Коаксиалдық кабель құрылымы және таңбалануы. Қорғасын және шойын муфталарын таңдау

  • Лекции
  • Презентации учебные
  • Разработки уроков
  • docx
  • 21.11.2018
Публикация на сайте для учителей

Публикация педагогических разработок

Бесплатное участие. Свидетельство автора сразу.
Мгновенные 10 документов в портфолио.

Коаксиалды кабель дегеніміз - бір-бірімен диэлектрик қабатымен (ішкі изоляциямен) бөлінген және жалпы сыртқы жамылғыға орналасқан орталық сым мен металдық қорғаннан құралған электрлік кабель. Коаксиалды кабель жақын уақытқа дейін өте кең таралған, бұл оның жоғары кедергіге тұрақтылығымен, сонымен қатар оралған жұпқа қарағанда мәліметтерді тасымалдаудың жоғары рұқсат етілетін жылдамдығымен (500 Мбит/с дейін) және тараудың үлкен қашықтықтарымен (1 км-ге дейін және жоғары) сипатталады. Оған желіні тыңдау үшін механикалық түрде жалғану өте қиын, ол сонымен қатар өте аз электр магнитті шығуларды таратады. Бірақ, коаксиалді кабельді өңдеу және жендеу оралған жұпқа қарағанда айтарлықтай қиынырақ, ал бағасы жоғары (оралған жұп негізгі кабельмен салыстырғанда 1,5-3 есе қымбат).Кабель соңындағы ажыратқыштарды орнату да қиын. Сондықтан қазір оны оралған жұпқа қарағанда сирек қолданады. Коаксиалды кабельдің негізі “шина” типті топологиялы желілерде көп қолданылады. Мұнда кабель сандарында сигналдардың
Иконка файла материала 10 лекция.docx
Дәріс №10 Коаксиалдық кабель құрылымы және таңбалануы. Қорғасын және шойын муфталарын таңдау. Коаксиалды   кабель дегеніміз ­ бір­бірімен диэлектрик   қабатымен   (ішкі   изоляциямен) бөлінген   және   жалпы   сыртқы   жамылғыға   орналасқан   орталық   сым   мен   металдық   қорғаннан құралған электрлік кабель. Коаксиалды кабель жақын уақытқа дейін өте кең таралған, бұл оның жоғары кедергіге тұрақтылығымен, сонымен қатар оралған жұпқа қарағанда мәліметтерді тасымалдаудың жоғары рұқсат   етілетін   жылдамдығымен (500 Мбит/с   дейін)   және   тараудың   үлкен қашықтықтарымен (1 км­ге   дейін   және   жоғары)   сипатталады.   Оған   желіні   тыңдау   үшін механикалық   түрде   жалғану   өте   қиын, ол   сонымен   қатар өте   аз   электр   магнитті   шығуларды таратады. Бірақ, коаксиалді кабельді өңдеу және жендеу оралған жұпқа қарағанда айтарлықтай қиынырақ,   ал   бағасы   жоғары   (оралған   жұп   негізгі кабельмен салыстырғанда 1,5­3 есе қымбат).Кабель соңындағы   ажыратқыштарды   орнату да қиын.   Сондықтан   қазір   оны   оралған жұпқа қарағанда сирек қолданады. Коаксиалды   кабельдің   негізі “шина” типті   топологиялы   желілерде   көп   қолданылады. Мұнда кабель   сандарында сигналдардың   ішкі   шағылысуын   болдырмау   үшін   терминаторлар орнатылуы керек және терминаторлардың біреуі (тек қана біреуі) жерге қосылуы керек. Жерге қосылусыз   металдық   қорған  желіні  сыртқы  электромагнитті  кедергілерден  қорғамайды   және желімен тасымалданатын ақпараттың сыртқы ортаға шығуын төмендетпейді. Бірақ, қорғанды екі немесе   одан да көп   нүктелерде   қосса,   онда   желілік   жабдық   қана   емес,   желіге   жалғанған компьютерлер де істен шығуы мүмкін. Терминаторлар міндетті түрде кабельмен сай келуі қажет, яғни олардың   кедергілері   кабельдің   толқындық   кедергісіне сай келуі керек. 50 омдык,кабель қолданса, онда ол үшін 50 омдық терминаторлар сай келеді.   Мысалы, Коаксиалды кабель   сирек “жұлдыз”   және   “пассивті   жұлдыз”   топологиялы   желілерде қолданылады. Бұл жағдайда сәйкес келу мәселесі айтарлықтай жеңілдетіледі. Кабельдің   толқындық   кедергісі   қосарланған   құжатталуда   нұсқаланады.   Жергілікті желілерде   жиі 50 омдық   (мысалы, RG­58,   RG­11)және 93 омдық (мысалы,   RG­62) кабельдер қолданылады. Телевизиялық техникада кең таралған 75 омдық кабельдер жергілікті желілерде қолданылмайды. Коаксиалды кабельдің екі негізгі түрі бар:  жіңішке (thin) кабель, оның диаметрі 0,5см, иілгіш болып келген;  жалпақ (thick) кабель, диаметрі 1 см, иілгіш болып келген.Жіңішке кабель жалпаққа   қарағанда   кіші   арақашықтыққа   тасымалдауға   арналған, өйткені онда сигнал өту қатты өшеді. Бірақ жіңішке кабельмен жұмыс істеу қолайлы: оны әр компьютерге   тез жалғауға   болады,   ал   жалпақ ­ орналасу   қабырғасында   қатты   бекітуді   талап етеді.   Жіңішке кабельге қосылу   (байонетті   типті BNCажырағыштары   арқылы)   жеңіл   және қосымша жабдықты талап етпейді, ал жалпақ кабельге жалғану үшін оның жамылғысын тесетін және   орталық   желімен   қатар,   экранмен   байланыс   орнататын   арнайы   едәуір   қымбат құрылғыларды қолдану керек. Жалпақ кабель жіңішкеге қарағанда екі есе қымбат. Сондықтан жідішке кабельөте жиі қолданылады. Коаксиалды   кабельдің   маңызды   параметрі болып оның   сыртқы   жамылғысыныда   типі есептеледі.   Берілген   жағдайда non­plenum   (PVC),   plenum кабельдері   де   қолданылады. Тефлонды кабель поливинилхлоридтіден қымбат. Әдетте, жамылғы типін оның боялуы арқылы айыруға   болады   (мысалы, PVC кабелі   үшін Beldenфирмасы   сары   түсті, ал   тефлонды үшін қызғылт сары түсті колданылады). Коаксиалды кабель сигналының таралу кідірісінің әдеттегі шамасы кабель үшін 5 нс/м, ал жалпақ үшін 4,5нс/ құрайды. Коаксиалды кабель екілік экранмен нұсқаулы (бір экран екіншісінің ішінде орналасқан және бір­біріненизоляцияның қосымша қабатымен бөлінген). Мұндай кабельдердің кедергіден қорғанысы күшті және әдеттегілерден шамалы қымбат тыңдаулардың қорғанысы болады. Кабель   таңбалануында   әріптер   және   цифрлар   көмегімен   таңбаланған   негізгі классификацияланған белгілер мен кабельдің конструктивті ерекшеліктері, шартты белгілі жүйе бойынша түсіндіріледі. Алғашқы бір немесе екі әріп кабель белгісін анықтайды. Мысалы, қалалық телефондық кабельдерде Т әрпімен белгіленеді, магистралтды симметриялық және азгабаритті коаксиальды кабельдер МК әріптерімен, магистральды коаксиальды КМ әріптерімен белгіленеді. Кейінгі бір немесе екі әріп конструкцияның ерекшеліктерін немесе кабель изоляциясының материалын білдіреді. Мысалы, жұлдызды шиыршық ТЖ кабельі З әрпімен білінеді, кордельді­ полиятроильды изоляция (стирофлексті) С әрпімен, полиэтиленді изоляция П әрпімен, құбырлы­ полиэтиленді­Т әрпімен белгіленеді. Симметриялық кабельде қағаз изоляция және коаксиальды кабельде шайбалы изоляциялар таңбалануда әріпті белгіленбейді. Соңғы   бір   немесе   екі   әріп   кабель   таңбасында   қорғаныш   қабатының   түрін   білдіреді. Мысалы, жалаңаш қорғасындалған кабель Г әрпімен белгіленеді, алюминді қабықша А әрпімен, ал   болат   қабықша   С   немесе   Ст   әріптерімен   белгіленеді.   Б   әрпі   сырты   кендірлі   қорғаныш жапқышты екі болат лентадан тұратын кабель брондануын білдіреді. К әрпі сыртқы жапқышты,дөңгелете   мырышталған   сымды   брондалғанын   көрсетеді;   БГ­жалаңаш   брондалған,   сонымен қатар сыртқы қорғаныш қабықшасыз кабель екенін білдіреді.  Егер брондалған тірекшеде тоттануға қарсы изолирленген жапқыш бар болған жағдайда белгіленуіне   мынадай   әріптер   қосылады:   л   –   поливинилхронды   немесе   басқа   пластмассалы ленталар   қабаты;   2л   –   екі   лента   қабаты,   олардың   араларына   битум   және   кремделген   қағаз төселген; п – полиэтиленді шланг; в – поливинилхлоридті шланг. Егер осындай әріптер табылып жатса онда Шп – полиэтиленді шлангты көрсетеді немесе Шв – поливинилхлоридті шлангты білдіреді. Кабель таңбасының соңында желі сандары көрсетіледі немесе коаксиальды жұп және желі диаметрі болады. Мысалы, төрттөрттікті 1,2 мм  диаметрлі желілі кабель келесі мәндерге ие:   4х4х1,2   бесжүзжұпты   қалалық   кабель   0,4   мм   диаметрлі   желімен   цифрлық   мәнді   береді 500х2х0,4.  Сондықтан өндірісте шығарылып жатқан әртүрлі типтегі кабельдердегі бірдей әріптер таңбалануда   әртүрлі   мағына   береді.   Мысалы,   З   әрпі   төменжиілікті   кабельдерде   жұлдызды шиыршықты білдіреді, сонымен қатар зоналық байланыс кабельдерінде, С­ байланыс «связь», «стирофлекс»,   «болат»   және   т.б.   сондықтанда   әртүрлі   жағдайларда   әріптердің   белгілерінің маңыздылығымен кабельді ГОСТ немесе техникалық талаптр бойынша анықтауға болады.

Посмотрите также