Күні:___________________
Пән аты: Информатика
Сыныбы: 7 «А»
Сабақтың
тақырыбы: Компьютерлік жады.
Мақсаты:
Оқушыларға компьютер жадтары
туралы мәлімет бере отырып, білімдерін толықтыру, жұмыс
жасауға үйрету.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Қолданылатын әдіс-тәсілдер: сұрақ – жауап,түсіндірмелі – иллюстративті, практикалық, техникалық диктант, тест, ой қозғау, миға шабуыл
Көрнекілігі: ДК, оқулық, карточкалар, ілмелі көрнекіліктер
Стратегиялар: «Қайталау – оқу айнасы», «Кері байланыс», «Тілекті тізбек»
Сабақтың барысы :
Сабақтың кезеңі |
Кезең мақсаты |
Уақыты |
Мұғалімнің іс-әрекеті |
Оқушының іс- әрекеті |
Ұйымдастыру кезеңі |
Оқушылардың назарын өзіме аудару, сабаққа дайындықтарын тексеру, сынып дайындығын тексеру, оқушыларды түгендеу. |
1 мин |
- -Сәлеметсіздерме. -Сыныпта кім кезекші? - -Кім жоқ.Отырыңыздар - |
Амандасады, кезекші сыныпты түгендейді. Сабаққа дайындалады. |
Психологиялық дайындық
|
Сабаққа деген қызығушылықтарын ояту |
2 мин |
«Тілекті тізбек» Оқушылар бір-бірлеріне тілектерін айтып өтеді. |
Оқушылар бір-біріне кезек- кезек тілек айтып шығады. |
Үй тапсырмасын тексеру |
Өткен тақырыпты қаншалықты түсінгенін тексеру, бекіту |
5 мин |
Сұрақтар: - Компьтер дегеніміз не? - Компьютердің аппараттық жабдықтамасы дегеніміз не?
«Қайталау оқу айнасы». Тест тапсырмалары 2.
Графикалық ақпаратты (суреттер,сызбалар және т.б.)
қағаздан компьютерге енгізу құралы: А) стример 7. Компьютерлік ойындарда қолданылатын қолмен басқарылатын тетік: А) стример 8. Дыбыстық ақпаратты енгізуге арналған құрылғы: А) принтер |
- Компьютер дегеніміз – ақпаратты енгізу, өңдеу, сақтау, шығару, таратуға арналған электрондық құрылғы. -Компьютердің аппараттық жабдықтамасы – (hardware) – ақпаратты енгізу, сақтау және өңдеу, шығару әрекеттерін орындайтын өзара байланысқан техникалық құрылғылар жүйесі.
1. В 2. А 3. С 4. В 5. С 6. А 7. С 8. С
|
Жаңа сабақ |
Оқушыларды дербес компьютердің даму үрдісімен таныстыру, тақырыпты толықтай меңгерту |
15 мин |
Сонымен біз сіздермен өткен сабағымызда дербес компьютердің жабдықтарымен танысқан болатынбыз. Енді бүгінгі сабақта біз дербес компьютердің ішкі құрылысымен және сыртқы, ішкі жадымен танысамыз. Жад- ақпаратты сақтауға арналған құрылғы. Компьютер жадының екі түрі бар.
Ішкі жад және сыртқы жад. Жедел есте сақтау құрылғысы (ЖЕСҚ) – ДК-нің негізгі құрылғыларына жатады. Бұл – ерікті қолжетімділігі бар динамикалық жад. Жедел жад – процессормен тікелей байланыста болатын шағын көлемді және программалар арқылы өңделетін деректер мен орындалатын программаларды жазуға, есептеуге және сақтауға арналған жедел есте сақтау құрылғысы. Жедел жад деректер мен программаларды уақытша сақтау үшін ғана қолданылады, себебі компьютерді өшірген кезде ЖЕСҚ-дағы барлық мәліметтер жоғалып кетеді. Кэш жады немесе аса жедел жад – шағын көлемді жедел есте сақтау құрылғысы. Ол процессордың ақпартты өңдеу жылдамдығы мен жылдам жұмыс істейтін жедел жад арасындағы айырмашылықтың орнын толтыру үшін микропроцессор мен жедел жады арасындағы деректер алмасу кезінде пайдаланылады. Кэш-жадын арнайы құрылғы контроллер басқарады. Ішкі жадтың құрамына жедел жад пен кэш-жадтан басқа арнайы жад кіреді, ол мыналардан тұрады: - Тұрақты жад - Қайта программаланатын тұрақты жад - Батарея арқылы қоректенетін жад - Бейне жад және т.б. Тұрақты есте сақтау құрылғысы (ТЕСҚ) – энергияға тәуелсіз, ешқандай өзгерісті талап етпейтін деректерді сақтау үшін қолданылады. Тұрақты есте сақтау құрылғысындағы деректерді тек оқуға болады. Графикалық ақпаратты сақтау үшін бейне жад пайдаланылады. Бейнежад – кодталған бейнелер сақталатын жедел есте сақтау құрылғысының бір түрі. Сыртқы жад – программалар мен деректерді ұзақ уақыт сақтауға арналған, оның құрамындағы деректердің толықтылығы компьютердің іске қосулы немесе өшірулі күйіне байланысты емес және процессормен тікелей байланыста болмайды. |
Қысқаша жазып алады: Компьютер жадының екі түрі бар.
Ішкі жад және сыртқы жад. Жедел есте сақтау құрылғысы(ЖЕСҚ)- компьютер қосылған кезде деректерді уақытша сақтауға арналған микросхемалар жиыны.
Тұрақты есте сақтау құрылғысы (ТЕСҚ) –ақпаратты тұрақты есте сақтайтын құрылғы
Кэш- жад - аса тез әсер ететін жад, ол аса тез әсер ететін компьютелердегі жедел жадқа қол жеткізуді жеңілдетуге арналған. |
Жаңа білімді бекіту |
Жаңа материалды қаншалықты түсінгендерін тексеру. |
1 мин |
Техникалық
диктант (пернетақта) Сәйкестендіру
тесті |
|
Қорытынды |
«Рефлексия» |
1 мин |
«Шығу парағы» әдісі. - Бүгін не үйрендіңіздер? - Сабақ бойынша сұрақтарыңыз бар ма? - Келесі сабақта қандай мәселелерге назар аудару қажет? |
Оқушылар сұрақтарға жауап береді. |
Үй тапсырмасын беру |
Өз бетімен материалды бекіту. |
1 мин |
“Компьютер құрылғыларының ішіндегі ерекше қосымша құрылғылары ” эссе жазу |
Оқушылар күнделіктеріне жазып алады. |
Бағалау |
Оқушылар «Көршіңді бағала» стратегия бойынша бір –бірін бағалайды. |
1 мин |
Оқушыларғы таратылған бағалау парағын жинап алып, әр оқушыны бағалап шығу. |
Оқушылар парақшаларды жинап береді. |
© ООО «Знанио»
С вами с 2009 года.