Мен қазақ тілі пәнінің мұғалімі Жолжанова Г.Р. сіздерге 5 класс қазақ әдебиеті пәні бойынша А.Сейдімбектің "Әйел-ана" ертегісі тақырыбында ашық сабағын назарларыңызға ұсынып отырмын. Ұсыныстарыңыз бен ескертулеріңіз болса айтарсыздар. Сіздердің ұсыныстарыңды қуана қабылдаймын. Біздей жас мамандарға тәжіриебелі ұстаздардан қолдаулар мен ұсыныстар өте қажет.5 класс қазақ әдебиеті пәні бойынша А.Сейдімбектің "Әйел-ана" ертегісі
ашық сабақ.docx
Сабақтың тақырыбы: Ақселеу Сейдімбек «Әйел ана» ертегісі
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: Оқушыларға тақырып туралы түсінік беру, әдеби ертегілер туралы түсініктерін кеңейту.
2. Тәрбиелік: оқушыларды адамгершілікке, ізгілікке баулу, елжандылыққа тәрбиелеу.
3. Дамытушылық: оқушылардың әдеби дүниетанымдарын кеңейту, пәнге деген
қызығушылықтарын арттыру, мәнерлеп оқу дағдыларын дамыту.
Сабақтың типі: жаңа сабақ.
Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ.
Сабақтың әдіс тәсілі: әңгімелеу, талдау.
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, флепчаттар, маркерлер
Пәнаралық байланыс: тіл, тарих, география.
І. Ұйымдастыру кезеңі:
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау. Сұрақ жауап:
1.Оқушылармен сәлемдесу.
2. Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.
3. Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.
Әбділда Тәжібаев «Толағай» ертегісі (әңгімелеу)
«Ыстық орындық» әдісі арқылы үй тапсырмасын бекіту.
1.Әдеби ертегілер деген не?
2. Әдеби ертегілердің халық ертегілерінен қандай айырмашылығы бар?
3. Толағай ертегісіндегі кейіпкерлер кімдер?
4.Толағай ертегісінің тақырыбы не жайлы?
3.Идеясы қандай?
4.Қазіргі кезде Толағайдай қандай азаматтарымыз бар?
ІІІ.Жаңа сабақ. Ақселеу Сейдімбек Әйел Ана
Ақселеу Сланұлы Сейдімбек
жазушы, зерттеуші, ғалым, филология ғылымының докторы , профессор
Туған күні: 22.12. туылған. 16.09.2009 жылы қайтыс болды.
Туған жері:
Байдалы би ауылы, ,
Білімі:
жылы ҚазМУді бітірген.
Қызмет жолы:
() «Лениншіл жас» газетінің тілшісі
() , « жауапты хатшысы
ж. «Социалистік Қазақстан» газетінің бөлім меңгерушісі.
ж. «Білім және еңбек» журналының бас редакторы.
ж. «Әлем» альманағының бас редакторы.
ж. ҚазКСР ғылым академиясының Әдебиет және институтында ғылыми қызметкер , аға ғылыми
қызметкер, жетекші ғылыми қызметкер, бөлім меңгерушісі болды.
ж. Қазақтың Ы. атындағы Білім проблемалары институтының директоры.
жылдан , кафедра меңгерушісі.
Шығармашылығы:
Алғашқы әңгімелер жинағы "Ақиық" 1972 жылы жарық көрген, « Қыр хикаялары» (), «Тауға біткен
жалбыз» (), « Кеніш» (), «Алпамыс батыр» (), «Серпер» (), «Ақ қыз » () және т.б. әнгіме, повесть,
очерктері, «Күңгіркүңгір күмбездер» (), «Мың бір маржан» (), «Қазақтың әйгілі күйшілері» (),
«Балталы бағаналы ел аман бол» () , «Күй шежіре » (), « Көшпелілер тарихы» (), «Ойтолғақ» (),«Күй
шежіре» (2т.; ), «Қазақ әлемі» () атты ғылымитанымдық еңбектері жарық көрді . Гомердің «Илиада»,
«Одиссеясын» (қара сөзбен әңгіме, 1974), И. Можейқаның «Әлемнің 7 және 37 кереметін» () қазақ
тіліне аударды. Шығармалары ағылшын , венгр, неміс, орыс, өзбек, чех, эстон тілдеріне аударылған.
«Құрмет» орденімен марапатталған.
Қайтыс болуы:
Ақселеу Сейдімбек 2009 жылдың 16 қыркүйек күні Астана қаласында қайтыс болды. Жазушының
өсиеті бойынша, Ақселеу Сейдімбек Жаңаарқа ауданының орталығы Атасу кентінің іргесіндегі
Қарауылтөбеге жерленді. 19 күнгі қаралы митингке Астана қаласының әкімі , , , , қатысып, сөз
сөйледі.
«ӘйелАна» әңгімесін сатылай кешенді талдау әдісі бойынша түсіндіру ӘйелАна
Күншуақ елі
Қапыда шапқан жау
Жау әміршісінің жарлығы
Тұтқындардың шешімі
Ақ шашты ананың ақылы
Жау әміршісінің алдануы
Қасиетті сөз
Әдеби ертегілер сюжетіне ел аузындағы аңыз әңгімелер немесе жазушының қиялынан туған қиял
ғажайып оқиға негіз болатын, авторы белгілі көркем шығарманың бір түрі. Жазушы Ақселеу
Сейдімбектің «ӘйелАна» ертегісі осындай көркем шығарманың түріне жататын ертегінің бірі.
Ертегінің жалпы мазмұны:
Ерте кезде ғажайып бір өлкеде мамыражай тірлік кешкен, кішісі үлкенін сыйлаған, үлкені кішісіне
қамқор болған, ер көңілді жігіттері, ақылына көркі сай ару қыздары бар, ынтымағы жарасқан Күншуақ
деген ел болыпты деп басталады ертегі. Сол елдің айрандай ұйыған тіршілігін көре алмаған, түгін
тартса, майы шығатын жеріне қызыққан жау тұтқиылдан шабуыл жасап, қапыда қалған жұртты тұтқын
қылып, кіріптарлыққа ұшыратады. Тас қамалға қамалған тұтқындарға бірде жау ханының жарлығы
жеткізіледі. Асқан зымияндықпен ойластырылып, босқан елдің еңсесін мүлдем түсіруді мақсат еткен
ханның түпкі ойы елді мүлдем тоздырып, өзіне түбегейлі бағынышты ету болатын. Алайда кіріптар
жұртты дағдартқан хан жарлығының қаупінен елді өз ішіндегі ақ шашты ана аман алып қалады.
Ханның астарына қулық жасырынған жарлығын өз аузынан естіген Ана хан сөзінің екі болмайтынын
алға тартып, ақылымен, тапқыр шешімімен тұтқынға түскен жұртын түгел бостандыққа алып шығады.
Осылайша Күншуақ елі құрып кете жаздаған қиын шақта ӘйелАнаның ақылпарасатының арқасында
аман қалыпты. Әйелді бұрын да қадір тұтатын Күншуақ елінің осы оқиғадан кейін ӘйелАнаға деген
сыйқұрметі тіпті ерекше болыпты. Тіпті халықтың ең асыл мұрасы тіл болса, оны да, «Ана тілі» деп,
ӘйелАнаның ақ сүтінен даритын құдіретқасиетке балапты.
ІУ.Оқулықпен жұмыс
1)Мәтінді іштей оқыту
2) Мәтінді дауыстап оқыту
3) Мәтін мазмұнымен жұмыс
Елшінің айтқан сөзін тауып, нақышына тауып келтіріп оқу Тапсырма: «Әйел Ан» бойындағы мінезді, тапқырлықты, парастаттылықты кім екендігін жинақтау ,
постар қорғау.
V.Сұрақ жауап:
1)Күншуақ елін тұтқынға алған жау оларға не істемек болады
2)Еразаматтарды аман алып қалу үшін ӘйелАна қандай тапқырлық жасады?
3) Ақын ертегі арқылы қандай ақыл, өнеге бермекші болып отыр?
4) Еразаматтарды қорғаннан алып шығудың тағы қандай жолын ұсынар едің?
Суреттерге әрбір бөлімге тақырыбын қою
VI .Үйге тапсырма: Ертегі бойынша түсінгендерін айту
ХІ.Бағалау
Qwqw
Ақселеу Сланұлы Сейдімбек
(22.12. ж., Байдалы би ауылы, , 16.09.2009 жылы,) жазушы, зерттеуші, ғалым, филология
ғылымының докторы (1998), профессор (2003).
Сабақтың атауы
Әйел Ана. Ақселеу Сейдімбек
Сілтеме Әдебиеттік оқу оқулығының әдістемесі
Сабақтың жабдығы
интернет көздері,презентация
Жалпы мақсаттар
1. Оқушыға ертегінің айтар ойын ашу.2. Мәтінмен жұмыс жасата отырып сыни тұрғыдан ойлауға
икемдеу. Адам өміріндегі ананың рөлі жайлы ойларын тыңдай отырып, сөйлеу дағдыларын жетілдіру.
3. Ананы сүюге, құрметтеуге тәрбиелеу.
Оқыту нәтижесі
Бала сын тұрғысынан ойлауға, ойын еркін жеткізуге, ананың құдіретін тануға, сұраққа толық жауап
беруге, ынтымақтастық атмосферасының құрылуына.
Сабақтың түрі
Жаңа сабақ
Топқа бөлу
Атом молекула
Мұғалімнің ісәрекеті
Оқушының ісәрекеті
Бағалау
Ынтымақтастық атмосферасы
Әрбір адам Туысым, досым, жұрағат.
Әрбір сабақ Үйрену, ұғу, ұлағат.
Әрбір ісің Тірлік, тірек, адамдық.
Әрбір сөзің Шындық, бірлік , адалдық.
Әр топ басшыларын тағайындап бағалау критерийін ұсыну
Үй тапсырмасын сұрау
«Қарабатыр» Әдеби ертегі
Ы.Алтынсарин
Гармошка әдісі 1.Кейбір ертегінің шығарушы авторы белгілі болғандықтан , оны қандай ертегі деп атаймыз?
2. «Карабатыр» ертегісінің авторы кім?
3. Сүйіншіге берілетін сыйлық
4. Қай құс балаға қайырымдылық жасады?
5.Бір күні бала жылап отырғанда қасына қандай құс келіп қонады?
6. Ұзын мойын ....
Қайырымды мырзалар,
Тұмарымды ал сана,
Біздің елге бар сана...
7. Бала қарлығаштың мойнына не байлап жібереді?
8.Бала қандай құстарға кездесті?
9.Қарабатырды үйінде кімдер күтіп отыр еді?
Топтарды смайликпен бағалау
Қызығушылықты ояту
Ребус шешу «Әйел Ана»
Автортану: Ақселеу Сейдімбек
Мәтінмен жұмыс
Мәтінді дауыстап оқыту
Мәтінге жоспар құру
Мазмұнын түсіндіру
«Әйел Ана» .А.Сейдімбек мәтінін үш бөлікке өз беттерімен оқуға ұсыну. Түсініксіз сөздердің астын
қызылмен белгілеу.Мәтін мазмұнын белгіленген бөліктері бойынша топтар түсіндіреді.
Сатылай кешенді талдау әдісі:
Авторы:
Тақырыбы:
Идеясы: Оқиғаның басталуы:
Оқиғаның дамуы:
Оқиғаның шиеленісуі:
Оқиғаның шарықтау шегі:
Шешімі:
Шығарманың тәрбиелік мәні:
Смайликтермен мадақтау
Қол шапалақтау
Мағынаны тану
Мәтінді тізбектеп оқу
Сергіту сәті
«Ана туралы жыр»
«Бесбармақ» әдісі
Монолог «Анаға тілек»
Анаға тілек жазу
Ой толғаныс
І.Шығармашылық тапсырма
1топ:Ұйқасын тап
Айналайын анашым,
Әлпештеген баласын,
2топ: Бес жол өлең
Зат есім Сын есім
Етістік
Сөйлем
Синоним
3топ:Ой толғау /Эссе жазу/ Автор орындығына отырып, эссе оқу
«Сөздер банкісі» әдісі
І топ: Тарихта қалған батыр аналар
ІІ топ: Ертегідегі ананың бойында қандай қасиеттер көрсетілген
ІІІ топ: Мәтінге қатысты сөздерді тап
Басбармақ
Кері байланыс
Рефлексия
Серпілген сауал
Күншуақ елінің табиғаты қандай?
Күншуақ елінің жігіттері қандай болған?
Күншуақ елінің қыздары қандай?
Атааналарының қандай қасиеттерімен ерекшеленген?
Күншуақ елін тұтқынға алған жау оларға не істемек болды?
Жау қандай жарлық айтты?
Еразаматтарды аман алып қалу үшін ӘйелАна қандай тапқырлық жасады?
Автор ертегі арқылы бізге қандай ақыл, өнеге бермекші болып отыр?
Ертегінің авторы кім?
Ел аузында даналығымен, батырлығымен аты қалған қандай аналарды білесіңдер?
«Кір жаятын жіп» әдісі сабақтан алған әсерлерін стикерге жазып жабыстырады. Үй тапсырмасы
Мәтінді түсініп оқу
Күнделіктеріне жазады
Бағалау
Балалар гүлім менің, Балалар күйім менің. Балалар нұр сыйлайтын
Бүгінгі күнім менің дей отырып, балалар сендерді өзіме қуат алатын шуақты күндерге теңемекпін.
Бүгінгі сабаққа белсенді қатысқандарың үшін сендерге мынадай «Шуақты күн» төсбелгісін
сыйлаймын.
Топ басшыларына бағалау парақшасын оқыту
Сатылай кешенді талдау әдісі:
Авторы: Ақселеу Сейдімбек
Тақырыбы: Әйел Ана
Идеясы: Ананың құдіретін ұғындыру
Оқиғаның басталуы: Күншуақ елі
Оқиғаның дамуы: Қапыда шапқан жау
Оқиғаның шиеленісуі: Жау әміршісінің жарлығы
Оқиғаның шарықтау шегі: Ақ шашты ананың тапқырлығы
Шешімі: Жау әміршісінің алдануы
Шығарманың тәрбиелік мәні: Ананың тапқырлығы, табандылығы, батырлығы суреттеледі.
Кейбір ертегінің шығарушы авторы белгілі болғандықтан , оны қандай ертегі деп атаймыз?
«Карабатыр» ертегісінің авторы кім?
Сүйіншіге берілетін сыйлық
Қай құс балаға қайырымдылық жасады?
Бір күні бала жылап отырғанда қасына қандай құс келіп қонады? Ұзын мойын ....
Қайырымды мырзалар,
Тұмарымды ал сана,
Біздің елге бар сана...
Бала қандай құстарға кездесті?
Бала қарлығаштың мойнына не байлап жібереді?
Қарабатырды үйінде кімдер күтіп отыр еді?
Бағалау парақшасы
Оқушының атыжөні
Үй тапсырмасы
Жаңа сабақ
Сатылай кешенді талдау
Ой толғаныс
Сөздер банкісі
Серпілген сауал
Қорытыныды ұпай Ұпай сандары 5,4,3
2530 ұпай «5»
2025 ұпай «4»
1020 ұпай «3»
Ә.Тәжібаев «Толағай» әдеби ертегісі (Презентация)
admin · Окт 5th, 2014 · 1 Comment
Алия Кенжеахметова Есенгелдіқызы
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Атырау облысы Индер ауданы Көктогай селосы
Боран Нысанбаев атындағы орта мектебі
Сабақтың тақырыбы :Ә.Тәжібаев «Толағай» әдеби ертегісі Сабақ мақсаты:
а) білімділігі: «Толағай»әдеби ертегісінің жазылуына ел аузындағы аңыздың арқау
болғандығы.Әдеби ертегінің мазмұны мен идеясын ұғыну.
ә)тәриелілігі: Елге,Отанға деген патриоттық сезімдерін оятып,сүйіспеншілігін
арттыру. Батырлыққа, ерлікке, отаншылдыққа тәрбиелеу.
б)дамытушылығы: Әдеби ертегіні халық ертегісінен ажырата білуге үйрету,талдай
білуге,өзіндік ойын дәлелдей тұжырымдай білуге жетелеу,мәнерлеп
оқуға машықтандыру.
Сабақтың түрі: жаңа білімді меңгерту
Сабақтың әдісі: Әдеби ертегіні талдау,жеке тапсырмаларды орындау,салыстыра
талдау,мәнерлеп оқу, баяндау, сұрақ жауап.
Сабақтың көрнекілігі: Мультимедия
Пәнаралық байланыс: Тарих, қазақ тілі, география.
Сабақтың барысы:1.Ұйымдастыру кезеңі.
1.Сыныпқа кіріп, оқушылармен амандасу.
2.Сынып іші тазалығына көңіл бөлу.
3.Оқушыларды түгелдеу.
4.Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
ІІ.Үй тапсырмасын сұрау.
Үйге берілген Ә.Тәжібаевтың «Толағай» дастаны жөніндегі тапсырма бойынша тест сұақтарына жауап
ала отырып бағалаймын.
Тест сұрақтары.
1.Ә.Тәжібаев қашан туылды?
А) 1905ж В) 1909ж С) 1910ж
2.Толағай неше жасында садақ тартты?
А) 7 В) 9 С) 11
3.Толағай әкесімен қайда шықты?
А) Аңға В) Соғысқа С) Қонаққа
4.Саржан қандай аңмен күресті?
А) Қасқыр В) Арыстан С) Жолбарыс
5.Толағай әкесін қалай құтқарды?
А) Аңды атып өлтірді В) Аңды көрге лақтырып жіберді С) Аңды қақпанға түсірді
6.Толағай жеңген аңын не деп ойлады?
А) Мысық В) Сілеусін С) Жолбарыс
7.Дастандағы жаңбырлы өңір қайда?
А) Сыр бойы В) Тарбағатай С) Жетісу
8.Жыр қалай аяқталды?
А) Толағай сүрініп қайтыс болды В) Толағай мұратмақсатына жетіпті
С) Толағай 100 жасады
Үй жұмысын қорытындылау:
– Сіз үшін ең жаман адам қандай адам?
– Сіз үшін өмірдің мәні неде?
– Сіз үшін бақыттың өлшемі қандай?
Осындай ізгі пікірін білдіріп, жақсылыққа бет бұрып жатқан әрбір мұсылманның жолы ақ болсын дей
отырып, әрқашан үлкендердің ақылын тыңдап, инабатты, иманды бала болып өсе беріңдер!
ІІІ. Жаңа сабақты меңгерту:
д) «Толағай» ертегісінің авторы Ә.Тәжібаевтың әр алуан қырын таныту.
1.Әбділдә Тәжібаевтың өмірі мен шығармашылығы туралы кіріспе сөз./Слайд арқылы /
Балалар, біз бүгін халқымыздың дарынды қаламгері Ә.Тәжібаев туралы біраз мағлұмат алып,
шығармашылығынан хабардар боламыз.
Иә, балалар , Ә. Тәжібаев –туған әдебиетіміздің ірі тұлғаларының бірі.. Оның өмірінен біраз мағлұматты өздерің де айтып өттіңдер. Оның ірі еңбектері мен де таныс болдық. Бүгінгі сабағымыз Ә.
Тәжібаевтың Толағай әдеби ертегісі төңірегінде болмақ.
ІҮ. Әбділда Тәжібаев: ақын, дастаншы, прозашы, ойшыл, драматург, әдебиетші, қоғам
қайраткері, үздік қаламгер.
2.Әдеби ертегінің жай ертегіден айырмашылығына тоқталу:
– ертегі дегеніміз не?
– оны неге ауыз әдебиеті түріне жатқызамыз?
– ертегілер қалай жазылады,
– қандай ертегілер білеміз?
… Ертегілердің бір саласыәдеби ертегілер.
Авторы белгілі болса ертегіні әдеби ертегі деп атайды.
Әдеби ертегілер көбінесе ел арасында ауызша айтылып келген аңыздардың негізінде туады.
Әдеби ертегілер де халық ертегілері сияқты өлең сөз және қара сөз түрінде айтыла береді.Бұлар
да еңбек адамын қадірлеуді, туған елін сүюді, биік адамгершілікті, шыншыл, әділетті болуды
уағыздайды.
– ал, бүгінгі тақырыпқа назар аударайықшы, «Толағай» ертегісі неліктен әдеби ертегі деп аталған,
оның ертегіден қандай айырмашылығын байқадыңдар? (өлеңмен жазылған авторы бар)
3.Дұрыс. Енді «Толағай» атты әдеби ертегінің ішкі мазмұнына, оқиғасына бойлап көрейік. Алдымен
мына бір өлең жолына назар аударайықшы.\Толағай ертегісіне байланысты жасалған суретті журналды
қолданамын.\
Мен де тудым біреуі боп еркектің ,
Мені де әжем әлдилеген,тербеткен.
Қорқыт күйін,ерлік жырын жаттатып,
Танытқан сол: 4ғажайыбын жеркөктің.
Таңдамадым жыраулықтан басқаны,
Жатқа айтамын Сар даламның дастанын.
Ал тыңдаңдар,Толағайды,Тарғынды,
Жыр сүйетін достарым мен жастарым.
– жас баланың атын қалай қойды? \Осы жерде шумақ өлеңін оқып беремін.\
4.Ертегіні оқи отырып, мазмұнына тоқталамыз.
5. Жолбарыспен кездесуінде, мақал –мәтелдер арқылы талдатамын.
\ Толағайдың анасынан ақыл сұраған жерінде анаға көңіл бөлдіру.\
– Балалар, сонау ықылым заманнан қазақ халқы ананы ерекше бағалаған, ананың сөзінен көп тәлім
алған. Осы жердегі Толағайдың сөздерінен де соны көруге болады.
6. – Балалар, енді сендермен сергіту сәті ретінде мына бір қойылымға назар аударайық. Толағайдың
жаңбырлы жер іздеп кеткен жерін инцинировка арқылы оқушылар көрсетеді.
ТОЛАҒАЙ:
– Ел басына ауыр күн туды. Маған еліме көмек беру керек.
Қайтсем жауын жаудырамын,
Ел сусынын қандырармын
Адал ақыл айтар кімдер?
АНАСЫ:
– Балам, Толағайжан! Мына жерде жалғыз өзің не істеп жүрсің? Тыныштық па?
ТОЛАҒАЙ: – Уа, Анашым! Жаным күйзелді. Мынау бір тамшы жауын жаумай, елім күйзелуде.
Не істесем болады?
АНАСЫ:
– Е, балам! Бұған сен не істей аласың? Бұл – Алла әмірі
ТОЛАҒАЙ:
– Білсең, Апа, айтшы!
Көп жауады қайда жауын?
АНАСЫ:
– Толағайжан, менің білуімше,
Қарлы, шыңды тау жерінде,
Тарбағатай өңірінде
Тауда тандыр
Үзілмейді жылда жаңбыр, – дейді
ТОЛАҒАЙ:
– Иә, (қуанып) Анашым! Мен онда сонда барамын. Сол жаңбырды еліме алып келемін.
Бұл жерде бір сәтке де кідірмеймін (жүгіре басып кетеді)
7. – Толағай бейнесі сендерге ұнады ма?
– осындай елге деген сүйіспеншілік сезім, сендердің бойларыңнан табыла ма?
8. Толағайдың таудың астында қалып өлген жеріндегі
Отаны үшін өлді бала – өлді сөзін қазақ тілі мен байланыстыру.
– Балалар қазақ тілінде бұл сөзді қалай жеткізеді.
Дұрыс, дүниеден өтті, көз жұмды, бақилық болды, о дүниеге аттанды, Дүние салды, қайтыс болды,
– Енді лексикадан бұларды қандай сөздер қатарына жатқызамыз?
– Толағай бейнесі мен «Керқұла атты Кендебайдағы» Кендебай бейнесін салыстырып көрейікші.
– Енді тақтаға назарымызды аударып көрейікші.
Кендебай
Толағай
1 Ай сайын емес, күн сайын, 6 күнде күліп, 60 күнде 6
жастағы бала болды
2. Шыңыраудан атанды жалғыз өзі тартып шығарады,
көкжалды өлтіреді, айдаһарды, арыстанды жеңеді)
3.Таз, кедей балаға, атаанасын қайтарып әкелді
1.Толағай алып денелі, он баланы көтерсе
қабырғасы қайыспайтын, мықты болды.
2. Жолбарысты мысықтай көріп, ұршықтай
иіреді, тауды жалғыз өзі көтереді)
3.Толағай еліне жауын алып келіп, халқын
аман алып қалды.
ІV.Жаңа сабақты бекіту
– Олай болса, сендер Толағай бейнесін қандай деп таныдыңдар?
Толағай бойындағы қасиеттерді топтастырып көрейікші.\Дәптермен жұмыс\
– Алдымен дәптерімізге жазамыз . Балалар шығарманың басында Толағай немен шайқасады?
Жолбарыс қандай аң?
Ел басымыз өзінің 2030 стратегиясында қандай аңды символ ретінде алады?
– Бұл елбасымыздың халқының қандай болсын дегені?\Осы кезде барыстың суреті шығады\
– Жақсы, балалар, еліміздің үміт артып отырған бүгінгі Толағайы сендерсің дер.Бүгінгі тәуелсіздік
тұғыры биікте тұрған заманымызда азулы барыстай жауына төтеп беретін ұл – қызы сендерсіңдер.
Сендердің ойларыңша бүгінгі күн азаматы қандай болуға тиісті?
– Жақсы, балалар, енді тақтаға назар аударайық.
Үйге тапсырма Балалар үйге шығарманы толығымен оқу, мазмұндау.
Бағалау.
«Толағай» поэмасы.
( Ерлік туралы аңыз)
Ә. Тәжібаев.
Поэманың желісіертеде болған аңыз әңгіме. Басты кейіпкер Толағай.
Шығарманың басты шарты сюжет арқылы кейіпкер тұлғасының жасалуы.
Сондықтан шығарманы талдау кейіпкер тұлғасын ашудан басталады. «Толағай» поэмасында кейіпкер үнемі ісәрекет үстінде көрінеді.
әкесі Саржан
rev=1&ac=1 width=”152px;” height=”144px;” />
″
мерген,батыл.
I.Толағайдың дүниеге келуі шешесі Айсұлу.
ақылды,сұлу.
алып күш иесі.
rev=1&ac=1 width=”200px;” height=”176px;” />
″
мазасыздануы, жол іздеуі
құрғақшылық
жаңбыр жаумауы.
Тарбағатай тауына аттануы
Толағайдың ерлігі елдің қуанышы.
жердің құлпыруы.
анасының сүті
тау басына мұз болып қатуы
II. Толағайдың ерлігі туралы шағын шығарма жазу.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері
Ұқсас жазбалар
Махамбет Өтемісұлы «Тарланым» өлеңі
Зат есімннің септелуі
Салалас құрмалас сөйлем
«Қобыланды батыр жыры» қасиетті қазынам Астана-арман қала
Нұрлы болашақ
Теңге тиыннан құралады
Сайын Мұратбеков «Жусан иісі» Қазақшаңыз қалай?
Этнолингвистикалық атаулар
Қазақ әдебиетінен ашық сабақ жоспары
Ә. Тәжібаев «Толағай» әдеби ертегісі (5 - сынып)
Сабақтың тақырыбы: Ә. Тәжібаевтың «Толағай» ертегісіндегі Толағай бейнесі
Сабақтың мақсаты: Білімділік: Ә. Тәжібаевтың «Толағай» әдеби ертегісін қаншалықты
меңгергенін байқау, Толағайдың бейнесіне талдау жасап, әдеби кейіпкер ретінде
сипаттау. Өткен тақырыптармен байланыстыра отырып, әдебиеттен алған білімін
жетілдіру.
Тәрбиелік: Толағай бейнесі арқылы адамгершілікке, қайырымдылыққа тәрбиелеу.
Оқушы бойына ерлік, батылдық қасиеттерді дәріптеу.
Дамытушылық: Мәтінмен жұмыс істеуге, өз пікірін қорғауға дағдыландыру, әдебиетке
қызығушылығын ояту.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақты меңгерту
Сабақтың әдісі: Сыни тұрғыдан ойлау, пікір айту, сұрақ - жауап
Сабақтың көрнекілігі: Ақын суреті, иллюстрациялық суреттер, сөзжұмбақ
Пәнаралық байланыс: Бейнелеу өнері, қазақ тілі
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі
2. Үй тапсырмасын сұрау
Ертегі мазмұнын сұрау, сурет бойынша әңгімелеу
Пысықтау сұрақтары:
1. Әдеби ертегілер дегеніміз не?
2. Өткен сабағымызда қандай ертегіні оқып таныс болдық? Ертегінің бас кейіпкері кім?
3. Ертегінің авторы кім?
4. Ә. Тәжібаев кім?
5. Қай жылы. қай жерде дүниеге келді?
6. Ақынның қандай шығармаларын білесіздер?
7. Ертегінің басты кейіпкері кім?
8. Толағайдың әке - шешесінің аты кім?
Жаңа сабақ:
Толағайдың әдеби кейіпкер ретінде сипаттап талдау
1. Дүниеге келуі
2. Ерекше болып, бөлекше өсуі
3. Портреті
4. Мінез - құлқы
5. Адамгершілік қасиеттері
6. Ерлік істері
7. Ел есінде сақталуы
Шығармадағы адамдардың көркем бейнесін кейіпкер дейміз. «Топтастыру
стратегиясы». Толағайға мінездеме беру
Сергіту сәті. Батырлық, ерлік туралы мақал - мәтелдер айту.
Пікірталас
Сұрақтар беру:
1. Толағайға ұқсағың келе ме? Қай қасиеті көбірек ұнайды? 2. Осы ертегінің қай жеріне өзгеріс енгізер едің?
3. Толағай секілді ер болғың келе ме? Алда - жалда жұрт күйзелсе, сен не істер едің?
4. Толағай секілді халықтың таудай үмітін арқалап, таудай іс атқарып жүрген,
Қазақстан атын әлемге паш ететін азаматтар бар ма?
5. Толағайдың бойындағы жақсы қасиеттер қазіргі жастар бойынан кездесе ме?
Бекіту:
Сөзжұмбақ шешу:
1. «Толағай» ертегісінің авторы кім?
2. Ә. Тәжібаев қай жерде дүниеге келген?
3. Толағайдың анасының авторы кім?
4. Толағайдың әкесінің аты кім?
5. Қай өңірде жауын көп жауады?
6. Толағай алысқан аңның аты?
7. Ә. Тәжібаевтың анасының аты кім?
Үй тапсырмасы:
«Туады ерлер ел үшін» деген тақырыпта ойтолғау жазу
Бағалау
№81 орта мектебі
М. Мақатаев туған күніне орай өткізілген кеш сценарийі Өткізген: Булеков Жарасхан
2016 жыл.
Мұқағали – мәңгілік ғұмыр
(Қазақтың ақиық ақыны Мұқағали Мақатаевтың туған күніне байланысты өткізілетін
әдебиәуенді кештің сценарийі)
Көрініс: « Бүгін менің туған күнім ой пәліай» орындайтын Жомартұлы Дәурен
Жүргізуші: Пай, пай, Өмір!
Өтесіңау бір күні.
Тыясыңау қуанышты, күлкіні.
Өмір деген бір жарқ еткен найзағай,
Өмір деген көк аспанның күркірі.
Пай, пай, Өмір,
Өтесіңау бір күні!
Болмағандай, жүрмегендей сенде біз,
Кетемізау, әй, кетеміз,.. пендеміз.
Ұрпақтарға береміз де кезекті,
Біз кетеміз.
Кету үшін келгеміз.
Ия, мына жалған өмірде, өмірі де бір өзен, өлеңдері де бір өзенге
айналған Хантәңірінің мұзбалағы, ақиық ақынымыздың екінші
болмысының әлемді шарлап жүргеніне де 40 жыл толыпты.
Қазақтың маңдайына біткен біртуар ақыны, поэзия құлагері биыл 85
жаста.
Мұқағали... Бүгінде бұл есім әркімнің көңілінде күллі қазақ
даласының образын оятып, оның ұланғайыр кеңдігін, көкмұнар
таулары мен жан баспаған жапандағы қара орманының, түпсіз
терең тұңғиық көлдерінің көрінісін көз алдына әкеледі. Ол- туған
халқының өзіне деген өлшеусіз махаббатымен мерейленген ұлы перзенті. Жаратушы иесі тумасынан бөлекше дарынмен даралаған
ақиық ақын.
Олай болса осындай дара тұлғаны еске алу кешіне хош келдіңіздер!
Ән. «Есіңе мені алғайсың» орындайтын: Сембай А
Жүргізуші: Мұқағали өлеңдерінде көсемсу, шешенсу, ақыл айту
сияқты мінез жоқ. Оның өлеңдері кез келген адамның жан
түкпірінде жатқан сырына, мұңына жол тауып барады. Ол сенің
жүрек тұсыңнан сөйлеп тұрады. Өзіңді өзіңмен сырластырады, -
дейді замандастары.
Ендеше сол сырлы өлеңдеріне кезек берсек.
Поэзия оқылады: Талапбаева Рабиға
Жамбылов Бекарыс
Өтегенова А
Әуесхан Ә
Жүргізуші: Жазылар естеліктер мен туралы,
Біреулер жан еді дер өр тұлғалы.
Біреулер тұлпар еді дер де мүмкін
Бүтінделмей кеткен бір ер тұрманы, деп ақын өзі жырлағандай жарық дүниедегі
аз ғұмырының мәңгілікпенен жалғасатынын ақынның сезімтал жүрегі сезген сияқты.
Ендеше, ақын туралы замандас інісі Ораз ақын Асқар мен Шәмші аталарымыздың
айтқан естеліктеріне кезек берейік.
Экранға назар аударайық.
( Шәмші мен Ораз ақын Асқардың естеліктері көрсетіледі)
Жүргізуші: «Жөнжосық бізге де осы керек –ақ деп,
Бармадың бір жиынға делегат боп.
Алмадың бір сыйлықты сен дегенде
Боп кетті сол құрығырдың әлігіақ көп, деп ақын туралы Сабырхан Асанов
жырлағандай Мұқағали көзі тірісінде сый құрметке ие болмаған еді.
Мұқағалиды ақын еткен де, мәртебесін биіктеткен де, ақындық ғарышқа самғатқан
да – ос қазақтың қара өлеңі. Ақын осы қара өлеңді бағалайды, бас иеді, тағзым
жасайды.
Ақынның шын аты Мұқамметқали. Бірақ пайғамбар атын алып жүру жас балаға
ауырлық етеді деп есептеген ата –анасы Мұқағали атап кеткен.
Мұқағали 1931 жылы 9 ақпанда Алматы облысының қазіргі Райымбек ауданы
Қарасаз дейтін ауылда дүниеге келген екен. Мұқағалидың 13 кітабы бойынша 1834 жыр
жауһарлары, 19 поэмасы бар екен. Мұқағалидың өлеңдеріне 100ден астам әндер
жазылыпты.
Ол шыр ентіп дүниеге келгенде бесік жырымен, ана әлдиімен көзін ашқанды. Сол
бесіктен басталған жыр оны ақыры ақылға айналдырады. Сонымен, ендігі кезекті ақын
өлеңдерін оқуға берейік. Поэзия: Жәлелова А
Тағыбергенова А
Жомартқызы Д
Мамут З
Кемалашова А
Сайлауов Ш
Жүргізуші: Ия, Мұқағали – ғажайып, сыршыл ақын.
Ол, бізге көрінбейтін сиқыр бояулардан, бізге естілмейтін құпия дыбыстардан тоят
алатын жұмбақ ақын. Ақын өлеңдерін оқыған сайын ақиқат, бейнелі рух, сезім мен
сананың бірлігі көңілге ұялайды.
Осындай құдірет жайында ауылымыздың мәдени өміріне ат салысып жүрген Амандық
ағамыздың қандай ойы бар екен?
Экранға зер салайық.
(видео көрсетіледі)
Жүргізуші: Ақын, бүкіл адам аңсаған бақыт туралы да қалам тербепті Бақыт деген не
өзі?
"Бақыт деген не өзі" деп бастады топ таласты.
Біреуі оңы үйден іздеп, бірі қырдан әрі асты.
Бірі айтады: бақыт деген барлық байлық емес пе,
Керегінше киіп ішсең бақыттысың де емес пе?
Бірі айтады: жоқ, бақыт деген қолың жетпес маңсап қой,
Жұрттан көрі жүрсен ерек, соның өзі жақсы атты ғой.
Бірі айтады: бақыт деген, бақыт деген,
жүйрік мініп, той тойлау,
Ісің болмай күйбеменен,
қарын тойса қарт ойнау.
Бірі айтады: бақыт деген адал жар мен перзент қой,
Ынтымаққа ырыс келген ол да соған келмек қой.
Пікірлердің таласына солай мен жолықтым.
Бақыт адам басалына келмес оңай, соңы ұқтым.
Безбеймін мен баладан да, байлықтан да, жардан да,
Маңсап жетпес бар адамға үлістіріп алғанда,
Үміт үзбей зейтұлар, таңдап сол бір жақұтты,
Оңы алыстан іздемегін, жүректен тап – бақытты
Ән: «Бақыт деген» орындайтын Садуақасова М
Жүргізуші: Біз Мұқағалиды сәл де ұмытқан жоқпыз. Ұмыта да алмаспын. Қайта
арамызға түскен уақыт, оның тұлғасын зорайта, асқақтата түсіпті. Жыры жалын ақын
қазақ өлеңі өлкесіндегі бір асқарғадара Алатауға айналғандай. Шынында да, ол – қазақ
өлеңдерінде Қасым Аманжолов сияқты дауылдай, өртке тиген өлеңімен өмірді
шайқаған құдіретті тұлға, қайталанбас кесек құбылыс, дейді Әбділда Тәжібаев атамыз. Ендеше Ақын туралы баласы Жұлдыз Мақатаев не дейді екен. Назарымызды экранға
бұрсақ.
Жүргізуші: Өмір атты бір нәзік сәулеге деген шексіз іңкәрлікке , жарық пен жақсылық
атаулыға деген ұлы сағынышқа толы Мұқағали жырларына үңілген әркімнің жансарайы
кеңіп сала берері анық. Бұл орайда ақын өзін шын түсінгісі, өмірбаянын,
шығармашылығын зерделегісі келетін адамдардан бүкіл жазған сызғанын оқып шығуды
өтінеді. «Мені өлеңдерімнен бөліп қарамауларыңызды сұраймын» дейді. Ендеше ақын
туралы осы кешке қатысып отырған Ағайапайларымыздан сұрасақ.
Шора ағай, Бағила апай, Бақытгүл апай сөйлейді.
Жүргізуші: Жалғасы бар жырымның, жалғасы бар.
Жырларым жылдарменен жалғасыңдар, деп ақынның өзі айтқандай, жырлары
ұрпағымен бірге мәңгі жасайды. Біріміз ақынның поэзиясына табынсақ, біріміз ақынға
ризашылығымызды өлеңмен өрнектейміз. Ендігі кезек, оқушымыз Ақниеттің ақынға
арнауын тыңдасақ.
(Жарайсың Ақниет, талабыңа нұр жаусын!)
Ендеше қазақтың жас Жамбылы атанған Жамбыл Дүйсеновтың ақын атасына арнауын
тыңдайық.
Ән: Туған өлке орындайтын Рүстем Г
Жүргізуші: Мұқағали жанға жақын жырларымен сүйікті, өлеңдерімен көрікті.
Мұқағали – поэзия. Поэзия – бұл Мұқағали.
Осынау бірбірімен астасқан екі ұғымды бір –бірінен бөліп қарау мүмкін емес сияқты.
Осы кешке Мұқағали поэзиясымен сусындап өскен Әділбек ағай, Сауықгүл апай келіп
отыр екен. Ендеше Мұқағалиды сол ағайапайларымыздың аузынан тыңдасақ.
Жүргізуші: Керемет... Жарайсыздар!
Қазір заман дамыған. Техниканың озық үлгілері молайған кез, бейнекамера дейсізбе,
фотоаппарат дейсізбе, тіпті қалта телефонымен де күнделікті өмірде қызықты сәттерді
түсіріп, жазып қоюға болады.Ал өткен күндерде мұндай мүмкіндіктер бола бермеген.
Кеше ғана арамыздан кеткен Мұқағали атамыздың телеарналарда бейнесі сақталмапты.
Тек фотосуреттері арқылы ғана таныпбіліп жатырмыз. Дәтке қуат етерміз. Қазақ
радиосының алтын қорындағы ақынның даусы. Ендеше бәріміз бірге құлақ түрейік
«Қаздар қайтып барады» (Ақынның өз даусы)
Міне қызық! Бұл кешке поэзия тыңдаймын, өлең оқимын деп 2сынып оқушылары да
келіп отыр екен. Қане келе қойыңыздар ортаға. Атың кім? Өлең білесің бе? Неше өлең
білесің? Жарайды өзіңе ұнайтын біреуін оқи ғой.
Жүргізуші: Өмір деген бұйым емес қолдағы,
Өмір дейтін ұлы бекет жолдағы.
Қаның кеуіп қаталаған кезіңде
Сусыныңды қандырсаң бір болғаны.
Мына күн де, мына аспан да, дала анау,
Бәрі бізден, бәрі бізден қаладыау! Өмір дейтін тағатсыз бір қозғалыс,
Өмір дейтін өлемін деп қарамау.
Мұқағали поэзиясы бір жылдың, не бір айдың, немесе бір кештің еншісі емес. Ол
таусылмайтын қайнар бұлақ. Ол поэзияның Хантәңірі. Мұқағали мәңгілік ғұмыр!
(Кешіміз аяқталды, сау болыңыздар!)
ұмында болған.Гекке мен Баймағанбет сұлтанның қарулы әскерінің қолынан 1838
жылы шілденің12сі күні Исатай қаза табады.
2. Оқулықпен жұмыс Қызылорда облысы Байқоңыр
қаласы
«№ 274 орта мектебінің» қазақ тілі мен
әдебиеті пәні мұғалімі
Сугралиева Нуржамал Бегалиевна
Сабақтың тақырыбы: Махамбет «Соғыс» өлеңі 5 сынып
Сабақтың мақсаты:
білімділік:М.Өтемісұлы туралы білімдерін нығайту, «Соғыс» өлеңіндегі Исатай
бейнесін ашу.
дамытушылық: ізденуге, тапқырлыққа, өз ойын жинақтай білуге, танымдық
қасиеттерін дамыту;
тәрбиелік: ұйымшылдыққа, ерлікке тәрбиелеу.
Сабақтың типі: жаңа сабақ
Сабақтың әдіс –тәсілдері: СТО әдісі,сұрақжауап, кинометафора, іздендіру, талдау,
желпуіш әдісі,т.б.
Пәнаралық байланыс: қазақ тілі,тарих
Сабақтың көрнекілігі: презентациялық слайдтар,семантикалық карталар.
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі
А) оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу;
Ә) психологиялық дайындық , «Шаттық» шеңберін құру.
Мақсаты: Оқушылардың көңіл күйін көтеру, сабаққа ынтасын ояту.
Біз – жайдары, ақ көңіл және белсендіміз.
Біздің қолымыздан барлығы келеді.
Біз айналамызға тек жақсылық тілейміз.
Біз Егеменді елдің бақытты ұрпағымыз. ІІ.Өткен сабақты еске түсіру. «Желпуіш» әдісі
Мақсаты: оқушылардың өткен тақырыптар бойынша алған білімдерін жүйелеу.
(Оқушылар өткен тақырып бойынша сұрақтар дайындап, бір бірінің жауабын
тыңдайды,бағалайды)
Қызығушылығын ояту
Мақсаты: оқушылардың сабаққа ізденісін бақылау
Миға шабуыл. « Кейіпкерлерді таны»
Мына кейіпкерлерге назар аударайықшы.
Бұл кімнің тұлғасы? (Махамбет)
Бүгінгі сабағымыз кім туралы болуы мүмкін?(Махамбет)
Б) Сабақтың мақсатын айту.
Балалар, бүгінгі сабағымыздың мақсаты: Махамбет туралы білімімізді
нығайтып,өлеңімен танысу.
ІІІ. Жаңа сабақ.
Мақсаты: Махамбет пен Исатай туралы білімдерін жетілдіру, «Соғыс» өлеңіндегі
Исатай бейнесін ашу.
1.Мағынаны тану.
Дәптерлеріңді ашып, күннің ретін жазыңдар.Бүгінгі сабағымызда Махамбет туралы
білімімізді кеңейтіп, өлеңімен танысамыз.
Олай болса, оқулықтарыңдағы Махамбет туралы таным дерекпен танысып, пікір
айтуға әзірленейік.
1. Оқулықтағы Махамбеттің өмірімен өз бетінше танысу(оқылым). 1 минут
2. Махамбет кім? («Махамбет ағашына» пікір жазып қалдыру)
Уақыт беріліп , «Махамбет ағашына » 10 оқушы пікір айтады,жазғандарын ағашқа
іледі.
3. «Соғыс» өлеңі бойынша бейнетыңдау.
Кімнің өлеңін тыңдадыңдар?
Өлеңнің аты не деп аталуы мүмкін?
4.Тақырыпқа шолу: «Соғыс» сөзінің мағынасын ашу.
«Соғыс» деген сөзді естігенде еске не түседі?
Қандай сезімде боласың?
Қайда көрдіңдер?
Ел тарихындағы айтулы оқиғалардың біріХІХғасырдың бірінші жартысындағы Ішкі
Бөкей ордасында болған Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы бастаған
шаруалар көтерілісі еді.Кезінде жеңіліп, аяусыз жазаланса да,бұл еліміздің болашағы
үшін еркіндікті аңсаудағы батыл істері еді.Олай болса, көтеріліс көсемдері кімдер еді?
«МахамбетАбайға дейінгі ақындардың ақыны, Абылайдан кейінгі батырлардың
батыры.Махамбет есіміөмірдегі қасіреттің синонимі,өнердегі қасиеттің
символы.Махамбет өлең«қазақ» сөзінің қайталанбас құдіреті, шығармалары таптаза
қорғасыннан құйылған апауыр асыл сөз,Қазақтан басқа жер бетіндегі елдің өлең
жырында жоқ.»деп академик –жазушы З.Қабдолов Махамбетке осылайша баға берген.
Табиғат Махамбеттің бір басына батырлықты,ақындықты,күйшілікті берген.
Махамбеттің поэзиялық мұрасында 80ге жуық өлеңдері бар. Бүгінгі сабағымызда Махамбеттің «Соғыс» өлеңін оқимыз. «Соғыс»өлеңі сол замандағы ұрыс құралымен
қаруланған патша үкіметінің Гекке басқарған әскермен болған қанды шайқасты
бейнелейді. Соғыс Бекетай қ
1. Өлеңді оқу
2. Оқушыларға оқыту(4 оқушы, 4 шумақ оқу)
3. «Түртіп алу» әдісі бойынша түсініксіз сөздердің астын сызу.
3. Сөздікпен жұмыс(мағынасы қиындық келтіретін сөздерді белгілеу арқылы
түсіндіру)
1. Дулығабас киім
2.Түйіндікәзірлік жасау
3.Тарандықшешімге келу
4.Жайсадақ оғы
5.Он екі тұтамсадақ оғының ұзындығы
6.Тұтамжұмулы жұдырықтың көлемі
7.Қабырғасын қақыратқанқабырғасын сөккен
8.Тебінгіат әбзелі, үзеңгі
9.Тізгінаттың басын тежеуге арналған қайыс
4. Оқыту арқылы өлең шумақтарына тақырып қойдырып, дәптерге жаздыру.
1. Исатай бейнесі
2. Көтеріліске дайындық
3. Көтеріліс
4. Ерлік
5. Тақырыпты меңгерту мақсатында пікірлесу сұрақтары.
«Бір айналым сөйлесу» әдісі
1. Өлеңде қандай оқиға суреттелген?
2. Лирикалық кейіпкерлері бар ма?
3. Махамбеттің көтеріліс қосшысы екендігі қай жерде айтылады?
4. Өлеңде «жүрегін оятты» деп кімді айтып отыр?
5. Кіммен не үшін болған соғыс еді?
6. Өлеңнің алғашқы шумағында кімді айтады?
7. Бейнекөріністің соңғы сюжетін естеріңе түсіріңдер.
8. Өлеңнің идеясы қандай?
IV. Жаңа сабақты бекіту.
Мақсаты:Махамбет пен Исатай бейнесін салыстыру,ерлігін дәріптеу, түйін жасау.
1 . Венн диаграммасы. Махамбет пен Исатай бейнелерін салыстыру арқылы
мінездеме берілді.
2. Шығармашылық жұмыс (топтық жұмыс)
«Ой толғаныс» кезеңі(5 жолды өлең құрастыру арқылы өлең идеясын ашу)
І. Соғыс ІІ.Ерлік ІІІ.Азаттық
1. Соғыс
2. Суық,қантөгіс
3. Күреседі,
шайқасады,найзаласады
4. Исатай жауына қатал
болған
5. Көтеріліс
1. Ерлік
2. Батыл, қайтпас
3. Жасайды,танытады,
көрсетеді
4. Исатай ерлігі бізге
үлгі
5. Батырлық 1.Азаттық
2. Мәңгілік, аңсаған
3. Тілейді, орнады, алды
4. Махамбет Исатай
азаттықты аңсаған
5. Тәуелсіздік Махамбет жырларына ортақ үн ол туған жерден күш алған ерлік рухы. Ол
батырлық рух, Исатай рухы, Махамбеттің қайратты рухы.
Ерлік елге мұра, ұрпаққа ұран деген халқымыз. Олай болса, ерлік дегенді
қалай түсінесіңдер?
Туған жерді қорғап қадірлеу –ерлік.
Сын сағатта түрлі қатерден қорғау – ерлік.
Жақсы оқып, еңбек ету бұл да ерлік
Соғыс, ерлік, азаттық сөздеріне ой өрбітілді.
Сергіту сәті. Махамбеттің өлеңдерін мәнерлеп жатқа айту.
V. Сабақты қорытындылау.
1. Жаңа сабақты семантикалық карта арқылы қорытып, бекіту(жұптық
жұмыс). Дұрыс жауаптарын тапқанда 25 жыл деген тіркес шығады.
Семантикалық карта
р\с Мысал
1
2
3
4
5
Ақтабан ат мінген кім?
«Қол» сөзінің мағынасы?
Көтеріліс қай жерде болды?
«Исатай басшы, мен
қосшы» кімнің сөзі?
«Тебінгі» сөзінің мағынасы
Исатай Әскер Бекетай
құмында
Махамбет Үзеңгі
2
5
Ж
Ы
Л
Балалар, 25 жыл дегенде не естеріңе түседі?
Еліміздің егемендік алғанына биыл 16 желтоқсанда 25 жыл толды. Ел
Президенті Н.Ә.Назарбаев тәуелсіз елдің ұландарын а – сендерге, үлкен сенім
артып отыр. Елімізді өркендету үшін жастар сапалы білім, саналы тәрбие алуы
қажет.
Н.Назарбаев: «Болашақ – білімді жастардың қолында» , деп сендерге сенім
білдіреді. Сондықтан жақсы оқып, тәрбиелі азамат болатындарыңа сенемін.
2.Кері байланыс.
VI. Үйге тапсырма: 1.М.Өтемісұлы «Соғыс» өлеңін жаттау.
2. «Мен таныған Махамбет» ойтолғау.
VIІ. Бағалау.Геометриялық фигуралар арқылы бағалау.
"Әйел - Ана" ертегісі
"Әйел - Ана" ертегісі
"Әйел - Ана" ертегісі
"Әйел - Ана" ертегісі
"Әйел - Ана" ертегісі
"Әйел - Ана" ертегісі
"Әйел - Ана" ертегісі
"Әйел - Ана" ертегісі
"Әйел - Ана" ертегісі
"Әйел - Ана" ертегісі
"Әйел - Ана" ертегісі
"Әйел - Ана" ертегісі
"Әйел - Ана" ертегісі
"Әйел - Ана" ертегісі
"Әйел - Ана" ертегісі
"Әйел - Ана" ертегісі
"Әйел - Ана" ертегісі
"Әйел - Ана" ертегісі
"Әйел - Ана" ертегісі
"Әйел - Ана" ертегісі
"Әйел - Ана" ертегісі
"Әйел - Ана" ертегісі
"Әйел - Ана" ертегісі
"Әйел - Ана" ертегісі
"Әйел - Ана" ертегісі
"Әйел - Ана" ертегісі
"Әйел - Ана" ертегісі
"Әйел - Ана" ертегісі
"Әйел - Ана" ертегісі
"Әйел - Ана" ертегісі
"Әйел - Ана" ертегісі
"Әйел - Ана" ертегісі
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.