"Хан"
Оценка 4.6

"Хан"

Оценка 4.6
Культурные мероприятия
docx
искусство +1
Взрослым
23.01.2017
"Хан"
Бұл материал қазақ хандығының 550жыл толуына орай қойылымға арналған сценарийі. Кез келген театр өнеріне қатысы бар үйірмелер мен клубтар өз тәрбиеленушілерімен бірге қойылымға айналдырып, жас ерекшелігі 10-нан 18-ге дейінгі балалар назарына ұсынуға болады. Қосымша білім беру ұйымдарының ұстаздарының назарына ұсынылып оытрған сценарий түрі.
Ханство.docx
Аудио 1. Ұлан ғайыр атырап, Ертіс пен Еділдің, Арқа мен Алатаудың арасы ­ қазақтың   алтын   бесік   Ата   жұрты.   Әбәрәкей,   кім   де   кім   осынау   қасиетті жерімізге   көз   алартып,   шырқымызды   бұзар   болса,   өз   қанына   өзін тұншықтырарымызды   біліп   қойған   абзал.   Төсекте   басымыз   қосылмаса   да, төскейде малымыз қосылған. Қай көршімізге айтарымыз осы! Дос болғанға құшақ ашық туыспыз, қас қылғанға қиып түсер қылышпыз. Перде көтеріледі. Көрініс 1. Күл төбе. Күл төбе басында Жәңгір хан мен екі­үш ақсақал, батырлар кеңес құрып отыр. Ақсақал 1: Еліміз тыныш, халқымыз аман. Осы күнімізге тәубе. Батыр 1: Ақсақал... елде тыныштық болса күл төбе басында жиын болмас еді. Ақсақал 2: Жау жүзін Құдай өзі аулақ қылсын... Батыр 2:  Қазақта жер дауы мен жесір дауы біткен емес. Ауыз біршілігіміз жоғалып, өз ішімізден өзіміз бөліне бастадық. Ақсақал 1: Жағдай қиын екен. Еліміздің заңдарыңа қарап жатқан жан жоқ па? Батыр 1: Дала заңдары бар! Күштілер мен әлсіздер ғана! Жәңгір:  Жетер!   Сөздеріңізден   халықтың   күйі   мәлім   болды.   Ұлан   байтақ жерімізге керегеміз қадамай жатып, шаңырақ қоюға болмас. Шабарман жүгіріп келді. Шабарман:  Уа, Жәңгір хан! Жоңғарлар тұтқиылдан шабуылдап Алатаудын ар жағындағы екі ауылды басып алды. Жәңгір: Міне мырзалар елді бірлікке шақыратын кез жетіп келді. Шабарман қазақтың барша батырларын ай толмай Ор бұлақ түбіне жиналсын. Батырлар, сіздер   үш   жүздің   қолын   жинаңыздар!   Ал   ақсақалдар   батамен   ел   көгерер, баталарыңызды беріңіздер. Жолға шығайық. Ақ сақал:  Алашқа Алла жар болсын , Ауыз біршілігіміз жарассын. Әумин! Барлығы орындарынан тұрып шығып кетті. « « « « Муз номер» » » » Соғыс болады Көрініс 2: Ауыл Әйелдер мен балалар ауыл шаруасымен айналысуда. Бір апа немересін жанына алып көрпе тігіп отыр. Немере: Апа, ағам қашан келеді? Әже: Айналайын құлыным, бұйырса елдің ерлерімен келеді. Немере: Апа, мен қашан майдаңға барам? Әже: Есейіп ер жеткенде, ел алдындағы борышыңды өтеу күні туады. Ол әр ер  азаматтың қасиетті парызы. Сенде ағаңдай батыр боласын! Абылайлап жауға  жабасын. Еліңді мына біздерді дұшпаннан қорғайсын! Немере: Апа, мен өскенде дәәәәу болам! Дұшпандардың бәрін қырып, елімізге  тыныштық әкелем. Әже: Әминь, балам. Тыныштық күнге жеткізсін. Бауырсақ көтеріп жас бойжеткен қастарыңа келді. Бойжеткен: Аман ба апа? Шаршамай жүрсіздер ме? Әже: Күнде істеп жүрген шаруа ғой Бойжеткен: Сіздерге бауырсақ әкелдім. Ағамнан хабар жоқ па? Әже: Ағаң елмен бірге ден аман келетін шығар деген үміттеміз, қызым. Бойжеткен: Жарайды, апа! Маған рұқсат, барайын. Бойжеткен шығып кетті. Бала ағаш көтеріп қылыш сияқты ауаға сермеп  жүр. Әже бойжеткеннің ізіңе қарай Әже: Қарағым, көп күтірмей келер ғашығың... Тойларыңды көруге жеткізсін. Музыкальный номер ­ Құсни Қорлан Көрініс 3: Жеңіс Немере:  Алақай!   Алақай!   Уа   халайық   сүйінші...   сүйінші...   Елге   батырларымыз келе жатыр! Ағаларымыз жеңіспен келе жатыр! Сүйінші... сүйінші... Ата: Аузыңа май, астыңа тай! Бір тайды сүйіншілеп берем! Әже:  Айналайын, ерлеріміз келе жатыр... Ата:  Уа,   халайық...   Дастархан   жайыңдар!   Батырларымыздың   жолыңа   кілем төсеңдер! Күй тартылсын, ән айтылсын! Немере: Ата өскенде мен де ағаларым сыңды елді дұшпандардан қорғайтын батыр болам! Ата: Бұйырса... Батыр боласын! Күй Көрініс 4. Абылай хан Қалдан Серен сарайы. Сарай төрінде Қалдан. Қалданның құзырына Абылайды  әкелді. Қалдан: Иә, Сабалақ құзырыма сұраныпсын! Абылай: Иә, Қалдан! Бас иіуге келгем жоқ, басыңды алар ой да жоқ! Қастықты  тоқтып, ауыз біршілікке шақыруға келдім. Қалдан: Хахаха! Қалайша? Қазақ пен Жоңғар ескіден бір­бірімен қас, сонда сен  тоқтатайық десек тоқтай қала ма? Абылай: Ол тек менің қолымдағы зат емес. Қалдан: ей, Сабалақ тұтқындықтан қашудың жолын тауып, бізді ақымақ көріп  тұрсын ба? Абылай: Ей, Қалдан! Есіңді ти! Шығысыңда аждаһар, сол түстігіңде аю жатыр! Қалдан: Керек болса, мен де жайдан жай емеспін! Мен Арыстанмын! Алып  кетіңдер... айласыңа болайын... Абылай: Ертең күн келсе кеш болады! Кеш болғанда мысық та бола алмай  қаласын! Қалдан: Жоңғар қолтайшысы Қалдан Серенді алдау оңай емес, қазақ! Оңай емес! Музыкальный номер­Заман­ай Көрініс 5. Ашаршылық. Кәдірбек қалқадан екі дөңгелекті жеңіл арбаны сүйреп шығады да,  доғарады: Кәдірбек: Бол­ей! Тез арт, жүкті! Үйден үкідей ұшып шыққан әйел қолындағы бүктеулі сырмақты арбаның  үстіне артты. Кәдірбек бір тартып, жердің шаңын бұрқ еткізіп,  сырмақты арбадан аударып тастайды: Кәдірбек: Мұны не қылайын деп жүрсің­ей? Басыңа қоймақсың ба? Қазанды  әкел, ана, бол! Киім­кешек, тулақ пен көрпелерді ғана ал... Әйелі үкідей ұшып үйіне қайта кіріп кетті. Іштен баланы сүйретіп кейуана шықты.  Кемпір кейи сөйледі: Кемпір: Кәдірбек­ау, енді таң атсын да? Ана Садырбек те жоқ... Кәдірбек оны­мұнысын жинап жүріп  бұрқ етті: Кәдірбек: Жоқ болса, жоқтауы ассын... Кемпір: Тек... Кәдірбек: Жүрген шығар сол, көрінгеннің етегін аңдып, болыңыз, тез... Мен  енді бір минөт те тұра алмаймын...      Әйелі үкідей ұшып, оны­мұныларды сайлап жүр. Кәдірбек: Ел бір түйір нанға зар болып жүрсе, сол иттің күшігіне қыз керек!  Жалғыз ешкіні алмай тұрып көшейік дегенде, қозғалғыларыңыз келмеген еді.  Енді ол да жоқ. Дамылдауға уақыт жоқ.  Көрініс 6: «Установление СВ, Репрессии» М. Дулатов, М.Жұмабаев, А.Байтұрсынов С.Сейфуллин,  Ә.Бөкейханов,  Ж.Аймаутов. Ату жазасына кесілгендер. Түрме камерасы. Байтұрсынов: Не жазып ем, Құдай­ау, мен қазаққа,  Мүбтала ғып салғандай бұл азапқа?! Адамшылық есебіне кірісіп, Қолы жетсін дегендік пе азатқа? Жөн көрсеттім қазақ деген намысқа, Жол сілтедім жақын емес, алысқа. «Өзге жұрттар өрге қадам басқанда, ­ Дедім, ­ сен де қатарыңнан қалыспа!» Жұмабаев: Бар ма, қазақ, мұнан басқа қылғаным? Неңді шаштым, неңді бұздым, былғадым? Аштан өлген аталарың бар ма еді, Тамақ үшін сатқан иттер иманын. Дулатов: Бәрінді де іздеп қарап көрермін, Тапқанымды тастамаспын, терермін. Миллат үшін еңбектері сіңген деп, Өсиет қып, кейінгіге берермін. Көрініс 7: ВОВ. Әлия әні. Видеоролик. Көрініс 8: Целина. Сахнада үлкен дорбалары бар, үш төрт адам бар. Сахна сыртынан Әділет: Мыналар кім болды екен? Ақерке: Қызық... Әділет пен Ақерке сахнаға шығып.  Әділет: Ассаламуалейкум ақсақал. Ақсақал: Уаалейкумассалам! Әділет: Қайдан боласыздар? Қара сақал: Кавказдан боламыз. Тоңазыған жерлерді игеруге келген  халықпыз. Ақерке: Әдеке, дастархан дайын. Әділет: Жүріңіздер, төрлетіңіздер. Әңгімемізді дастархан басында  жалғастырамыз.  Би. Көрініс 9. Желтоқсан уақиғасы. Қайрат: Елбең, елбең жүгірген, Ебелек отқа семірген, Арғымақ мінген жаратып, Ақ сауыт киген темірден. Алатаудай бабалар, Аруағыңмен жебей көр. Осы айтылған ақтық сөз – Туың болсын әрдәйім. Мойныма алып жаланы, Мен болайын құрбаның. Күнәден таза басым бар, Жиырма бірде жасым бар, Бозторғайдай жаным бар, Алам десең алыңдар. Қайрат деген атым бар, Қазақ деген затым бар, «Еркек төқтықұрбандық», Атам десең, атыңдар! Мен не етермін, не етермін, Мен келмеске кетермін. Көрмеген қош бол, таңдарым, Көре алмай мен өтермін. Қош аман бол, артымда, ағайын, туған азамат! Артымда қалған ата­анам, Ел – жұртым, саған аманат! Өсер ұлдың қай сәтте де бірлік болмақ қалауы – Лаула, лаула желтоқсанның мұзға жаққан алауы! Өздеріңдей ер – намысты жас өркені бар елдің, Ешқашан да еңкеюге тиісті емес жалауы! Жүргізуші: Ұлт намысын жыртып алаңға шыққан жалын жүрек  жастарымыздың арасында Чайковский атындағы Музыка училищесінің  студенті Ләззат Асанова желтоқсан құрбанына айналарын білмеген болар. Ар  ожданы озбырлықпен тапталып, жапа шеккен Ләззаттың қазасы әлі күнге  жұмбақ. Ана зары: Оу, көздің жасын бұлайын, Жүректі жеді – ау уайым. Саған ғұмыр бермеді – ау Жарылқағыш құдайым. Мынау неткен зар заман, Жүректіге тар заман. Сені өлтірген дұшпанға Зауал келсін Алладан. Құлыным менің қор болды – ау?! Заманың сенің зор болды – ау?! Желтоқсанның қайғысы Сан анаға сор болды – ау?! Заманына қайқайып, Қарсы тұрған боташым. Алтын сақа асықтай Алшы тұрған боташым. Дәл өзіңдей қыз туған Менде арман бар ма екен?! Көрініс 10. Егемен Қазақстан. Видеоролик. Ән.

"Хан"

"Хан"

"Хан"

"Хан"

"Хан"

"Хан"

"Хан"

"Хан"

"Хан"

"Хан"

"Хан"

"Хан"

"Хан"

"Хан"

"Хан"

"Хан"
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
23.01.2017