Компьютер жады
Оценка 5

Компьютер жады

Оценка 5
Разработки уроков
docx
информатика
Взрослым
13.06.2019
Компьютер жады
Жедел жадтайтын құрылғысы, көлемі мен жұмыс жылдамдығы, EDO RAM-нан бастап DDR SDRAM, жады модульдерін көптеген өндірушілері, жады РС66, РС100 немесе РС133 спецификасына түсінік беру және ойларын тиянақты және түсінікті жеткізушілерін дамыту. Жедел жадтайтын құрылғысы, көлемі мен жұмыс жылдамдығын уйрену, дамыту
Документ Microsoft Word (2).docx
«БЕКІТЕМІН»  Директордың ОЖ орынбасары:                   Бисалиева Ж.Е. Топ № 2к Тақырыбы:  Компьютер жады Сабақ мақсаты:  Білім беру:  Жедел жадтайтын құрылғысы, көлемі мен жұмыс жылдамдығы, EDO RAM­нан   бастап   DDR   SDRAM,   жады   модульдерін   көптеген   өндірушілері, жады РС66, РС100 немесе РС133 спецификасына  түсінік беру және ойларын тиянақты және түсінікті жеткізушілерін дамыту. Дамыту: Оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттыру. Жаңа ақпараттық технологиялар   түрлері   және   оның   компонеттерін     таныстыру.   Ой   өрісін жетілдіру.  Тәрбиелік:  Эстетикалық   талғамын     қалыптастыру,  нәтиже  алуға  және     уақытын үнемдеуді   дағдыландыру,   оқушылардың   сабаққа   деген   қызығушылығын арттыру.  Сабақ түрі:   Жаңа  тақырыпты   түсіндіру.   Сабақтың әдісі:  Жаңа білім меңгеру сабағы  Материалдық­техникалық жабдықтар:   Лекция дәптері, презентация, мультимедиялық проектор, компьютер  Пән аралық байланыс:  Ағылшын тілі,  информатика, сызу   Қолданылған   әдебиеттер:   «Есептеуіш   техниканы   жөндеу   және   техникалық   қызмет көрсету», «ЭЕМ­ның перифериялық құрылғылары»  САБАҚ БАРЫСЫ:  І Ұйымдастыру бөлімі:  1. Топ оқушыларымен  амандасу;  2. Оқушыларды түгелдеу және сабаққа  әзірлегін тексеру; 3. Сабақ тақырыбын және тақырыпшасын  жариялау; 4. Сабақтың мақсатын жариялау. ІІ Үй тапсырмасын қайталау:  1. Жүйелік тақшаға түсінік 2. Микросхемалардың атқаратын қызметі 3. Дербес  компьютердің негізгі тақташасының ішіне кіретін құрылғылар 4. Шинаға түсінік, оның түрлері 5. Ағылшынша motherboard сөзінің мағынасы 6. Жүйелік платаның негізгі форумфакторларының түрлері? 7. Жүйелік платаның компаненттері?  ІІІ Теориялық  бөлім:  1. Жаңа сабақты  түсіндіру Жедел жады(оперативті жады, оперативное заменяющее устройство­ОЗУ, Random Access   Memory­   RAM)   немесе   жедел   жадтайтын   құрылғысы   (ЖЖҚ),   ақпараттың   кез келген   бөлігіне   лезде   қатынауды   қамтамасыз   етеді.   Жедел   жады   жүйелік   логика жиынтығымен   (чипсетпен)   және   орталық   процессорымен   бірге,   кез   келген   дербес компьютердің негізін құрайды. Жедел   жады­   компьютердің   тез   әрекет   етуі,   көлемі мен   жұмыс   жылдамдығына   байланысты   болатын құрылғылардың бірі. Бірақ компьютерді өшірген кезде жедел жадының   барлық   ақпараты   бірден   жойылады.   Дербес компьютерлердің жедел жадының өлшемі жылдан жылға өсіп келеді.   Компьютерлердің   жедел   жадының   көлемі   32 Мбайттан 2Гбайтқа жетеді. ЖЖҚ­ның құрылысы оны үнемі ұлғайтып отыратындай етіп жасалынған. Компьютердің жедел жадының көлемі өскен сайын, оның есептеу жылдамдығы артады. Өз   даму   барысында   жедел   жады   EDO   RAM­нан   бастап   DDR   SDRAM­мен аяқталатын он шақтыға жуық түрге түрлендіріледі. Жады тез әрекет ету жағынан орталық процессордан   кейінгі   екінші   құрылғы.   Оның   міндеті   дер   кезінде   процессорға   қажетті ақпараттарды жеткізу, сондықтан жады жылдамдығына талабы өте жоғары. Жады модульдерін көптеген өндірушілер шығарады, соның ішінде SEC(Samsung), Corsair, Winbond, Kingston және т.б. Төменде компьютерде қолданылатын жедел жадының кейбір түрлері сипатталған.  SDRAM (Synchronous Dynamic RAM) – жедел жадының ескі түрі.   Микросхема   жадысындағы   операция   орталық процессордың   такт   жиілігімен   синхрондалған   (жады   мен процессор бір мезгілде жұмыс істейді). SDRAM технологиясы команданы орындауға және мәліметтерді жеткізуге кеткен уақытты қысқартуға мүмкіндік береді. SDRAM­ның 66,100 және 133 МГц жиілік жұмысына арналған 168 түйіспелі модулі бар. Сондықтан жады РС66, РС100 немесе РС133 спецификасымен сәйкес келеді. SGRAM   (Synchronous   Graphics   RAM)­графикалық   қосымшаға   арналған   SDRAM нұсқасы. Аппараттық құрылымдары ұқсас, сол себепті көп жағдайда олар бір­бірімен өзара алмаса алады. RD   RAM   (Rambus   Dynamic   RAM)   жады   SDRAM   және   SGRAM   жадтарына қарағанда, аз разрядты мәліметтер магисталін қолданады. Ол қызметтік жиілікті бірнеше рет көтеруге мүмкіндік береді. DDR   SDRAM   (Double   Data   Rate   SDRAM)   SDRAM   жадысының   жақсартылған архитектурасы. Сондықтан оның екінші аты ­ DDR SDRAMІІ. DDR SDRAM типті жады бір тактілі, олар екі ақпарат дестесін қатар бере алады, яғни өзінің жіберушілік қасиетін екі есеге өсіре алады. Көптеген   артықшылығы   бар   DDR   SDRAM­ның   бағасы   RD   RAM   –мен салыстырғанда   көпке   арзандау.   DDR   SDRAМ­да   құрамындағы   ұяшықтың   орналасу уақыты,  яғни  летенттілігі  аз,  сондықтан   өндірістілігі  бойынша  RD RAM­нан  асып  түсе алады. Оның өткізгіштік қасиетін, яғни қабілеттілігін есептеу қиын емес, шинаның ені 8 байт болса, DDR200 жадысы үшін 1,6 Гбайт/с, ал DDR400 үшін 3,2 Гбайт/с болады. DDR200, DDR266, DDR333 және DDR400 типтері түсінікті болса да, оларға басқа анықтама   қабылданған.жедел   жадының   белгілеуінде   тиімді   жиіліг   қолданылмайды, секундына мегабайтпен (Мбайт/с) есептелетін максималды өткізу қабілетін көрсетеді. Төменде әр түрлі мағынадағы жиілігінің тізімі берілген:             100 МГц  PC1600 DDR SDRAM PC100 DDR SDRAM  PC800 RD RAM              133 МГц    PC2100 DDR  DDR266 SDRAM    PC133 SDRAM    PC1066             166 МГц  PC2700 DDR SDRAM  DDR266 SDRAM  DDR233 SDRAM  RDRAM PC166 SDRAM              200 МГц  PC3200 DDR SDRAM  DR 400 SDRAM             216 МГц  PC3500 DDR SDRAM  DDR 400 SDRAM             233 МГц  PC3700 DDR SDRAM   DDR 466 SDRAM             250 МГц  PC4000 DDR SDRAM  DDR500 SDRAM 2. Оқушының  жұмыс  дәптеріне дәрісті  жаздыру  3. Қорытындылау  IV Жаңа сабақты бекіту  барысында  оқушыларға  жаңа сабақ  бойынша  сұрақтар  қою:  1. Жедел жадына түсінік  2. Жедел жады жүйелік логика 3. SDRAM (Synchronous Dynamic RAM) жадына түсінік 4. Компьютерлердің жедел жадының көлемдері 5. Жедел жадының жиілігінің тізімі V Сабақты қорытындылау және бекіту: 1. Оқушылардың  білімін  бағалау  және жариялау 2. Үйге тапсырма  беру  Тақырыпты оқып келу

Компьютер жады

Компьютер жады

Компьютер жады

Компьютер жады

Компьютер жады

Компьютер жады
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
13.06.2019