Советы, рекомендации родителям, воспитателям детских садов, миницентра по развитию речи дошкольников посредством различных игр. Игра - ведущий вид деятельности детей дошкольного возраста. Вовлекая в игру, участвуя в ней ребенок познает окружающий мир, расширяется словарный запас, кругозор дошкольника. По своему содержанию игры делятся на сюжетно-ролевые, игры -драматизации, дидактические, по видам - на двигательные, национальные и т.д.
Ойындар мазмұнына қарай, өзіне тән ерекшеліктеріне қарай сюжетті – рөльді, драматизиялық, дидактикалық құрылыс ойындары, қимылды ойындар, ұлттық ойындар болып бөлінеді.
Кочубаева Г.К. Ойын арқылы баланың тілін дамыту.doc
Ойын арқылы баланың тілін дамыту
Ойын балалар үшін айналадағыны танып – білу тәсілі. Ойынның
негізгі ерекшелігі – балалар үнсіз ойнамайды. Тіпті, бала жалғыз
болғанның өзінде де сөйлесіп жүреді. Ойын процесінде сөйлесу қарым –
қатынасы үлкен рөл атқарады. Сөйлесе жүріп, балалар пікірлесіп, әсер
алысып, ойының түпкі ниеті мен мазмұнын анықтайды. Ойынның негізгі
құрылымдық элементтері мыналар: ойынның өзінен туатын және
балалар жасайтын немесе ересектер ұсынатын ойын ережесі.
Ойынның сюжеті, мазмұны – бұл оның жанды тұлғасын құрайтын,
ойын әрекеттерінің, балалардың өзара қарым – қатынастарының дамуын,
көп жақтылығын және өзара байланысын анықтайды. Ойынның мазмұны
оны қызықты етеді, ойнауға ықылас пен ынтаны қоздырады. Ойын
процесінде балалардың өздері ойнаушылардың мінез – құлқы мен өзара
қарым – қатынастарын анықтайды және реттейтін ереже белгілейді.
Ойын бала үшін нағыз өмір. Ойын сонымен бірге сабақ кезінде оқытумен
де тығыз байланысты. Ойын ешқашанда өзінің қызықтылығын
жоғалтпайды, тек оның мазмұны, сипаты өзгереді. Ойындар мазмұнына
қарай, өзіне тән ерекшеліктеріне қарай сюжетті – рөльді,
драматизиялық, дидактикалық құрылыс ойындары, қимылды ойындар,
ұлттық ойындар болып бөлінеді.
Сюжетті рольді ойындар мектепке дейінгі балаларға тән, ең
сипатты ойындар болып табылады.Ол балалар өмірінде елеулі орын
алады. Сюжетті рольді ойындарының ерекшелігі сол, оны балалардың
өздері жасайды. Ойынның дербес әрекеті айқын өнерпаздық және
шығармашылық сипатта болады. Драматизиялық ойындарда мазмұн, рольдер, ойын әрекеттері
қандай да бір әдеби шығарманың, ертегінің т.б. сюжеті мен мазмұнына
сәйкес болады.
Дидактикалық ойын формасы кішкене балаларға мейлінше тән
оқыту формасы болып табылады. Ойын өлең мен қимылды ұштастыру
негізінде жүргізіледі.
Дидактикалық ойынның нәтижесі қандай жолмен болса да өту
емес, балалардың білімді игеру, ақылой қызметін дамытуда,өзара
қарым қатынас жасауда жеткен жетістіктерінің көрсеткіші.
Ойын балалар үшін қызықты әрі олардың көңіл –күйін жаулап
алады. Ал мақсатқа қол жеткізу тапсырмаға қызығушылыққа
негізделген жауапты табу ойлаудың белсенділігінсіз мүмкін
емес.Дамытушы ойындарды қолдану арқылы неғұрлым мықты білім мен
біліктілікті арттыруға қол жеткізуге болады. Оқыту мен тәрбиелеуге
бағытталған ойындардың барлығы бірдей дерлік қоршаған ортаға
қызмет ететін оған таныс, жақын, бала санасын оятатын, оның танымдық
қызметін жандандыратын дидактикалық материалдардың болуымен
ерекшеленеді.
Онда айшықты әдемі дидактикалық материал, баланы қоршаған
айналадағы заттар бейнеленуі тиіс. Мұндай ойындар баланы
қызықтырады, қызығушылығын оятады.Баланы бәрінен бұрын өте
алуан түрлілігімен тартатын дидактикалық
айшықтылығымен,
материалдар немесе ойыншықтары бар ойын қимылдары қызықтырады.
Дамытушы ойындар танымдық сезімді оятады, яғни балада тану
іздену әрекетін дамыта отырып, ойдың, талдау мен әрекеттің логикасын
ойлау процесінің икемділігін, жаттығуын және тапқырлығын, қиял
ұшқырлығын қалыптастырады.
Тәрбиешілермен ата аналар бірге отырып, тығыз байланыста
жұмыс істесе, яғниатааналар балабақшадағы ойнатылған дамытушы ойындарды, кез келген уақытта, үйде ойнатса, бала тәрбиесі жүйелі
жүргізіліп, орта жетістікке қол жеткізеді де,баланың жақсы оқуына зер
салады.
Қорыта айтқанда, ойынбаланың жан серігі. Ойын сырттай
қарағанда ешқандай қиындығы жоқ, оп оңай көрінуі мүмкін. Ал, іс
жүзінде бала ойынға қатысу үшін басқалармен тіл табысып, өзінің
ойлаған ойын іске асыру оңай емес. Баланың рухани жетілуі мен табиғи
өсуінің, денесінің дамуы мен ой дүниесінің өркен жаюы ойынға тікелей
тәуелді.
Мектепке дейінгі мекемелердің оқытудағы негізгі міндеті:
сәбилер тобынан бастап балаларға білім, дағды, іскерлікті берумен
қатар ойлау қабілеттерін қалыптастырып, балалардың тілдерін ойын
арқылы дамыту болып табылады.
«Ойын ойнап, ән салмай өсер бала болар ма» дегендей, ойынның
кай түріне болмасын зер салып, ой жүгіртіп қарар болсақ, одан мәнді де
мағыналы істер туындап өрбитінін байқаймыз.Өйткені алдымен ненің
болсын бастамасы жол бастар қайнар көзі болатыны белгілі, демек біз
ойынды бар өнердің бастауы деп білеміз. «Семей қаласының білім бөлімі»мемлекеттік мекемесінің
№7 «Ақ бота» яслибақшасы
Коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
«Ойын арқылы баланың тілін дамыту»
Кеңес
Әдіскер Кочубаева Г.К. Семей қаласы
Кеңес
Кеңес
Кеңес
Кеңес
Кеңес
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.