Білім беру саласы: Қатынас. Шығармашылық.
Білім көздері: Интегралдық сабақ
Тақырыбы: Үй жануарлары
Мақсаты: Балаларды үй жануарларымен таныстыру.
Міндеттері:
Білімділік: Сөздерді байланыстырып сөйлеуге үйрету;
сұрақтарға толық жауап беруге дағдыландыру.
Дамытушылық: Сөздік қорларын молайту.
Шығармашылық қабілеттерін арттыру.
Тәрбиелеік: Үй жануарларына қамқорлық жасай білуге
үйрету.
Керекті құралдар мен материалдар: Үй жануарларының
«3 –д» слайд суреттері, табиғи заттар, үнтаспа.
Әдіс – тәсілдер : әңгімелеу, түсіндіру, сұрақ – жауап, ойын.
Сабақтың барысы: Шаттық шеңбері
Амансың ба, Алтын күн!
Амансың ба, Жарқын күн!
Амансың ба, достарым!
Сендерді көрсем қуанамын!
(Достар бірбірін құшақтайды, достарына жақсы тілектер
айтады)
1 Тәрбиеші: «Кім шапшаң?» ойыны . Балаларға шеңбер
бойымен доп бере отырып сұрақтар қойылады, балалар
жауабын айтады.
Бір жылда неше мезгіл?
Жыл мезгілдерін ата?
Қазыр қай жыл мезгілі?
Қыс мезгілінің қай айы?
Бір аптада неше күн бар?
Бүгін аптаның нешінші күн?
Жарайсыңдар!
Енді, балалар орындарыңа отырыңдар. Балалар , суретте не
көріп тұрсыңдар?
Балалар жауаптары: қой, сиыр, жылқы, ешкі, түйе.
Оларды бір сөзбен не деп айтуға болады?
Балалар жауаптары: Үй жануарлары деп айтамыз.
Үй жануарлары қандай пайда келтіреді?
Балалар: Қой – үй жануары. Қой ұсақ жануарға жатады.
Қой жүнінен киіз көрпе жасайды,жылы киімдер тоқылады.
Қой етін, сүтін пайдаланамыз.Жылқы – жеті қазынаның бірі.
2 Жылқы – мінсе көлік. Сүтінің емдік қасиеті бар. Жылқы
сүтін қымыз дейміз.Жылқы еті де дімді және пайдалы.
Бұл сиыр. Сиыр – өте пайдалы. Сиыр бізге ет, сүт береді.
Сүттен май, қаймақ, құрт, ірімшік жасайды.
Ешкі де үй жануары. Ешкінің де сүті емдік сусын ретінде
пайдаланады. Ешкінің де жүнінен жылы киімдер тоқылады.
Түйе – төрт түлік малдың бір түрі. Түй е ірі жануар. Ол бізге
шұбат береді. Түйенің жүнінен әр түрлі көрпе жасалып,
киімдер тоқылады.
Тәрбиеші: Қазақ халқы төрт – түлікті қастерлейді, жақсы
көреді. Бағады , жем, су береді. Үй жаунарларын сауады,
күтім жасайды.
Дидактикалық ойын:»Не артық?»
Суреттен үй жануарларын тауып айтып, артық суреттерді
атайды. Неге артық екені түсіндіріледі.
Балалар: Суретте үй жанурлары сиыр, қой, ешкі, жылқы,
түйе. Ал, артық түлкі, аю. Өйткені олар жабайы жануарлар.
Ойын: «Төлін тап»
Суреттегі үй жануарларының төлдерін тауып тайды.
Сиырдың төлі – бұзау.
Жылқының төлі – құлыншақ.
Шопан ата кіріп амандасады: Сәлеметсіңдер ме балалар..
Мен қой бағушы Шопан атамын.
3 Тәрбиеші: Бәрекелді Шопан ата, төрлетіңіз жақсы келдііз.
Шопан ата: Балалар, менімен ойын ойнағыларың келеме?
Ұлттық ойын: «Үй сыртында қолағаш»
Балалар шеңберде тұрып ойнайды. Балалар мен сендерге
тапсырмаларым бар.
Балалар, менің үйде екі кішкентай немерелерім қыздарым
бар. Қыздардың аттарын білгілерің келеме?
Балалар: Әрине!
Шопан ата: Ендеше мына суретке назар
аударыңдар.Суреттерді атайық та екі сөзді біріктіріп
айтыңдар. Міне менің немере қызымның аты шықты.
Балалар: Ботакөз. Айгүл.
2 тапсырма.
Суреттегі музыкалық аспапты атап, бірінші дыбысынан
төлдің атын құраймыз.
Балалар жауаптары: Қоян қ дыбысынын құлыншақ, қозы.
Барабан б дыбысынын бұзау,бота.
Шопан ата: Жарайсыңдар! Менің тапсырмаларымды дұрыс
орындадыңдар. Рахмет!Мына менің сиқырлы қоржынымды
тәрбиешілеріңе берейн, ол қоржында сендерге силығым бар.
Мен енді ауылыма жолға шығайын. Сау болыңдар.
Тәрбиеші: Балалар Шопан ауылына кетті, ал сендер ауыл
туралы не білесіңдер?
4 Балалар жауаптары.
Тәрбиеші: Осы қоржынның ішінде не бар екенін келесі
тапсырманы орындаған соң қоржынды ашамыз. Осы ауыл
көрінісін көз алдарыңа елестетіп маған құрастырып
беріңдерші.
Балалар табиғи заттарымен ауыл көрінісін бейнелейді.
Қорытынды : Балалар сонымен бүгін не жайлы
әңгімелестік? Үй жануарлары жайлы әңгімелестік.
Бізге қонаққа кім келді? Шопан ата келді.
Қой бағатын адамды кім дейді? Шопан ата дейді.
Балаларды мақтау, мадақтау.
Қоржынды ашып балалрға сыйықты беру.
(Қоржын ішінде бауырсақ)
Балалармен қоштасу.
5
Интегралды сабақ "Үй жануарлары"
Интегралды сабақ "Үй жануарлары"
Интегралды сабақ "Үй жануарлары"
Интегралды сабақ "Үй жануарлары"
Интегралды сабақ "Үй жануарлары"
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.