"ХХІ ғасыр ұстазы" эссе
Оценка 4.9

"ХХІ ғасыр ұстазы" эссе

Оценка 4.9
Исследовательские работы
docx
воспитательная работа
Взрослым
10.02.2017
"ХХІ ғасыр ұстазы" эссе
Ұстаз... Жай ғана қарапайым сөз... Осы қарапайым ұғымның әрбір адамзат жүрегінен орын алатыны, тек қана орын алып қана емес, оның өмірлік ұстанымының, дүниеге деген көзқарасының, адами қасиеттерді сіңіруінің қайнар көзі екендігі сөзсіз. Халқымыздың біртуар перзенті, қазағымның маңдайына сыймай кеткен нар тұлғаҰстаз... Жай ғана қарапайым сөз... Осы қарапайым ұғымның әрбір адамзат жүрегінен орын алатыны, тек қана орын алып қана емес, оның өмірлік ұстанымының, дүниеге деген көзқарасының, адами қасиеттерді сіңіруінің қайнар көзі екендігі сөзсіз. Халқымыздың біртуар перзенті, қазағымның маңдайына сыймай кеткен нар тұлға
эссе.Құмарбекова А.Қ.docx
Құмарбекова Аяулым Құмарбекқызы  Шығыс Қазақстан облысы,  Өскемен қаласы,  КГКП «Өскемен  медициналық колледжі»             Малекулярлық биология. және генетика пәнінің мұғалімі.    Тақырыбы: ХХІ ғасыр ұстазы Номинация: Педагогикалық эссе ХХІ ғасыр ұстазы Ұстаз...   Жай   ғана   қарапайым   сөз...   Осы   қарапайым   ұғымның   әрбір   адамзат жүрегінен орын алатыны, тек қана орын алып қана емес, оның өмірлік ұстанымының, дүниеге деген көзқарасының, адами қасиеттерді сіңіруінің қайнар көзі екендігі сөзсіз. Халқымыздың   біртуар   перзенті,   қазағымның   маңдайына   сыймай   кеткен   нар   тұлға Шәкәрім Құдайбердіұлы: «Адамның жақсы өмір сүруіне үш сапа негіз болады. Олар – адал еңбек, мінсіз ақыл, таза жүрек» десе, ұлы Абай «Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста, сонда адам боларсың елден ерек» деп толғаған. Міне, осы Абай мен Шәкәрімнің үндесе   айтқан   пікірлері   ұстаз   хақында  айтылған   секілді.  Себебі,  осы  қасиеттер   өз бойынан табыла отырып, оны ұрпақ бойына дарытатын да, дамытатын да ұстаз. Ұлы ағылшын   ағартушысы   Уильям   Уорд   «Жай   мұғалім   хабарлайды.   Жақсы   мұғалім түсіндіреді. Керемет мұғалім көрсетеді. Ұлы мұғалім шабыттандырады»­дейді. Білім беру   жүйесі   мамандардан   кәсіби   икемділік   пен   ұтқырлықты,   сан   қырлы шығармашылық   қызмет   пен   өзін­өзі   басқару,   өзін­өзі   ұйымдастыру   жағдайындағы біліктілікті қажет етеді. Өйткені, қазіргі жас буын – еліміздің келер күнгі келбеті. Бұл жөнінде   Елбасымыз   Нұрсұлтан   Әбішұлы   Назарбаев:   «Ғасырлар   мақсаты     ­   саяси­ экономикалық   және   рухани   дағдарыстарды   жеңіп   шыға   алатын,   ізгіленген   ХХІ ғасырды   құрушы   іскер,   өмірге   икемделген,   жан­жақты   жеке   тұлғаны   тәрбиелеп қалыптастыру»,   ­   деген   тұжырым   жасады.   Ол   үшін   бүгінгі   оқу   үрдісіне   сай педагогикалық шеберлік қажет. «Педагогтік шеберлік – дарынды талант емес, үйрену, ізденудің нәтижесі. Мұғалім шеберлігі жайлы жазылған дайын қағида жоқ, болуы да мүмкін емес. Адамның өзіне­өзі өмір бойы қоятын  және оған әрдайым жауап іздейтін санаулы   сұрақтары   болады   екен.  Мен   үшін   сол   мәңгі   сұрақтың   бірі   де   бірегейі   – «Мұғалім деген кім?». Алдымен осы сұрақтың жауабын тағы да бір айқындап бағайық. Мұғалімге тән ең бірінші қасиет – баланы құрметтеу. Оның адамшылық ар­ожданын, намысын,   тұлғасын   жасына   қарамай   сыйлау,   құрмет   тұту.   Бұл   мұғалімнің   терең дүниетанымы мен үлкен жүрегінен келіп шығады. Ал, ХХІ ғасырдың нағыз ұстазы қандай болмақ керек? Әрине, ол өз кәсібінің майталманы, осы мақсатқа рухани күш­ жігерін, парасат қуатын салу керектігі айтпаса да түсінікті. Осы тұрғыдан ұстаздық еңбек жолыма аз ғана уақыт болса да, «Ұстаз» ұғымына лайықты қызмет етуді өзімнің адами парызым деп білемін.  Сондықтан, әр сабағымда оқушылардың көңілінен шығуға тырысып, әрқайсысымен тыңғылықты жұмыс істеуге көңіл бөлемін. Ең бастысы, оқушының қызығушылығын оятып, көңілінен шыға білу, түсінбегенін   қандай   да   жол   тауып   ұғындыруға   жол   іздеу.   Осы   мақсатта   сабақ барысында оқушыларға жағымды ахуал орнату үшін «Шаттық шеңберін» пайдалансам, ары   қарай   қызығушылығын   арттыру   үшін   оқытудың   тиімді   әдіс­тәсілдерін пайдалануды  назардан  тыс  қалдырған  емеспін. Бүгінгі  шәкірт  заман  ағымына  орай ақпараттық технологиямен оқытуды қажетсінеді. Сабақ материалдарын жалаң түрде емес,   интербелсенді   тақта   арқылы   таныстырылымдар,   бейнежазбалар,   интернет желісін қолдану арқылы берудің маңыздылығын тәжірибемде байқап жүрмін. Дарынды балаларға   ізденушілік   бағыттағы   жеке   тапсырмалар   ұсыну,   жиі­жиі   байқауларға, олимпиадаларға,   қашықтықтағы   сайыстарға   қатыстыру   олардың   талаптарын   ұштай түсуде. Кез келген еңбектің жемісі болатындығы рас, қазіргі уақыттағы жетістіктерім үшін   де   іштей   қуанамын.   Студенттер   республикалық   биология   пәнінен   қашықтық олимпиадасынан 1 орын, халықаралық қашықтық олимпиадасынан І,2 орындарымен тағы да қуантты. Республикалық қашықтық олимпиадасынан Кенжеғалиева Балжан ІІІ орын, халықаралық «Новый урок» блиц­турнирден 5 оқушы І орын, Тлеуберді М­ІІІ орын   иеленді.   «Дарын»   ӨҒПО   ұйымдастыруымен   өтетін   облыстық,  республикалық интеллектуалдық   сайыстарына   үнемі   студенттерім   қатысып,   жүлделі   орындар иеленеді.  Студеттермен қатар өзім де байқаулардан, тәжірибе бөлісуден қалыс қалмауға тырысып   бағамын.   Биылғы   таңда   «Ақпараттық­коммуникациялық   технологияны қолданудың   тиімділігі»   тақырыбында   қалалық   семинар   өткізіп,   шеберлігімді шыңдамақшымын.   Республикалық   биология   пәні   мұғалімдерінің   ІІ   қашықтық олимпиадасына   қатысып,   «Үздік   нәтиже»   сертификатымен   марапатталдым.   Қазіргі заман талабына сай интернет желісін қолдана отырып, халықаралық «INFOUROK.ru» сайтында бірнеше мақалам жарияланып, әріптестеріммен тәжірибе бөлістім. Жаңашыл ұстаздың   нәтижелі   іс­әрекетінің   көрінісі   үнемі   ізденімпаздығында   болғандықтан, көбірек     тәжірибе     алмасу   мақсатында   осы   сайт   арқылы   өзіме   жеке   сайт   аштым. Халықаралық блиц­турнирде жеңімпаз оқушылар дайындауда ерекше үлем қосқаным үшін алғыс хатпен марапатталып, өз еңбегімнің бекер еместігін түсіндім.  Биология пәні мұғалімдігімен қатар алып жүрген сынып жетекшілік еңбегімде де ауыз толтырып айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізе алдым. Қазіргі таңда «Тәрбие үрдісіне   жаңаша   мазмұн   бере   отырып,   жеке   тұлғаны   қалыптастыру»     тақырыбы аясында   жұмыс   жасап   жатырмын.   Жетекші   педагок   ретінде   студенттерді   үнемі белсенді өмір сүруге, адалдыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеймін.  Қазіргі білім беру саласы қызметкерлерінің алдында тұрған басты проблема – жаңа формацияның жаңа ұстазын қалыптастыру. Жаhадану дәуірі – әлемдегі елдердің бәсекелестік   жағдайында халықаралық деңгейде өзара кірігу үрдістерінің жандану дәуірі   де   болғандықтан,   білім   –   пайдалы   инвестиция   саласы   ретінде   еліміздің экономикалық,   әлеуметтік   және   саяси   даму   тұрақтылығын   қамтамасыз   етеді.   ХХІ ғасыр   ұлттық   бәсеке,   ақпараттық   сайыс,   инновациялық   технологиялар,   күрделі экономикалық   реформалар   сияқты   көріністерімен   ерекшеленеді.   Сол   кезеңге   сай интеллектуалды,дені   сау,   ой­өрісі   жоғары   дамыған,   халықаралық   деңгейге   сәйкес білімі бар азаматты тәрбиелеу – әр мұғалімнің міндеті. Мұғалім – барлық білім беру жүйесінің негізі, жаны және жүрегі. Мұғалімнің негізгі басты мақсаты – рухани бай, ізденімпаз, адамгершілігі мол адамды қалыптастыру болып табылады. Қазіргі заманғы мұғалім информатор, бақылаушы, тексеруші, жазалаушы қызметін тастап, керісінше ізденуші,   зерттеуші,   технолог,   өнертапқыш,   шығармашылықпен   жұмыс   істейтін жаңашыл болуы керек.  Ұстаздың   кәсіби   шеберлігінің   негізі,   біріншіден,   мұғалімнің   өмірге   көзқарасы, оның идеялық нанымы. Екіншіден, пәнді жетік білуі, ойын оқушыларға жеткізу үшін жан­жақты, терең дайындықпен баруы, оқушылар бойына әдеп, әдет, дағды сияқты жақсы   қасиеттерді   сіңіруі,   моральдық   нормаларды   білуі.   Үшіншіден,   оқыту   мен тәрбиелеудің әдіс­тәсілдерін міндетті түрде меңгеру. Білім берудің ұлттық моделіне көшкен   қазіргі   мектепке   ойшыл,   зерттеуші,   практикалық   қызметте   педагогикалық үйлестіруді   шебер   меңгерген   психолог,   педагогтік   диагностика   қоя   білетін   іскер мұғалім қажет.  Білім берудің мақсатын айқындау үшін Жүсіпбек Аймауытовтың мына сөздерін еске алған жөн: «Білім ошағын бітіріп шыққан соң бала бүкіл әлемге, өзгенің және өзінің   өміріне   білім   жүзімен   ашынған   саналы   ақыл   көзімен   қарай   білсе,   міне, білімдендірудің көздейтін түпкі мақсаты – осы». Жақсы мұғалім  ­ бұл қай кезде де ең алдымен, кәсіби деңгейі жоғары, интеллектуалдық, шығармашылық  әлеуеті мол тұлға. Ол оқытудың жаңа технологияларын өмірге ендіруге дайын, оқу­тәрбие ісіне шынайы жанашырлық танытатын қоғамның ең озық бөлігінің бірі деп есептеледі және солай болуға тиіс.

"ХХІ ғасыр ұстазы" эссе

"ХХІ ғасыр ұстазы" эссе

"ХХІ ғасыр ұстазы" эссе

"ХХІ ғасыр ұстазы" эссе

"ХХІ ғасыр ұстазы" эссе

"ХХІ ғасыр ұстазы" эссе

"ХХІ ғасыр ұстазы" эссе

"ХХІ ғасыр ұстазы" эссе

"ХХІ ғасыр ұстазы" эссе

"ХХІ ғасыр ұстазы" эссе
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
10.02.2017