Қарапайым программалардың қатесін «қадамдық әдіс» арқылы тексеруге болады.Ол үшін «қатені іздеу» жобасын пайдаланамыз.
Тапсырма:.
N=N+1 жолын ұмытып кеткендей программадан алып тастаңдар, программаны іске қосыңдар да, үш сан енгізіңдер, Cancel батырмасын шертіңдер. Жүйе қатені хабарлайды.
Debug мәзірінен, Step Into немесе [F8] батырмасын шерту арқылы программаны іске қосыңдар.
Жоба бірінші жолды сары түспен көрсетеді.
Private Sub Commandl_Click()
Программадағы айнымалылардың мәні неге тең екендігін көру үшін тінтуірді айнымалыға апарсаңдар болғаны.
Программаны [F8] батырмасы арқылы іске қосыңдар. P=InputBox (санды енгізгеннен кейін ОК батырмасын шертіңдер, енгізуді аяқтағанда Cancel батырмасын шертіңдер, "кезекті санды енгізу") ерекшеленеді, [F8] батырмасын шертіңдер.Экранда санды енгізу терезесі пайда болады, "10" санын енгізіп, ОК батырмасын шертіңдер. [F8] батырмасын шертіп, Р айнымалысының мәнін тексеріңдер.Р айнымалысы 10-ды көрсету керек. P=InputBox ("санды енгізгеннен кейін ОК батырмасын шерті .,дер, енгізуді аяқтағанда Cancel батырмасын ніертіңдер, "кезекті санды енгізу") ерекшеленгенше [F8] батырмасын шерте беріңдер. kos айнымалысын тексеріңдер, 10-ға тең болу керек. [F8] батырмасын шертіңдер, нәтижесінде Санды енгізу терезесі пайда болады, Cancel батырмасын шертіңдер, Loop жолы белгіленеді [F8] батырмасын шертіңдер.
Do until P=" " Cancel батырмасын басқанша цикл орындала береді, жолы ерекшеленеді, осы жолды өзгертіңдер. Do until P=" " Cancel батырмасын басқанда цикл тоқтатылады. [F8] батырмасын шертіңдер.If N=0 жолы ерекшеленеді, N=0 екендігін тексереміз, келесі [F8] басқанда "ешқандай сан енгізілген жоқ" деген хабарлама шығады.[F8] батырмасын шертеміз, End If келесі End Sub жолдары ерекшеленеді.Қатені тексереміз, мүмкін программада кідіріс болуы. Онда Do until Р=" " жолын Do жолына ауыстырамыз.Программаны іске қосыңдар, санды енгізіп, Cancel батырмасын шертіңдер, тағы да осыны қайталаңдар, программада кідіріс пайда болады, [Ctrl+Break] батырмасы арқылы программаның орындалуын үзіңдер. Осыдан кейін Loop жолы ерекшелінеді. Программада тағы да қадамдық тексеру пайдалансақ, онда Loop-тан кейінгі жолдың ерекшеленгенін көреміз. Мүнда ешқандай шарт циклді тексермейді. Қателер программаның жұмысын тоқтатуы мүмкін. Басқа жағдайда программа жүктеледі, бірақ күткен нәтижелерді ала алмаймыз.
Debug мәзірі батырмаларының қасиеттері
Start/Continue | Программаны іске қосады |
Break | Программаны кез келген жерден үзеді |
End | Программаның орындалуын тоқтатады |
Toggle Breakpoint | Кодтың ағымдағы жолында тоқтату нүктесін қою/алып тастау |
Step Into | Процедураға кіргеннен кейін қадамдың әдіспен тексеру |
Step Over | Процедураға кірмей қадамдық әдіспен тексеру |
Locals Window | Айнымалылар мәнін тексеру үшін терезенің ашылуы |
Immediate Window | Мәндерді енгізу және бұйрықтың орындалуы үшін терезенің ашылуы |
Watch Window | Өрнекті көру үшін терезенің ашылуы |
Quick Watch | Программаның тоқтаған жерінен бастап өрнекті және мәндерді көру үшін терезенің ашылуы |
Тәжірибелік тапсырма
Қадамдап қате тексеруге жоба құрып, Debug мәзіріндегі құралдарды барынша пайдаланыңдар.
Материалы на данной страницы взяты из открытых источников либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.