9-жаттығу Сөйлемдерді қалпына келтіріңіз.
1. аты, менің атым, Әлімжан, әкемнің, Кәмил
2. оқимын, мен, ұлттық атындағы, әл-фараби, университетте.
3. мектепте, ол, қаласындағы, №12, пәнінің, Астана, дене шынықтыру,
мұғалімі.
4. ауылда, зейнеткерлер, әке мен шешем, істейді, ағаларым, жұмыс.
5. анасы, кісі, Жұлдыздың, бұл.
6. шағын, емес, отбасым, үлкен, менің
10-жаттығу Сөздердің антонимдерін табыңыз:
1. Жақсы ...
2. Ұзын ...
3. Аққұба ...
4.Жалқау ...
5.Ақылды ...
11-жаттығу Жақша ішіндегі сөздерді аударыңыз.
Менің әріптесім (прекрасный) адам. Оның әйелі (умная, добрая, красивая).
Әлия (высокая,стройная, симпатичная) қыз. Ал, әкем керісінше (строгий,
серезный) кісі.
12-жаттығу Сөйлемдерді толықтырыңыз:
Әріптесімнің аты- ........ Ол ......... жаста. Оның ...... бар. Ол ..... көшесінде
тұрады. Мінезі ........................ Оның көзі ......., шашы........, бойы......... Ол
.................... адам.
13-жаттығу Сөздерді жекеше, көпше түрінде үш жақта тәуелдеңіз.
әке, іні, апа, қарындас.
14 -жаттығу Бағандандардағы сөздерді сәйкестендіріңіз, орыс тіліне аударыңыз.
1. Менің аталары
2. Сенің анамыз
3. Сіздің қарындастарың
4. Оның інілеріңіз
5. Біздің ата-анаңыз
6. Сендердің отбасым
7. Сіздердің пәтерің
8. Олардың баласы
15 -жаттығу .Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойыңыз, тәуелдік жалғауымен тұрған сөздерді көшіріп жазыңыз.
Менің аты-жөнім... . Жасым... . Ұлтым... . ... қаласында тұрамын. ... інілерім,
ағаларым, қарындастарым бар. Мен оларды жақсы көремін, сыйлаймын.
16 -жаттығу Төмендегі сөздерге ІІІ жақта тәуелдік жалғауларын жалғап шығыңыз.
Ата-ана. Ата -әже. Әке.Ана.Бала. Күйеу бала. Қыз. Ұл. Тұңғыш. Ортаншы.
Кенже.Ата. Апа. Келін .Жеңге. Жезде. Немере.Сіңлі. Қарындас. Іні. Аға.
Жиен. Бөле. Нағашы.Ағайын. Бауыр.
17-жаттығу Тәуелдік жалғауларын жалғаңыз
Бала... Апа...
Ата-ана... Ата...
Менің Ата... Біздің Сіңлі...
Сенің Әже... Сендердің Жұбай...
Сіздің Бауыр... Сіздердің Нағашы...
Оның Қарындас... Олардың Дос...
Әйел... Көрші...
Іні... Отбасы...
18 -жаттығу Тиісті сөздерді қойыңыз.
... балам. Менің ...әжең
... қыздары Сенің ...сіңлісі
... ұлдарың Сіздің ...ағаңыз
... отбасымыз Оның ...бауырларыңыз
Біздің
Сендердің
Сіздердің
Оладың
19 –жаттығу Тиісті жалғауларды жалғаңыз.
Мен мұғалім... , сен дәрігер..., сіз озат студент..., ол жақсы әріптес..., біз
еңбекқор құрылысшылар..., сендер тәжірибелі спортшы..., сіздер білікті
маман..., олар атақты ғалымдар... .
20 -жаттығу Сөз тіркестерімен сөйлем құраңыз.
Ертерек кетпекші, бармақ емессің, қолөнер үйренбек, мал шашпақ, айтып
қоймақ, өнер шашпақ.
21 –жаттығу Берілген етістіктерден мақсатты келер шақ жасап, әрқайсысымен сөйлем құраңыз.
Үлгі: Аш-ашпақ. Наданның көңілін қойып, көзін ашпақ. (Абай)
Шаш, үйрен, қой, сөйле.
22-жаттығу Етістіктерді салыстырыңыз, шақтарын анықтаңыз.
Ол университетте оқиды. Ол болашақта осы университетте оқиды.
Жұмыскерлер бастыққа барады. Күте тұрса, бастық та келеді.
Ол Алматыға барады. Ол есейгенде Алматыға барады.
23 -жаттығу Сөйлемдерден етістіктерді тауып, шақтарын анықтаңыз.
Мен ылғи ерте тұрамын. Әсет кітап оқиды. Жұмыскерлер келе жатыр. Олар
сөйлесіп тұр. Жақсымен жолдас болсаң жетерсің мұратқа. Жаманмен дос
болсаң қаларсың ұятқа. Жас-қартаймақ, жоқ-тумақ, туған-өлмек. Батыр жігіт
қол бастар.
© ООО «Знанио»
С вами с 2009 года.