Географиядан ашық сабақ "Орталық Қазақстанның қалалары, елді мекендері" 9 сынып
Оценка 5
Интерактивная доска
docx
география
9 кл
05.03.2018
9-сыныпқа арналған сабақ жоспары, Іс-тәжірибе тарату мақсатында мұғалімдкрге көмек ретінде сабақ жоспарын жіберіп отырмын. Бұл сабағымның түрі сто-технологиясы бойынша құрлған. Сабақтың мақсаты: Орталық Қазақстан қалалары,, халқы және Қ.И.Сәтбаев зерттеулерінің маңызы туралы мәліметтерді, оқулық мәтінін пайдалана отырып, оқушылардың өз бетімен жұмыс жасау дағдысын қалыптастыру.
Оқушының ой қиялына ерік бере отырып, өз пікірін айтуға, қорытынды шығаруға төселдіру, теориялық білімін, зейінін дамыту, өз бетімен ізденуге дағдыландыра отырып, оқушының ойын, қабілетін дамыта отырып, еңбек сүйгіштікке, патриоттық сезімге, адамгершілікке, сыйластыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілдері: СТО стратегиялары, сатылай кешенді талдау, топтық, жұптық жұмыс.
Сабақтың формасы: топтық
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, плакаттар, атлас, кескін карта
Орталық Қазақстанның қалалары, елді мекендерің.docx
Күні: 22.02.18 Сыныбы: 9
Тақырыбы: Орталық Қазақстанның қалалары,ауылдық елді мекендері.
Сабақтың мақсаты: Орталық Қазақстан қалалары,, халқы және Қ.И.Сәтбаев
зерттеулерінің маңызы туралы мәліметтерді, оқулық мәтінін пайдалана
отырып, оқушылардың өз бетімен жұмыс жасау дағдысын қалыптастыру.
Оқушының ой қиялына ерік бере отырып, өз пікірін айтуға, қорытынды
шығаруға төселдіру, теориялық білімін, зейінін дамыту, өз бетімен ізденуге
дағдыландыра отырып, оқушының ойын, қабілетін дамыта отырып, еңбек
сүйгіштікке, патриоттық сезімге, адамгершілікке, сыйластыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың әдістәсілдері: СТО стратегиялары, сатылай кешенді талдау,
топтық, жұптық жұмыс.
Сабақтың формасы: топтық
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, плакаттар, атлас, кескін карта
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен амандасу, түгендеу, қалалардың аттарын таңдау арқылы топқа
бөлу:
1) Жезқазған, 2) Қарағанды
Психологиялық дайындық.
Тақтадағы суретке назар аударайық. Бұл бояусыз, жаны жоқ жүрек. Ал адам
жүрегі үнемі жақсы сөз, жылы тілек іздейді. Сондықтан осыған жылу беріп,
жандандыру үшін қолымыздағы жүрекшелерге тілек жазып, ортақ үлкен
жүрекке жапсырамыз.
Сонымен манағы жансыз жүрек нұрлы жүрекке айналды. Біз бірбірімізге
деген жақсы ниет, ақ көңілмен тілек тілей отырып сабағымызды бастаймыз.
ІІ. Тұсаукесер. (Қарағанды қаласы туралы бейнебаян көрсетіледі) бейне
баян арқылы жаңа тақырыптың мазмұны ашылады.
Үй тапсырмасын сұрау арқылы І кезең «Жұмбақ»
1. Қазақстан территориясын 5 экономикалық ауданға бөлген кім? 2. Орталық Қазақстан қандай экономикалық аудандармен шектеседі?
3. Орталық Қазақстан қандай табиғат ресурстарға бай және қандай ресурстар
жеткіліксіз?
4. Аудан халқының саны, халқының орналасу тығыздығы.
ІІ кезең «Балама тест» (ия,жоқ )
Қазақстан шаруашылығын аумақтық ұйымдастыру және экономикалық
аудандастыру.
1 Қазақстан – жер көлемі жағынан дүниежүзінде 9шы, Еуразияда 4ші, ТМДда
2ші орынды алатын ірі мемлекет. (иә)
2 Қазақстан әр түрлі құралжабдықтар, табиғи газ, жеңіл өнеркәсіп өнімдерін
экспорттайды (жоқ)
3 Мамандану – кәсіпорынның біртекті өнім шығаруы. (иә)
4 Аумақтық еңбек бөлінісінің нәтижесінде қалыптасқан және шаруашылығының
мамандануы мен кешенді дамуы жағынан бірбірінен айырмашылығы бар елдің
бөлігін экономикалық аудан дейміз. (иә)
5 Географиялық еңбек бөлінісі нәтижесінде экономикалық аудандар
қалыптасты. (иә)
6 Өнеркәсіп торабы – бұл бірбірімен өндірістік байланысы бар, бір немесе
бірнеше салаларды біріктіру. (жоқ. Өнеркәсіпті аудан)
7 «Аймақтарды дамыту» бағдарламасы 2012 жылы қабылданған.(жоқ
2011жылы)
8 Владимир Иванович Вернадский Қазақстан жерін бес экономикалық
ауданға бөлді. (жоқ. Н.Н.Баранский)
Екі топқа тапсырма: Сәйкестендіру.
І топқа
Экономикалық аудан
Облысы
Орталық Қазақстан экономикалық ауданы
Жамбыл, Қызылорда, Алматы, Оңтүстік Қазақстан
Оңтүстік Қазақстан экономикалық ауданы Ақмола, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан
Солтүстік Қазақстан экономикалық ауданы
Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстан
Шығыс Қазақстан экономикалық ауданы
Қарағанды
Батыс Қазақстан экономикалық ауданы
Шығыс Қазақстан
ІІ топқа.
Экономикалық аудан
Өнеркәсіп өнімдері
Орталық Қазақстан экономикалық ауданы
Май өнімдері
Оңтүстік Қазақстан экономикалық ауданы
Мұнай
Солтүстік Қазақстан экономикалық ауданы
Көмір, қара металл
Шығыс Қазақстан экономикалық ауданы
Астық және сүт өнімдері, көмір, қара металл
Батыс Қазақстан экономикалық ауданы
Қант, май
ІІІ. Мағынаны тану.
Қазақстанның экономикалық аудандарының бірі Орталық Қазақстан алып
жатқан ауданы бойынша бірінші орында және жеріне Европаның Англия,
Бельгия, Голландия, Дания елдері сыйып кетеді.
а) Тапсырма: Жаңа тақырыпты оқып шығуға 5 минут беріледі. Берілген
тақырыптарын оқулықты пайдалана отырып, тірек сызба сызу арқылы қорғау.
І топқа – ЭГЖ мен табиғат ресурстары.
ІІ топқа – Халқы, аумақтың дамуындағы Қ.Сәтбаев зерттеулерінің маңызы.
ә) Тапсырма: Алған білімдеріңізді сатылай кешенді талдау әдісі және кескін
карта толтыру арқылы дәлелдеу.
ІҮ. Ой толғау. Тақырып бойынша түйін сөз айту. Ү. Қорытынды.
Сонымен, балалар біз бүгін Орталық Қазақстан экономикалық ауданының
экономикалықгеографиялық жағдайы мен табиғат ресурстары, халқы және
Қ.И.Сәтбаев зерттеулерінің маңызы туралы білім алдық.
ҮІ. Үйге тапсырма. § 37 оқу. «Орталық Қазақстанның болашақ келбеті»
тақырыбында эссе жазу.
ҮІІ. Бағалау.
Географиядан ашық сабақ "Орталық Қазақстанның қалалары, елді мекендері" 9 сынып
Географиядан ашық сабақ "Орталық Қазақстанның қалалары, елді мекендері" 9 сынып
Географиядан ашық сабақ "Орталық Қазақстанның қалалары, елді мекендері" 9 сынып
Географиядан ашық сабақ "Орталық Қазақстанның қалалары, елді мекендері" 9 сынып
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.