«Көктем аруы – 2024
------------------
Жүргізуші: Құрметті ата-аналар, ұстаздар, оқушылар, сайысқа қатысушы арулар. Сіздерді көктем мерекесі ұлыстың ұлы тойы наурыз мерекесімен құттықтаймын. Көктемнің шуақты күндеріндей, сан-алуан гүлдердей құлпырып жайнап жүре беріңіздер!
Жүргізуші: Армысыз, әлеумет, кеш қонағы
Бүгін бізде мереке аса мәнді!
Қуанып зер салайық, ей халайық!
Аруларды қошеметпен қарсы алайық!
Мың бұралған арулар билей басып.
Келеді міне ортаға толқып-тасып,
Аруларын сыйлаған халқым менің
Көңілді қошеметпен қол соғайық!
«Қазақ аруы»-Жазира Ләззат әні. МУЗЫКА
Сайысқа қатысушы аруларымызды ортаға шақырамыз.
2 «а» сынып аруы: Бекжасарова Айару
2 «а» сынып аруы: Джексенбай Адина
3 «а» сынып аруы: Боранбаева Айару
3 «а» сынып аруы: Қабдеш Медина
4 «а» сынып аруы: Абишева Айша
4 «а» сынып аруы: Нұрахмед Дина
Жүргізуші: Әділдікпен баға берер аруға
Әділдікпен қара қылды жаруға
Алқасын қазылардың біз сайлайық
Ақ аруды талдап бүгін алуға,-деп бүгінгі сайысымызға баға берер қазылар алқасымен таныс болайық.
«Наурыз көктем»- музыкасы
Әділ-қазылар:
1.
2.
3.
Ал, енді қатысушы аруларымызды сахна сыртына шығарып салайық.
(Қыздар сахна сыртына шығады)
Жүргізуші:
Сайыс 5 бөлімнен тұрады:
1. Өзін-өзі таныстыру
2. Мақал – мәтелдің жалғасын тап.
3. Зерделінің ойы озық (сұрақтарға жауап беру, жұмбақ шешу).
4. Өнерлі өрге жүзер (ән, би, мәнерлеп оқу, сурет салу).
5. Сән үлгісін көрсету .
- Ендеше сайысымызды бастайық.
1-бөлім.
Жүргізуші:
Ақ арулар келіп жетті танысуға,
Бойындағы бар дарынды дарытуға,
Қорықпастан сахнаға келіп жетті
Әдеппенен, ізетпенен танысуға,-дей келе сайысымыздың 1-бөлімі «Өзін-өзі таныстыру»
(Бұнда аруларымыздың тіл көркемдігі және сырт келбеті, жүріс-тұрысы сынға түседі).
«Үкілі кәмшат» музыкасы
1 ару: Бекжасарова Айару өзін таныстырады
2 ару: Джексенбай Адина
3 ару: Боранбаева Айару
4 ару: Қабдеш Медина
5 ару: Абишева Айша
6 ару: Нұрахмед Дина
2- бөлім
Жүргізуші: Арусыздар таудай биік талабың
Қызысыңдар еркін-өскен даланың
Ал, қанекей мүдірмеңдер бұл сында
Мақал айту қыздар үшін қиын шаруа болып па?
(Мақал- мәтелдің жалғасын табу. Кім бірінші жалғасын табады.)
*
1.Әдепті бала – арлы бала,
(Әдепсіз бала – сорлы бала.)
*
2.Отансыз адам — ормансыз бұлбұл.
*
3.Оқусыз білім жоқ,
Білімсіз күнің жоқ.
*
4.Білегі күшті бірді жығады,
Білімі күшті мыңды жығады.
*
5.Туған елдей ел болмас,
Туған жердей жер болмас
*
6. Еңбектің наны тәтті,
Жалқаудың жаны тәтті.
«Қазақ қызы әдемі» музыка
3-бөлім.
Жүргізуші: Ақылдылық қыздарға жарасады,
Көзі ашықпен бәрі де санасады.
Келесі сұрақ-жауап сайысында.
Сыналар білімі мен парасаты,- дей отырып,келесі кезекте сұрақтарға жауап береміз және жұмбақ шешеді (3 сұрақ, 2 жұмбақ)
«Қазақ қызы» музыка
Бекжасарова Айару
1.Жылдың төрт мезгілі (қыс, көктем, жаз, күз)
2.Қазақстанның Президенті кім? (Қ.К.Тоқаев)
3.Білім, оқу, жазуды үйретуші адам? (Ұстаз)
Жұмбақ
Білімнің дәнін тереді,
Балаға тәлім береді. ( ұстаз )
Қабат-қабат қаттама,
Ақылың болса аттама. (кітап)
-------«Қазақ қызы» музыка
Джексенбай Адина
1.Науқас адамдарға көмек беруші, емдеуші адам? (Дәрігер).
2. Қойдың төлі? (қозы).
3. Сүттен жасалатын тағам? (айран, ірімшік,қаймақ,май).
Жұмбақ
Тырс-тырс тамады,
Сайға қарай ағады. (жаңбыр)
Жаңбыр жауып басылды,
Аспан шайдай ашылды.
Қызыл,сары,жасылды,
Көкте бір зат асылды. (кемпірқосақ)
---------«Қазақ қызы» музыка
Боранбаева Айару
1.Әйгілі күйшісі ? (Дина Нүрпейісова).
2.Тай, құлынның анасы? (Бие)
3.Ең зор байлық (денсаулық)
Жұмбақ
Дәмін татсаң –тәтті-ақ,
Түсін көрсең- әппақ. (қант)
Үш көзді батыр
Жолды аңдып жатыр. (Бағдаршам)
-----------«Қазақ қызы» музыка
Қабдеш Медина
1.Мойынға тағатын әшекей бұйым (алқа)
2. «Үш бақытым» өлеңінің авторы кім? (Мұқағали Мақатаев)
3.Ас пісіруші маман адам? (Аспаз)
Жұмбақ
Орманда- тұрағы
Тоқ-тоқ етіп тұрады. (тоқылдақ)
Қолы жоқ сурет салады,
Тісі жоқ тістеп алады.(Аяз)
------------«Қазақ қызы» музыка
Абишева Айша
1.Еттен жасалатын тағам? (Бесбармақ).
2. Ұлттық ойындарды ата. (қыз қуу, алтыбақан, ханталапай, арқан тартыс,ақ серек-көк серек)
3. Төрт түлік малды ата.(жылқы, түйе, сиыр, қой-ешкі)
Жұмбақ
Өзі ширақ, өзі қу,
Жүрген жері айқай-шу. (Түлкі)
Көреді бәрін өзгенің,
Көрмейді бірақ өздерін (Көз)
----------«Қазақ қызы» музыка
Нұрахмед Дина
1.Қазақ әйелдерінің сәндік әшекей бұйымдары? (сырға,білезік, жүзік, сақина, шолпы, алқа, қапсырма, шашбау, бойтұмар, түйреуіш, белбеу).
2. Қазақтың ішекті музыкалық аспабы (домбыра)
3. Абай Құнанбаевтың әжесі? ( Зере).
Жұмбақ
Аспанда жүзеді,
Қанатын қақпайды.
Жерде де жүреді,
Бауырлап жатпайды. (Ұшақ)
Таңмен көзін ашады,
Әлемге нұрын шашады. (Күн)
------------------- « Көктем вальсі» музыка
4-бөлім.
Жүргізуші: Өнер-білім тапқырлықтың тарланы
Еңбектегі әріптестер мақтаны
Өнеріңді ортаға сал, сайысқа
Өнер көрсет құрбылармен жарыс та,-дей келе өз өнерлерін ортаға саламыз.
-------«Қыздарға әсемдік жарасады» Айгерім Қалаубаева
1 ару: Бекжасарова Айару – Би «Тоқтама биле»
2 ару: Джексенбай Адина – Би «Домбыра биі»
3 ару: Боранбаева Айару- Би «Мир сладостей»
4 ару: Қабдеш Медина – ән Қош келдің, төрлет Наурызым»
5 ару: Абишева Айша Видеоролик «Сурет салу-өнерім»
6 ару: Нұрахмед Дина Ән «Мен тәуелсіз қазақтың қызымын»
«Қыздар, қыздар» музыка
5-бөлім.
Жүргізуші: Сымбатына сән киім жарасатын,
Аспандағы айнамен таласатын
Өнерлеріне сәні сай келіп тұрған
Аруларға қызығып қарасын деп-келесі сайысымыз сән үлгісі.
«Қыз сыны» Марат Қарабаев музыкасы
2 «а» сынып аруы: Бекжасарова Айару
2 «а» сынып аруы: Джексенбай Адина
3 «А» сынып аруы: Боранбаева Айару
3 «А» сынып аруы: Қабдеш Медина
4 «А» сынып аруы: Абишева Айша
4 «А» сынып аруы: Нұрахмед Дина
Жүргізуші: Барына риза болсын көрермендер,
Көрсетті өнерлерін жас өрендер.
Осымен сайысымыз аяқталсын
Қазылар берсін енді шын бағасын.
Әділ-қазыларға сөз береміз.
Әділ-қазылар шешімін шығарғанша концерттік номерлер.
2 « А» сынып оқушысы Қажмұхамет Айсұлтанның орындауында ән «Мен қазақпын»-------------
4 «А» сынып оқушылары «Қазақстаным Отаным» Тілектес Нұрислам, Ғабдұлмүтәліп Ахмад------------
Материалы на данной страницы взяты из открытых источников либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.