Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Бөлім 7.1A: Физикалық шамалар мен өлшем бірліктер. |
Мектеп: Қызылжар орта мектебі |
||||||
Күні: |
Мұғалімнің аты-жөні: Утаршаева А |
||||||
Сынып: 7 |
Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: |
||||||
Сабақ тақырыбы |
Физикалық шама. Шамаларды өлшеу. Халықаралық бірліктер жүйесі (ХБЖ). Өлшеудің дәлдігі мен қателігі. Үлкен және кіші сандарды ықшамдап жазу. |
||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) |
7.1.1.2 негізгі физикалық шамалар мен олардың ХБЖ жүйесі бойынша өлшем бірліктерін білу: масса (кг), ұзындық (м), уақыт (с); 7.1.2.1 аспаптардың қателіктерін есепке ала отырып, ұзындықты және уақытты өлшеу;
|
||||||
Сабақ мақсаттары |
1. «Физикалық щамалар» ұғымын қалыптастыру. 2. Үлкен және кіші сандарды жазғанда үлестік және еселік қосымшаларды қолдану. 3. Кейбір физикалық шамаларды өлшеуді, өлшеу құралын таныстырып, аспатың бөлік құнын анықтауды үйрету. |
||||||
Бағалау критерийлері |
Білу. Өлшем бірліктерді ХБЖ-не түрлендіреді. масса (кг), ұзындық (м), уақыт (с); Түсіну. Физикалық шамаларды өлшеу ұғымын түсінеді. Қолдану. Физикалық құрылғыларды қолданып, шамаларды өлшеу; Үлкен және кіші сандарды жазғанда үлестік және еселік қосымшаларды қолдана біледі; Анализ: Өлшеу құралдарының қателігін анықтайды. Синтез: Өлшеу нәтижесін қателікті ескере отырып жазады. Бағалау: Өлшеу нәтижесі қаншалықты нақты анықталғандығын бағалайды. |
||||||
Тілдік мақсаттар
|
Оқушылар: Өлшеу нәтижесін сипаттап, ауызша және жазбаша түрде жалпылай алады. Пәнге тән лексика мен терминология: физикалық құбылыстар, физикалық шамалар, физикалық дене, зат,өлшем бірліктер, санның стандарт түрі, Халықаралық бірліктер жүйесі, құралдың бөлік құны. Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер: Физикалық құбылыстарға … жатады. Физикалық денелер … сипатталады. Құралдың бөлік құнын табу үшін … білу керек. Берілген ақпараттың нәтижесін енгізу үшін біз... Нәтижелер / қорытындылар / жұмыс нәтижесі жазылған кестеде көрсетеді… Кестеде көріп түрғанымыздай... Қорытынды жасай отырып ... |
||||||
Құндылықтарды дарыту
|
Осы сабақта физикалық шамалардың түрлерімен, олардың айырмашылығымен танысады, физика кабинетінде қауіпсіздік ережесін сақтау қажеттігін біліп, зертханалық жұмыс кезінде ұқыптылық, жауапкершілік таныту керектігін, физикалық құрал қателігін есептей алады. |
||||||
Пәнаралық байланыстар |
Математика. (Вектор, ұзындық, уақытты өлшеу.) Денешынықтыру. |
||||||
АКТ қолдану дағдылары |
Осы сабақта оқушылар компьютер арқылы әртүрлі сайттардан тақырыпқа сай ақпараттарды қолданып, тез есте сақтау дағдыларын қалыптастырады. |
||||||
Бастапқы білім
|
Физика нені зерттейді? |
||||||
Сабақ барысы |
|||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет
|
Ресурстар |
|||||
Сабақтың басы 5 мин
5 мин |
Ұйымдастыру кезеңі. - оқушылардың зейінін шоғырландыруға көрсетілген ресурс бойынша дене, зат, құбылыс ұғымдарын сәйкестендіреді. - оқушылармен бірге сабақ мақсаттарын /ОМ анықтап алынады. - оқушылардың сабақ соңында қандай күтілетін нәтижелерге қол жеткізу керектігі ескертіледі. - физикалық өлшем бірліктер ХБЖ тез айналдыру мақсатында «Домино» ойыны жүргізіледі. |
http://bilimmedia.kz/kk/content/structure/1069-kirispe#lesson=10651
http://fiziks.org.ua/domino-7-klass/
|
|||||
Сабақтың ортасы
15 мин
5 мин
10 мин
|
Сабақ мақсатына орай бар білімдерді қалыптастыру мен дағдыларды дамытуға бағытталған іс-әрекет. · Аспаптың бөлік құны ұғымын енгізу. · Аспаптың бөлік құнын анықтауға арналған практикум жүргізу. · Сабақтың басталауы алдында оқушыларды қауіпсіздік техникасы ережелерімен таныстыру. Қауіпсіздік техникасының ережелерін сақтау не үшін қажет екендігін талқылау. Қай пәнді оқу кезінде ҚТ ережелерін сақтау керек екендігін және қандай өмірлік жағдаяттарда ҚТ ережелері қажеттігі туралы сұрау. · Партаның (кітаптың) ауданын есептеу үшін, осы заттардың ұзындығын, енін өлшеуге арналған практикум жүргізу. Осындай өлшеулердің жоспарын жазуды сұрау. · Оқу партасының ұзындығын, енін қарыспен өлшеу. Өлшеуіш құралдың көмегімен партаның ұзындығы мен енін дециметр арқылы өлшеу. Алынған нәтижені салыстыру және талқылау. Талқылау барысында әңгімені алынған өлшеудің дәлдігіне бағыттау. Өлшеу эталонының қажеттілігін талқылау. · Алдынғы өлшеуде алынған нәтижені көрсетулерін сұрау. Бірнеше өлшеулер де алынған (мысалы: кітап, дәптер, парта және т.б.) нәтижені қалай талдауға болатыны жайлы сұрақ қою. Барлық өлшеулерді жүйелеу үшін кесте қажет екенін оқушы айтатындай жағдаят туғызу. · Оқушылардан барлық өлшеулерді кестеге енгізулерін талап ету. Өлшеу нәтижелерін көру қаншалықты қолайлы болғандығы туралы сұрау. Аспаптық жаңылыс. Өлшеу қатесі: абсолют, салыстырмалы. Аспаптардың көмегімен дұрыс орындалған өлшеулердің ең үлкен жаңылысы аспап бөлігі құнының жартысына тең. немесе Мұндағы: a-өлшенетін шаманың мәні. h - өлшеу қателігі. Өлшеудің тура және жанама тәсілі болады. Өлшеулердің метрлік жүйесі: ұзындық бірлігі – метр, масса бірлігі – килограмм, уақыт бірлігі – секунд т.б. · 10n көбейткіштерін пайдаланып, берілген сандарды ықшамдап жазу «сандарды стандарт түрінде жазу» деп аталады. Үлкен және кіші сандарды ықшамдап жазу-математикалық сауаттылықтың белгісі. Өте үлкен немесе кіші санды екі көбейткіштің көбейтіндісі түрінде ықшамдап жазу амалы. санын
ал бөлсек, . Тапсырмалар 1. Мына сандарды стандарт түрінде жазыңдар: 8500, 816, 200 000 2. Мына амалдарды орындаңдар: 107: 105, 109* 10-3 3. Тәулікте 24 сағат, сағатта 60 минут, минутта 60 секунд бар. Тәуліктегі секунд санын анықтаңдар; оны төрт таңбалы цифлар дәлдігімен стандарт түрінде жазыңдар. |
http://interneturok.ru/ru/school/physics/7-klass
http://class-fizika.narod.ru/
Сызғыш, секудометр, мензурка |
|||||
Сабақтың соңы
5 мин |
Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізеді: - нені білдім, нені үйрендім? - нені толық түсінбедім? - немен жұмысты жалғастыру қажет? сұрақтары бойынша. Үйге тапсырма: 1 тарау бойынша №1 СОР дайындалып келу. 2-жаттығу. №8,10. |
|
|||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? |
Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? |
Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы |
|||||
Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушылардың жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу (Гарднердің жиындық зият теориясы) түрінде болуы мүмкін. Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез-келген кезеңінде қолданыла алады |
Бұл бөлімде оқушылардың сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдеріңізді жазасыз
Өзара бағалау. Марапаттау. Бағалау критеррий бойынша бағалау. |
Денсаулық сақтау технологиялары. Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері. Осы сабақта қолданылатын Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары Оқушыны партада дұрыс және түзу отырыуын қамтамасыз ету Көз ауыруларының алдын алу үшін жарықпен қамтамасыз ету Қажет кезінде физ. жаттығу сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлерін жүргізу
|
|||||
Сабақ бойынша рефлексия
Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? |
Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз. |
||||||
Оқу/сабақ мақсаттары дұрыс қойылған деп ойлаймын. Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді. Әсіресе, өз еңбектерімен ізденіп, бір-бірімен талқылап ортаға салып, физикалық шамалар арқылы өлшеу кезінде мақсатқа жете алды. Ал, қателікті ескере отырып жазу кезінде қиналған оқушылар байқалды, дегенмен бағыт беріп, дұрыс жолын көрсеткен кезде, түсініп одан әрі өз беттерімен ұқсас зерттеу жұмыстарын орындады. Сабақ барысында уақыт кезеңдерінде ауытқу болды, әсіресе зеттеу жұмысы кезінде. Жаңадан құралдармен танысып, жұмыстанып жатқандықтан ба? оқушылар жай. |
|||||||
Жалпы баға
Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: Оқушылардың топпен жұмысы 2: Зерттеу жұмыстары. (Физикалық құралдармен шамаларды өлшеу)
Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: Уақытты қтымды пайдалану.
Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? Физикалық құралдармен шамаларды өлшеу кезінде кейбір оқушылардың өлшеу нәтижесін қателікті ескере отырып жазу кезінде қиналғандары көрінді. Келесі сабақта жеке немесе жұптық жұмыс бойынша әртұрлі бағытта тапсырмалар беріп, қайталатып еске түсіру қажет. |
|||||||
Скачано с www.znanio.ru
© ООО «Знанио»
С вами с 2009 года.