Бөлім |
|
|
||||
Педагогтың аты-жөні |
Ибраева М.Б. |
|
||||
Күні |
30.11.2020жыл |
|
||||
Сынып |
Қатысушылар саны |
Қатыспағандар саны |
|
|||
Сабақтың тақырыбы |
Геоэкологиядағы антропогендік факторлар. 5-сабақ |
|
||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) |
Сенің білетінің: жердің литосфералық қабатын және биоалуантүрлілікті қорғауға бағытталған іс-шаралар. Сенің меңгеретінің: жердің литосфералық қабатын және биоалуантүрлілікті сақтау. |
|
||||
Сабақтың мақсаты |
Оқушылар антропогендік факторлардың табиғатқа тигізетін әсерін зерттеу |
|
||||
Бағалау критерииі |
мәтіндерді талдау арқылы табиғатқа әсер ететін антропогендік факторларды жіктейді;
географиялық деректерді шығармашылық түрде визуализациялайды;
табиғатқа әсер ететін антропогендік факторларды азайту жолдарын ұсыну |
|
||||
Сабақтың кезеңі/ уақыты |
Мұғалімнің әрекеті |
Оқушының әрекеті |
|
|||
Басы |
1-тапсырма. Мұғалім нұсқаулық береді. Оқушылар мәтінді Insert «түртіп алу» әдісі арқылы жеке оқиды. Мәтін парағының шетіне немесе мәтін жолдарына төмендегідей белгілерді түсіре отырып оқиды:
Табиғатты қорғау іс-шараларының кешені – шаруашылық және өзге де қызметтің қоршаған ортаға теріс әсерін болғызбауға, шектеуге және азайтуға, оның зардаптарын жоюға бағытталған іс-қимылдар жиынтығы. Экологиялық құқық әдісі – антропогендік қызметтің әсерінен қоршаған орта жағдайының өзгеруін анықтауға мүмкіндік беретін бақылау, бағалау және болжау жүйесі. Экологиялық мониторинг – антропогендік қызметтің әсерінен қоршаған орта жағдайының өзгеруін анықтауға мүмкіндік беретін бақылау, бағалау және болжау жүйесі. Экологиялық саясат – мемлекеттегі табиғатты қорғау заңнамасы мен оған негізделген мақсатты әрекеттер жиынтығы. Бұзылған жер – адамның шаруашылық әрекеті нәтижесінде өсімдік жамылғысы жойылған, топырақ жамылғысы бұзылған, гидрологиялық режимі мен жер бедері өзгерген аймақтар. Орман өрті – орман алқаптарында өрттің стихиялық, бақылаусыз таралуы. Ормандардағы өрттердің алдын алуға және олардың таралуын шектеуге бағытталған іс-шараларды жүргізу арқылы қол жеткізіледі. Оларға құрамын реттеу, санитарлық ағаш шабу, қоқыстардан тазарту, орман қоры аумағында ықтимал өрттердің таралуын шектейтін өртке қарсы тосқауылдар жүйесін құру, өрттерді тез оқшаулауды қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін жолдар мен су айдындарының желісін орнату жатады. Мұнай төгілуі – адамның іс-әрекетінен болатын жиі кездесетін апаттардың бірі. Мұнай тірі ағзаларға улы болып келеді, топырақтағы органикалық үдерістерді тежейді. АЭС (атом электр станциясы) – апаты ең қауіпті апаттардың бірі. Апат болған жағдайда бірінші кезекте жақын маңдағы адамдарды эвакуациялау керек және апат ошағынан радиусы 30 – 40 километр болатын қауіпсіздік зонасын құру керек. Апат кезінде бөлінетін гамма, альфа, бетта және рентген сәулелеріне қарсы атомдық массасы жоғары металдардан немесе бетоннан қоршаулар құру қажет. Атомдық массасы төмен металдар немесе нысандарға ену қасиеті жоғары гамма және рентген сәулелеріне қарсы дәрменсіз. Мелиорация (лат. melioratio – жақсарту) – жерді жақсартуға бағытталған техникалық және шаруашылық-ұйымдастырушылық шаралар жиынтығы. Топырақты сумен, ауамен, қоректік заттармен қамтамасыз ету тәртібін жақсартуға, оны жел, су эрозиясы сияқты қатерлі құбылыстардан қорғауға мүмкіндік береді. Мұның негізінде ауылшаруашылық дақылдары мен мал азығы ретінде өсірілетін шөптерден ұдайы мол өнім алуға болады. Рекультивация дегеніміз – бұзылған жерлерді, территорияларды және табиғи ландшафттарды қалпына келтіруге бағытталған іс шаралар кешені. Рекультивация түрлері: тау-техникалық – алдын ала дайындау, тегістеу жұмыстары, құнарлы топырақ қабатын сыдыру, шұңқырларды тегістеу; биологиялық – дайындалған учаскелерде тұтас өсімдік жамылғысын қаллыптастыру: а) ландшафт құрастыру, грунттарды бекіту, демалыс аймағын жобалау, шабындық-жайылым алқаптарын қайта жасақтап өнімділікті қалпына келтіру; б) рекультивацияның басым бағытын анықтау: сушаруашылықтық, рекреациялық, құрылыстық т.б.; в) құрылыс – ғимараттар мен басқа да құрылыс объектілерін тұрғызу. Топырақты эрозиядан қорғау бірнеше топқа жататын іс-шаралар жүйесін қамтиды: ұйымдық-шаруашылық, агротехникалық, гидротехникалық. Топырақты эрозиядан қорғаудың агротехникалық іс-шаралары қатарына топырақтың эрозияға төзімділігін арттыратын өңдеу әдістерін қолдану, көпжылдық шөптер мен бір жылдық дақылдардың топырақты қорғау қасиеттерін пайдалану, қар тоқтату және оның еруі қарқынын реттеу, топырақ құнарлығын арттыру жұмыстары жатады. Егер жоғарыда көрсетілген шаралар су эрозиясын елеулі түрде бәсеңдетпесе, онда күрделі гидротехникалық шаралар қолданылады. Олар – тау беткейлерін террасалау, жыраларды бекітетін инженерлік құрылыстар салу, ирригациялық эрозия болдырмау үшін арықтардың, каналдардың табанын бетондау не басқа заттармен бекіту. Жойылу қаупі бар түрлер – тірі қалған ағзалар саны табиғи жағдайда популяцияны өзін-өзі сауықтыру және өзін-өзі қамтамасыз ету үшін жеткіліксіз, толық жойылу қаупі бар ағзалардың түрі. Мемлекеттiк дендрологиялық парк – ағаш пен бұта тұқымдарын қорғауға, молықтыру мен пайдалануға арналған аймақтар бойынша белгiленген күзет режимдерi бар табиғат қорғау және ғылыми ұйымдар мәртебесi бар ерекше қорғалатын табиғи аумақ. Мемлекеттiк зоологиялық парктер – мәдени-ағартушылық, ғылыми, оқу және табиғат қорғау қызметiне, тектiк қорды сақтауға және сирек кездесетiн және жойылып кету қаупi бар жануарлар түрлерiн жасанды орта жағдайында өсiруге арналған табиғат қорғау мен ғылыми ұйым мәртебесi бар ерекше қорғалатын табиғи аумақ. |
Оқушы өз жұбын табады Әдіс арқылы қайталау
Сұрақ жауап орындайды |
|
|||
Ортасы |
1-ТАПСЫРМА:Жаңа тақырыпқа қатысты 3-5 сөзден тұратын тест құрастыру.
2-ТАПСЫРМА: https://onlinemektep.org/schedule/lesson/1f5b6422-54b5-497c-9019-884b17f66f84 (Онлайн мектептен тапсырма орындау) |
Видеороликтан тақырыпқа сай берілген түсініктерді дамыту арқылы, мәтіндегі тапсырмаларды орындау барысында ой өрісін жетілдіру арқылы бәсекелеседі
Сұрақ жауап арқылы сұраққа жауап береді, логикалық ойлай білуі мен сыни көзқарасы таныта білу дағдылары қалыптасады |
|
|
||
Сабақтың соңы
|
Рефлексия. Бүгін сабақтың соңында қандай сезімде болдым?
Мүлде Сенімсізбін Аздап Сенімдімін
Өте сенімдімін
|
Бүгінгі сабақтан түйген ойлары мен тұжырымдарына байланысты кері байланыс жасайды. |
|
|
||
Скачано с www.znanio.ru
© ООО «Знанио»
С вами с 2009 года.