Орман, сала- Көкке тойып,
Күллі дала- Желін толып
Ақ мамыққа оранған. Төрт түлік те семірер.
Сырғып, үріп, Шығын егін,
Жылжып, ұлып Жазып белін
Сансыз ақ қар бораннан Дихан тұрар күлімдеп.
Түлкі, қоян, Айтып әлди,
Қасқыр-ноян Тербеп сәби
Жүрер түйе сүрлігіп Ана жүрер «күнім» деп.
Суық торғай, Жылда осылай,
Қарға қонбай Болса маңай
Бүрсеңдейді дүрлігіп. Бір-бірімен қауышып.
Аяз қысып, Жаз да өтер,
Құлақ үсіп, Күз де жетер,
Домбығады қол-аяқ. Жыл мезгілі ауысып.
Жел құлпырып, Құстар қайтып,
Бұлт тұтығып Әнін айтып,
Көрінбейді жол-аяқ. Мәз болады көк аспан.
Мезгіл жетіп, Теріп бәрін,
Көктем елтіп Жазсам сырын
Қыраулы қыс шегінер. Қилы-қилы жыр дастан.
С.Елубаев
Осылайша, әр жыл сайын Табиғат төрт рет өзгеріп, жыл мезгілдері айналып, кезекпен келіп отырады.
Міне, халық аңызы осылай аяқталады да, біздерге Табиғат патшаның көзқарасы, көңіл-күйі ақындардың өлең-жырлары, музыка, қылқалам шеберлерінің ғажап туындылары арқылы суреттеліп, жетіп отырады. Сондықтан, адам баласы да Табиғаттың өзгеруін, жаңаруын жан-жақты көзқарас арқылы зерттеп, оларды санасына сіңіріп отырады.
Достар, төменде сіздерге арнап ұсынылып отырған әдістемелік жинақта - жыл мезілдеріне байланысты әдемі жыр, өлең, жұмбақ, мақал-мәтелдер, әндер және атақты суретшілердің суреттері барынша қамтылған.
Көктем, неткен керемет едiң!
(Әдеби-музыкалық сағат)
Ұйымдастыру: Бөлмені көрікті көктем болмысына лайықтап, табиғаттың тамаша құбылыстарына сай безендіру қажет.
Көктемге арналған суреттер ілінеді. «Құстар біздің досымыз» атты балалардың салған суреттерінен көрме ұйымдастырылады. Жақсы сурет салған оқырмандарға «Жас суретші» деген атақ беруге немесе кітапханадағы суретшілер үйірмесіне қабылдауға болады.
Қатысушылар: Күн-Ана (кітапханашы), Ару көктем, балалар
Сахнада Күн-Ана
Күн-Ана: О, қасиеттi Жер-Ана! Табынамын, саған басымды иемiн! Мен жылуыммен жер бетiн қыздырып, әр кеудеге қуаныш сеуiп, әр жүрекке күлкi болып енiп, өзiмнiң Гүл-көктемiмдi, Қыз Көктемiмдi, Ару-көктемiмдi шақырғалы тұрмын.
Қазақ вальсiнiң әуенiмен. Ару көктем билеп келедi.
Күн-Ана: Бұлтты айдап желдеткен,
Нөсерлетiп, селдеткен,
Шалшық кешiп ойнайтын
Қай мезгiл деп ойлайсың?
(Көктем)
- Балалар Ару көктемде неше ай бар?
- Олар қай айлар?
- Наурыз айында қандай мерекелер бар?
- Ал сәуiрде ше?
- Мамыр айында?
(Балалардың жауабы)
Күн-Ана (көңілдi дауыспен): Осы мерекелерге арналған қандай ән, тақпақтарды бiлесiңдер?
1-бала: Арылтып жаудан жерімді,
Табанға жаншып өлімді,
Жеңіспен желпіп өмірді,
Оралды ерлер көңілді,
Десеңдер бұл қай күні?
Тоғызыншы май күні!
Д.Әбілов «Тоғызыншы май күні»
2-бала: Малдар төлдеп, қой қоздап,
Сүттен бұлақ ағызған.
Жаңа жылдың сипаты
Молшылыққа аңыз боп,
Басталыпты Наурыздан,-
С.Оңғарбаев «Наурыз жыл басы»
3-бала: Қуанышы баланың-
Қуанышы ананың.
Қуанышы баланың.
Бізді өсірген апатай,
Еңбегің де зор екен.
Құтты болсын, мерекең.
Қ. Мырзалиев «Құттықтау»
Балалар өз өнерлерiн көрсетедi.
Көктем-Ару: Айналайын, балалар, ежелден көшпелi мал шаруашылығымен айналысып бар тiршiлiгi табиғат аясында өткен ата-бабаларымыз табиғаттың сан алуан құпия сырларын бақылай отырып терең ойлы қорытындылар жасаған. Жыл сайын белгiлi бiр астрономиялық уақытта қайталанып келiп отыратын ауа райының ерекше өзгерiсiн «Амал» деп айтады. Амалдар негiзiнен жылдың көктем, күз кезеңдерiнде байқалып, бiр күннен бiрнеше күнге дейiн созылуы мүмкiн. Осы ауа- райын болжау құбылыстарын, амалдарын қалай атаған?
Мысалы: «Құс қанаты». Бұл жыл құстарының көктемгi келуiне байланысты. Наурыз айының 26-28-не сәйкес келедi. Қайтқан құстардың сусылдаған қанатының ызғарынан ауа райы суытып, жапалақтап қар жауады. «Қарды» басын қар алар дегендей, бұл жауған қарды сол жылғы соңғы қар деп есептейдi.
1-бала: «Қызыр қамшысы – сәуiрдi” 17-19-ы күндерi ауа райы суытып, жаңбыр жауады да, жерiмiзге келген адал құстар ұя басуға жатады. Халық бұл амалды «Қызыр қамшысы» деп атаған.
2-бала: «Тасбақа дауылы» - көктемде сәуiр айында тасбақа қысқы ұйқысынан оянып, iнiнен жер бетiне шығады. Осы кезде ауа райы күрт бұзылып, қатты жел соғады. Халқымыз қысқы ұйқысынан тұрған тасбақа әлсiз болғандықтан мүйiздi сауыты үстiнде қалған топырақ қалдығын қатты соққан жел үрлеп ұшырады деп ұққан. Сондықтан бұл амал «тасбақа дауылы» деп аталады.
Көктем-Ару: Күн-Анаға мақтана қарап, ақын-жазушы деген халық Көктем мен ән -күй сауық сайранға жуық жүредi деп естушi ем. Олардың да жан дүниелерi жасыл жапырақ адамдар ғой, не дегендерiн тыңдап көрелiк!
Күн-Ана:
- Абайдан бастайық!
- Ол ақын атамыз жылдың әр мезгiлiне бiр-бiрден өлең арнап шыққан, бәрiн өкпелетпеген.
3-бала:
Жазғытұры қалмайды қыстың сызы,
Масатыдай құлпырар жердiң жүзi.
Жан- жануар, адамзат анталаса,
Ата-анадай елжiрер күннiң көзi.
Абай «Жазғытұрым»
Көктем-Ару: Па шiркiн! Абай ұлы ақын ғой! Неткен керемет! Көркем де, дәл суреттеген!
4-бала: Ой, балалар, балалар,
Жылы- жылы жел соқты,
Жылғалалардан су ақты.
Қаңқыл-қаңқыл қаз кептi,
Жер қарайды, жаз кептi.
Желкiлдейдi көкмайса,
Желiндейдi мал жайса.
Ауыл көштi қыстаудан,
Әне апамдар қой сауған.
I.Жансүгiров «Жазғасалым»
Күн-Ана: Өтепберген Ақыпбеков деген ақын жыл мезгілдеріне арнап өлеңдер жазып жүр.
Көктем-Ару: Ендеше бір өлеңін оқып беріңдер.
5-бала:
Наурызда күлiмдеп,
Күн көзi жылынды.
Өзгеше бүгiн леп,
Қыс тауға тығылды.
Жылғалар былдырлап,
Тыншуды бiлмедi.
Самалмен сылдырлап,
Тал қайың бүрледi.
Күн-Ана: Қардың кетiп, құстардың келгенiн жырлаған ақыннан кiм бар екен?!
Көктем-Ару: Көп қой, әрине! Маған ұнағаны Б.Қозыкеевтiң «Құс келдi» өлеңi едi, соны кiм оқып бередi екен.
6-бала: Қар су болып жөнелдi-
Қалды дала жалаңаш.
Күн нұрына кенелдi.
Бүршiк атып бар ағаш.
Келiп көктем құстары,
Бау-бақшада ән салды.
Оларды жас достары.
Ұя жасап қарсы алды.
Көктем-Ару: Балалар, осы өлеңдердегi көктем белгiлерiн атап берiңдершi?
Балалар: Жылы жел, су ағады, құстар келедi, көк
шығады, мал төлдейдi, қой-ешкi қырқылады, егiн егіледі.
Күн-Ана: Көктем сәнi деп нелердi айтқан екен?
Балалар: Хош иiс, мөлдiр су, жасыл желек, қызылды-жасыл гүлдер, шаттық еңбек, күн көзiнiң жылуы.
Күн-Ана: Жылдың төрт мезгiлiне арнап ақындар өлең шығарса, әншiлер әнге қосса суретшiлер де туған елiнiң бай табиғат көрiнiстерiн қыл қалам арқылы бейнелеген. Табиғат көрiнiсiн бейнелеген қөркем шығарманы-ПЕЙЗАЖ деймiз. Балалар, бiздi қоршаған әлем қандай көркем! Олай болса, Ә.Қастеевтiң «Гүлденген алма ағаштар», А.Дүзелхановтың «Көктем», А.Ғалымбаеваның «Көктем», И.Левитанның «Март», А.Саврасов «Ұзақтар қайта оралды», И.Шишкиннің «Көктемдегі орман», И.Грабрьдің «Наурыздағы қар», М.Кенбаевтің «Сенеждағы көктем», «Солнечногорскідегі көктем», көктем көрiнiсiн бейнелеген суреттерiне тоқталайық.
1. Суретшiлер көктем көрiнiсiн қандай бояумен бейнелеген?
2. Сурет бойынша көктемдегi табиғаттың өзгерiстерiн айтып берiңдер.
Күн-Ана (балаларға қарап): Табиғаттың тамаша уақыты- көктем туралы бiлдiк, олай болса жұмбақ шешiп, мақал-мәтел құрастырып, ойын-ойнап көрелiк.
Мақал-мәтелдер
Сәуiрдегi жауын ... (сауып тұрған сауын).
Мезгiл жетсе ... (мұз ерiр).
Наурыз айы
Түске дейiн мүйiз ... (түстен кейiн киiз).
Сәуiр болмай жауын болмас ...
(жауын болмай тәуiр болмас).
Қысына қарай көктемi ... (диқанына қарай кетпенi).
Сәуiр болса, күн күркiрер ...
(күн күркiресе, көк дүркiрер).
Жұмбақтар
Жалт-жұлт етер,
Жер түбiне жетер.
(Найзағай)
Ала сиыр жатып қалады,
Ақ сиыр тұрып кетедi.
(Жазғытұрым)
Бiрi құяды,
Бiрi жұтады.
(Жаңбыр мен жер)
Тұрғанымен жырақ өзi,
Таусылмайтын шырақ көзi.
(Күн)
Жыл мезгiлi шуақты,
Жердiң бетi нұрланған.
Сайды қуып су ақты,
Гүлдер өстi ырғалған.
(Көктем)
Аяғы жоқ, қолы жоқ,
Бiрақ тыныш тұрмайды.
Сақтамасаң-қорын тек,
Барша тiрлiк қурайды. (Су)
Келiстiрiп өрнегiн,
Құрып қойды өрмегiн.
(Кемпiрқосақ)
Туған жердiң белбеуi,
Шұбатылып қалыпты.
Кермет-ау кернеуi,
Тасты тесiп, жарыпты.
(Өзен)
Тегiс жер келдi,
Арқандай есiлдi.
(Жыртылған жер)
Талдың басында,
Жемi бар қасында.
Там тұр саялы,
Достарға аялы.
(Құс ұясы)
Көктем келсе күлiмдеп,
Ол да шығар үлбiреп.
Көңiл мен көше сәнi ол
Ол не?
Кәне?
Кiм бiледi?
(Гүл)
Ойын «Ұшты –Ұшты»
Күн-Ана: Мен ұша алатын затты атап, ұшты деп қолымды көтергенде, бәрiң де тез қолдарыңды көтерiп, алақандарыңды жазып «ұшты –ұшты» деп қалықтап тұрасыңдар. Ұша алмайтын затты атағанда , «ұшып кеткен» ойыншы айып тартады. Мысалы, ұтылған ойыншы ән салып, болмаса жұмбақ шешу арқылы айыбын ақтауына болады.
Ойын басталады:
Ұшты, ұшты, тегене (ұшпайды)
Бөдене ұшты (ұшады)
Ұзақ ұшты!
Тұзақ ұшты!
Қызғыш ұшты!
Сызғыш ұшты!
Cұңқар ұшты!
Тұлпар ұшты!
Үкi ұшты!
Түлкi ұшты!
Бүркiт ұшты!
Iркiт ұшты!
Үйрек ұшты!
Бүйрек ұшты!
Торғай ұшты!
Тоғай ұшты!
Кекiлiк ұшты!
Кекiлiң ұшты!
Қарлығаш ұшты!
Қарындаш ұшты!
Қаз ұшты!
Саз ұшты! Кітапханашы: Балалар, қараңдаршы айнала қандай тамаша: дәл осылайша, ой мен қырға күнде бір жаңа бояуын жағып, сай-саланы суға, кең даланы дуға толтырып, шуақты көктем жайната берсін өмірімізді!»- демекпін. «Көктем неткен керемет!» атты әдеби-музыкалық ертеңгілікке белсене қатысқандарыңызға рахмет.
Жарқын жаз
(Әдеби – музыкалық сағат)
Залдың безендірілуі: Шара өткізілетін бөлме шарлармен, гүлдермен безендіріледі. «Жаз» тақырыбына салынған суретшілердің суреттері қабырғада ілініп тұрады. «Жаз жыры» атты кітап көрмесі ұйымдастырылады. Оқырмандардың шығармашылық бұрышына: Балалардың «Жайлауда», «Жайлау кеші» атты тақырыпқа әңгіме, өлеңдері және салған суреттері қойылады. Қатысушылар: Кітапханашы, Жаз, Маусым, Шілде, Тамыз, балалар.
Кітапханашы: «Бар қызық, бар қызық, жазда ғой... жаз қызық» олай болса, балалар, ортаға жазды шақырамыз!
Музыканың ырғағымен билеп «жарқын жаз» залға кiредi.
Кітапханашы: Балалар, жыл мезгiлдерiн атап жiберейiк?
Балалар: Қыс, көктем, жаз, күз.
Кітапханашы: Әсiресе, қай мезгiлдi ұнатасыңдар?
Балалар: Жаз.
Хор: «Жазда» (Сөзі: Т. Молдағалиев, әні: Ө.Байділдаев)
Кітапханашы: (Жазға қарап) Не себептi балалар, сiздi ұнатады?
Жаз: Менiң Маусым, Шiлде, Тамыз деген балаларым олармен дос, сондықтан, неге ұнататынын оқушылардың өздерi айтсын!
1 - бала: Ең ұзақ каникул жазда, жақсы дем аламыз.
2 - бала: Суға шомылып, балық аулаймыз.
3 – бала: Атаммен жайлауға барамын, сурет салып, табиғатты тамашалаймын.
4 –бала: Тауға саяхатқа шығамыз, гүл тереміз .
5 – бала: Лагерьге барып, дем аламын, жаңа достар табамын.
Жаз: (Маусым, Шiлде, Тамызды қасына шақырады) Балаларым, қолдарыңнан не келетiнiн ендi өздерiң айтып берiңдер?
Маусым: Жапырағым күректей,
Сарымсағым жүректей.
Маусым балаң мен болам,
Көк шалғыным жiбектей.
Жайлау төрiн жайнаттым,
Сайда бұлбұл сайраттым.
Үй тiктірiп майсаға,
Сазға бие байлаттым.
Көлдiң бетi шалпылдап,
Аққу қаз жүр қаңқылдап.
Самал соқты аңқылдап.
Дем алсын жұрт салқындап.
Н.Айтов «Маусым»
Кітапханашы: Әрине, сіздің Маусым балаңызды жақсы көремiз, адамдарға өте жайлы.
Жаз: (күлiмсiреп) ортаншы балам Шiлде өте еңбек сүйгiш.
Шiлде: (бәрiне қарап) Сәлеметсiздер ме? Көңiлдi дауыспен өлеңін оқи жөнеледi:
Пішен толып пісті,
Шөпке шалғы түсті.
Пішеншілер шөлдеп,
Бастаудан су ішті.
Бүлдүргенім балдай,
Қарақатым қандай!
Тошаламды татсаң,
Үйіреді таңдай.
Мен де еңбекті сүйем,
Ыстық күнге күйем.
Қыстың қамын ойлап,
Тау - тау мая үйем! Н. Айтов «Шілде»
Жаз: (күрсiнiп) менiң кiшкентай балам тамызда айтарын айтып қалсын, өйткенi осымен жаз мезгiлi аяқталады ғой.
Суық жаққа аңызбын.
Мәуелетiп ағашты,
Жемiстен бал тамыздым.
Көлде жүрген ала жаз
Балпаң тартты бала қаз.
Мен келгенде күн ашық,
Жауын шашын болады аз
Жақындады күз ендi,
Ел бастады күземдi.
Қозы қойдан бөлiнiп,
Қора қопса түзелдi.
Н.Айтов «Тамыз»
Кітапханашы: Жаз айналайын, ұрпақпенен мың жасаймыз, балаларыңыз шетiнен өнерлi екен. Осындай тату- тәттi, еңбек сүйгiш баллардың есiмдерi нелiктен Маусым, Шiлде, Тамыз деп аталған сырын балалардан сұрамаймыз ба?
1- бала: Маусым - жаздың тұла бойы тұңғышы. Арабтың «мезгiл» деген сөзi. Шөп шабу, пiшен дайындау маусымына байланысты осылай аталған. Маусымның жаңбыры қандай тамаша. Сарқырап, күркiреп ес таптырмай жедел келедi де, шелектеп құйып, жер дүниенi малмандай қылып өте шығады. Мұндайды халық «көктен нұр жауып тұр» дейдi. Өздерің жыл сайын кiтапханаға келiп мерекелейтiн мерекелерiң 1-шi маусым Балаларды қорғау күнi, 28- шi маусым Баспасөз күнi де жаз айында болады.
2- бала: Шiлде - жаздың ортаншы баласы. Парсы тiлiнде [шiллә] «қырық» деген мағынаны бiлдiредi. Жазда шiлденiң тас қайнатқан ыстығы басталады. Халық мұны –«қырық күн шiлде» деп атайды. Кемеңгер Абай атамыз «Жаз» деген өлеңiнде шілдені былай суреттеген:
Жазды күн шілде болғанда,
Көкорай шалғын,бәйшешек
Ұзарып өсіп толғанда,
Күркіреп жатқан өзенге
Көшіп ауыл қонғанда...
3-ші бала: Тамыз - жаздың кенже баласы. «Күйдіру» деген мағынаны білдіреді. Тамызда ыстықтан шөптің басы сарғайып, қурай бастайды. Піскен егін орылады. Дала түгел осы кезде сары алтын түске боянады. Осы құбылыстарға байланысты кейде сарша- тамыз деп айтады. Яғни «сарша» сөзінің арғы тегі –«сары шақ», ежелгі түркі сөзі.
Жаз (көңілденіп): Балалар, жаз мезгілін жақсы көресіңдер ме?
Балалар: Өте жақсы көреміз.
Жаз: (баппен) Қай ақын-жазушылар мен туралы жазған екен?
4-ші бала :
Құшағын жайған кең дала
Төсін ашқан анадай.
Қаладан келген сағынып,
Бейне бір жас баладай.
Далаға келіп көк жасыл,
Кестелі жібек көрпедей.
Жас балаша шаттанып,
Құлай кеттім еркелей.
С. Сейфуллин «Жазғы дала»
5-бала: Ой, балалар, балалар,
Шiлдем, шiлдем, шiлде айым.
Шырылдап торғай күн сайын.
Шұбар ала шешектер,
Шудаланған көк шөптер.
Жапырақтар жалпайды,
Жас қозылар марғайды.
I.Жансүгiров «Жазғы шiлде»
Жаз (маусым,шiлде,тамызға қарап): Неткен сырлы сезiм жолдары,керемет сурет, дәл сурет! Бұдан артық тауып айта алмассың!
Кітапханашы: Енді жаз туралы жазған тағы басқа ақындардың өлеңдерiн еске түсiрейiк
6 -бала: Маусым туды,
Күн қызды,
Бет шарпиды отты леп,
Дала- шашын қырғызды,
Тым ұзарып кеттiң,- деп.
Әжем басқан сырмақтай
Гүл құрағы аймақтың.
Тұрып алар күн батпай,
Қалтқысындай қармақтың.
Ө.Ақыпбеков «Жаз»
7-шi бала: Қырдың гүлi,
Күннiң нұры...
Күнде қызық, тамаша!
Асқар белге,
Айна көлге
Көз тоймайды, қараса.
Елiмiздiң,
Жерiмiздiң
Жазы ғажап, көркем ғой.
О.Әубәкiров «Жазғы каникул»
Кітапханашы: (кiтап көрмесiне қарап тұрып): Жаз, айналайын сенi суретшiлер де жақсы көредi. Мiне, бүгінгi көрмемiзде Ә.Қастеевтің (Жайлаудағы табын), («Сызғай» совхозының жайлауы), М.Кенбаевтың «Жайлаудағы таң», И.Шишкиннің «Қарағайлы орман», И.Левитанның «Жазғы кеш», А.Саврасовтың «Жазғы көріністер» т.б суретшiлердiң және балалардың жаз мезгiлiне арнап салған суреттерi бар.
(Оқушылар суретшiлердiң, өздерiнiң суреттерiн талдап, әңгiмелеп бередi. Әр суретті талдағаннан кейiн, кітапханашы толықтырып отырады).
Оның бәрiн тiзбелеп
Несiне айта берейiк
Ал, балалар, бiр мезет
Жаз қызығын көрейiк
Ойын ойнап, жұмбақ шешiп,
Ән салып, би билейiк бәрiмiз!
Ойын: «Қайда бардың, не көрдiң?”
Кітапханашы: - Қайда бардың, не көрдiң?
Деген ойын ойналсын.
Зерек болса егер кiм,
Бас бәйгенi сол алсын!
Бардың дейiк орманға,
Не бар екен ол маңда?
8 -бала: Гүл, тал, шырша, қайың,тоғай, бұлақ, құстар, аңдар.
Кітапханашы: - Жазда барып өзеннiң
Жағасына бөгелдiм.
Кiм айтады,кәнеки,
Мен ол жерден не көрдiм?
9- бала: Су, тас,құм, шалғын, гүл, тал т.б.
Кітапханашы: -Жазда тауға өрмелеп,
Шаршап талай бөгелдiм.
Жан-жағыма мен кенет
Қарап едiм,
Не көрдiм?
10- бала: Тау, тас, жол, гүл, шөп,қарағай, өзен, көл, т.б.
Кітапханашы: - Айтыңдаршы, балалар,
Жаңылмаңдар,
Не көрдiм мен тағы да?
Балалар (қатты дауыстап): Аспан, күн, жер, дала.
«Гүлдер» ойыны
Кітапханашы: (ойынның шартын түсiндiредi): Бұл ойынға неғұрлым көп бала қатысса, ойын соғұрлым қызықты өтедi. Балалар қатар-қатар немесе шеңбер жасап отырады да, бiр-бiр гүлдiң атын иемденедi.
Ойынға қатысушының бiреуi: Мен баққа барып, алуан түрлi гүл көрдiм. Бақта тек Райхан гүлi жоқ екен.
Райхан гүлi болған бала дауыстайды:
-Райхан бар, Қалампыр жоқ.
-Қалампыр бар, Маржангүл жоқ,- дейдi үшiншi бала.
Ойын осылай жалғасады. Жаңылысқан бала ұтылады, бастаушының шартын орындайды. Ән салады немесе би билейдi.
Ойын
Ктапханашы: (ойынның шартын түсiндiредi): Балалар, 5-6 баладан екi топқа бөлiнемiз. Бiр топ «Маусым», екiншi топ «Тамыз» болады.
Ұғымталың,
Бiлгiрiң,
Әр сұрақтың сырын бiл.
Берiледi бес ұпай,
Дұрыс тапса кiм бұрын.
Қоржыннан немесе сандықтан кәртішкеге жазылған сұрақтарды аламыз. «Маусым» тобына:
1-шi сұрақ. Мына өлең шумағының авторы кiм?
Ат, айғырлар, биелер
Бүйiрi шығып, ыңқылдап,
Суда тұрып шыбындап,
Құйрығымен шылпылдап,
Арасында құлын-тай
Айнала шауып бұлтылдап.
Жоғары-төмен үйрек, қаз
Ұшып тұрса сымпылдап... Абай «Жаз»
2-шi сұрақ. Орыстың ұлы композиторы П.И.Чайковский жылдың төрт мезгiлiне арнап музыкалық шығарма жазды. Композитордың шығармасы қалай аталады?
Жылдың төрт мезгілі
3-шi сұрақ. Жұмбақ шешу:
Көктемде көгередi,
Жазда ырысқа бөленедi.
Күзде пiсiп, марқаяды,
Қыста бiрден қартаяды.
4-шi сұрақ. Тамыз айында болатын мерекелi күндердi ата?
Қазақстан Республикасының Конституция күнi және Спорт күні.
5-шi сұрақ. Мақал-мәтел құрастырамыз:
Қыс азығын... (жаз жина)
Сулы жер... (нулы жер)
Бұлақты жер... (тұрақты жер)
6- сұрақ. «Ну орман» (суретке қарап қысқаша әңгiмелеп айтып беру).
«Тамыз» тобына:
1 -сұрақ. Мына шумақ кiмнiң өлеңiнен?
Ұшты көкек сай қулай,
Сайда пiстi таңқурай.
Құрт-iрiмшiк қайналды,
Құлындар да байланды.
Нәйiм, нәйiм бауырсақ.
Ағын суға шомылсақ.
Ой, балалар, балалар,
Ойналық та күлелiк.
Үйретiп тай мiнелiк.
I. Жансүгiров «Жазғы таң»
2- сұрақ. «Бие сауу», «Жайлаудағы табын» суреттерiнiң авторы кiм?
Ә. Қастеев
3- сұрақ. Жұмбақ шешу:
Өсiп тұрған бұл не?
Жаз болса жайнап.
Саясында үн салып,
Құстар жүрген сайрап.
Салқын түссе шешiлiп,
Қалады өзi жайрап. Ағаш
4- сұрақ. Маусым айында болатын мерекелi күндердi ата.
1-маусым Халықаралық Балаларды қоғау күнi.
5- сұрақ. Мақал-мәтел құрастырамыз:
Қыс арбаңды... (жаз шанаңды сайла)
Жаздың бiр күнi... (қыстың мың күнiн асырар)
6- сұрақ. «Жайлау» (Суретке қарап қысқаша әңгiмелеп айтып беру)
Кітапханашы: «Кiм жылдам» ойыны. Кез келген «Түймедақ, жауқазын, райхан» гүлдiң суретiн алдын ала қағаздан қиып дайындап қоямыз. Екi жақ топтың басшысы шығып жарысады. Кiм бұрын берiлген гүлдi тез жинап шықса, соған ұпай қосылады. Қай топ көп ұпай жинаса, сол топ жеңiске жетiп марапатталады.
Кітапханашы: Құрметті ұстаздар, балалар, бүгінгі ертеңгілігіміз осымен аяқталды. Келер жылы нақ осы жерде тағы кездесіп, өлең оқып, сурет салып, ән тыңдайық. Жазғы демалыстарыңды көңілді өткізіңдер.
Ортаға Жазды балаларымен шақырып (өлеңi: Қ.Мырзалиев, әнi Е.Хасанғалиевтiң) «Атамекен» әнiн орындап, бiр-бiрiмен қоштасады.
(Әдеби-музыкалық сағат)
Шара өткізілетін жерде “Береке басы – алтын күз” атты кітап көрмесі ұйымдастырылады. Күзді бейнелейтін атақты суретшілердің (Ә. Қастеев «Күз», И. Левитан «Алтын күз» т.б) суреттері ілінеді. Бөлмеде жемістердің, көкөністердің суреттері көп болса, әдеби-музыкалық сағат әсерлі өтеді.
Бұл шараны өткізбес бұрын кітапханашы оқырмандарға “Алтын күз” туралы тақпақ, өлеңдер, әңгімелер жазып, сурет салып, буклет жасауға тапсырма береді. Оқушылардың шығармалары бойынша көрме ұйымдастырылады. Озып шыққан еңбектерді атап өту керек.
(Тәттімбеттің «Саржайлау» күйінің әуенімен)
Кітапханашы: Кездескен соң күзіммен
Бұтағынан үзілген,
Ай жапырақ сары алтын.
Айналаның бәрі алтын
( М. Әлімбаев)
Балалар, бұл жылдың қай мезгілі?
Балалар: Күз.
Кітапханашы: Олар қай айлар?
Балалар: Қыркүйек, қазан, қараша.
Кітапханашы: Әрбір айдың есте қалатын мерекесі болады. Қыркүйек айында есте қалатын күн бар ма?
Балалар: 1 – ші қыркүйек “ Білім күні”, алғашқы қоңырау.
1-бала:
Бірінші қыркүйек күнімен,
Аңқыған жұпары гүліммен.
Келіп ем, қарсы алды мектебім,
Сүйкімді қоңырау үнімен.
Сылдырла, сылдырла тағы да,
Шақыра білімнің бағына.
Қоңырау әсем саз, әдемі.
Қоңырау сыңғыры асыға,
Үн қиядан асуға.
Білім ал, еңбек ет, жас ұлан,
Өрле деп биік шың басына.
( «Қоңырау» А. Меңжанова)
Кітапханашы: Қазан айында ше?
Балалар: Мұғалімдер күні.
Кітапханашы: Ұстаздарға арналған өлеңдер өте көп соның бірін кім оқып береді?
2- бала: Жанымды менің жайнатып,
Баураған өзің мұғалім.
Өзіңмен бірге таң атып,
Өзі күліп шығар күн.
Шәкіртің өткен іздерде
Үмітің гүлдер мұғалім,
Білеміз ертең бізден де
Өмірдің талап сұрарын.
Сонда ардақты мұғалім,
Уәдемде берік тұрамын!
Қиынға берік шыдармын,
Қияға талай шығармын!
«Мұғалім» Қ. Ыдырысов
( “Менің Қазақстаным”
Әні: Ш.Қалдаяқовтікі, Сөзі: Ж.Нәжімеденовтікі)
Кітапханашы: Өздерің айтқан әндеріңде “дән егіп, терлеген, қазағым мықты ғой” дегендей, біздің жерімізде қандай дәнді дақылдар өсіріледі?
Балалар:Бидай,тары,күріш, жүгері, күнбағыс т. б.
Кітапханашы: (жымиып) Ал дәнді- дақылдарды өсірген адамды кім деп атаймыз?
Балалар: Диханшы
Кітапханашы: Туған табиғаттың тамаша бір көрінісі күз мезгілі. Айнала сұлуланып, түрлі түстерге боялып құлпыра түседі. Ағаштардың және басқа өсімдіктердің жапырақтары қызыл қоңыр, сары болып өзгереді. Ақын Қ. Шаңғытбаев ағамыз күздің осы көрінісін былай деп жырлаған екен:
Алтын сары, қызыл көк…
Алуан –алуан жапырақ,
Күзгі бақта күлімдеп
Көз тартады атырап.
Күз мезгілінде табиғат құбылысы жиі өзгереді. Оны ұлы данышпан, ақын Абай атамыз былай деп суреттеген екен:
Сұр бұлт түсі суық қаптайды аспан,
Күз болып, дымқыл тұман жерді басқан.
Білмеймін тойғаны ма, тоңғаны ма,
Жылқы ойнап, бие қашқан, тай жарысқан.
Таза жаздай жайнаған
Сары бояу айналам
Енді сары бояумен
Күз суретін салам мен – деп ақын атамыз М. Әлімбаев жырлағандай қоршаған ортаны біз көргендей бейнелей алатын тек қана суретші. Табиғат көрінісін бейнелейтін суретшілерді табиғат бейнелеуші суретші немесе пейзажист деп атайды. Оған мына суретшілерді атап айтуға болады: Ә. Қастеев, И. Левитан, А. Саврасов, И. Шишкин т.б.
Ал, балалар біздің көрмемізден Ә. Қастеевтің, «Күз», И. Левитанның «Алтын күз» суреттеріне қарап күзде табиғаттың қалай өзгергенін кім әңгімелеп береді.
(Балалардың жауабы)
Күзде табиғат көрінісі жиі өзгереді, аспанды бұлт торлап, ағаш жапырақтары жерге түседі, жаңбыр жауады. Құстар жылы жаққа қайтады, астықты жинаймыз, жеміс жидек, көкөністер піседі. Дала сары түске боялады, сондықтан “Алтын күз” деп аталады.
Үнтаспадан Р. Рымбаеваның орындауындағы “Күз” әні тыңдалады.
Кітапханашы: Балалар, енді кезекті ойындар мен жұмбақтарға берейік.
“Күз белгісі неде? (Ойын)
· Күзде жапырақтар… (сарғаяды)
· Күзде күн … (суып, жаңбыр жауады)
· Күзде құстар…(жылы жаққа ұшада)
· Күзде түн…(ұзарады) Күн…(қысқарады)
· Күзде мақта… (теріледі)
· Күзде мал… (семіреді)
· Күзде жеміс-жидек… (піседі)
· Күзде жазғы демалыс бітіп… (оқу басталады)
“Кім жүйрік” (ойын)
Балалар суретке қарап жеміс пен көкөністі ажыратып айтып беру керек.
Жемістер: Алма, алмұрт, өрік, алша т.б.
Көкөніс: Қияр, сәбіз, қызылша, пияз т.б.
Ұйқасын тап:
Көз алмай күнге алыс,
Қарайды… (күнбағыс).
Уылжыған албырт,
Дәмі ғажап…(алмұрт).
Бақта өскен сәні бар,
Гүлі майда көрікті.
Жемісі бар дәмі бал,
Жақсы көрем… (өрікті).
Көкте жарқылдап найзадай,
От шашты шатынап… (найзағай).
Өңеші кең таңдайын,
Дәнге тосты… (комбайын).
“Бағбан ата” әні: Ә. Бейсеуовтікі, сөзі: К.Толыбаевтікі
Жұмбақтар:
Тереземе ақ моншақ ұрып жатыр,
Тиген бетте түк қалмай сынып жатыр.
(Жаңбыр)
Ешкімде жемейді,
Тәтті екен демейді.
Сарғайып піседі,
Үзіліп түседі.
(Жапырақ)
Көктемде келіп, күзде кетеді.
Жаздай бауда әндетеді.
(Жыл құстары)
Аспанға ұшар бу болып,
Жерге қайтар су болып.
(Бұлт)
Қуып едім,
Мойын бұрмады.
Ұстайын деп ем,
Қолға тұрмады.
(Жел)
Аспанда бір нәрсе бар жымыңдайды,
Тау басына жүгіріп қылмыңдайды,
Жанына жан иесі жақын келсе,
Бақырып бас салуға тайынбайды.
(Найзағай)
Кітапханашы: Жарайсыңдар, балалар! Тапқыр, білімді екендеріңді көрсеттіңдер. Ал енді мақал-мәтел құрастырайық. Барлығың дайынсыңдар ма?
Балалар: Дайынбыз!
Диханшы жерін мақтайды,
Балықшы ...(көлін мақтайды),
Арпа бидай ас екен,
Алтын күміс...(тас екен).
Нөсер алдында ...(найзағай ойнайды).
Күркіреген бұлттың ...(жауыны аз).
Күздің беталысы...( көктемде белгілі).
Кітапханашы: Алқаптан бидайды,
Қоймаға ел жинайды.
Тырнасы тізілген
Ұнатам күзді мен- деп Жеңіс Қашқынов ағаларың жырлағандай бәріміз де күзді ұнатамыз. Олай болса, балалар осы жыл маусымының көз тоймас қызықтарын, әсемдігін көріп қана қоймай, тамаша көріністеріне қамқорлықпен қарап күз мезгілінің өзіндік ерекшелігін сүйе біліңдер.
(Мереке «Сарыарқа» күйін тыңдаумен аяқталады)
ҚЫС ҚЫЗЫҒЫ
(Әдеби- музыкалық сағат)
Залдың безендірілуі: Бөлме мерекеге сай жабдықталады.
«Шеберін- ай аяздың» атты тақырыпқа балалардың салған суреттері бойынша шығармашылық бұрыш ұйымдастырылады. Ақын-жазушылардың қысқа байланысты жазылған өлең, әңгімелерінен «Көңілді қыс» атты кітап көрмесі ұйымдастырылады. Суретшілердің қысты бейнелейтін суреттері және балалардың қысқы ойындары бар плакаттар ілулі тұрады.
П.И.Чайковскийдiң «Жыл мезгiлдерi» атты музыкалық шығармасы ойнап тұрады.
Қатысушылар: Кітапханашы, Жыл ақсақал, балалар.
Кітапханашы: Ертеде ме?
Бертiн бе?
Анық ешкiм бiлмеген.
Жұрт таң қалар көркiне
Қарт болыпты Жыл деген.
Сахна ортасында омырауына төгiлген күмiс сақалы, қолында кiтабы бар Жыл ақсақалы келеді.
Жыл ақсақал:
Аяз қысып, өрнек сызып,
Терезеңдi торлайды
Қарға омбығып, бет домбығып,
Балдырғандар ойнайды.
Кейде ұлып, кейде жұлып
Ұйтқып боран соғады -
Балаларым айтыңдаршы
Бұл қай кезде болады?
( Ш.Ахметов Қыс)
Балалар: Қыста.
Жыл ақсақал: Дұрыс айтасыңдар. Қыс мезгiлi сендерге ұнай ма?
Балалар: Иә, бiз қармен ойнап, шаңғы тебемiз, шанамен сырғанаймыз.
Жыл ақсақал: өте тамаша, қысты жақсы көредi екенсiңдер. Ал, сендер қыс туралы не бiлесiңдер, қандай айлар жатады?
Балалар: Желтоқсан, қаңтар, ақпан.
Жыл ақсақал: Бұл айда қандай мереке бар?
Балалар: 16-шы желтоқсан Тәуелсiздiк күнi.
1-бала:
Он алтыншы желтоқсан-
Тәуелсiздiк алған күн.
Мерекеге ел тосқан
Азаттықтың ақ таңы
Арайланып атқан-ды.
Көңiл толып, шаттанып,
Қуанышқа батқанмын.
Мерекеге шығады
Бүкiл халық бiлiп қой.
Отандастар ұғады
Тәуелсiздiк-ұлық той.
Қ. Әлiмқұлов «Тәуелсiздiк алған күн»
Жыл ақсақал: Ай аттарының сыры неде балалар? Желтоқсан деп неге атаған?
2-бала: Желтоқсан - қыстың алғашқы айы. «Жел» және «тоқсан» деген түркi сөздерiнiң бiрiгуiнен шыққан. Яғни, үш ай желдi және боранды деген ұғымды бiлдiредi. Бiр тоқсанда үш ай болатыны белгiлi. Ежелгi түрiктер жел айы немесе тоқсан деп те атаған. Абай атамыз айтатын: «Қараша, желтоқсанмен сол бiр екi ай, қыстың басы-бiрi ерте, бiреуi жай» деген сөзiндегi желтоқсан. Бұл айдың 22-iнде күн барынша қысқарады.
Жыл ақсақал: Қаңтар айы қандай мерекемен қуантады бiздi балалар?
Балалар: Ескi жылды шығарып салып, жаңа жылды қарсы аламыз. Еуропаша Жаңа Жыл 1-2-шi қаңтарда. Ал бiздiң елiмiзде жаңа жыл 22-шi наурызда.
3-бала: Жыл ақсақалға жымиып қарап қойып, «Қаңтар» атты өлеңiн оқи бастайды.
Неше түрлi ән бiлемiн.
Соңыма ертiп Ақпанды,
Қалыңдаттым ақ қарды.
Тәттi ұйқыға батырдым,
Ормандар мен бақтарды.
Маған ырза жас-кәрi,
Қуанысып жүр бәрi.
Әкелгенiм-жыл,
Қарсы алыңдар, достарым!
Жыл ақсақал: Неге қаңтар деп атаған?
4-бала: Күннiң барынша қысқарып, байланғандай қаңтарылып тұрып қалуына орай «қаңтар» деп атаған. Ескi түркi сөзi. Бұдан кейiн күн ұзара бастайды. «Қаңтарда күн қарға адым ұзарады» дейдi халық.
Жыл ақсақал (күмiстей сақалын сипап қойып): Ойланып тұрып «ақпан» туралы кiм айтып бередi?
5-бала: Ақпан - қыстың соңғы айы. «Ақпан»- қазақтың «ақ ықпа», яғни боран деген сөзiнен шыққан. Қазақтың есебiнде қаңтар момындау есептеледi. Аңыз бойынша қаңтардың артынан ерiп келе жатқан ақпан: «Қап мынаның ыбылжуын-ай, қыстың қадiрiн кетiрiп!...»- деп ызаланып, iштей бұлқынып тұрады екен. Ал қаңтар әрi кетiп орнына өзi келгенде ақпан қайнаған ызасын шығарып, бiраз буырқанатын көрiнедi. Қар жауып, жел тұрып, боран, бұрқасын болады. Аяз күшейедi. Малдың жұтқа ұшырауы осы айда болады.
Жыл ақсақал: Қыстың да өзiнiң сан алуан қызығына байланысты оны жырламаған ақын- жазушылар жоқ шығар сiрә. Ендеше,ұлы Абай ақынымыздан бастайық. Құлақ салыңдар!
6-бала:
Ақ киiмдi, денелi, ақ сақалды
Соқыр мылқау танымас тiрi жанды.
Үстi басы ақ қырау, түсi суық,
Басқан жерi сықырлап келiп қалды.
7-бала: Қансонарда бүркiтшi шығады аңға,
Тастан түлкi табылар аңдығанға.
Жақсы ат пен тату жолдас - бiр ғанибет
Ыңғайлы ықшам киiм аңшы адамға.
Салаң етiп жолықса қайтқан iзi,
Сағадан сымпың қағып iз шалғанда.
Бүркiтшi тау басында, қағушы ойда,
Iздiң бетiн түзетiп аңдағанда.
Жыл ақсақал: Бәрекелдi, данышпан ақынымыз Абайдың «Қансонарда бүркiтшi шығады аңға» атты өлеңiн өте жақсы оқыдың. Тiлiмiзде сонар деген сөз бар. Жаңа жауған, аязға iлiгiп қата қоймаған қар осылай аталады. Сонарда жортқан аңның iзi қарға мөрдей болып түседi де,көзi қарақты кiсiге оның қандай аң екенiн,бағыт бағдарын, тiптен мiнез - бiтiмi мен жыныс-тегiне дейiн анық ажыратып бередi. Аңшы-саятшылар сонарды 3-ке бөледi:
- бiрiншi, ұзақ сонар - жауған қар iңiрде немесе түн ортасы ауа тоқтайды да, бұл екi арада жортқан аңның iзi ұзап үлгiредi. Сондықтан ұзақ сонар дейдi;
- екiншi, келте сонар - жауған қар таң алдында тоқтайды да, алакөбеден аттанған аңшы жортқан аңның ұзай қоймаған, келте iзiне тап болады. Жан қинамай қанжыға майлайды.
- үшiншi, қан сонар - аңшының армандап,тықырши күтетiнi
де осы. Қан сонарда қар күмiс ұлпа шашқандай қылаулап тұрады. Мұндайда аңшы алдынан кезiккен iз мөлдiреп тұрады, дұрыс болжам жасау үшiн, аңшы пәлендей қиналмайды.
Мiне, балалар, «сонар» дегенiмiз осы.
5-бала: Аппақ,аппақ,қар аппақ,
Қар жамылған дала аппақ
Қырау- қырау тал аппақ.
Айналаның бәрi аппақ.
Жыл ақсақал: Балалар, Сұлтан Қалиұлы ағаларыңның өлеңiндегiдей дала үнемi аппақ бола бере ме?
Балалар : Жоқ.
6- бала: Бiр күннiң өзiнде табиғат көрiнiсi бiрнеше өзгерiске ұшырайды. Мысалы, таңсәрi, түс, кешқұрым, түн мезгiлдерi. Олай болса қардың да түсi өзгерiп тұрады.
7-бала: Ауа-райының өзгеруiне байланысты болады. Күн шығып тұрғанда қардың түсi ашық, күлгiн болады. Қырдағы жарық түскен жерлер алтын түстес болып келедi. Күн суытып бұзылған кездерде қар сұрлау болып, бiрнеше реңге бөленедi.
Жыл ақсақал: Сұлу табиғатқа өз сезiмдерiн ақындарымыз өлең арқылы берсе, суретшiлерiмiз қылқалам арқылы бейнелеген. Тәулiк мезгiлдерiнiң және ауа- райының өзгеруiне байланысты суретшiлер қардың да түрiн әр түрлi бояумен берген. Оны көрмемiзде тұрған мына суретшiлердiң: К.Коровин «Қыста», Ә.Қастеев «Мұз айдыны»,»Қарлы Алатау», Қыстау»,А.Саврасов «Қысқы түн», И.Грабарь «Қысқы көріністер», В.Полинов «Қыс», М.Кенбаев «Сенеждағы қыс», «Қыстауда», И.Левитанның «Ормандағы қыс», К.Баранов «Қыс», «Қысқы таң» суретiнен көрiп, байқайсыңдар. Ылди - ойпаңы көкшiл қөлеңке тартып, күнгей мың - миллион жұлдыз секiлдi жарқырайды. Қарағай мен қайың ақ кимешек киiп алған секiлдi. Аспан көк сәуле, жер - ақ сәуле. Бұл суреттегi әдемi көрiнiстердi көрiп ынтыға түсесiңдер.
Қысты қызықтадық балалар, ендi ойын ойнап жұмбақ шешiп, жаңылтпаш айтып, мақал-мәтелдi еске түсiрейiк.
Қоржыннан асық алып, жұмбақтарға жауап беремiз. Асықтар нөмiрленедi.
Қыста ғана болады,
ұстасаң қолың тоңады.
(Қар)
Байлаулы екi аяғым,
Қолымда екi таяғым.
Зырлаймын қардың үстiмен
Озамын атты кiсiден.
(Шаңғышы)
Қолы жоқ сурет, салады,
Тiсi жоқ, тiстеп алады.
Бұл не?
(Аяз)
Отқа жанбас, суға батпас.
(Мұз)
Қыста да, жазда да көктейдi,
Ал онсыз жаңа жыл өтпейдi.
Бұл не?
(Шырша)
Жаздай тынығады,
Қыстай зымырайды.
(Шана)
Бес балаға бiр бешпент,
Бiрге киiп,
Бiр шешпек.
(Қолғап)
Қанаты жоқ,
ұшады,
Аяғы жоқ,
Жүредi,
Аузы жоқ,
ұлиды.
(Боран)
Бiр ақсақал жылына
Бiр - ақ рет келедi.
Көп қызы мен ұлына
Сыйлық әкеп бередi.
(Аяз ата)
Мақал – мәтел
Қаңтар қақпанды сүйер,
Сонаршы ақпанды сүйер.
Қыстың көзi қырау.
Қаңтарда - қарға адымдай күн ұзарады.
Ақпанда - ат адымындай күн ұзарады.
Жаз жазыл, қыс қысыл.
Жаңылтпаштар
Қиналмай - ақ соншама,
Сатып алдық он шана.
Он шана қол шана.
Жем - шөптен қыспай,
Үш тай баптадым.
Ұшуға
Ұшқыш
Үш қыз
Жаттықты үш қыс.
Ойынның шарты бойынша екi ойыншы ортаға шығады да, қалған балалар өз орындарында отырады. Ортаға шыққан екi бала «аяз» болады. Қайсысының қатырған ойыншысы (баласы) көп болса, сол «аяз» жеңiскер атанады.
«Екi аяз: ойын
Екi аяз қосылып әндетеді:
Біз аязбыз, аязбыз
Балалармен аразбыз...
Аяздың біреуі өзін былайша таныстырады:
Мен қызыл шоқ тұмсықпын.
Екiншiсi әрi жалғайды:
Мен қырсық көк тұмсықпын.
Одан әрi екi аяз қайтадан қосылып әндетедi:
Жүрексiнбей, нық басып,
Батыл болсаң, сыртқа шық! Бұған балалар: Аяз бiзге сөз емес,
Қорқатұғын бiз емес!
Екi Аяз: Ал, қорықпасаңдар мына сұрақтарыма жауап берiңдершi? Егерде кiмде - кiм жауап бере алмаса сол баланы қатырып тастаймын! Жауап берген бала қатпайды.
Қойылатын сұрақтар:
1. Қазақ халқының көшпелi кезiндегi қоныстары жыл маусымдарына байланысты өзгерiп отырған. Жазда жайлауға, ал қыста қай жерде қоныстанған?
(Қыстау)
2. Қыс белгiсiнiң ең негiзгi ерекшелiктерiн ата.
(Қар, аяз, боран, мұз)
3. Алғашқы қар жауған кездегi аңшылық қалай аталған?
(Қансонар)
4. Суретшiлер қыс көрiнiсiн қандай бояулармен бейнелеген?
(Ақ, көк, сұр, көгiлдiр)
5. Қыста ойнайтын ойын түрлерi?
(сырғанақ, шаңғы, шана, хоккей)
6. Қыс мезгiлiне байланысты салынған Ә.Қастеевтiң қандай суреттерi бар?
(«Қарлы Алатау», «Мұз айдыны», «Қыстау»)
7. Жаңа жауған, аязға iлiгiп қата қоймаған қар қалай аталады?
(Сонар) Кітапханашы: Балалар,жыл мезгілдерінің ішінде қыстың да өзінің сан алуан қызығы бар екенін бүгінгі әдеби-музыкалық сағатымыздан білдіңдер. Бірақ, қыс фантазиясының шегі жоқ болар, сірә. Cондықтан біздің кітапханамыздан қыс көріністеріне байланысты қаншама ән-жыр, ертегі –аңыз, кесек туынды, сырлы әуендерді тауып оқуларыңа болады.
Қосымша материал
Жыл мезгілдерінің айтысы
(Сахналық қойылым)
Кітапханашы: Балалар, сол сәтте күн шекені жайлап қыздырып тұрған. Ауыл маңындағы алты қанатты ақ үйлер қызылды-жасылды киінген адамға лықа толы. Себебі,бүгін жыл мезгілдерінің айтысы.
(Осы кезде жыл мезгілдерінің киімін киген балалар ортаға шығады)
Қыс: (Ақ киімді,ақ сақалды, түрі суықтау қария орнынан бір қозғалып қойып) Адам баласына мен пайдалымын. Өйткені, қыста ауа тазарады, балалар шаңғы-шана теуіп, адамдар денелерін шынықтырады.
Сәтке қарап тұрмайсың,
Көңілді қыс қандай!
Шаңғымен зырлайсың,
Қанат бітіп ұшкандай.
Көктем: (Сол кезде көктем шапанының өңірін қаусырып,бір тізерлеп ортаға таман жылжи түсіп, домбырасын қолына ұстап) Мен – табиғаттың да, адамдардың да той-думанымын. Көктемде табиғат көркейіп, күн жадырап, мал төлдеп, өріске шығады. Сондықтан, мен адам баласына пайдалымын.
Күн күлді, жылынды,
Таулар жуынды.
Ағаштар түледі,
Көкте Күн күледі.
Барлық жан егісте,
Барлық мал еңісте,
Жер кепті алақай,
Ал кеттік, балақай!
Жаз: ( жаз күлімсіреп, төңірегіндегі гүлдерді бір иіскеп қойып) Көктем бауырым, нанбасаң балалардан сұра. Жазда сабақ бітеді, күн жылынады. Балалар салқын сумен шомылып, рахаттанып дем алады. Сондықтан адам баласына мен пайдаламын.
Жазды ыстық сүйемін,
Сайрандап жүремін.
Суына шомылам,
Күніне күйемін.
Қыс: Күз інішегім, сен де айтарыңды айтып қал!
Күз: (күз өңіріне жабысқан сап-сары жапырақтарды саусағымен біреуін шертіп түсіріп сары кірпіктерін бір қағып тастап) Балапанды күзде сана демей ме, Қыс аға! Сіздер таласпаңыздар, адам баласына мен пайдалымын. Мені адам баласы- «Алтын күз» дейді. Күзде мал семіреді, қырман дәнге толады, жеміс-жидек піседі.
Берекесін сыйлауға,
Өлкемізге күз келді.
Жемістерін жинауға
Шақырады біздерді.
Кітапханашы:Ал, балалар жыл мезгілдері адамға мен пайдалымын деп айтысып жатыр. Сендер қалай олайсыңдар?
(Балалар өз ойларын айтады)
Кітапханашы: Адам баласына жылдың төрт мезгілі де пайдалы, бұл табиғи құбылыс, егер жыл бойы қыс немесе күз, көктем, жаз болса, табиғатта тіршілік болмаған болар еді. Қыссыз көктем, көктемсіз жаз, жазсыз күз болмайды.
Пайдаланған әдебиеттер:
Абай. Жыл мезгiлдерi:Өлеңдер /Cур. салған Б. Машрапов .- Алматы: Жалын, 1991- 16 б.
Абай. Қансонарда бүркiтшi шығады аңға: Өлең. - Алматы: Жалын, 1989-16 б.
Айгөлек. Екiншi жинақ /Құраст. Н.Арынова, сур. салған
И. Ващенко.- Алматы: Өнер, 1986-93 б.
Ақыпбеков Ө. Жылдың төрт мезгiлi:Өлеңдер. Ойындар. Жұмбақтар. Жаңылпаштар. Ертегiлер.- Алматы: Жалын, 1991-86 б.
Әншi балапан: Балаларға арналған ән - өлеңдер жинағы.- Алматы: Ана тiлi, 1994 - 64б.
Балта. Ә. Төрт мезгiл // Жыл - он екi ай.- 2003.-№1.-Б.169- 171
Бiздiң мереке: Жыл мезгiлдерi мен мерекелер туралы тақпақтар, өлеңдер /Құраст. Оспанов С. - Алматы: Жалын, 1980 - 187б.
Грабарь B. Альбом.-М.:Изобразительное искусство,1971.-28с.
Ғалымбаева А. Қазақстан бейнелеу өнерiнiң шеберлерi:Альбом /Текст авторы және құраст. И.А. Рыбакова.- Алматы: Өнер, 1981. - 108б.
Қазыбеков Н. Дала өрнектерi: этнографиялық сипаттамалар.- Алматы: Балауса, 1994 - 128б.
Дүйсен К. Ай аттарының сырын сен бiлесiң бе?:[Мектеп жасындағы балаларға арналған] /Сур. салған И.Легостаева.- Алматы: Аруна, 2002.-11б.
Жансүгiров I. Жыл мезгiлдерi.-Алматы: Жазушы, 1974.-11б.
Жасырынбақ: Балалар ойыны /Құраст. алғы сөзiн жазғандар Г.Дүкенбаева, Ө. Көлбаева-.Алматы: Рауан, 1994 - 70б.
Жетi жүз жұмбақ /Құраст. Ә. Табылдиев.- Алматы: Жалын, 1985. -124б.
Жыл он екi ай – 1986: Бастауыш класс оқушыларына арналған әдеби каленьдар /Құраст. А.Шымырбаев.- Алматы: Жалын, 1985-263б.
Жыл он екi ай –1987: Бастауыш класс оқушыларына арналған әдеби календар /Құраст. А. Шымырбаев.- Алматы: Жалын, 1987-216б.
Жыл он екi ай – 1991: Балаларға арналған әдеби календар /Құраст. М. Шәжiмова .- Алматы: Жалын, 1991.- 224б.
Жыл - он екi ай 2001: Бастауыш сынып оқушылары мен ата - аналарға және тәрбиешi- ұстаздарға арналған әдеби күнпарақ /Құраст.Қ.Толыбаев.- Алматы: Жалын, 2001-192 б.
Кел, ойнайық: Әлем балаларның ойындары /Жинап, құраст. және ауд. Қ. Толыбаев.- Алматы: Өнер, 1990- 64 б.
Кенбаев.М Қазақстан бейнелеу өнерiнiң шеберлерi: Альбом /Алғы сөзiн жазған және альбомды құраст. Н.Полонская.- Алматы: Өнер, 1983.-132 б.
Қазақ жұмбақтары:Жинақ.- Алматы: Ана тiлi, 1993-112б.
Қазақ мақал-мәтелдерi /Құраст. Ж.Дәуренбеков.- Алматы: Ана тiлi, 2001-192б.
Қасенов С. Жыл мезгілдері туралы дүниетаным // Биология,
география және химия.- 1998.- №3-4.- 37-38 б.
Қастеев Ә. Альбом /Құраст.Г.Л. Плахотная.- Алматы: Жалын, 1978-156б.
Левитан [Альбом] /Автор текста В.Петров.- М.: Белый город, 2000-63с.
Левитан : Репродукции.- М.:Изобразительное искусство,
1985.- 36 бс.
Левитан: Альбом.-М.:Изобразительное искусство,1972-28с.
Саврасов: [Альбом] / Автор текста В.Петров.- М.: Белый город, 2000-63c.
Пистунова А. Родник в лесу. Повесть о художнике И.И.Шишкине /Оформл. Л.Бирюкова.- М.: Дет. лит.- 1987-87с.,ил.
Поленов: [Альбом] / Э. Пастон.- М. Белый город,2000.- 63 с.
Сарқырама. Табиғат туралы балаларға арналған әңгiмелер мен өлеңдер.- Алматы: Жалын, 1990.- 176 б.
Сонар: Деректi әңгiмелер.- Алматы: Жалын, 1989.-352 б.
Шишкин И. Репродукции /Текст А.Н.Савинова.- М.: Искусство,1965. -11c.с репрод.
Шишкин И. Альбом репродукций /Сост. альбома и автор вступ. статьи Ф.Мальцева. - М.: Изобразительное искусство, 1954.-14с.с репрод.
Мазмұны:
Оқырманға........................................................................................... 4
Көктем, неткен керемет едің: Әдеби- музыкалық сағат...................................................................................................... 6
Жарқын жаз: Әдеби - музыкалық сағат......................................... 13
Алтын күз: Әдеби - музыкалық сағат............................................ 21
Қыс қызығы: Әдеби - музыкалық сағат......................................... 26
Жыл мезгілдерінің айтысы: Қосымша материал..........................33
Пайдаланылған әдебиеттер................................................................35
Құрастырған: Қамзина С.К., Мұқашева Ш.Б.
Редактор: Мұқашева Ш.Б.
Шығаруға жауапты: Раева С.К.
С.Бегалин атындағы МРБК ротапринтінде басылды
Алматы қ., Төле би көшесі , 27
Тапсырыс № ____ Таралымы_____дана. Көлемі _______б/б
« » _________ 2005 жылы басуға берілді
© ООО «Знанио»
С вами с 2009 года.