Қазақ тілі пәнінен қысқа мерзімді сабақ жоспары
Сабақ: 2-бөлім: Киім. Сән-талғам Уақыты: Сыныбы:5 |
Қатысқан оқушылар саны - Қатыспағандар: - |
|||||||||
Сабақтың тақырыбы:
|
Киім-мінез айнасы |
|
||||||||
Оқу мақсаты
|
Тірек сөздер мен жетекші сұрақтар арқылы негізгі ойды анықтау (5.Т/А4.); Сюжетті суреттердің (фотосуреттер )желісі бойынша әңгіме құрастыру (5.Ж3)
|
|||||||||
Сабақтың мақсаттары |
Барлық оқушылар орындай алады: Жетекші сұрақтар арқылы негізгі ойды анықтайды. Сюжетті суреттерді ретімен орналастырады. Оқушылардың көпшілігі орындай алады: Әңгіме құрастырады. Әңгіме құрауда бейнелі сөздермен жеткізеді. Кейбір оқушылар орындай алады: Тақырып аясында өз пікірін білдіреді. |
|||||||||
Ойлау дағдылары |
Білу,түсіну және қолдану |
|||||||||
Бағалау критерийі |
1. Тірек сөздер мен жетекші сұрақтар арқылы негізгі ойды анықтайды. 2. Сюжетті суреттердің желісі бойынша әңгіме құрастырады.
|
|||||||||
Тілдік мақсат
|
Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер: Ұлттық нақыш, сән әлемі, классикалық киім, заманауи киім ,жеңіл, ыңғайлы, сабырлы, рухты, ұлтжанды.
Диалог құруға, жазуға арналған пайдалы тіркестер: (ПОПС форм-ы) Менің ойымша....... Маған қиын болды..... Мен орындай алдым..... Менің қорытындылауымша..... |
|||||||||
Құндылықтарға баулу |
- ұлттық көзқарасқа құрметпен қарау; - жас ерекшеліктеріне байланысты киінуге баулу; - орынды киінуге баулу;
|
|||||||||
Пәнаралық байланыс |
Қазақ әдебиеті,өзін-өзі тану, бейнелеу өнері,технология Талқылауға арналған сұрақтар: 1. Киім дегеніміз не? 2. Қандай ұлттық киімдерді білесің? 3. Заманауи киім дегенді қалай түсінесіңдер? 5. Ұлттық киім мен заманауи киімнің айырмашылығы? 6.Адам мінезін киіміне қарап қалай сипаттауға болады?
|
|||||||||
Алдыңғы оқу |
ӘТН\4 Дизайнер болғым келеді |
|||||||||
Жоспар |
||||||||||
Уақытты жоспарлау |
Жоспар бойынша орындалуы тиіс тапсырмалар |
Ресурстар |
||||||||
Басы 5 минут
3минут
Ортасы 15 минут
5 минут
5 минут
7минут
5 минут |
Психологиялық ахуал орнату: «Ыстық алақан» Оқушылар бір-біріне алақандарын қойып, жақсы тілектерін айтып шығады. Киім түрлерінің суреттері арқылы тақырыпты ашу. Оқушыларды киімдердің суреттері арқылы 3 топқа бөлу. 1.Ұлттық киім 2.Заманауи киім 3.Классикалық киім Ширату жаттығуы мұғалім жетекшілігімен «Зуылдақ» әдісі. Оқушыларға сұрақтар беріледі 1. Киім дегеніміз не? 2. Қандай ұлттық киімдерді білесің? 3. Заманауи киім дегенді қалай түсінесіңдер? 5. Ұлттық киім мен заманауи киімнің айырмашылығы? 6.Адам мінезін киіміне қарап қалай сипаттауға болады?
1-тапсырма Топтық жұмыс Тындалым басы. Киім түрлері дегенде естеріңе не түседі? Мұғалім жетекшілігімен «Ой қозғау» әдісі арқылы осы мәтінді аудиотаспадан тыңдатамын.
Киім – мінез айнасы Қазіргі кезде кез - келген адамның өз қалауынша сәнді киінуіне мүмкіндігі бар. Ең алғашқы киімдерді адамдар шөптен, жан- жануарлардың терілерінен жасаған. Алғашқыда адамдар киімді суықтан, ыстықтан, жараланудан, сырып кетуден сақтап қалу үшін киді. Киім – адам денесінің жамылғысы. Киім адамды қоршаған ортаның, табиғаттың түрлі әсерлерінен қорғайды. Киім тігуге мал, аң терілері, өсімдік, ағаш, балық, құс өнімдері, жасанды материалдар пайдаланылады. Киім түрлеріне қарай бас киім, аяқ киім, сырт киім, ұлттық киімдер т. болып бөлінеді. Ұлттық киімдер арқылы адамның ұлтын да білуге болады.
Осы мәтінге қарап оқушылар сұрақ құрастырады. 1.Ең алғаш киімдерді неден жасаған? 2.Киім тігуге қандай материал пайдаланылған? 3.Қандай киім түрлерін білесің? 4.Ұлттық киім мен заманауи киімнің қандай ұқсастығы бар?
Қалыптастырушы бағалау. «Басбармақ» әдісі Мұғалімнің кері байланысы Тыңдалымнан кейінгі
2-тапсырма. Топтық жұмыс
«Қос диаграмма» әдісі
Айырмашылықтары
Дескриптор: - ұлттық киім мен заманауи киімді ажырата алады; - ұқсастығын,түрлерін айта алады;
Қалыптастырушы бағалау. «Басбармақ» әдісі Мұғалімнің кері байланысы
3-тапсырма.Топтық жұмыс Берілген сюжетті суреттерді ретімен орналастыр.
Дескриптор: - суреттердің мазмұнын түсінеді; - суреттерді ретімен орналастырады;
Қалыптастырушы бағалау. «Басбармақ» әдісі
4-тапсырма. Жеке жұмыс Суреттерді ретімен орналастыра отырып, «Киім – мінез айнасы» тақырыбында мәтін жазыңыз. Мәтінді «Көршіңмен бөліс» әдісімен тексеріңіздер.
Дескриптор: - әңгіме құрылысын сактай отырып құрастырады; - жұрнақ арқылы жасалған туынды сөздерді және күрделі сөздерді ауызша немесе жазбаша тілдесім барысында қолданады.
Кері байланыс: «Бағдаршам» әдісі
Қызыл – менің түсінбеген сұрақтарым бар; Сары – алған ақпараттарымды әлі де қорытуым керек; Жасыл - мен киім арқылы адам бойындағы мінезін анықтауға болатынын байқадым.
Үйге тапсырма «Киім-мінез айнасы» тақырыбына эссе жазып келу
|
Үш түрлі үлгідегі сурет қиындылары
АКТ
Оқулық Арман ПВ
ютуб
|
||||||||
Қосымша ақпарат |
||||||||||
Бөліп оқыту – Көбірек қолдау көрсету үшін сіз не істейсіз? Тірек сөздерді сәйкестендіреді. Қабілеті жоғары оқушыларға қандай күрделі тапсырма бересіз? Тақырып бойынша «Әңгіме» құрастырады
|
|
Пәнаралық байланыс Қауіпсіздік ережелері АКТ
|
||||||||
Рефлексия Сабақ мақсаттары/оқыту мақсаттары шынайы болды ма? Бүгін оқушылар нені үйренді? Оқыту ортасы қандай болды? Менің бөліп оқытқаным өз мәнінде жүзеге асты ма? Мен өз уақытымды ұтымды пайдалана алдым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен? |
Төменде берілген бос орынды өз сабағыңызға рефлексия жүргізу үшін пайдаланыңыз. Сабағыңызға қатысты деген сол жақта келтірілген сұрақтарға жауап беріңіз. |
|||||||||
|
||||||||||
Қорытынды бағалау Ең жақсы өткен екі тапсырманы атап көрсетіңіз (оқытуға және үйренуге қатысты) 1: 2: Қандай екі нәрсе немесе тапсырма сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізуші еді? (оқытуға және үйренуге қатысты) 1: 2: Осы сабақтың барысында мүмкін барлық сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағыма қажет болатын қандай ақпаратты білдім? |
||||||||||
© ООО «Знанио»
С вами с 2009 года.