Публикация является частью публикации:
Ақпарат дегеніміз не?
Ақпарат – бұл бізді қоршаған әлемді таңбалар мен сигналдардың көмегімен бейнелеу
“Ақпарат”сөзінің пайда болу тарихы
"Ақпарат" сөзі латынның түсіндіру, баяндау, мәлімет деген ұғымдарды білдіретін informatio сөзінен шыққан.
Ақпараттың қолданысы
Қазіргі кезде ақпарат күнделікті тұрмысқа, ғылымның әр түрлі: философия, экономика, физика, математика, информатика т.б. салаларында кеңінен енді.
"Ақпарат" деген сөз белгілі бір хабардың, жаңалықтардың өткен оқиғалардың мазмұнын білдіреді.
Ақпарат материямен және энергиямен
қатар бізді қоршаган ортаның құрамды
бөліктерінің бірі болып саналады.
Ақпарат түрлері
статикалық (тұрақты)
немесе динамикалық
алғашқы (кірістік), туынды (аралық) немесе шығыстық
басқарушы және мәлімет беруші
объективті және субъективті
Ақпарат қасиеттері
Толықтық
Сенімділік (анықтық)
Бағалылық
Маңыздылық (актуалдық)
Айқындылық
Қысқалық
Нанымдылық
Тірі табиғатта ақпарат беру мен өңдеу мысалдары
Жануарлар өздерінің жерлерін қорғап, иісті белгілер калдырып кетеді.
Басқа жануарлар иіс сезу мүшесі арқылы бөгде иісті сезіп бөтен жерден кетеді.
Жарғанат қараңғыда ұшқанда ультрадыбысты толқынды жібереді, олар әр түрлі заттардан шағылып оралып қабылданады, оған қайта кеңістікке бағытталуға мүмкіндік береді.
Тірі табиғатта ақпарат беру мен өңдеу мысалдары
Кейбір ағаштар бір-біріне құрттар шабуыл жасағаны туралы мәлімет бере алады. Мұндай хабардан кейін олар қорғану үшін, жапырақтарына улы заттар шығарады.
Ақпарат беру мен өңдеу ұрпақтан ұрпаққа генетикада жануарлар мен өсімдіктердің қажетті қасиеттері бекіту мен селекция сұрыптау үшін қолданылып келеді.
Ақпаратты беру құралы
Адам
Тілдері
Телекоммуникация құралдары
Тірі табиғаттағы биохимиялық процестер, т.б.
Ақпаратты жеткізу қалай жүзеге асады?
Ақпарат алмасу үшін жолдаушы,қабылдаушы болады.
Хабар жеткізуші құралдарды ақпаратты жеткізу арнасы деп аталады.
Олар телевизор, радио, газет, компьютерлік
желі т.б.
Ақпаратты өңдеу дегеніміз не?
Ақпаратты өңдеу деп- ақпарат алуды, оның мазмұнын өзгертпей, ұсыну түрін өзгертуді, алынған ақпаратты бір ретке келтіруді және жаңа ақпарат іздеп толықтыруды айтады.
Адам ақпаратты кем дегенде үш деңгейде өңдей алады
Физиологиялық деңгейде (сезім мүшелері)
Ақылмен ойлау деңгейде
Аңдаусыздық деңгейде
Гендер арқылы тұқым қуалау ақпараттарын береді
Бейнелік және таңбалық ақпарат
Бейнелік ақпарат -табиғат көріністерін, кескіндерді, дәм, иіс, сезу мүшелері арқылы қабылданған ақпарат
Таңбалы ақпаратқа сөйлеу, жазу түрінде алынған ақпараттар жатады. Ауызекі тіл де таңбалы ақпаратқа жатады себебі әр түрлі таңбалардан тұрады, бірақ олар дыбыстық таңбалар-феномендер деп аталады.
Таңба түрінде қатынасуды қатынас тілі деп атайды. Табиғи қатынас тіліне: қазақ, орыс, ағылшын тілдері жатады. Жасанды тілдерге математика, физика, компьютермен қатынасу тілдері жатады.
Материалы на данной страницы взяты из открытых источников либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.