Cыныптан тыс сабақтың
тақырыбы: «Информатика
әлемінде..........»
Сайыс 8 сынып оқушыларының арасында
өтеді. Бұл сабақты оқушының тарау бойынша
алған білімін ойын элементтері арқылы тексереміз.
Қатысып отырған барлық
оқушыларды бізбен бірге информатика еліне саяхатқа
шығуға шақырамыз. Өздеріңізбен бірге тез ойлау,
тапқырлық, ептілік, шапшандық қасиеттеріңізді ала
жүрулеріңізді ескертеміз.
Сабақтың мақсаты:
Оқушылардың зеректік қабілетін
дамытып ой өрісін кеңейту, білімге деген
құштарлығын арттыру, озық ойлы, білімді оқушыны
анықтау.
Оқушылардың дүниетанымын,
білімге қызығушылығын және ойлау қабілеттерін
дамыту.
^ Сабақтың
түрі: сайыс сабақ
Сіздермен бірлесе отырып, “Информатика
әлемінде..........” атты сайысымызды бастауға
рұқсат етіңіздер.
М.Мақатаев «Поэзия»-сынан
Компьютер
Менімен егіз бе едің,
Сен мені сезесің бе, неге іздедім?
Информатика кабинетінен сені іздедім,
Мультимедиядан, физикадан сені іздедім
Сені іздедім ұстаздардан,
Мектептерден, кабинеттен, парталардан,
Дүкендерден, фабрикадан, зауыттардан,
Сені іздедім жоғалған замандардан.
Сені іздедім интернеттен, агенттерден,
E – mail-дан іздедім, пошталардан,
Сені іздедім
Іздеймін шыдам бар ма?
Сені маған егіз ғып жаратқан
ба?
Ендігі кезек өз білімділігімен,
алғырлығымен, тапқырлығымен танылатын оқушыларда.
Оқушылар екі командаға бөлінген.
Команданың аттары: 1 топ: « », 2-топ: « ».
Әр командада 6 оқушыдан.
Сайыс шарты мен өтуі:
Сайыс 5 кезеңнен тұрады.
1 кезең «Ия не жоқ»
Әр топқа 6 сұрақтан
беріледі. Сұраққа “иә” не “жоқ” деп жауап беру
керек. Әр дұрыс жауапқа карточкалар
беріледі.
І топтың сұрақтары:
1. “ ІNFORMATION” латын сөзі мәлімет дегенді білдіреді ме? ( иә)
2. Ақпарат тасушы – сигнал болып табыла ма? (жоқ)
3. Мәтін, радио арқылы хабар, арифметикалық мысал графикалық ақпаратқа жата ма? (жоқ)
4. Жүйелік бағдарламалардың негізгі болып интерфейс табыла ма? (жоқ)
5. 1642 жылы алғаш қосу машинасын француз математигі Блез Паскаль ойлап тапты ма? (иә)
6. ЕNIAC –тың (І ЭЕМ) салмағы 1 т болды ма? (иә)
ІІ топтың сұрақтары:
1. Монитор бетіндегі түрлі түсті нүктелер пикселдер деп атала ма? (иә)
2. Пернетақтаның регистрін ағылшын алфавитінен орыс алфавитіне ауыстыру: Alt+Ctrl ма? (жоқ)
3. Суретте көрсетілген сканерде кез келген кескінді сканерлегеннен кейін графикалық бағдарламаларда өңдеуге бола ма? (иә)
4. Суретте көрсетілген қатқыл диск басқаша винчестер деп атала ма? (иә)
5. Суретте көрсетілген қапшық немесе бумада бірдей атпен, бірақ әр түрлі уақытта сақталған файл (құжат) сақтауға бола ма? (жоқ)
6. Пернетақтада абзацтан жазу пернесі Сарs Lock болып табыла ма? (жоқ)
2 кезең – «Ғажайып алаңы»
Мәңгі бақи есте қалар
Ғажайып бір кеш болсын
Білімдірек шәкірт озар
Қиынырақ сұрақ болсын.
(Информатика пәні бойынша сұрақтар сандар арқылы ұяшықтарда көрсетіледі)
«Операциялық жүйе» бөлімі бойынша
30. Жұмыс үстелі дегеніміз және оның негізгі объектілері? (ОЖ жүктелгеннен кейін пайда болған экран және Windows ОЖ негізгі терезесі. Негізгі объектілері: Менің компьютерім, қоржын, менің құжаттарым, желілік орта)
40.Архивтік программа дегеніміз не және оның түрлері қандай? (Үлкен көлемді файлды немесе буманы қысу арқылы көлемін кішірейту. Win RAR, Win Zip, ARJ, PKZIP)
50. Жүйелік блоктың ішкі құрылғыларын ата? (процессор, аналық тақша, оперативті жады, тұрғылықты диск, алмалы дискілерге арналған диск жетегі, CD, DVD диск жетегі)
«Есептеуіш техника негіздері» бөлімі бойынша сұрақтар
30. Excel мүмкіндіктері (Кесте құру, ат қойып дискіде сақтауга, сақталған кестелердге түзетулер жасауга, кестеге жол, баған, ұяшық қосуға, алып тастауға, ұяшықтарды өсуі немесе кемуі бойынша сұрыптауға, формулаларды қолданып есептеулер жүргізуге, кесте бойынша диаграмма құруға, суреттер кірістіруге, баспаға шығаруға)
40. Алгоритм деген не және оның түрлері? (Орындаушының қандай да бір мақсатқа жетуі. Түрлері : сызықтық, тармақталған, циклдік)
50. Қайталану командалары? (арифметикалық цикл -For,шартын соңынан тексеретін repeat, шартын алдын ала тексеретін- while
«Аралас сұрақтар» бөлімі
30.Операциялық жүйе қызметі? (компьютердің барлық ресурстарының жұмысын басқарады)
40. Microsoft фирмасын құрған адам? (Билл Гейтс)
50.Антивирустық құралдар (детектор программалар, доктор-программалар, ревизор программалар, фильтр-программалар)
3 кезең. «Сергіту»
Бұл кезеңде әр топқа 2
логикалық сұрақтар қойылады. Дұрыс жауап
карточкамен бағаланады.
1 сұрақ. Автобуста 4 жолаушы бар. 1 аялдамадан 2 жолаушы мінді,
2-ші аялдамадан 1-еуі түсіп 3-еуі мінді, келесі аялдамадан 4-еуі мініп
2-еуі түсті, келесіден 3-еуі мініп 1-еуі түсті, сонан соң
5-еуі түсіп, 4-еуі мінді. Автобус неше аялдама жүрді? (5
аялдама)
2 сұрақ. Әртіс Сұлтанның мойнына
оның әйелі Майра, екі ересек қыздары – Айман мен Шолпан
және үш кішкентай ұлдары Алдияр, Мадияр және Шадияр
отырады. Цирк әртісінің мойнында қанша адам отыр? (1
адам)
3 – сұрақ .Мұраттың
он қойы бар. Тоғызынан басқасы өліп қалды.
Қанша қойы қалды? (9 қой)
4-сұрақ. Әдетте ай 30 немесе 31 сандарымен
аяқталады. Қай айда 28 саны бар? (12 айда да)
5-сұрақ. Қолдарында он саусақ бар? 10 қолда
қанша саусақ бар? (10)
6- сұрақ. Таяқты 12 бөлікке бөлу
үшін, неше рет кесу керек? (11)
4 кезең. “Ақпаратты
өңдеу”
Ақпаратты мақал – мәтелдермен сәйкестендіріп
өңдейді.
1. Жігітті компьютеріңе қарап, бағала . (Жігітті досына қарап, бағала)
2. Байт биттен құралады . (Теңге тиыннан құралады)
3. Вирустан қорыққан, Интернетке шықпас . (Шегірткеден қорыққан, егін екпес)
4. Компьютердің жұмысы, иесіне мәлім (Аттың сыры, иесіне мәлім)
5. Веб дизайншының өз еркі, сайтты қалай жасаса да (Қазаншының өз еркі, қайдан құлақ шығарса)
6. Білмесең, “анықтамадан” сұра (Білмесең білгеннен сұра)
7. Бір ядролы процессор жақсы, ал екі ядролы процессор одан да жақсы (Бір бас жақсы, екеу одан да жақсы)
8. Антивирусы күштіні - Вирус ала алмайды. . (Досы күштіні-жау алмайды)
9. Күлсең ескірген компьютерге күл (Күлсең кәріге күл)
10. Компьютерде екі колонка, дауысы жер жарады. (Айдағаны бес ешкі, ысқырығы жер жарады)
Көрермендерге жұмбақ
жасыру.
1. Ақпаратты сақтап таратқан,
Жұртты өзіңе
қаратқан (Компьютер)
2. Батырмасын басасың,
Қажетті файлды ашасың (тышқан)
3. Компьютермен енеді,
Қағаз басып береді (Принтер)
4. Жануарға ұқсас атым бар,
Бағдар көрсететін затым бар,
Кілемше үстінде тұрамын
Ең қажетті құралмын
(тышқан)
5. Экранның бетінде оның тұрағы,
Қашан болсын жыпылықтап тұрады
(меңзер)
6. Ұзын тұра Жалқаубек,
Тұрмайды ылғи жатады,
Қозғала қалсаң артынан
Ешбір белгі қалмайды. (Бос пернесі)
7. Компьютердің айнасы,
Бағдарыңды таңдашы.
Сурет, сөзін көрсетіп,
Тиер саған пайдасы (монитор)
8. Қанша тетік тізілген,
Саусағыңды сезінген.
Барлық сенің ойыңды,
Компьютерге енгізген (пернетақта)
9. Бар нәрсеге жетік,
Миы күшті тетік.
Ол арқылы сөйлесіп,
Кетесің шетелге де өтіп (интернет)
10. Барлық сурет, мәтінді
Компьютерге енгізген
Керек емес жеріңде
Компьютерден өшірген (сканер)
6 - кезең “Ақпаратты
сәйкестендіру”
Бұл кезеңде информатика
пәнінен сұрақтар беріледі, соның сәйкестіктерін
табулары қажет.
1. Адамдарды өзіңе бағындыратын әлжуас (информатика кабинеті)
2. Бар құрылғыны басқаратын, кеудесін керіп қасқаятын ми (Жүйелік блок)
3. Өзінен зиянды сәуле шашатын, адам көзін құртатын (Монитор)
4. Саусақтарды билететін, экранға мәтінді сый ететін, жоқ деп мүлде айта алмайтын, ия-ні қолдап қайталайтын (Пернетақта)
5. Пернеден жасқанатын, адам көмегімен басқарылатын қорқақ компьютердің кенже баласы (Тышқан)
6. Тышқанның ең жақын туысы (Джойстик)
7. Принтерден асып түсетін мешкей (Сканер)
8. Пернетақтаның балалары (Пернелер)
Карточкаларды санап, жеңген топты
анықтау. Екі топты да марапаттап, сыйлықтарын табыстау. Осымен
ойынымыз аяқталды. Назарларыңызға рахмет! Сау
болыңыздар!!!
© ООО «Знанио»
С вами с 2009 года.