Функционалды сауаттылық дегеніміз не?
«Әлемде енді ешкім Сіздің не білетініңізге ақы төлемейді - Google бәрін біледі – енді сіз білетініңізді қалай қолданатыныңызға байланысты»
Білім және дағды жөніндегі директорат директоры, Андрэас Шлейхер
Функционалдық сауаттылығы дегеніміз- адамдардың әлеуметтік, мәдени, саяси және экономикалық қызметтерге белсене араласуы, яғни бүгінгі жаһандану дәуіріндегі заман ағымына, жасына қарамай ілесіп отыруы, адамның мамандығына , жасына қарамай үнемі білімін жетілдіріп отыруы.
PISA (Programme for International Student Assessment) - өмірде кездесетін жағдаяттарды шешуге байланысты пәндік білімін, біліктілігін, дағдысын жинақтап көрсету бейімділігін анықтау.
Зерттеу мақсаты: білім алушылардың қоғамда толыққанды қызмет атқарулары үшін алған жалпыға міндетті білімдері мен ептіліктерін қаншалықты меңгергенін бағалау (функционалдық сауаттылық).
Programme for International Student Assessment
PISA-2000 бірінші кезеңіне 43 ел қатысты, оның ішінде 34 ел эыдұ-ның мүшесі. PISA-2015 кезеңіне 71 ел қатысты. 2018 жылы зерттеуге тағы да 11 елдің қосылуы жоспарланып отыр.
Зерттеу үш жылдық кезеңмен өткізіледі. Әрбір кезеңде басым бір бағыты анықталады.
| РISА - 2009 | РISА - 2012 | РISА - 2015 |
Барлық білім беру ұйымы | 200 | 218 | 232 |
қазақ тілінде оқытылатын | 3194 | 3522 | 4806 |
орыс тілінде оқытылатын | 2396 | 2286 | 3037 |
Қазақстанның PISA- ға қатысуы
Қазақстан 2009 жылдан бастап қатысып келеді.
PISA бағдарламасы бойынша зерттеуге алғаш рет Қазақстан 2009 жылы қатысты. Зерттеу нәтижесінде еліміз айтарлықтай жақсы нәтиже көрсете алмады.
Оқушылардың PISA тапсырмаларын орындау деңгейін көтеру мақсатында, олардың сыни тұрғыдан ойлау қабілетін дамыту керек. Сондықтан мектепте өтілетін пәндерге PISA тапсырмаларын қолдану арқылы оқушылардың сыни тұрғыдан ойлау қабілетін дамытуға болады.
Сыни ойлау (кейде Критикалық ойлау, ағылш. Critical thinking) — факттерді анализдеу арқылы тұжырым қалыптастыру.[
Ғылыми-жаратылыстану сауаттылық – бұл ғылыми- жаратылыстану саласында әр түрлі өмірлік жағдаяттарды шешудегі жеке дәлелдемелерінің таңдауында адамның өз білімдерін пайдалану қабілеттілігі.
Жаратылыстану бағытындағы ғылыми-жаратылыстану сауаттылықтың ерекшеліктері:
Эксперимент тәжірибелер жасау, болжамдар келтіру және қолдайтын немесе жоққа шығаратын зерттеулер өткізу
Сұрақ 1: Кемпірқосақ
Кемпірқосақ – аспан күмбезінде түрлі түсті доға түрінде көрінетін атмосферадағы оптикалық құбылыс. Ол аспанның бір жағында торлаған бұлттан жаңбыр жауып, қарсы жағында жарқырап күн шығып тұрған кезде көрінеді. Кемпірқосақ тікелей түскен күн сәулесінің жаңбыр тамшыларынан өткенде сынып, құрамдас бөліктерге (қызыл, сарғылт, сары, жасыл, көгілдір, көк, күлгін) бөлінуінің нәтижесінде пайда болады. Күннің жарық шоғының түрлі түстерге жіктелуі- әр түрлі түстегі шоқтар әр түрлі сынатынымен түсіндіріледі. Бұл жарықтың таралу жылдамдығы, оның түсіне тәуелді екенін білдіреді.
Кемпірқосақ пайда болғанда қандай құбылыс жүреді?
Әрбір пайымдауда «Иә» немесе «Жоқ» жауаптарының бірін айналдыра сызыңыз
Кемпірқосақ үшін келесі пайымдаулар дұрыс па?
Иә немесе Жоқ
Күлгінге қарағанда қызыл жарық көп сынады
Иә/ Жоқ
Кемпірқосақтың үстіңгі жолағы қызыл, төменгі жолағы күлгін
Иә /Жоқ
Қызыл жарықтың таралу жылдамдығы ондағы күлгін жарықтың таралу жылдамдығынан артық
Иә / Жоқ
Қортындылай келе, оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыруға бағытталған білім мазмұнын игерген оқушылардың білімдері мен біліктері өмірлік жағдаяттарда қолдана білуді, әртүрлі ақпарат көздерімен жұмыс істей білуді және алынған ақпараттарды сыни тұрғыдан бағалай білуді, өзінің болжамдарын ұсыну және зерттеулер жүргізу, өзінің ойын негіздей білуді; іскерлігі мен дағдыларын адами іс-әрекеттердің әртүрлі салаларында, сондай-ақ тұлғааралық қарым-қатынас пен әлеуметтік қатынастарда өмірлік міндеттерді шешу үшін пайдалануды қамтамасыз етеді.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы, 2007ж. (өзгертулер мен толықтырулар, 2013ж)
Международные исследования PISA: Национальный отчет по итогам международного исследования PISA-2009 в Казахстане [Электронный ресурс]. - URL: http://naric.kz/index-49.php.htm
PISA тапсырмалар жинағы [Электронный ресурс]. - URL: https://infourok.ru/testter-fizikadan-pisa-esepteri-541586.html
© ООО «Знанио»
С вами с 2009 года.