КМЖ 8 сынып
Оценка 4.7

КМЖ 8 сынып

Оценка 4.7
Разработки уроков
docx
администрации
8 кл
10.02.2017
КМЖ 8 сынып
Сабақ реті Тараудың атауы: Құрмалас сөйлем туралы түсінік. Салалас құрмалас сөйлемнің жасалу жолдары (Тізбектелген 11 сабақ) Сабақтағы көрнекілік, мұғалімнің дайындығы Бағдарламаның модульдері Пәнаралық байланыс Күтілетін нәтижелер: Қалай? Неге? Не үшін? Оң нәтиже Пәнді оқытудың басты мақсаты: өзін және өмір сүріп жүрген ортасын бағалай алатын жас ұрпаққа білім беретін, ұлттық дүниетанымын кеңейтетін, шығармашылық ойлауға төселдіретін, айналадағы адамдармен дұрыс қарым - қатынас жасауды үйрететін, оны тұлға ретінде әлеуметтендіруге мүмкіндік беретін қазақ тілінің білімдік, танымдық, қатысымдық және кумулятивтік қызметтерін меңгерту. Мәтін құруға қатысатын тілдік бірліктердің түрлі деңгейдегі сипаттамасын, қолданыстағы мағыналық реңктерін және қатысымдық мәнін білгізу (Әдістемелік нұсқау хат, 2014). 1 - сабақ Құрмалас сөйлем туралы түсінік. Салалас құрмалас сөйлемнің жасалу жолдары Мақсаты: Құрмалас сөйлемнің жай сөйлемнен өзгешелігі; құрмаластағы жай сөйлемдердің салаласа, сабақтаса және араласа байланысуы туралы білім алады. Блум таксономиясына салынған сабақ жоспары, оқулық, интернеттен алынған ақпарат, интерактивті тақта, демонстрациялық кесте, флипчарт. Білім беру мен алудағы жаңа тәсілдер, сұрақ қою техникалары, «Топтастыру», сергіту сәті, «Миға шабуыл». Бейнелеу сабағы Сыни тұрғыдан ойлау тәсілдері бойынша іздену арқылы жай сөйлем мен құрмалас сөйлемнің айырмашылығын анықтайды, түсінеді, жаттығулардың мазмұнын оқу, әңгімелеу, жазу арқылы қазақ халқының даналығы мен шешендік атты асыл қазынасын танып біледі, топтық жұмыс арқылы диалогқа түседі. Жай сөйлемдер мен құрмалас сөйлем анықтамаларын суретпен бейнелеп салыстырады. 2 - сабақ Ыңғайлас салалас Мақсаты: Ыңғайлас сөйлемдердің мағынасын, сұрақтарын біледі, құрамындағы жай сөйлемдердің бір - бірімен мезгілдес, бағыттас ыңғайлас мәнде қарым - қатынаста болуын, ыңғайлас салалас құрмаластың құрамындағы жай сөйлемдердің жалғаулық шылаулар арқылы және шылаусыз іргелес тұрып байланысуын түсінеді, тыныс белгілеріне көңіл аударады, меңгереді. Слайдтар, Бенжиамин Блумның таксономиясы бойынша бағалау кестелері; флипчарттар, интерактивті тақта, суреттер. Сұрақ қою техникалары, топтық жұмыс, сергіту, «Миға шабуыл», АКТ, «Венн диаграммасы», сыни тұрғыдан ойлау, талантты және дарынды балаларды оқыту, бағалау түрлері. Орыс тілі, ағылшын тілі Сұрақ қою тәсілдері арқылы тақырыпты ашады, мақсат қояды, ереже шығарады, оқулықпен салыстырады, Жаттығулар орындайды, үш тұғырлы тілде салыстырылады, дарынды бала анықталады, Тақырыпты толық түсінгенін дәлелдейтін машықтары мен меңгере білу деңгейлері бағаланады, рефлексия, өзін - өзі бағалайды, топтық бағалау ескеріледі және суммативті баға қойылады. 3 - сабақ Жаттығу жұмыстары Мақсаты: жаттығу жұмыстары арқылы білімдерін бекітеді, шыңдайды, сиинтаксистік талдау жасайды. Блум таксономиясына салынған сабақ жоспары, оқулық, интернеттен алынған материалдар, ноутбук Білім беру мен алудағы жаңа тәсілдер, семантикалық кесте, фишкалар, диалогтік оқыту, талантты және дарынды балаларды оқыту, рефлексия. Бейнелеу Іздену, кітапқа қайта үңілу, диалогтік оқыту арқылы ыңғайлас құрмалас сөйлемдерді жасалу жолдарын игеріп, мәтін құрастырады, синтаксистік талдау жасайды, жаңа тақырып қаншалықты есте сақталғаны туралы рефлексия жазады, жаттығуды флипчартқа бейнелейді. 4 - сабақ Себеп - салдар салалас Мағынасы, сұрақтары арқылы ажыратуды; жалғаулықты шылаулар арқылы және жалғаулықсыз шылаулар арқылы құрмаласуы туралы түсінік алады, тыныс белгілерін меңгереді. Блум таксономиясына салынған сабақ жоспары, видеофильм. Топтық жұмыс, жеке жұмыс, сыни тұрғыдан ойлау, трансляция, эссе, критериалды бағалау. Бейнелеу Жаңа форматтағы оқу және оқыту тәсілдерінің нәтижесінде оқушылар қазақ тілінен синтаксистің тіл біліміндегі орны мен маңыздылығын, оның ішінде себеп - салдар салалас құрмалас сөйлемнің жасалу жолын, қолдана отырып мәтін құрауды меңгеруге бағытталады, себеп мәнді және салдар мәнді ажырата отырып, трансляция жасайды, видеофильм көрінісі бойынша шағын мәтін құрайды, жаттығу орындайды. 5 - сабақ Жаттығу жұмыстары Мақсаты: жаттығу жұмыстары арқылы білімдерін бекітеді, шыңдайды, сиинтаксистік талдау жасайды. Блум таксономиясына салынған сабақ жоспары, флипчарттар, рефлексия Топтық жұмыс, сыни тұрғыдан ойлау, критериалды бағалау, рефлексия. Орыс тілі, ағылшын тілі Іздену, кітапқа қайта үңілу, диалогтік оқыту арқылы ыңғайлас және себеп - салдар салалас құрмалас сөйлемдерді жасалу жолдарын игеріп, мәтін құрастырады, Венн диаграммасы арқылы орыс, ағылшын тілдерімен салыстырады, жаңа тақырып есте сақталады. 6 - сабақ Қарсылықты салалас Мақсаты: Қарсы мағынаның салалас құрмалас арқылы берілуі, салаласа құрмаласудың тәсілдері, жалғаулықыз құрмаласу және жалғаулықты шылаулар арқылы құрмаласу, қарсылықты салластың тыныс белгілері туралы білім алады, түсінеді. Блум таксономиясына салынған сабақ жоспары, флипчарттар, суреттер Әр түрлі тақырыптағы диаологтар, диалогтік оқыту, Т кестесі. Бейнелеу пәні, орыс тілі Қарсылықты салалас құрмалас сөйлемдердің жасалу жолдарын көңіл аударады, көз жеткізеді, іздену, кестеге түсіру нәтижесінде тыныс белгілерін және жалғауықты шылау қолданбағанда қойылатын тыныс белгілерін анықтайды, қарама - қарсы мағыналарын дәлелдейді, жаттығулар арқылы есте сақтайды, диалогқа түседі, әр топ бір сөйлемді орыс тіліне аударып, жасалу жолын салыстырады. 7 - сабақ Түсіндірмелі салалас Мақсаты: мағыналық қарым - қатынасы, түсіндірмелі салаластың жасалу жолдары, тыныс белгілері туралы білім алады. Блум таксономиясына салынған сабақ жоспары, флипчарттар, суреттер Топтық жұмыс, сұрақ қою тәсілдері, Сыни тұрғыдан ойлау стратегиясы, интерпретация, Рефлексия - кері байланыс Бейнелеу Жаңа форматтағы оқу және оқыту тәсілдерінің нәтижесінде оқушылар түсіндірмелі салалас құрмалас сөйлемнің жасалу жолын кестеге не суретке түсіреді, сілтеу мәнді сөздерді қолдана отырып мәтін құрауды меңгеріп шығады. 8 - сабақ Талғаулы салалас Мақсаты: мағыналық қарым - қатынасы, талғаулы салаластың жасалу жолдары, тыныс белгілері туралы білім алады. Оқулық, интерактивті тақта, видеофильм Венн диаграммасы, INSERT стратегиясы Әдебиет Интербелсенді әдістер арқылы топтық және жеке жұмыстар нәтижесінде талғаулы салалас сөйлемдердің жасалу жолдарын үйренеді, мәтін құрастырады, мәтінде көркем бейнелеуіш сөздер қолдануларына назар аударылады, жаттығулар жасайды, сатылай кешенді талдау жасайды, сөз тіркестерінің байланысу тәсілдерін қайталайды. INSERT кестесі арқылы қорытындылайды. 9 - сабақ Кезектес салалас Мақсаты: мағыналық қарым - қатынасы, кезектес салаластың жасалу жолдары, тыныс белгілері туралы білім алады. Оқулық, интерактивті тақта, видеофильм Венн диаграммасы, INSERT стратегиясы Орыс тілі, ағылшын тілі Интербелсенді әдістер арқылы топтық және жеке жұмыстар нәтижесінде кезектес салалас сөйдемдердің жасалу жолдарын үйренеді, әр топ 1 сөйлемді орысша, ағылшынға аударып. жасалу жолдарын салыстырады, жаттығуларға морфологиялық және синтаксистік талдау жасалынады. 10 - сабақ Жаттығу жұмыстары және тест Мақсаты: жаттығу жұмыстары арқылы білімдерін бекітеді, шыңдайды, сиинтаксистік талдау жасайды тест жұмысы арқылы салалас құрмалас сөйлемдерді қаншалықты меңгергендері анықталады. Тест Жеке жұмыс Тест беріледі. Тексеріліп, дұрыс жауаптары белгіленіп, ұпайлары мен бағалары қойылады, оқушыларға қайтарылады, қателерін өздері анықтайды: ізденеді, кітапқа қайта үңіледі, дарындыларды үлгі етеді, рефлексия жазады: Не? Неге? Қалай? Оң нәтиже. Бірін - бірі бағалау арқылы салалас құрмалас сөйлемді жетік меңгерген МІНСІЗ ОҚУШЫНЫ анықтайды. 11 - сабақ Бақылау диктанты Қатемен жұмыс. Мақсаты: қателерін түзеу арқылы өз білімдерін бағалау және ұштау. Тақтада: күн реті және диктанттың тақырыбы жазылады және диктант соңында грамматикалық тапсырма беріледі. Бақылау диктанты мазмұнында және грамматикалық тапсырмалардан кеткен қателерді диалогтік оқыту арқылы жөндейді, мұғалім бағыт - бағдар береді. Жеке жұмыс Сауаттылық Рефлексия арқылы, нені үйренуде, неге қате жіберді, қателіктерін қайталамас үшін не істеу керек, қалай оқу керектігіне мән береді, өз - өздерін бағалайды.
8 а.docx
Сынып : 8 А Сабақтың тақырыбы: Жаттығу жұмысы, шығармашылық жұмыс Сабақтың мақсаты.  1.Білімділік:  Қазақ тіліндегі талдау түрлерін орындауға үйрету 2.Дамытушылық: тіл білімі, әдеби тіл туралы білімдерін кеңейту 3.Тәрбиелік: тілді ұлттық мұра ретінде қадірлеуге үйрету. Сабақтың көрнекілігі: Оқулық ,тірек сызба Сабақтың түрі: жаңа сабақ Сабақтың әдіс­тәсілдері: Жаттығу жұмыстарын орындау, өз бетімен жұмыс, топпен жұмыс  жасау.  Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен амандасу Сыныпты және оқу­құралдарын түгендеу ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру. 1. лексикалық талдау 2. фонетикалық талдау 3. синтаксистік талдау 4. сөз құрамына талдау ІV. Cабақты меңгерту V. Сабақты қорытындылау. Шығармашылық жұмыс  Эссе жазу VІ. Үйге тапсырма беру. VІІ. Бағалау Сынып: 8 а Сабақтың тақырыбы: Тұрлаусыз мүше. Толықтауыш  оның түрлері Сабақтың мақсаттары:  Білімділік: 1. Тұрлаусыз мүшелерді ажырату, сөйлемде атқаратын қызметіне түсінік беру,  бастауыш пен баяндауыштың байланысын меңгеру.  2. Оқушылардың сөз, сөйлем, сөйлем мүшелері туралы білімдерін кеңейте түсу таза,  сауатты жазу дағдысын жетілдіру.  Дамытушылық: Оқушылардың ой­өрісін дамыту, өз ойын тез әрі жүйелі жеткізуге  дағдыландыру.  Тәрбиелік: Оқушыларды өз ана тілін сүюге, халқымыздың ұлағатты, ғибратты сөздерінен  үлгі­өнеге алуға, сол арқылы кішіпейілділік, қайырымдылық, кеңпей­ілдік қасиеттерінің  қалыптасуына ықпал ету.  Сабақтың әдіс­тәсілі: Сұрақ­жауап, ой қозғау. Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, тест тапсырмалары, сөзжұмбақтар.  Сабақтың барысы:  1. Ұйымдастыру кезеңі:  2. Үй тапсырмасын анықтау:  45­жаттығу  Атау мен ілік септігінен басқа септіктерді қатыстырып, толықтауыш етіп  сөйлем құрастырыңдар. Интерактивті тақтамен жұмыс  «Айға қонамын» ойыны.  Ойын интерактивті тақтада көрсетіледі. Зымыранның әрбір қанатына « ағаштың»,  «ағашқа», «ағашты», «ағашта», «ағаштан», «ағашпен», «аз», «жасыл» сөздері жазылған  сурет ілінеді. Оқушылар әрбір сөзді өзіне қатысты сұрақтар жазылған сөздерді айға  қондыру керек.  Оқулықпен жұмыс  46 ­жаттығу. Сөздерді оқы. Қайда? Сұрағына жауап болатын сөздерді теріп жаз: әдемі,  аулада, жүгіріп келеді, кеше, жоғарыда, домбыра, артта, ұзын, мектепте, тау басында.  47­жаттығу. Көп нүктенің орнына тұрлаусыз мүшелермен толықтырып жаз. Сөйлемде  қандай өзгерістер болды?  Сергіту: Мақалдың сыңарын тап:  1.Мұғалім: Оқусыз білім жоқ  Оқушылар: Білімсіз күнің жоқ.  2. Мұғалім: Әдепті бала, арлы бала  Оқушылар: Әдепсіз бала, сорлы бала.  3. Мұғалім: Жақсыдан үйрен,  Оқушылар: Жаманнан жирен.  4. Мұғалім: Жаздан өнім жиған­ақылды бала,  Оқушылар: Орақ кезінде ұйықтаған­арсыз бала.  5. Мұғалім: Жаңбыр жауса жер ырысы,  Оқушылар: Батыр туса ­ ел ырысы.  Шығармашылық жұмыс.  Берілген сөздерден сөйлем құрап жаз.  • болды, Күз  • ағаштан жасайды Қанат бұйымдар  Осы сөздерді сөйлем мүшелеріне талда. Бастауыштың астын – бір, баяндауыштың астын –  екі рет, ал тұрлаусыз мүшелердің астын ирек сызықтармен сызыңдар.  Тест тапсырмасы  Өткен сабақтардан алған білімдерін пысықтау, қайталау мақсатында жүргізіледі.   (ережелік тест) 1. Тіліміздегі грамматикалық тұлғалардың бір қалыпқа түсіп дағдыға айналып жұмсалуын  не деп айтамыз? А.  Грамматикалық норма                В.тілдік норма            С. Нормадан жөнімен ауытқу 2.  Тілдік таңбалардың ( сөз,қосымша,сөйлем), тілдік амал­тәсілдер қолданысының  бірізділігі мен реттілігі , белгілі бір тілдік ұжымның дұрыс деп танылған жүйесі деген не? А. Нормадан ауытқу          В. Сөйлем                           С. Тілдік норма 3. Әртүрлі тұлғада  өзара тіркесіп,біршама тиянақты ойды білдіретін сөздер тобын не деп  атаймыз? А. Тұрлаулы мүше                   В. Сөйлем                         С.Сөз тіркесі  4. Толымсыз боп келіп, сұрақ мағыналы сөзден ғана тұрып,ше шылауының қатысуымен  жасалған сұрақ қалай аталады? А. Нақты сұрақ               В. Анықтауыш сұрақ                 С. Жетек сұрақ  5. Уақыттан ұтылмай іске кіріс!  Бұйрықты сөйлемнің қандай түрі ? А. Біреуді іске қосу мақсатында талап қою        В. Батыл кеңес беру            С. Тілек өтініш ету 6. Сөйлем құрауға қатысатын толық мағыналы,белгілі бір сұраққа жауап беретін және  сөйлемдегі басқа сөздермен байланысып тұратын сөздер қалай аталады? А.Сөйлем мүшелері              В. Күрделі мүшелер           С.Үйірлі мүшелер 7.Бірнеше сөзден құрылып,бастауыштық­баяндауыштық қатынастан тұратын,бір сөйлем  мүшесінің қызметін атқаратын сөздер тобын не дейміз? А.Дара мүше               В. Үйірлі мүше                     С. Тұрлаулы мүше  8. Өздігінен  сөйлем құрай алмайтын, тек сөйлемдегі ойды толықтырып тұратын мүшен  қандай мүше? А. Тұрлаусыз мүше         В. Күрделі мүше                С.Тұрлаулы мүше 9. Сөйлемдегі амал­әрекетті,іс­оқиғаны заттық жағынан толықтыру үшін жұмсалатын  тұрлаусыз мүше не деп аталады? А. Бастауыш              В.Толықтауыш              С. Баяндауыш 10. Үйірлі сөздерден тұратын толықтауышты не деп атаймыз? Дара толықтауыш        В. Жанама толықтауыш        С. Үйірлі толықтауыш 11. Табыс септігінде тұрып, кімді?нені? деген сұрақтарға жауап беретін толықтауышты не  дейміз? А. Күрделі толықтауыш     В. Тура толықтауыш      С. Жанама толықтауыш 12. Белгілі бір мәліметтен хабардар ету немесе сұраққа жауап беру мақсатында айтылған  сөйлемді қандай сөйлем дейміз? А. Сұраулы               В. Хабарлы                 С. Лепті           № Жауабы: 1 А 4 С 7 С 10 С 2 С 5 С 8 А 11 В 3 В 6 А 9 В 12 В Сыныбы: 8 сынып Сабақтың тақырыбы: Баяндауыш  пен бастауыштың арасындағы сызықша Сабақтың мақсаты. Бастауыш  пен баяндауыштың арасына сызықша қойылу себебін түсініп, сөйлемдерді  қатесіз жазуға үйрету, сабақты өтілген сабақтармен байланыстыра өту. Бастауыш пен баяндауышқа байланысты тапсырмалардың жартысынан көбін орындайды. Сабақтың  соңында оқушылар өз бетімен талдайды, салыстырады, зерттейді. Сабақтың көрнекілігі: Оқулық,тірек сызба Сабақтың түрі: жаңа сабақ Сабақтың әдіс­тәсілдері: Жаттығу жұмыстарын орындау, өз бетімен жұмыс түсіндіру Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен амандасу Сыныпты және оқу­құралдарын түгендеу Қызығушылықты ояту Бір­біріне тілек айта отырып, сабаққа қызығушылығын ояту. Стикерлер арқылы сыныпты екіге бөлу. І – топ: Бастауыш ІІ – топ: Баяндауыш ІІ. Өткен тақырыпты қайталау.Тест тапсырмалары: 1. Бастауышы тұйық етістік, баяндауышы зат есімнен жасалған сөйлемді көрсетіңіз. А) Тез жазу керек.      В) Оның ойы – тез қайту.      С) Еске салу – жақсы.     Д) Айту ­  біздің парызымыз.      Е) Келуді қойды. 2. Дара бастауыш бар сөйлемді белгілеңіз. А) Еңбек еткен ер атанар.     В) Ертең құрылыс жұмысы басталады.     С) Біз бірлікті  ойлаймыз. Д) Үй іші жым­жырт болды.     Е) Қазақ халқы егемендік алды. 3. Бастауышы тәуелдік жалғауында тұрған сөйлемді табыңыз. А) Келе жатқан үшеу екен.      В) Інім маған көмектесті.      С) Нұрлан мектепте оқиды. Д)  Біз Қазақстанда тұрамыз.    Е) Ертең жаңбыр жауады. 4. Бастауыш пен баяндауыштан тұратын сөйлемді мүшелерін қалай айтамыз А) Күрделі     В) Тұрлаулы     С) Атаулы     Д) Тұрлаусыз     Е) Жайылма 5. Сөйлемнің баяндауышын толықтырыңыз.       Біз бұлақтардың көзін.. А) Мол болады.    В) Болмайды.     С) Қараған.     Д) Аштық.     Е) Қорғауы тиіс. 6. Баяндауыш қай сөз табынан жасалғанын көрсетіңіз.       Қымыз қандағы гемоглобинді көбейтеді. А) Есімдік.     В) Етістік.     С) Сын есім.     Д) Сан есім.    Е) Зат есім. 7. Сөйлемдегі тұрлаулы мүшелерді көрсетіңіз.       Біз кеше мұражайға бардық. А) Біз мұражайға.   В) Біз бардық.   С) Мұражайға бардық.   Д) Мұражайға кеше.   Е) Кеше  бардық. Жауаптары: 1. Д     2.С    3.В     4.В    5. Д     6. В     7.В Бағалау критериі «5» ­ 6­7 «4» ­ 4­5 «3» ­ 2­3 Екі топ бір­бірлерін бағалайды. ІІІ. Жаңа сабақ Тасшыбау     нпе   анушбяды  анарсыа    ақытйлоны    шазықса тақырыпты  оқушыларға өз бетімен ашу. Бастауыш пен баяндауыш арасына қойылатын сызықша Бастауыш пен баяндауыштың арасында сызықша мынадай 7 жағдайда қойылады. 1. Бастауыш та баяндауыш та атау тұлғалы зат есімнен болса мыс Айжан­ көрікті қыз 2. Бастауыш сілтеу немесе жіктеу есімд ІІІ жағында баяндауыш зат есім болса Мыс  Ол­ менің ағам 3. Бастауыш заттанған сын сан және есімшеден болса баяндауыш зат есімнен болса  Мыс алыстан көрінген – Қаратау 4. Бастауыш та баяндауыш та сан есімнен болса Мыс 5*5­25 5. Бастауыш тұйық етістіктен баяндауыш зат есімнен немесе керісінше болса Мыс  Білім алу жастарға парыз 6. Сан есімнен болған бастауышты күрделі сан есімнен болған мүшеден ажырату үшін  – қойылады Мыс 69­3ке бөлінеді 7. Сілтеу есімдігі мен жіктеу есмідігінің ІІІ жағынан болған бастауышты басқа  мүшелерден ажырату үшін – қойылады. Құмай­ тазының бір тұқымы Сарымақ ­ жолбарыстың күшігі Арқар­ жабайы қой Құлжа­ қой тектес жабайы жануар Құралай­ киіктің лағы  Сайғақ­ киіктің текесі  Қонжық­ аюдың төлі ІV.  Оқулықпен жұмыс 41 ­ жаттығу Ауызша  44­жаттығу  көшіріп жазып баяндауышын тауып  қай сөз табынан болғанын түсіндіріңдер «Менің бағытым» ойыны 1 ұстаз                          биледі 2 Әнші                           өсті 3 Балалар                        оқыды 4 Гүл                             шырқады 5 Биші                            ұшты  6 Самолет                      жүзді 7 Кеме                                        ойнады Тапсырма: Берілген мақал­мәтелдерді оқып, тиісті жеріне сызықшаны қойып жазыңыздар         «Өнер  алды  қызыл  тіл»    «Ер  қанаты  ат» «Көп   түкірсе  көл» «Жақсы  ай   мен   күндей,   әмбеге   бірдей»  «Ел  елдің  бәрі  жақсы,  өз  елің  бәрінен  де  жақсы» «Жақсылыққа  жақсылық  әр  адамның  ісі, жамандыққа  жақсылық   ер адамның   ісі»   «Ана  алдында   құрмет,  ата  алдында    қызмет»   «Анаң  үшін  аянба, ант  ұрады, Балаң  үшін  аянба,  бетің  күйеді,  Елің  үшін  аянба  ерлігіңе  сын, Жұртың  үшін  аянба  жігіттігіңе  сын» Тапсырма. «Ел  елдің  бәрі  жақсы,  өз  елің  бәрінен  де  жақсы» деген мақалға сатылай  кешенді талдау жаса. «Ел  елдің  бәрі  жақсы,  өз  елің  бәрінен  де  жақсы» ­ мақал, себебі халық ауыз әдебиетінің бір түрі. Мақал тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін білдіріп, белгілі бір тұжырым  жасайды. Мәтел, себебі ол ой ­ пікір бейнелі әрі тұспалдап айтылған ишара түрінде.  2. Тақырыбы:  туған ел, жер 3. Құрылымдық ерекшелігі: а ) Тура мағына ­ себебі ешқандай астар, тұспал, ауыспалы мағына мен ишара жоқ, ой ашық айтылған. Ел – елдің бәрі жақсы. 4. Көркемдік тәсілдер: салыстыру, себебі  белгілі бір сипатты белгі бойынша зерттелетін нысанды‚ құбылыстарды  салғастыру жолымен олардың теңдігі немесе айырмашылығы анықталады. Әсерлеу, себебі: адам немесе адам өмір кешкен ортаның шындығын оқшау халде әдейі  өсіріле не өшіріле суреттеу. Тәрбиелі мәні: елін мақтан тұту, туған жеріне деген сүйіспеншілік V. Сабақты қорытындылау. VІ. Үйге тапсырма беру. Бастауыш пен баяндауыш арасына қойылатын сызықша 5 мысал VІІ. Бағалау. Екі топ бір­бірлерін бағалайды Сабақтың мақсаты: Бастауыш пен баяндауыштың арасына қойылатын сызықша (слайд  түрінде) Білімділік: Оқушылардың тұрлаулы мүшелер жайлы алған білімдерін толықтыру.  Бастауыш пен баяндауыштың арасына қандай жағдайда сызықша қойылатынын үйрету.  Сөйлемдегі сөздерді сатылай кешенді технологиясы арқылы талдай білуге машықтандыру; Дамытушылық: Оқушылардың сөздік қорын молайту, ойлау қабілетін дамытып, өз ойын  жүйелі түрде жеткізе білуге дағдыландыру; Тәрбиелік: Оқушыларды ұқыптылыққа, таза, сауатты жазуға, еңбексүйгіштікке баулу. Өз елін, жерін қорғайтын, тәуелсіздікті бағалайтын өршіл рухты азамат тәрбиелеу; Сабақтың түрі: жаңа сабақты меңгерту Сабақтың әдісі: баяндау, сұрақ ­ жауап, ой қозғау, талдау Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, слайдтар, үлестірме қағаздар Миға шабуыл: Тақтамен жұмыс 2, 3, 4, 5, 6, 7 слайд 1. Сөйлем дегеніміз не? 3. Сөйлем айтылу мақсаты мен сазына қарай қалай бөлінеді? 4. Сөйлем құрамы мен құрылысына қарай нешеге бөлінеді? 5. Сөйлем мүшелері дегеніміз не? 6. Сөйлем мүшесінің белгілерін ата. 7. Сөйлем мүшелері құрамына қарай нешеге бөлінеді? 8. Атқаратын қызметі жағынан неше топқа жіктеледі? 9. Бастауыш, баяндауыш дегеніміз не? Сөйлем мүшесі Тұрлаулы мүшелер­­­­­­­­­­­­­­ Тұрлаусыз мүшелер  ↓ ­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­ ↓ Бастауыш, Баяндауыш­­­­­­­­­­ Анықтауыш, Толықтауыш, Пысықтауыш Мәтінмен жұмыс: 8слайд Сөйлемге сатылай кешенді талдау жасаңыз. Тәуелсіздігіміздің рухани тірегі – байырғы халқымыз. 9, 10, 11 слайд Фонетикалық талдау: Тәуелсіздік Бостандық Азат. 12 слайд Ойлан, ізден, тап! 1. Зат есім – зат есім 2. Жіктеу есімдігі – зат есім 3. Есімше – зат есім 4. Зат есім – тұйық етістік 5. Сан есім – сан есім 13, 14 слайд Үйге тапсырма: Шығарма: "Тәуелсіздік ­ ел тілегі" 40 ­ жаттығу Бағалау. Тест тапсырмалары: 1. Бастауышы тұйық етістік, баяндауышы зат есімнен жасалған сөйлемді көрсетіңіз. А) Тез жазу керек.      В) Оның ойы – тез қайту.      С) Еске салу – жақсы.     Д) Айту ­  біздің парызымыз.      Е) Келуді қойды. 2. Дара бастауыш бар сөйлемді белгілеңіз. А) Еңбек еткен ер атанар.     В) Ертең құрылыс жұмысы басталады.     С) Біз бірлікті  ойлаймыз. Д) Үй іші жым­жырт болды.     Е) Қазақ халқы егемендік алды. 3. Бастауышы тәуелдік жалғауында тұрған сөйлемді табыңыз. А) Келе жатқан үшеу екен.      В) Інім маған көмектесті.      С) Нұрлан мектепте оқиды. Д)  Біз Қазақстанда тұрамыз.    Е) Ертең жаңбыр жауады. 4. Бастауыш пен баяндауыштан тұратын сөйлемді мүшелерін қалай айтамыз А) Күрделі     В) Тұрлаулы     С) Атаулы     Д) Тұрлаусыз     Е) Жайылма 5. Сөйлемнің баяндауышын толықтырыңыз.       Біз бұлақтардың көзін.. А) Мол болады.    В) Болмайды.     С) Қараған.     Д) Аштық.     Е) Қорғауы тиіс. 6. Баяндауыш қай сөз табынан жасалғанын көрсетіңіз.       Қымыз қандағы гемоглобинді көбейтеді. А) Есімдік.      В) Етістік.      С) Сын есім.      Д) Сан есім.     Е) Зат есім. 7. Сөйлемдегі тұрлаулы мүшелерді көрсетіңіз.       Біз кеше мұражайға бардық. А) Біз мұражайға.    В) Біз бардық.    С) Мұражайға бардық.    Д) Мұражайға кеше.    Е) Кеше бардық. Тапсырма: Берілген мақал­мәтелдерді оқып, тиісті жеріне сызықшаны қойып жазыңыздар         «Өнер  алды  қызыл  тіл»    «Ер  қанаты  ат» «Көп   түкірсе  көл» «Жақсы  ай   мен   күндей,   әмбеге   бірдей»  «Ел  елдің  бәрі  жақсы,  өз  елің  бәрінен  де  жақсы» «Жақсылыққа  жақсылық  әр  адамның  ісі, жамандыққа  жақсылық   ер адамның   ісі»   «Ана  алдында   құрмет,  ата  алдында    қызмет»   «Анаң  үшін  аянба, ант  ұрады, Балаң  үшін  аянба,  бетің  күйеді,  Елің  үшін  аянба  ерлігіңе  сын, Жұртың  үшін  аянба  жігіттігіңе  сын» Тапсырма: Берілген мақал­мәтелдерді оқып, тиісті жеріне сызықшаны қойып жазыңыздар         «Өнер  алды  қызыл  тіл»    «Ер  қанаты  ат» «Көп   түкірсе  көл» «Жақсы  ай   мен   күндей,   әмбеге   бірдей»  «Ел  елдің  бәрі  жақсы,  өз  елің  бәрінен  де  жақсы» «Жақсылыққа  жақсылық  әр  адамның  ісі, жамандыққа  жақсылық   ер адамның   ісі»   «Ана  алдында   құрмет,  ата  алдында    қызмет»   «Анаң  үшін  аянба, ант  ұрады, Балаң  үшін  аянба,  бетің  күйеді,  Елің  үшін  аянба  ерлігіңе  сын, Жұртың  үшін  аянба  жігіттігіңе  сын» Тапсырма: Берілген мақал­мәтелдерді оқып, тиісті жеріне сызықшаны қойып жазыңыздар    «Өнер  алды  қызыл  тіл»    «Ер  қанаты  ат» «Көп   түкірсе  көл»      «Жақсы  ай   мен   күндей,   әмбеге   бірдей»  «Ел  елдің  бәрі  жақсы,  өз  елің  бәрінен  де  жақсы» «Жақсылыққа  жақсылық  әр  адамның  ісі, жамандыққа  жақсылық   ер адамның   ісі»   «Ана  алдында   құрмет,  ата  алдында    қызмет»   «Анаң  үшін  аянба, ант  ұрады, Балаң  үшін  аянба,  бетің  күйеді,  Елің  үшін  аянба  ерлігіңе  сын, Жұртың  үшін  аянба  жігіттігіңе  сын» Тапсырма: Берілген мақал­мәтелдерді оқып, тиісті жеріне сызықшаны қойып жазыңыздар         «Өнер  алды  қызыл  тіл»    «Ер  қанаты  ат» «Көп   түкірсе  көл» «Жақсы  ай   мен   күндей,   әмбеге   бірдей»  «Ел  елдің  бәрі  жақсы,  өз  елің  бәрінен  де  жақсы» «Жақсылыққа  жақсылық  әр  адамның  ісі, жамандыққа  жақсылық   ер адамның   ісі»   «Ана  алдында   құрмет,  ата  алдында    қызмет»   «Анаң  үшін  аянба, ант  ұрады, Балаң  үшін  аянба,  бетің  күйеді,  Елің  үшін  аянба  ерлігіңе  сын, Жұртың  үшін  аянба  жігіттігіңе  сын»

КМЖ 8 сынып

КМЖ 8 сынып

КМЖ 8 сынып

КМЖ 8 сынып

КМЖ 8 сынып

КМЖ 8 сынып

КМЖ 8 сынып

КМЖ 8 сынып

КМЖ 8 сынып

КМЖ 8 сынып

КМЖ 8 сынып

КМЖ 8 сынып

КМЖ 8 сынып

КМЖ 8 сынып

КМЖ 8 сынып

КМЖ 8 сынып

КМЖ 8 сынып

КМЖ 8 сынып

КМЖ 8 сынып

КМЖ 8 сынып

КМЖ 8 сынып

КМЖ 8 сынып

КМЖ 8 сынып

КМЖ 8 сынып

КМЖ 8 сынып

КМЖ 8 сынып
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
10.02.2017