: Физикалық заттар мен денелерді ажырата білу;

Мұғалім іс –әрекеті: Оқушыларға топпен орындауға заттар мен денелер және құбылыстардың аттары  араласып келген сөздер жиынтығын ұсынады.

Оқушы іс-әрекеті: Заттар мен денелерді, құбылыстарды ажыратып бағандарға бөліп жазады.Әр топ өздеріне берілген тапсырманы орындайды.

   Тапсырма 4.   Физикалық эксперимент

Проблемалық сұрақ: Микроскопты бұзылып тұрған күйде қарау. Неге көрсетпей тұрғанын анықтау.
 Мұғалім іс –әрекеті
: Оқушыларды топтарға бөліп, қажетті құралдармен таныстырады.  Микроскоп жұмыс істеу үшін зерттеуді білу керек.

Бүгінгі сабаққа дейін микроскоп туралы не білдіңдер?

Осы сабақта нені білуге болады?

Үстелге үш түрлі зат қойып, эксперимент жасауды ұсыну.

Сұрақ: Қалай ойлайсыңдар осы тұрған заттар не үшін тұр?

 

  1. Микроскоп, шыны, ұнтақ
  2. Қорап, сызғыш
  3. Қағаз, сызғыш

Оқушы іс-әрекеті: Оқушылар жұмысты орындайды.

Қортынды: Эксперимент пен бақылауды ажыратады

Экспермент-физиканың ең басты зерттеу әдістерінің бірі.Бақылау-ғылыми деректер жинау үшін қолданылады.

Бағалау: Өзара бірін-бірі  бағалау парағы бойынша бағалайды.

 

Қосымша 1

 

http://bilimmedia.kz/kk/content/structure/1069-kirispe

 

 

Қосымша 2

http://videouroki.net/filecom.php?fileid=98690411

 

http://www.procrossword.ru/fizika/vvedenie.html

 

http://interneturok.ru/ru/school/physics/7-klass/vvedenie/chto-izuchaet-fizika

Қосымша  3

 

 

 

 

Қосымша 4

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сабақтың соңы

2 минут

 

 

3 минут

Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізеді.

Тақырыбы: «Менің сабақтығы көңіл күйім!»

Мақсаты: Сабақтағы оқушылардың көңіл күйін анықтау.

Мұғалім іс-әрекеті: Оқушыларға стикерлер ұсынады.

Оқушы іс-әрекеті: Тақтаға өз көңіл күйін білдіру үшін стикерлер жапсырылады.

Мұғалім іс-әрекеті: Оқушыларға үй тапсырмасын береді. §1,2,7,8

Дайындық сұрақтары 1-6

 

 

Саралау – оқушыларға қалай  көбірек қолдау көрсетуді  жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы


Сабақ барысында берілген тапсырмалар оқушылардың жас ерекшелігіне және деңгейіне сәйкес құрылды.

Оқушлыардың топ ішіндегі жұмысы және есеп шығарудағы өздік жұмысы бағаланады

 

Қауіпсіздік техника ережелерін қайталау

Тәжірибе жасау барысында қауіпсіздік техникасы  түсіндірілді.

Сабақ бойынша рефлексия

 

 

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз

Сабақта оқу мақсаттары тақырыпқа сай қойылды. Жетістік критерийлері бойынша тапсырмалар орындады. Сабақ барысында оқушылар жасаған тәжірибелер және теориялық білім мен есептер шығару  арқылы ОМ жетті деп есептеймін.

Жалпы баға

 

 

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:Оқушылардың топпен жұмысы

 

2: Өз өздерін әділ бағалау білуі

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1: Деңгейлік тапсырмаларды көбірек беру.

 

2: Тақырып ашылу үшін өмірмен байланысты тәжірибелер қолдану.

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?

1.      Сабақта тереңдетілген дидактикалық тапсырмаларды көбірек қолдану.

 

 

Қосымша 1

Физика – табиғат туралы ғылым.

Физиканың негізгі мақсаты-табиғатта болып жатқан әр түрлі физикалық құбылыстарды зерттеп, оларды өзара байланыстыратын заңдарды ашу.

Физикалық құбылыстар: механикалық, жылу, электр, жарық құбылыстары.

Тапсырма:
1. Берілген кестеге келтірілген сөздердің ішінен құбылыстарға қатысты сөздерді теріп жаз.(шардың домалауы, қорғасынның балқуы, күнің сууы, күннің күркіреуінің естілуі, қардың еруі, жұлдыздардың жыпылықтауы, судың қайнауы, таңның атуы, жаңғырықтың естілуі, бөрененің жүзуі, сағат маятнигінің тербелуі, бұлттың көшуі, жай түсуі, кептердің ұшуы, найзағайдың жарқылдауы, жапырақтардың сыбдыры, электр шамының жануы)
Механикалық құбылыс Жылулық құбылыс Электр құбылыс Жарық құбылыс
Шардың домалауы,
Бөрененің жүзуі,
Бұлттың көшуі,
Кептер дің ұшуы
Қорғасынның балқуы,
Күннің сууы,
Қардың еруі,
Судың қайнауы,

Күннің күркіреуінің естілуі,
Найзағайдың жарқылдауы,

Электр шамының жануы.

Жұлдыздардың жыпылықтауы,
Таңның атуы



 

 

Механикалық

Жылу

Электр

Жарық

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

      

 

 

Қосымша 2

 

  «бірінші ұстаз»  «екінші ұстаз»   орыс тіліне физика сөзін      

                                                     алғаш енгізген ғалым

 

Табиғат туралы білім арнайы зерттеу әдістерін қолдану арқылы жинақталады. Табиғатты зерттеу әдістерінің ішінен кең тараған үш ғылыми әдісті атап өтуге болады. Олар: бақылау, эксперимент және теориялық зерттеу әдістері.
Табиғат құбылыстарының заңдылықтарын ашу үшін ғалымдар логикалық ой қорыту амалдарын рет - ретімен пайдаланады. Әуелі олар бақылау арқылы деректер жинайды. Жаңа деректерді бұрыннан белгілі деректермен салыстырып, олардың арасында себеп - салдарлық байланыстар бар ма? Деген негізгі сұраққа жауап іздейді. Найзағайдың пайда болуы туралы шынайы ғылыми болжамды В. Франклин (1706 - 1790жж) ұсынды. Оның болжамы бойынша найзағай – әр түрлі зарядталған бұлттардың арасындағы немесе бұлт пен Жердің арасындағы аса қуатты электр электр ұшқыны. Ондай ұшқын әр түрлі электрленген (зарядталған) денелердің араларында байқалады.
Астрономиялық бақылау үшін де әр түрлі құралдар мен аспаптар қолданылады. Астрономиядағы ең негізгі зерттеу құралы – телескоп. Оның жәрдемімен жақын тұрған аспан денелерінің (Айдың, Күн жүйесіндегі планеталардың және олардың серіктерінің) беткі дедерлерін көруге болады. Телескоптың арқасында көзге көрінбейтін басқа да аспан денелерін бақылап, ғылыми деректер жинақталады.
Бақылаулар мен тәжірибелер
Компас тілі әрқашанда солтүстікті көрсететінін; егер затты қолдан түсіріп алсақ, онда ол еденге құлайтынын, егер жалынға қол тигізетін болсақ, онда қолды күйдіріп алатынын және т. б. әркім біледі. Мұны біз қайдан білеміз? Жалпы білім қайдан пайда болды? Олардың көпшілігіне адамдар өздерінің күнделікті бақылаулары арқылы қол жеткізді. Алайда физикада, кейбір басқа ғылымдардағыдай (мысалы, биология, химия), білімді тек бақылаулардан ғана емес, сондай ақ тәжірибелерден де алады. Тәжірибелердің (немесе эксперименттердің) қарапайым бақылаулардан ерекшелігі сонда, оларды белгілі бір мақсатпен, алдын ала ойланған жоспармен жүргізеді және тәжірибе жасау кезінде әдетте арнайы өлшеулерді орындайды. Мысалы, доптың құлап түсуін бақылай отырып, біз тек оның тік төмен құлайтынын ғана байқаймыз. Ал құлап түсу процесінде дене жылдамдығы қалай өзгеретінін зерттеп білу үшін арнайы тәжірибе қою керек. Италияндық ғалым Г. Галилей (1564 — 1642) денелердің еркін құлап түсуі қалай болатынын зерттеу үшін атақты еңкейіп тұрған мұнараға көтерілген және ол жерден әр түрлі шарларды тастаған деген аңыз бар (3 - сурет). Олардың құлап түсуін бақылай отырып және сол кезде қажетті өлшеулерді орындай отырып (мысалы, дененің құлап түсу уақытын өлшей отырып) денелердің құлап түсу заңын тағайындаған. Сонымен, физикалық білімдердің көзі бақылау мен тәжірибелер болып саналады. Эксперимент физикалық құбылыстар мен ғылыми болжамдарды және теорияларды тәжірибеде тексереді. Сонымен қатар ол жаңа физикалық заңдарды ашуда да кеңінен қолданылады. Оған физиканы оқу барысында көз жеткізуге болады Мысалы, осы оқулықта қарастырылатын Гук заңы?
Архимед заңы және басқа да заңдар эксперимент жасау арқылы ашылған. Эксперимент - физиканың ең басты зерттеу әдістерінің бірі. Табиғат туралы білім арнайы зерттеу әдістерін қолдану арқылы жинақталады. Табиғатты зерттеу әдістерінің ішінен кең тараған үш ғылыми әдісті атап кетуге болады. Олар: бақылау, эксперимент және теориялық зерттеу әдістері..
Бақылаулар негізінен ғылыми деректер жинақтау үшін қолданылады. Мысалы, аспан денелерін бақылаудың арқасында, олардың қозғалысы белгілі бір заңдылықтарға бағынатыны ашылды.
2. Табиғат құбылыстарының заңдылықтарын ашу үшін ғалымдар логикалық ой қорыту амалдарын рет-ретімен пайдаланады. Әуелі олар бақылау арқылы деректер жинайды. Жана деректерді бұрыннан белгілі деректермен салыстырып, олардың арасында себеп - салдарлық байланыстар бар ма? деген негізгі сұраққа жауап
іздейді. Егер құбылыстар арасындағы заңдылық олардың барлығына ортақ болса, он да оны табиғат заңы түрінде сипаттайды. Жекелеген заңдылықтар арасында жүйелі байланыстар табы - латын болса, онда оларды ғылыми теорияға біріктіреді. Табиғат құбылыстарының арасындағы байланыстарды ашуда мәселені проблема түрінде айқындаудың маңызы орасан зор. Ғалымдардың пайымдауынша, проблеманың дұрыс қойылуы, оны шешуге кеткен жалпы еңбектің жартысына тең.

 

 

 

Қосымша 3

 

Берілген кестеге келтірілген сөздердің ішінен физикалық денелерді, затты құбылысты білдіретін сөздерді теріп жаз: қорғасын, күннің күркіреуі, рельс, алюминий, қарлы боран, ай, спирт, қайшы, сынап, қар көшкін, үстел, мыс, тікұшақ, мұнай, қайнау, мылтықтың атылуы, судың тасуы.
Дене зат құбылыс
Рельс,
Ай,
Қайшы,
Үстел,
Тікұшақ,
Қорғасын,
Алюминий,
Спирт,
Сынап,
Мыс,
Мұнай, Күннің күркіреуі,
Қарлы боран,
Қар көшкіні,
Қайнау,
Мылтықтың атылуы,
Судың тасуы.

 

Қосымша  4

 

Проблемалық сұрақ: микроскопты бұзылып тұрған күйде қарау. Неге көрсетпей тұрғанын анықтау.

Мұғалім: микроскоп жұмыс істеу үшін зерттеуді білу керек.

Табыс критериі: Ендеше, бүгінгі сабағымызың мақсаты қандай?

Бүгінгі сабаққа дейін микроскоп туралы не білдіңдер?

Осы сабақта нені білуге болады?

Үстелге үш түрлі зат қойып, эксперимент жасауды ұсыну.

Сұрақ: Қалай ойлайсыңдар осы тұрған заттар не үшін тұр?

  1. Микроскоп, шыны, ұнтақ
  2. Қорап, сызғыш
  3. Қағаз, сызғыш

Физикалық экспериментті жасаудың барысы(тақтаға шығарылады)

  1. Экспериментті жүргізу
  2. Экспериментті талдау (жоспар бойынша)
  3. Эксперимент пен бақылаудың байланысын түсіндіру
  4. Экспериментке жалпы сипаттама беру

          

Бағалау: өзара бағалау

 

1

2

3

Сұрақтарға дұрысжауап бере алды

 

 

 

 

экспериментті дұрыс жасай алды

 

 

 

Өз беттерімен қортынды жасай алды

 

 

 

 

 

 


 

Скачано с www.znanio.ru

Мектеп : НЗМ Орал қ.

Мектеп : НЗМ Орал қ.

Оқушылар сабақ барысында топпен жұмыс істейді

Оқушылар сабақ барысында топпен жұмыс істейді

Тапсырма 1. Кестемен жұмыс Мақсаты: Құбылыстарды ажырата алу

Тапсырма 1. Кестемен жұмыс Мақсаты: Құбылыстарды ажырата алу

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ бойынша рефлексия

Механикалық Жылу Электр

Механикалық Жылу Электр

Италияндық ғалым Г. Галилей (1564 — 1642) денелердің еркін құлап түсуі қалай болатынын зерттеу үшін атақты еңкейіп тұрған мұнараға көтерілген және ол жерден әр түрлі…

Италияндық ғалым Г. Галилей (1564 — 1642) денелердің еркін құлап түсуі қалай болатынын зерттеу үшін атақты еңкейіп тұрған мұнараға көтерілген және ол жерден әр түрлі…

Проблемалық сұрақ: микроскопты бұзылып тұрған күйде қарау

Проблемалық сұрақ: микроскопты бұзылып тұрған күйде қарау
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
30.05.2017