Китапхана достыгы
Оценка 4.8

Китапхана достыгы

Оценка 4.8
Разработки уроков
doc
администрации
8 кл
10.02.2017
Китапхана достыгы
Анықтамалық басылымдар.Сөздіктер.Балалар энциклопедиясы. /Кітапханалық сабақ/ «Іздегенім табылады өзіңнен...» Мақсаты: оқушылардың анықтамалық басылым туралы білімдерін кеңейту. Энциклопедияларды, сөздіктерді дұрыс пайдалана білуге үйрету, олардың алуан түрлерін көрсету, олармен өздігінен жұмыс жүргізіп, оларды қолдануды үйрету. Көрнекілік: энциклопедиялар мен сөздіктер,анықтамалықтар жинағы, слайдтар,кітап көрмесі Сабақтың барысы: 1- Анықтамалық басылым туралы мәлімет 2- Топпен жұмыс. 3- Сөздіктер достығы 4- Білім бағдаршамы 5- Сөзжұмбақ 6- Үй тапсырмасы 1.Кітапханашы сөзі. Анықтамалық басылым - тез тауып алатындай етіп баяндалған, безендірілген және орналастырылған ғылыми, ғылыми көпшілік, үгіт-насихаттық немесе қолданбалы сипаттағы қысқаша мәліметтері бар басылым. Халқымызда «Ізденген-жетер мұратқа» деген дана сөз бар. Яғни,әр нәрсені білуге талпынып,білімнің тереңіне бойлау- адамды рухани байытады.Дүниеде балалар түсіне бермейтін жәйттер көп-ак. Өмірді жете танығысы,бәрін білгісі келетін олар«Неліктен»,»Қайдан»,»Не үшін» деген тәрізді сұрақтарға жауап іздеп,бір тыным таппайды.Олардың осылайша ізденімпаздық танытуы-табиғи заңдылық. .
кітапхана достығы.doc
О.Бөкей атындағы №44 мектеп­лицейі КММ «Іздегенім табылады өзіңнен...» Кітапханалық сабақ (6 cынып) Орындаған: Кітапхана меңгерушісі Омарханова Б.Ж. Өскемен қаласы Анықтамалық басылымдар.Сөздіктер.Балалар энциклопедиясы. /Кітапханалық сабақ/  «Іздегенім табылады өзіңнен...» Мақсаты:  оқушылардың     анықтамалық     басылым   туралы   білімдерін   кеңейту. Энциклопедияларды, сөздіктерді  дұрыс пайдалана білуге үйрету, олардың алуан түрлерін көрсету, олармен өздігінен жұмыс жүргізіп, оларды қолдануды үйрету. Көрнекілік: слайдтар,кітап көрмесі Сабақтың барысы:   энциклопедиялар   мен   сөздіктер,анықтамалықтар   жинағы, 1­ Анықтамалық басылым туралы мәлімет  2­ Топпен жұмыс. 3­  Сөздіктер достығы 4­  Білім бағдаршамы 5­  Сөзжұмбақ 6­  Үй тапсырмасы   1.Кітапханашы   сөзі.  Анықтамалық   басылым  ­   тез   тауып   алатындай   етіп баяндалған, безендірілген және орналастырылған ғылыми, ғылыми көпшілік, үгіт­ насихаттық немесе қолданбалы сипаттағы қысқаша мәліметтері бар басылым.  Халқымызда «Ізденген­жетер мұратқа» деген дана сөз бар. Яғни,әр нәрсені білуге талпынып,білімнің   тереңіне   бойлау­   адамды   рухани   байытады.Дүниеде   балалар түсіне бермейтін жәйттер көп­ак. Өмірді жете танығысы,бәрін білгісі келетін олар«Неліктен»,»Қайдан»,»Не үшін» деген   тәрізді   сұрақтарға   жауап   іздеп,бір   тыным   таппайды.Олардың   осылайша ізденімпаздық танытуы­табиғи заңдылық. .  Адамның   бұрын­соңды   болып   өткен   оқиғалар   мен   даталардың, цифрларды бәрін бірдей есінде сақтауы мүмкін емес. Сондықтан да, бір сұраққа жауап алу үшін сөздіктер мен энциклопедиялардың көмегіне сүйенуге тура келеді.   Бүгінгі өткелі отырған кітапханалық сабағымыз – балаларға   бағыт­ бағдар   сілтейтін,сан   алуан   тақырыпты   қамтитын   энциклопедиялар   мен сөздіктер,анықтамалықтарға арналмақ. Балаларға сұрақ қою.  Энциклопедия  –   француз   тілінен   шыққан   сөз.   Ол   –   «білім   жинағы»   деп аударылады. Бұл бағытта шығарылатын ғылыми басылым.  ( слайд) Энциклопедиялар да әр түрлі болады.  Кұралымы бойынша: әліпбилік, жүйелі ( слайд) Ақпараттың көлемі бойынша: үлкен – 10 томнан асатын, шағын – 10­12 томдық, қысқаша – 4­6 томдық, энциклопедиялық – 1­3 томдық. Материалдарды   таңдау   жағынан   ­   әмбебап,   салалық,   педагогикалық,   ұлттық, аумақтық, тақырыптық, өмірбаяндық. Тұңғыш “Қазақ совет энциклопедиясы”  (12 т., 1968 – 78).  Балаларға сөз беру.  “Қазақ ССР” қысқаша  энциклопедиясы  (4 т. 1984, 1987,1988­89),  Ал   енді   10­   томдық   «ҚАЗАҚСТАН»  Ұлттық   энциклопедиясы   (  слайд)  бұл сөздіктердің бәрінен асып түседі. Оларда табиғат, тарих, ғылым және техника, өнер мен әдебиетке қатысты сөздер жинақталып берілген.   Қазақстанның   табиғаты   –   еліміздің   бай   табиғаты,   оның   ішінде   таулары, қыраттары,   жазықтары,   өзен­көлдері,   орман­тоғайлары,   жануарлар   әлемі, өсімдіктер дүниесі т.б. энциклопедиялық жүйемен әліпби бойынша берілген.  Өмірбаяндық энциклопедиялар – сөздің мағынасын түсіндірмейді, ол нақты бір адамның   елеулі   оқиғаларын   көрсетеді,   энциклопедияның   құрылуына   назар аударыңыз – тегі алфавит бойынша, аты, әкесінің аты, мәліметтер қысқаша, ал шежіре хронологиялық тәртіппен орналасқан. Мысалы: Абай энциклопедияcы:  (  слайд)  Абай Құнанбаевтың өмірі мен шығармашылық жолына арналған.  Қазақстан балалар энциклопедиясы –( слайд ) – Аруна баспасынан шыққан « Алтын Орда» , «Қазақ хандығы», «Ежелгі Қазақстан әфсаналары», «Ежелгі Қазақстан мифтері», «Қазақтың көне эпосы»­ энциклопедиялары. Балаларға арналған танымдық энциклопедия" ( слайдтар)  сериясы бойынша өте   сәнді   және   әсем   безендірілген,   сапалы   дайындалған   кітаптар   сендерді қызықтырған көптеген сұрақтарға өз бетінше жауап табуға көмектеседі. Балаларға арналған  танымдық  энциклопедиялардың   ішінде   көптеген  түрлері  бар:  Мысалы олар: «Құстар», «Сүтқоректілер», «Әлем кереметтері», «Жануарлар» Сұрақ­жауап энциклопедия ( слайд) – 8 бөлімнен тұрады: әлем, жер планетасы, дүние жүзі тарихы, табиғат әлемі, адам денесі, ғылым және техника, әлемге саяхат, мәдениет және спорт.   Сөздік  ­   бұл тілдегі сөздерді, сөз тіркестерін, идиомдарды әліпби негізінде я тақырыптық  тұрғыдан  жүйеге түсіріп, олардың мағынасын ашатын, аудармасын түсіндіретін анықтамалық құралмасы ( слайд) Алғашқы   сөздік   өзге   тілдер   сөздерін   түсіндіру   мақсатында   ерте   заманда жасалды.  Қазақ тілінің  сөздіктері  1860 жылдардан  бастап жарық көре бастады. Сөздіктің   әлеуметтік   қызметінің   маңызы   ерекше:   дереккөзі   ретінде   жылдам ақпарат   алуға   болады;   сөздердің   мағынасы   мен   дұрыс   қолданылуы   туралы нормативтік бағыт береді, т.б.  Сөздік мағынасын ашып, түсінігі берілген, басқа тілге аударылып, әліпбилік ретімен   берілген   сөздер   жиынтығы.  Сөздер   сөздіктерде   алфавит   тәртібімен,  ал энциклопедияларда   жекелеген   тақырыптар   бойынша   беріледі.   Сөздік   пен энциклопедиялармен жұмыс жасағанда ең қиыны ­ әліпбиді білмеу.  Ал сендер қандай сөздіктер білесіңдер? Сөздіктердің түрлері Сөздіктердің   түрлері   өте   көп,   шартты   түрде   оларды  лингвистиқалық, филологиялық  және   анықтама   сипатындағы  энциклопедиялық   сөздіктер  деп бөледі.   Энциклопедиялық   сөздіктерде  белгілі   бір   салаға   қатысты   ұғым,   дерек,   зат, құбылыстар сипатталады.  Синонимдер сөздігі­ бір сөзбен түсіндіріп, синонимдік шоғыр жиынтығын құрайды.   Омонимдер сөздік  ­тұлғасы бір, мағыналары әр түрлі сөздерді, ал  антонимдер сөздігі мағыналары қарама­қарсы сөздерді қамтиды.   тұрақты   тіркестердің   (идиомдар, Фразеологиялық   сөздіктер  фразеологизмдер)   мағынасын   түсіндіріп,   стилистик.   сипатын   айқындайды. Этимологиялық   сөздіктер­  жеке   сөздердің   тарихын,   шығу   төркінін   ашады. Орфографиялық сөздік ­сөздердің дұрыс жазылуын, ал орфоэпиялық сөздік дұрыс айтылуын көрсетеді.  Терминологиялық   сөздіктер­   жеке   ғылым   салаларына   байланысты   терминдерді түсіндіреді, олардың түрлері кәсіп салаларына қарай ұдайы толығып отырады. ­тілдегі Лингвоелтану   сөздігі­   белгілі   бір   тілде   сөйлеушілердің   ұлттық   ерекшеліктерін сипаттайды.  Топонимикалық сөздіктер­ жер­су аттарын түсіндіруге, қаламгер  тілінің сөздігі оның   шығармаларының   көркемдігін,   ұлттық   тіл   байлығын   қолдану   ерекшелігін тануға арналған. Мұнан басқа да диалектологиялық, ономастикалық, паронимдік, жиілік, жаңа атаулар, т.б. сөздік түрлері бар.  Ал енді, балалалар, осы кітапханадағы бар энциклопедиялар мен сөздіктермен жұмыс істеп көрсек қалай болар екен?! 3 топқа бөлінейік, әр топтарымыздың атауы болу керек.Спикер сайлау. .    1 топ «Тапқырлар», 2 топ – «Жүйріктер», 3 топ – «Білімпаздар»....                   1 топтың тапсырмасы: 1.Қандай   анықтамалық   басылымнан   а/«Қазақстан» энц. 4 том,  энц., б/ Жануарлар энц.   В/ Сүтқоректілер а/ Орфографиялық сөздік,қазақ тілінің сөздігі ./3 тілге аудару/ 2. Өсімдіктер суда қалай тіршілік ете алады? («Сұрақ­Жауап» энц. Табиғат әлемі. «Өсімдіктер мен санырауқұлақтар»  )   жылқы   туралы   табуға   болады?                                       2 топтың тапсырмасы: 1. Бұғы туралы  қандай анықтамалық басылымнан   табуға болады?  а/ «Қазақстан» 2 том, б/ Жануарлар энц.  в/Сүтқоректілер /Шөпқоректілер/ а/Орфографиялық сөздік, қазақ тілінің сөздігі  /3 тілге аудару/ 2. Цунами дегеніміз не? қандай анықтамалық басылымнан   цунами туралы табуға болады? («Сұрақ­Жауап» энц. Жер планетасы. )                 3 топтың тапсырмасы:    1.Қандай анықтамалық басылымнан көкек туралы табуға болады?  а/Құстар энц., б/«Қазақстан» энц. 5 том, а/ Орфографиялық сөздік, қазақ тілінің сөздігі, /3 тілге аудару/  2. Шаш қаншалықты тез өседі? («Сұрақ­Жауап» энц. Адам денесі.)   себебі Энциклопедиялармен   жұмыс   энциклопедияларда көптеген құпиялар сақталған, сендер білмеген мәліметтерге өте бай. Мысалы  балалар танымдық энциклопедиялары. істеу   өте   қызық   әрі   пайдалы, Ендеше, осы балалар танымдық энциклопедиясымен жұмыс істеп көрсек.   Әр топқа 2 сұрақ беріледі, кім сұраққа бірінші жауап тапса – 4 ұпай, екінші – 3 ұпай, үшінші – 2 ұпай, соңғы – 1 ұпайға ие болады.  1   топтың   сұрағы:  1.   Сүтқоректілер   жер   бетінде   қашан   пайда   болған?     (200 миллион жыл бұрын – «Сүтқоректілер» энцикл.), 2. Кеміргіштің қанша түрі бар? (1500 түрі бар «Сүтқоректілер» энц. Қояндар мен кеміргіштер айдары.) 2 топтың сұрағы: – 1.Әлемдегі ең үлкен өрмекші? (Құс жейтін өрмекші – голиаф, «Әлем кереметтері» ­ Ең үлкендер айдары), 2. Ең кішкентай мотоциклдің авторы кім? (Швециялық Виберг – «Әлем кереметтері» энц. ­ Ең қысқалар айдары) 3   топтың   cұрағы:–1.Ұша   алмайтын   құстарды   атаңдар,қай   энциклопедиядан жауап   таптыңдар.   (   тинаму,   пингвиндер,   түйеқұс,   нанду,   казуар,   киви,   эму, «Құстар» энц. Ұша алмайтын құстар айдарында), 2. Неше жасар ит кәрі болып есептеледі? (12 жасар ит кәрі болып есептеледі «Жануарлар» энц. Ит тұқымдастар айдарында/                        Сөздіктер достығы (Қолдарына бір сөздіктен ұстап оқушылар шығады) 1   –   Мен   орфографиялық   сөздікпін   Сөздердің   дұрыс   жазылу   ережелерінің жиынтығымын.. Мысалы:  көбелек­көбөлек,  бүгін­бүгүн,  жұлдыз­жұлдұз, сендер осылай айтсаңдар да, мен дұрыс жазуды талап етемін. (слайд) 2 – Түсіндірмелі сөздік. Мен әрбір сөздің мағынасын ашып,түсінік беремін.  Мысалы:  Азанда–азанғы мезгіл,таңертең ерте.Әшейін­белгілі мақсатсыз, жайша. Әшейін келдім. 3 – Қазақ­әдеби тілінің сөздігі. Мен әдеби сөздерді түсіндіруге көмектесемін. Тіл байлықтарыңды молайтып,көркем сөйлеуге жетелеймін. Мысалы: 4­ Тұрақты теңеулер сөздігі. Қазақ тілінде ежелден қалыптасқан тұрақты теңеулер кірген сөздікпін. Мысалы: 5­   Қазақша­ағылшынша­орысша   сөздік.   Мен   бүгінгі   заман   талабына   сай   өте қажетпін. Сөздің қазақша, орысша, ағылшынша аудармасын табуға көмектесемін.  Мысалы: кеш­вечер­evening Сөздіктермен жұмыс істеу.    “Патриотизм”  сөзінің   мағынасын   қалай   түсіндірер   едіңдер?   Оны   қай сөздіктен іздеп табуымызға болады?   /Адамның жақсы қасиеттерін айтады / /Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі/ «Патриотизм» сөзінің синонимі. Қандай сөздікті пайдаландыңдар?  /  отаншылдық/  Синонимдер сөздігі. “Құлшыну”  сөзінің   мағынасын   қалай   түсіндірер   едіңдер?   Оны   қай   /   Бір   іске   бар   ниетімен сөздіктен   іздеп   табуымызға   болады?   ұмтылу.Құлшынып кірісті/ /Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі/ «Құлшыну» сөзінің синонимі. Қандай сөздікті пайдаландыңдар?  /  құлшыну­белсену/  Синонимдер сөздігі. “Тәуелсіздік”  сөзінің   мағынасын   қалай   түсіндірер   едіңдер?   Оны   қай сөздіктен   іздеп   табуымызға   болады?     /Ұрда­жық   мінез   көрсету,дөрекілік істеу / /Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі/ «тәуелсіздік» сөзінің синонимі. Қандай сөздікті пайдаландыңдар?  /  тәуелсіздік­ еріктік, азаттық, бостандық /  Синонимдер сөздігі.                                    Білім бағдаршамы   Неге анықтамалық басылым деп аталады  • 1   топ­   Энциклопедия   /Қызыл­энциклопедиямен   сөздіктің ұқсастығы мен айырмашылығы • 2 топ­ Сөздік / Сары­     сөздік пен анықтамалықтың ұқсастығы мен айырмашылығы • 3 топ­ Анықтамалықтар /Жасыл­       анықтамалық   пен   энциклопедияның   ұқсастығы   мен   айырмашылығы Әр   топ   семантикалық   карта   бойынша   ұқсастығы   мен айырмашылығын дәлелдеу. Бүгінгі   сабақта   алған   білімімізді   тиянақтап   қорытындылау үшін   мына   сөзжұмбақты   шешейік.   Мұнда   сабақтан   алған білімдерінің жауаптары шығады.                          Сөзжұмбақ.    (слайд) 1. 10 томдық ұлттық энциклопедияның атауы.  2. Білім жинағы деген не 3. Қандай теңеулер сөздігін білесіңдер 4. Сөздің дұрыс жазуын көрсететін сөздік 5. Сөздің мағынасын түсіндіретін сөздіктің түрі. 6.   Абай   Құнанбаевтың   өмірі   мен   шығармашылық   жолына   арналған энциклопедия 7. «энциклопедия» сөзі ненің жинағы деп аударылады. 8. Қазақша­орысша сөздігінде сөздің ..... табуға болады. 9. Энциклопедиялар мен сөздіктермен жұмыс істеу үшін не білуге қажет 10. Қазақстан бұл қандай энциклопедия 11. Адамның елеулі оқиғаларын көрсететін энциклопедия.  12.   Энциклопедиялар,   сөздіктер   бұл   бір   сөзбен   айтқанда,   қандай басылымдарға жатады. Сөзжұмбақтың   дұрыс     жауаптары:  1.ҚАЗАҚСТАН  2.ЭНЦИКЛОПЕДИЯ  3. ТҰРАҚТЫ 4. ОРФОГРАФИЯЛЫҚ 5. ТҮСІНДІРМЕЛІ 6. АБАЙ .7. БІЛІМ 8. АУДАРМАСЫ   9.   ӘЛІПБИ   10.   ҰЛТТЫҚ   11.   ӨМІРБАЯНДЫҚ   12. АНЫҚТАМАЛЫҚ.        Балалар, біздің кітапханалық сабағымыз аяқталуға жақын.        Бүгінгі сабақ ұнады ма,не ұнады? Кім айтады? Балалардың пікірін білу. . .   Біздің көмекшілеріміз әрқашанда көмектесуге дайын. Ендеше, өздерің білгілерің келген сөзді іздеуден ешқашан да жалықпаңдар.                 Үй тапсырмасы: Анықтамалық басылымға буклет жасап әкелу. Мына журналға шықты /Педагогика және  оқушы психологиясы №5 /2013 /

Китапхана достыгы

Китапхана достыгы

Китапхана достыгы

Китапхана достыгы

Китапхана достыгы

Китапхана достыгы

Китапхана достыгы

Китапхана достыгы

Китапхана достыгы

Китапхана достыгы

Китапхана достыгы

Китапхана достыгы

Китапхана достыгы

Китапхана достыгы

Китапхана достыгы

Китапхана достыгы

Китапхана достыгы

Китапхана достыгы

Китапхана достыгы

Китапхана достыгы
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
10.02.2017