Мектепалды даярлық «Салтанат» тобынын ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі
«Қатынас» білім беру саласының ұйымдастырылған оқу қызметі: Көркем әдебиет
Тақырыбы: «Шалқан» ертегісі
Мақсаты:
Тәрбиелік: «Шалқан» ертегісін сахналай отырып,
балаларға бір отбасының татулығын, бірліктерін көрсету.
Дамытушылық: Ертегіні сахналау арқылы ой – қиялын, актёрлік
қабілеттерін дамыту.
Білімділік: «Шалқан» ертегісі туралы мағлұмат беру,
шалқанға түсінік беру.
Ресурстармен қамтамасыз ету: «Шалқан» ертегісінің
кейіпкерлерінің костюмдері, шалқан.
Түрі: Көрініс, ертегі
1. Ұйымдастырушы кезеғ:
Алғы сөз:
Құрметті балалар! Бүгінгі
өткелі отырған «Салтанат» тобының ертегілер еліне қош
келдіңіздер. Бүгінгі сахналайтын ертегіміз «Шалқан» ертегісі.
«Шалқан» ертегісі орыс халық ертегісі, балалар.
Ертегінің негізінен көптеген
түрлері бар, олар:
1. Қиял - ғажайып ертегісі.
2. Шыншыл ертегі.
3. Жан - жануарлар туралы ертегі.
4. Тұрмыс - салт ертегісі, болып
бөлінеді екен. Ал, осы, «Шалқан» ертегісі балалар, тұрмыс -
салт туралы ертегі екен. «Шалқан» орамжапырақ
тұқымдасына жататын екі жылдық көкөніс.
Шалқанның түсі ақ немесе сары болады екен.
Шалқанның құрамында ағзамызға пайдалы
көптеген дәрумендер бар. Емдік қасиеті де бар. Ендеше,
апайлар және балалар, мен сіздері, осы «Шалқан» ертегісін балалардың
сахналағанын көріп - тамашалауды ұсынамын.
2. Негізгі бөлім:
«Шалқан» ертегісінің сахналық қойылымын
тамашалаңыздар.
Автор: Ерте ерте ертеде, ешкі жүні бөртеде шал мен кемпір болыпты.
Бір күні атай шалқан екті:
Атай:
- Өс, шалқаным, тәтті боп өс! Өс, шалқаным,
мықты боп өс!
Автор: Күндерден күн өтті, айлардан ай өтті.
Шалқан өте үлкен, мықты болып өсті. Атай
шалқанды әрі тартқылайды, бері тартқылайды, жұлып
ала алмайды. Сөйтіп атай көмекке әжейді шақырады.
Әже: Мен көмекке келдім.
Автор: Әжей атайдан, атай шалқаннан тартып, жұлып ала
алмайды.
Әже: - Атасы, екеуміздің осыған күшіміз жетпейтін
сияқты. Көмекке немере қызымызды шақырайық.
Автор: Сөйтіп көмекке немере қызын шақырады. Немере
қызы әжесінен, әжесі атайдан, атай шалқаннан
ұстап тартады. Тартады, тартады – тарта алмайды.
Немере қызы: - Бізге көмекке
тағы біреу керек сияқты. Мен күшігімді шақырайын.
Автор: Немере қызы көмекке күшігін шақырады.
Күшігі немере қыздан, немере қыз әжесінен, әжесі
атайдан, атай шалқаннан ұстап тартқылайды. Бірақ
тағы да жұлып ала алмайды.
Күшік: Қанеки, біз көмекке мысықты
шақырайық. Мысығым, мысығым келіп бізге көмектес.
Автор: Күшік мысығын шақырады. Мысық күшіктен,
күшік немере қыздан, немере қыз әжейден, әжей
атайдан, атай шалқаннан ұстап әрі тартқылайды, бері
тартқылайды. Тағы жұлып ала алмайды.
Мысық: - Менің ойымша бізге тағы да көмек
керек сияқты. Тышқан, тышқан бізге көмектесші.
Автор: Барлығы бірге шалқанды тартады. Сол кезде шалқанды
жерден жұлып алады.
Сөйтіп, Әжей шалқанды
қосып тамақ пісіреді. Бәрі дәмді тағамнан ауыз
тиеді. Тышқан тамақты жеп отырып, былай дейді:
Тышқан: - Бұл тағам өте дәмді екен.
Егер келесі жолы тағы көмегім керек болса, мені
шақырыңдар. Мен шалқанды өте жақсы көремін.
Ролдерде ойнағандар:
Автор: Саттыбай Таймас
Атай:
Шеген Ислам
Әжей: Нариманқызы Азима
Немере қызы: Қалабаева Ясмин
Күшік: Манарбай Байрам
Мысық: Даниярқызы Сезім
Тышқан: Абзал Алмас
Барлығы: «Жұмыла көтерсе жүк жеңіл»
Тәрбиеші: Көрдіңдер ме балалар, ауызбіршіліктің не екенін, «Жұмыла көтерсе жүк жеңіл», мақсатыңа жетерсің дегенді білдіреді.
3.Қорытынды:
1.Ертегідгі шалқанды кім екті?- Ата
2.Немересі көмекке нені шақырды?- Мысық, Ит, Тышқан
3. Шалқан ертегісіндегі ең соңғы көмекке келген кім?- Тышқан
4. Шалқан көкөніс пе, жеміс пе?
Ән: Ертегілер елінде.
.
Көркем әдебиет
Тақырыбы:«Алтын астық» (өлеңді жаттау)
Мақсаты
Өлеңнің мазмұнын ашу,өлеңді дауыс ырғағын келтіре оқи отырып,әр шумағын қайталау арқылы жаттату.Піскен астықты ору,жинау науқаны туралы балаларға айтып жеткізу,еңбекке деген сүйіспеншілік сезімдерін ояту,еңбекті сүйе білуге тәрбиелеу.
көрнекіліктер:астықты комбайнмен орып,жинап,машинамен қамбаға тасып жатқан сурет.
Билингвальді компонент: астық-зерно,егін-посев
Сөздік жұмыс: қырманға,дәулет
Ұйымдастырушы ізденушілік
Жұмбақ жасыру.
Ұзын мұртты сарылар,
Қойнында дәні бар.
Ол не? /-Бидай/
-Бидай, сұлы, арпа, тарыны жалпы астық деп атайды. Астық піскен кезде егін жинау науқаны басталады.
-Бүгін біз Қосжан Мүсіреповтың «Алтын астық»өлеңімен танысамыз.
Көктемде егін егетін,
Күзде жиып теретін,
Біздің дала-бай дала,
Алтын астық айнала.
Ел егінді жинайды,
Қырманға дән сыймайды.
Біздің дала-бай дала,
Алтын астық айнала.
Балалар өлеңді қайталай отырып жаттап алады.
Сұрақ-жауап
-Егінді жылдың қай мезгілінде жинайды? -Күз мезгілінде
-Қандай дәндер астық түрінде жатады? -Бидай,арпа,тары,сұлы.
Сергіті сәті:
Күз мезгілі, астық пісті.
Астықты комбайнмен орамыз.
Машинамен қырманға тасимыз.
Қамбаға әкеліп төгеміз.
Дирменде ұн жасаймыз.
Ұнды нан зауытына апарамыз.
Ол жерде түрлі нандар,тәтті тоқаштар пісіреді.
Нандарды дүкенге апарады,
Дүкеннен біз сатып аламыз.
Мақал жаттау.
«Ас атасы-нан»
3.Қорытынды:
-Алтын астық деп не үшін айтамыз?
-Астықты қайда сақтайды.
Білім беру саласы:Қатынас
Бөлімі:Көркем әдебиет
Тақырыбы:«Алтын астық»
Мақсаты:
Білімділік:«Ас атасы – нан» деген мақалдың мағынасын түсіндіру. Балаларға нанды қастерлеу керектігін түсіндіре келе, диқаншылар еңбегімен таныстыру. Нанның адам еңбегімен келетінін, оған көп күш жұмсалатынын түсіндіру.
Дамытушылық: Оқу іс-әрекет кезінде жүйелі сөйлеу, терең ойлау зейін аудара білу қабілеттерін дамыту. Өлең,мақал-мәтелдер арқылы шығармашылық қабілеттерін арттыру, тіл байлықтарын жетілдіру.
Тәрбиелік: Үлкендердің еңбегін бағалауға, қасиетті нан тағамын қастерлеуге тәрбиелеу. Балаларды еңбекқорлыққа, ұқыптылыққа баулу.
Көрнекіліктер:Нанның түрлері, комбайн, диірменнің көріністерінен слайд, әр балаға иленген қамыр.
Сөздік жұмыс:Наубайхана, диірменші, қауыз, диқан.
Алдын ала атқарылатын жұмыс:Нан жайлы өлең, мақалдар жаттау, «Нан қайдан шығады?» тақырыбына әңгіме жүргізу.
Билингвальды компонент: Бидай – пшеница-wheat,таба нан –хлеб-bread, ұн-мука-flour, тұз-соль-salt, ашытқы-дрожжи-yeast, су-вода-water.
1.Ұйымдастырушы кезең
Психожаттығу «Күлімдейік»
-Балалар адам жанының, жүрегінің – кілті біздің езуімізде Егер біз үнемі достарымызға, ата-анамызға, апайларға күлімдеп, жадырап көңілді жүрсек, біз мейірімді, ақылды болып өсеміз. Жан-жағымызға күлкі сыйлайық.
Армысың шапағатты күн ана
Армысың қайырымды аспан ата
Армысың мейірімді жер ана
Құт дарып бар әлемді жарылқа
2. Негізгі бөлім:
Жұмбақ жасыру.
Алтын сары тоны бар
Қауызында дәні бар /- бидай/
Ой толғау.... Неліктен біз нанды «Ас атасы – нан» деп айтамыз?
Балалар тәрбиешінің түсіндірмесін мұқият тыңдап отырады
Қазақта «Ас атасы – нан» деген сөз бар, яғни, астың, дәмнің үлкені нан. Бала ақ пен қараның ажыратып, танымай тұрып-ақ, оған оң қолына нан ұстауды, нанды баспауды, жерге тастамауды үйретеді. Нан қасиетті. Адам кез-келген тамақты екі күн жесе, ол қанша нәрлі болғанымен, сол тамақтан жалығады. Бірақ, адам баласы наннан өмір бойы шықпайды. Нан- сән салтанаттың асыл діңгегі.
Слайдпен жұмыс.
-Балалар бірінші суреттен нені көріп тұрмыз?
-Балалар көктемде бұл тракторлар жерді жыртып, оны тырмалап, жерге мынадай бидай дәнін себеді.
Бидай (– пшеница)
-Екінші суретте нені көріп отырсыңдар?
-Егінді орып жүрген комбайн, ол бидайды орып, тазартып, көлікке салып береді.
-Үшінші суретте нені көріп отырсыңдар?
-Диірменнен ұн тартылып жатыр.
-Төртінші суретте нені байқап отырсыңдар? Ұннан наубайханада әртүрлі нандар пісіріп шығарады, оны дүкендерге, балабақшаларға жібереді.
Міне, балалар біздің дастарханымызға нан оңай келмейді екен. Міне жоғарыда айтқандай, үлкен еңбекпен келеді. Ал, сендер күнделікті жеп жүрген нанды біз қайдан аламыз?
-Дұрыс айтасыңдар, үйде де аналарымыз қамырдан нан илеп, ашытып, бізге неше түрлі дәмді нандарды дайындайды. Таба нан (–хлеб).
-Ал, қамырды илеу үшін не керек екенін атап берейік.
-Енді қандай нан түрлерін білесіңдер?
-Ақ нан, таба нан, бөлке нан, шелпек, бауырсақ.
-Дұрыс. Олай болса нанға байланысты кім тақпақ, мақал, тыйым сөздер біледі?
Сергіту сәті:
Жайқалады ақ бидай,
Басын иіп аққудай.
Трактор мен комбайн,
Жүргізуге мен дайын.
Дидактикалық ойын
1.Нан пісірудің ретін еске түсірейік. Қамыр илеу үшін, не керек екенін өзі табады. Әртүрлі азық-түліктің суреттері тұрады. Балалар өздері тауып қосады.
2.Балаларға үстел үстінде жатқан суреттер арқылы құрастыру, ол суретте нанның қалай келетіні көрсетілген. Ол үшін суреттердің орындарын тауып қоюы керек.
3.Қорытынды:
Балалар, бүгінгі біздің сабағымыз не жайында болды. Сонымен, нан дастарханымызға қалай келеді? Нан – қасиет, нан-береке, нан – мереке дегендей, сендер нанды қадірлеп, қастерлей білуіңіз керек. Диқаншылардың маңдай терін бағалай білейік. Нанның адам еңбегімен келетінін, оған көп күш жұмсалатынын ұқтық..
Мектепалды даярлық «Салтанат» тобынын ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі
Өткізу күні: 13.10.2020ж.
Тәрбиеші: А.А.Сулейменова
«Қатынас» білім беру саласының ұйымдастырылған оқу қызметі: Сөйлеуді дамыту
Өтпелі тақырып: «Күз сыйы»
Тақырыбы: «Жеміс бағында» суреті бойынша әңгіме құрастыру.
Мақсаттары:
Тәрбиелік: Балалардың табиғатқа деген сүйіспеншіліктерін оятып, табиғатты бағалауға тәрбиелеу.
Дамытушылық: Жай және жайылыма сөйлемдер туралы түсініктерін нығайту. Сурет бойынша әңгіме құрастыруды дамыту.
Оқытушылық: Суретші Ә.Қастеев туралы білімдерін кеңейту. Табиғат туралы мақал-мәтелдерді жатқа айтуға, жаттықтыру.
Педагогикалық технологиялар: АКТ, ойын технологиясы, денсаулық технологиясы
Ресурстармен қамтамасыз ету: интерактивті тақта, слайд, суреттер.
Көптілдік: жемістер-фрукты-fruits, алма-яблоко-apple, алмұрт-груша-pear
1.Ұйымдастырушылық кезеңі:
Таңғажайып сәт.
-Балалар, біз бүгін саяхатқа шығамыз, ал қайда баратынымызды мына себет арқылы анықтаймыз. Тәрбиеші жемістер салған себетті көрсетеді (алма, алмұрт, алхоры, апельсин, лимон)
2. Негізгі бөлім.
Білімді өзектендіру:
Себеттегі жемістерді бір – бірден алып шығады.
-Мынау не? (алма, алмұрт, алхоры, лимон, апельсин).
-Ал бұлардың бәрін біз бір сөзбен қалай атаймыз.
-Жемістер қайда өседі?
-Өте жақсы! Біз сендермен жемістер бағына саяхатқа барамыз. Күз келді, сондықтан да пісіп тұрған жемістерді жинап алатын кез келді.
Билингвальды компонент: бақ – сад, уражай – өнім, жемістер – фрукты, алхоры – слива.
Күзгі өнім (уражай) күзде піскен барлық жемістер мен көкөністер, дәнді дақылдар жатады.
Бақ (сад) – жеміс ағаштары өсетін жер.
Жемістер туралы жұмбақтар жасыру.
Допқа ұқсайды өзі,
Қызғылт сары түсі. (Апельсин)
Терісі қалың, дәмі қышқыл,
Түсі - сары
Еті – дәрі. (Лимон)
Көктемде ақ гүлге оранады,
Күзде қолға доп болып оралады. (Алма)
Ілініп тұрған шарлар,
Күн көзімен көгерер. (Алхоры)
Жұмбақтардың шешулері болған жемістердің суреттерін көрсетеді.
Сергіту сәті:
Аяқтың ұшымен тұрамыз,
Алманы жұлып аламыз.
Үйге қарай жүгіріп,
Аналарға сыйлаймыз.
Алмаға тән белгілерді анықтау.
-Міне, мен сендерге алма жұлып әкелдім.
Пішіні қандай?
-Сипағанда қолға қалай сезіледі?
Алманы бөліп балаларға таратып береді.
Үлестірмелі материалмен жұмыс.
Тапсырманы қалай орындау керектігін түсіндіреді.
Жеке жұмыс жүргізеді.
3.Қорытынды: Жемістерге байланысты сұрақтар қояды, балалардың жауаптарын толықтырады, қорытындылайды. Мақтап-мадақтау.
Қоршаған орта жағдайын бақылау және мониторинг
Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Jump to navigationJump to search
Қоршаған орта жағдайын бақылау және мониторинг
Соңғы жылдары эколог-болжаушылардың арасында XX ғасырдың 20-шы жылдарында қоршаған ортаға байланысты қолданылған мониторинг ұғымы кең таралған. Экологиялық мониторинг - антропогендік факторлар әсерінен қоршаған орта жағдайының, биосфера компоненттерінің өзгеруін бақылау, баға беру және болжау жүйесі. Мониторинг ұғымы кең ұғымда экономикада, өнеркәсіпте, және басқа да бақылаулар жүргізілетін салаларда қолданылады. Ғылыми оқулықтарға бұл ұғым Стокгольмдегі БҰҰ-ның ұйымдастыруымен (маусым, 1972 ж.) өткен қоршаған ортаны қорғау жөніндегі конференңиядан кейін енді. Қазіргі таңда мониторинг ұғымы негізгі үш түрлі жұмыстардан тұратын қоршаған табиғи ортаны бақылау жүйелері ретінде қарастырылады:
қоршаған ортаның жағдайын жүйелі түрде бақылау.
табиғи және антропогендік факторлардың әсерінен табиғатта болуы мүмкін өзгерістерді болжау.
қоршаған орта жағдайын ретке келтіру шараларын басқару.
Бақылайтын обьектілердің ерекшелігіне, түріне және бақылау әдістеріне байланысты мониторингтің бірнеше түрлерін ажыратады, Мысалы:
Жүргізу әдістері бойынша мониторингтің мынадай түрлері бар:
биологиялық (биоиндикаторлар көмегімен);
дистанционды (авиациялық және космостық);
аналитикалық (химиялық және физико-химиялық талдау).
Бақылау обьектілері бойынша:
қоршаған ортаның жеке компоненттері мониторингі (топырақ, су, ауа);
биологиялық мониторинг (өсімдіктер және жануарлар дүниесі).
Мониторингтің негізгі мақсаттары мен міндеттері төмендегі кестеде көрсетілген.
Қоршаған орта жағдайы мониторингінің мақсаттары мен міндеттері
Қоршаған орта жағдайы мониторингі
Міндеті
Мақсаты
Бақылау Анықтау Бағалау Болжау Шешім қабылдау Жетілдіру
қоршаған орта жағдайының өзгеруі адам іс-әрекеті арқасында қоршаған орта жағдайының өзгеруіне алып келетін себептері адам іс-әрекеті әсерін анықтап, өзгерісгерді бақылау қоршаған орта жағдайында болатын өзгерісгер адамның теріс іс-әрекеті нәтижесіндегі зардаптарды жою қоршаған орта мен қоғам арасындағы тиімді қатынастар стратегиясы
Сонымен, мониторингтің технология процестерін алгоритм түрінде былай бейнелеуге болады:
Өлшеу
талдау
сипаттау
моделдеу
дұрыс жолын таңдау.
Ic-әрекеттердің мұндай алгоритмі қоршаған ортаның кез-келген мониторингіне тән.
Экологтар үшін негізгі мынадай мониторинг түрлері бар:
Биологиялық мониторинг
- биологиялық орталардағы (организмдерде, биоценоздарда) табиғи және антропогендік процестерді бақылау (ауыр металдардың, пестицидтердің жинақталуы). Мұндай мониторинг тіршіліктің қоршаған орта компоненттерімен өзара барлық байланысын қамтиды.
Базалық мониторинг
- жалпыбиосфералық, яғни, тек қазіргі кездегі ғана емес, жақын аралықтағы 50-100 жыл ішінде болатын негізінен табиғи құбылыстарды бақылау.
Биосфералық мониторинг
- биосферадағы өзгерістерді: атмосфераның шаңдануы, әлемдік су балансы, Әлемдік мұхиттың ластануы, құрлық пен мұхиттағы биологиялық өнімнің өзгеруі және т.б. ғаламдық деңгейде бақылау.
Биоэкологиялық мониторинг
- табиғи ортаның жағдайын оның адам денсаулығына әсері тұрғысынан бақылау. Адамның тыныс-тіршілігін көрсететін көрсеткіштер - ауруға ұшырауы, туылуы, өмір сүру ұзақтығы және т.б. қолданылады.
Геоэкологиялық мониторинг
- табиғи экожүйелердегі өзгерістерді бақылау. Географиялық стационарлық бақылаулардың жүйелеріне сүйене отырып, экожүйелердің биологиялық өнімділігі, өздігінен тазаруға қабілеттілігі, заттардың шекті мүмкін концентрациясы көрсеткіштері қолданылады.
Дистанционды мониторинг
- бұл авиациялық және космостық мониторингтің жиынтығы. Кейде бұл ұғымға, көрсеткіштері ақпараттарды жинау орталығына беріліп отыратын, адам аяғы басуы қиын жерлердегі приборлар арқылы алыстан ақпараттарды беру әдістерін (радио, спутник) де жатқызады.
Теңіздердің ластануы мониторингі
- теңіздер мен мұхиттардағы судың сапасын білу мақсатында ақпараттар алу үшін олардың жағдайын болжау, бағалау және бақылау жүйесі. Бұл теңіз су ресурстарын үнемді пайдалануға және оларды ластанудан қорғау шараларын жүргізуге қажет.
Құрлықтағы сулардың ластануы мониторингі
- су ресурстарын үнемді пайдалану және оларды ластанудан, құрғап кетуден қорғау шараларын жүргізу үшін құрлықтағы сулардың жағдайы туралы ақпараттар алу мақсатында болжау, бағалау және бақылау жүйесі. Су сапасының көрсеткіштеріне - температура, минералдану, рН, түсі, еріген оттегі, дәмі, ауыр металдар, мұнай өнімдері, фенолдар, пестицидтер және ең бастысы натрий, калий, кальций, магний, хлор, сульфат, карбонат, нитрат иондары жатады.
Ластаушы көздер мониторингі
- ластаушы көздер арқылы су обьектілеріне, атмосфералық ауаға, топыраққа бөлінген заттардың мөлшерін және ластану деңгейін болжау, бағалау және бақылау жүйесі.
Аймақтық мониторинг
- антропогендік әсерге ұшыраған үлкен өнеркәсіп орындары, қалалар және олардың айналасындағы аймақтар биосферасы туралы ақпарат алу үшін бақылау.
Классификациядағы мониторингтердің деңгейіне сәйкес - халықаралық және аймақ аралық басқару деңгейлері ғаламдық деңгейлермен байланыста болуы, ал ұлттық - аймақтық деңгеймен байланыста болуы керек.
Экологиялық мониторинг жүйесінде биологиялық мониторингтің, яғни, экожүйенің биотикалық құрамы мониторингі ерекше роль атқарады. Биологиялық мониторинг - бұл қоршаған табиғи ортаның жағдайын тірі организмдер көмегімен бақылау. Биологиялық мониторингтің негізгі әдісі - биоиндикация, антропогендік факторларға байланысты биотадағы кез-келген өзгерістерді есепке алып отыру.[1]
Дереккөздер
Экология (оқулық) - Алматы, 2008 - ISBN 9965-32-223-6
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет.
Бұл мақалада еш сурет жоқ.
Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
Суретті мыннан табуға болады:
осы мақаланың тақырыбына байланысты сурет Ортақ қорда табылуы мүмкін;
мақаланың өзге тіл уикилеріндегі нұсқаларын қарап көріңіз;
өзіңіз жасаған суретті жүктеңіз (авторлық құқықпен қорғалған сурет қоспаңыз!).
Санат: Экология
Бағыттау мәзірі
КірмегенсізТалқылауҮлесімТіркелуКіру
МақалаТалқылауdisable
ОқуӨңдеуӨңделу тарихыТағы
Іздеу
Уикипедия жобасынан іздеу
Басты бет
Қауым порталы
Жуықтағы өзгерістер
Ең жаңа беттер
Кездейсоқ бет
А — Я тізімдеуі
Анықтама
Форум
Талқылау легі
Қателер туралы хабарлау
Демеу беру
Құралдар
Мұнда сілтейтін беттер
Қатысты өзгерістер
RTRC
Арнайы беттер
Тұрақты сілтеме
Мәлімет
Беттен дәйексөз алу
Уикидерек данасы
Print/export
Download as PDF
Басып шығару
Тілдер
Сілтемелер қосу
Бұл беттің соңғы өзгертілген кезі: 11:29, 2014 ж. маусымның 22.
Мәтін Creative Commons Attribution-ShareAlike лицензиясы аясында қолжетімді; қосымша шарттар қолданылуы мүмкін. Бұл сайтты қолдану арқылы Қолдану шарты және Құпиялық саясатымен келісесіз. Wikipedia® Wikimedia Foundation, Inc. коммерциялық еме
Мектеп жасына дейінгі балаларға экологиялық тәрбие беру |
Мусағалиқызы Балбибі МКҚК №8 «Ақбөбек» балабақшасы Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласы Қазіргі таңда адамзат ауасын жұтып,суын ішіп отырған табиғат Ананы қорғап,аялау барша жұртқа тіршілік қамы,табиғи қажеттілік.Сондықтан да бүлдіршіндерді айналадағы табиғи ортамен үнемі қарым-қатынаста болуға үйрету, олардың ұғымдарын қалыптастыру, табиғатқа деген жанашырлыққа тәрбиелеу қазіргі балабақшадағы тәрбие ісінің өзекті тармақтарының бірі болып табылады.Табиғатпен таныстыру - балалардың танымын дамытудың басты құралдарының бірі. Балабақшадағы тәрбиенің мақсаты - табиғатты аялап,оны қамқорлыққа алып күту,табиғат жөнінде қарапайым білім бере отырып,тірі және өлі табиғаттағы құбылыстар жөнінде қарапайым ұғымдар қалыптастыру. Мұнда балалардың қоршаған орта жөніндегі ұғым түсініктерін байытатын жалпы және нақты ғылыми мәліметтер алуының маңызы зор. Табиғатпен таныстыру барысында "Табиғат бүкіл тіршілік атаулының алтын ұясы, тал бесігі, өсіп өнер мекені" екендігі жөнінде нақты түсініктер беріледі. Мектеп жасына дейінгі балалардың тірі және өлі табиғатқа деген сүйіспеншілік қарым- қатынасын тәрбиелеу мақсатында табиғатпен таныстыру, яғни табиғатты қорғау - экологиялық тәрбие мен білім беру жұмыстары арқылы жүргізіледі. Дидактический материал дошкольникамИгры, упражнения, тематические комплекты, карточки, шаблоны, раскраски, сказки, стихи.Узнать большеmr-smarty-cat.ruЯндекс.Директ Мектеп жасына дейінгі балаға экологиялық тәрбие беру маңыздылығы. Табиғат әлемі таңғажайып және керемет.Дегенмен,барлығы бұл сұлулықты, аспан, су, жапырақ түстерінің алуандығын көре білмейді. Табиғат балаға күнделікті әсер етеді.Бірақ балалар көп нәрсені байқай бермейді, үстірт қабылдайды. Табиғат сұлулығы рухани қайырымдылыққа тәрбиелеуде үлкен рөл атқарады, яғни, балаларды мейірімділікке, адамгершілікке, жақын адамдарға қамқор бола білуге көмектеседі. Балалар үшін табиғат-бұл әр түрлі табиғи құбылыстарды танудың және сөздік қорын байыту көзі. Бұл-балалардың сөйлеу және ойлау қабілетінің дамуына ең қолайлы және пайдалы фактор. Табиғат баланың тұлғалық қалыптасуына зор ықпал етеді. Баланың қандай болып өсуі бізге, ересектерге байланысты. Балабақша балаларының экологиялық тәрбиесі алуан түрлі ықпал ету құралдарының көмегі арқылы іске асырылады: саяхат; мұражайларға бару; мақсаттық серуен; телебағдарламалар, бейнефильмдер; табиғат туралы көркем әдебиеттер; суреттерді, фотосуреттерді, иллюстрацияларды тамашалау; музыка тыңдау; дидактикалық ойындар, мақал-мәтелдер. Мектепке дейінгі жастағы балаларға адам мен табиғат арасындағы қарым - қатынасты анықтайтын экологиялық тәрбие беруге байланысты мектепке дейінгі тәрбие мекемелердің алдында негізінен мына төмендегі міндеттер тұр. Атап айтқанда: -педагогтардың экологиялық тәрбие беру жөнінде білім деңгейін көтеру; -балаларды айналамен таныстырудың бағдарламасын, олардың ата- аналарына насихаттау; -әртүрлі жастағы балалар топтарындағы оқу-тәрбиелік жұмыстар; Қоршаған ортаны аялауға деген адамның саналы көзқарасын қалыптастыру оның бала кезінен ерте басталуы тиіс. Баланың дүниеге келгеннен кейінгі алғашқы 7 жыл оны тәрбиелеу мен оқытудағы ең басты кезең болғандықтан оны ескерусіз өткізіп алуға болмайды.Баланың болашағы сол кезеңде алған тәрбиесіне өте байланысты. Олай болса адамзаттың рухани және материалдық жағдайы осы кезеңде алған тәрбие негіздеріне тәуелді. Сұлулыққа тәрбиелемей тұрып жақсы ниеттегі, адамгершілігі бар,шығармашылықпен жұмыс істейтін адамды қалыптастыру мүмкін емес. Сұлулық бала бойында қуаныш сияқты ең жақсы сезімдерді тудыра отырып,баланың белсенді түрде шығармашылықпен жұмыс істеуі мен денсаулығына оң ықпалын тигізеді. Бірақ бала мұның бәрін сезіну үшін сұлулықты өз көзімен көріп,оны қабылдай білуі керек. Балалар тәрбие арқылы, ересектердің өнегесі арқылы дүниені таниды,көруді,сезінуді,тыңдауды үйренеді. Тәрбиелеуші жақсы өнегені беруге неғұрлым қабілетті болса,балада соғұрлым көбірек үйренеді.Баланың өміріндегі алғашқы қабылдаған қуанышты сәттер оның болашақтағы өміріне жағымды бағыт бере отырып,өмір бойы есінде қалады.Жаңа ғасырда табиғатсыз баланы тәрбиелеуді көз алдымызға елестете аламыз. Сондықтан да балабақшамыздағы тәрбие ісінің негізгі міндеттерінің бірі "Балаларды айналамен таныстыра отырып,оларға экологиялық тәрбие беру" болып табылады. Баланы өз туған өлкесінің табиғатын сүюге,оны аялай білуге, оны қорғауға қызығушылығын арттырып,жауапкершілігін күшейтуге,табиғатпен бірге өмір сүретінін сезінуге үйрету мақсат. Балалармен жұмыс істеу барысында сабақ өтілетін бөлме ғана емес,сонымен қатар мекеме орналасқан ғимарат та әсем болуы керек. Егер балалар сұлулықты өмірден өз көздерімен көре отырып,оның өмірімен байланысын сезіне білсе,онда олар сұлулықтың бар екеніне сенеді. Балаларды табиғатқа деген сүіспеншілікке тәрбиелеу барысында оларды сұлулықты көріп қана қоймай, сол сұлулық жолында еңбектене білуге үйретудің маңызы зор. [3] Біз табиғи факторлар - су, ауа, күнді қолдана отырып экологиялық тәрбие мәселелерін шешеміз. Балаларды өсімдіктер және жануарлар әлемімен таныстыру арқылы,оларды күтіп баптаудың жолдарын үйрете отырып, оларды аялай білуге тәрбиелейміз. Балалар тірі және өлі табиғат арасында, тірі организм мен олардың өмір сүру ортасындағы байланыстарды орнатуды үйренеді. Бала дүниеге келгеннен бастап табиғатпен байланыста болады. Табиғат баланың ақыл ойының балалық деңгейден нақты түсініктер бойынша қалыптасқан жоғары деңгейге жеткізетін қор болып табылады. Ол әртүрлі табиғи құбылыстарды жете түсінуді, өз ойын жеткізе білу өнерін дамытады. Табиғатты танып, білу мектепке дейінгі жастағы баланың бойында табиғатпен эстетикалық қарым қатынас жасаудың базасын құрайтын экологиялық тәрбиені бере отырып,сонымен бірге оны қорғай, аялай білуге үйретеді. Мектепке дейінгі жастағы балаға экологиялық мәдениеттің алғашқы түсініктерін қалыптастыру үшін: 1. Мектепке дейінгі мекемелерде балаларға экологиялық тәрбие берудің алғы шарттарын құру; 2.Балалардың экологиялық сауығуының дамуы үшін атқарылатын жұмыстарға көгалдандырылған зоналар құру және ұйымдастыру; 3.Тірі объектілерді күтіп-баптауға қолайлы ортаны іс жүзінде құру үшін іс-шаралар ұйымдастыру; 4.Сабақта көркем құралдарды, әдістемелік және материалдық құралдарды,ойыншықтарды,түрлі ертегі кейіпкерлерін жүйелі түрде қолдану; 5. Педагог мамандардың білім деңгейі мен олардың біліктілігін арттыру. Тәрбиеші-педагогикалық үрдістің ең басты тұлғасы және экологиялық тәрбие берудегі шешуші фактор болып табылады. Ол экологиялық ақпараттар және арнайы материалдармен кең көлемде таныс болуы тиіс, сонымен қатар балаларды тәрбиелеу тәсілдерін қолдана білуі керек. Бала жүрегіне табиғаттың әсері өте зор, сол себептен де ол тәрбиелеу мен дамыту әрекетінде кеңінен пайдаланылады.Дегенмен, табиғат өздігінен бала бойына қажетті жеке тұлғалық сапаларды қалыптастыра алмайды, оған міндетті түрде ересектер тарапынан басшылық жасау қажет.Балалардың табиғатқа қызығушылығы оның құбылыстары арасындағы өзарабайланыс пен олардың пайдасын жете түсінгенде ғана арта бастайды. Мектеп жасына дейінгі ересек топ балаларының табиғатқа қарым-қатынасын бақылау барысында біздің байқағанымыз: табиғат құбылыстарының барлығы тең дәрежеде балаларды қызықтыра алмайды.Мысалы: табиғаттың кейбір құбылыстары, өзінің қабылдауға жеңілдігіне қарамастан, балалардың сәндік ою-өрнектерін жасау әрекетіндегі еңбектерінде мүлдем көрініс таппады деуге болады. Сондай-ақ олар шеңбер, жұлдыздар, найзағай, толқын, ай т.б бейнелеуге де жете көңіл бөлмегені байқалды. Табиғаттың нақ осы құбылыстары мен объектілері қазақ халқының күнтізбесінің негізіне жатады, ал жұлдызды аспан сырын жете ұғыну көшпелі өмір тіршілігі үшін аса қажет болды. Балабақшадағы тәрбие бағдарламасына сәйкес балаларды табиғатпен таныстыру барысында өзара байланысты білімділік және тәрбиелік міндеттер жүзеге асырылады. Балаларды табиғатпен таныстыру және шынайы қамқорлыққа алу жағдайында адамгершілік және эстетикалық тәрбие беру мақсатында өтіледі. Балабақшада балалардың өздері бақылап, бағып-баптап жүрген жануарлар мен өсімдіктердің болуы оларды қоршаған ортаға ұқыптылықпен қарауға, еңбекке деген сүйіспеншілікке және соған дағдылануға үйретеді,сондай-ақ бала бойында бәртіндеп тапсырылған іске жауапкершілік сияқты қасиеттер де қалыптаса береді. [4] К.Д.Ушинский "Баланы табиғатпен жастай таныстыра дамыту,оның өзіндік логикалық ойлауын,сөздік қорын, санасының жетілуіне әсері мол екенін атап көрсеткен.Логикалық ойдың, пікірдің дамуы баланың келешекте рухының жоғары болуына,батыл пікір,нақты шешім айтуына және оны дәлелдеп беруге жетелейді. Балаларға жануарлар дүниесіндегі ғажайып құбылыстар, анасынан тірі туылғанмен, жетілмеген, дәрменсіз, әлжуаз халде болғандықтан енелерінің қарнындағы тері қатпарларының түзілген қалтада сүтін еміп, өсіп жетілетін Австралияның қалталы қасқыры, ағашқа өрмелеп тіршілік ететін қалталы кішкентай аю, тиін, кенгурудің суретін көрсете отырып әңгімелеу арқылы балалардың қиялына қанат бітіру. Балабақшадағы экологиялық тәрбие жұмысы, тәрбиенің негізгі салалары болып есептелетін адамгершілік, эстетикалық, еңбек тәрбиелерінің желісінде және халықтық педагогиканың қайнар бұлағын пайдалана отырып жүргізсе, айналадағы орта,табиғат жайындағы жалпылама ұғымдар нақтыланып, қалыптаса береді. [1] Экологиялық тәрбие жұмысына орай көрнекіліктерді қолдана отырып, табиғат бұрышының жабдықталуына байланысты конкурстар ұйымдастырылып экология проблемалары туралы, жағымды және жағымсыз әрекеттер бейнеленген картиналар пайдаланылғаны, ата аналар ментәрбиешілердің бірлескен жұмысының нәтижесінде табиғат туралы шағын кітапхананы өлі және тірі табиғатпен жабдықтау арқылы көрме ұйымдастырылғаны дұрыс. «Алтын күз», «Құстар күні», «Табиғатты сүйеміз», т.б ертеңгіліктер бала еңбегімен ұштасып, әр педагогтың ізденімпаз әрекеті ғана болашақ табиғат жанашырын тәрбиелей алады дей келіп, тәрбие жұмысын жүргізудің мынадай екі нысанасына назар аударамыз: а) балалардың айналадағы табиғатқа деген сүйіспеншілігін оятып, ұғымын кеңейту, оның әсемдігін нәзік сезінуге, өсімдіктер мен жануарлар дүниесін қамқорлыққа алуға баулу. ә) балабақшада табиғат жайында алғашқы ұғымды қалыптастыра отырып қарапайым білім беріп, осының негізінде тірі және өлі табиғаттағы құбылыстар жөнінде нақты және жалпылама таным-түйсік қалыптастыру. Табиғат туралы бүлдіршіндердің ой-өрісін кеңейтіп,осы түйсіктер арқылы бүлдіршіндерге табиғат сырларын ұғындыружөніндегі экологиялық тәрбиенің ересектер тобына арналған жоба-бағдарламасын ұсынып отырмыз. Баладағы ой-сана мен жүйкенің қозғалуы мен тежелуі ширығып,күшейеді,тепе-теңдік сипат алады.Абстракты ойлау біршама дамиды, айналадағы орта туралы талдау, ой түю әжептәуір жетіледі, табиғат туралы кәдімгідей түйсік,таным қалыптасады. Ол енді табиғаттың өзіне тән кейбір құбылыстары мен қасиеттері жайында білетін болады. Ойын мен еңбек әрекеті ұштаса жүреді. Табиғат құбылыстарының кейбір заңдылықтары, бұл құбылыстардың мерзімді қайталануымен таныстырылады,осының негізінде табиғат құбылыстарын реалистік тұрғыда ұғынуы,білуге құлшынысы,байқап-көре білуі,логикалық ойлауы,табиғатқа эстетикалық тұрғыдан қарау сезімі қалыптаса береді. Өсімдіктер туралы ұғымдары кеңейтіліп,оның ішінде күнбағысқа т.б өсімдіктерге тоқтала,оның күнге қарап өсуіне байланысты аталатын және дәнінен май сығып алып, күнделікті өмірде пайдаланатындығын айтып әңгімелеу, олардың сондай-ақ өсуі үшін белгілі бір жағдайлар-топырақ,ылғал,күннің нұры,жылуы керек екені түсіндіріледі. Кейбір жануарлардың өсіп дамуы жөнінде балалардың білімі толықтырылады,құстар жұмыртқалайды,балапан басып шығарады,оларды азықтандырып асырайды және түйе ботасын, сиыр бұзауын, ит күшігін, мысық баласын өз сүтімен асырайтындығы түсіндіріледі.Балалардың жабайы хайуандар (қасқыр, аю, түлкі, қоян, кірпі) олардың тіршілігі, қорек табу әрекеті жөніндегі ұғымдары кеңейтіледі. Адамгершілік тәрбиесінің мәнісі баланың адамдарға,айналадағы ортаға,туған өлкенің табиғатына деген сүйіспеншілігін,қамқорлығын арттыруды көздейді. Туған өлкеге сүйіспеншілікті тәрбиелеудің негізгі құралы-ұлттық тілі, мәдениеті, көркем өнер туындыларды,әдеби шығармаларды: өлең, ертегі, жұмбақ, жаңылтпаш, мақал-мәтел, аңыз-әңгіме,батырлар жырын тыңдау арқылы ана тілінің құдіреттілігін сезінумен қатар, оны сүюді үйренеді. Адам табиғат пен өмірдің бар өызығын ән-жырға қосып, оның әдемі де сұлу көріністерін бала санасына ән арқылы жеткізе білген.Халқымыздың қандай ән - әуені болмасын мейірім -шапағатқа, мәнді мазмұнға, ұлағатты тәлім-тәрбие, терең философияға негізделе жазылған. Сондықтан да ол сезімге әсер етіп,балалардың мінез-құлқы мен адамгершілік қасиеттерін, эстетикалық талғамын дамытуға ықпал етеді. Халық балаға табиғаттың құпия сырларын ән арқылы жеткізумен бірге, өмір сүрудің негізгі көзі адал еңбекке де баули білген. Эстетикалық тәрбие нысанасы-баланың бойындағы әдемілік, әсемдікке іңкәрлігін оятып, табиғат сұлулығын сезіне білу, сүйсіне білу қабілетін ұстарту, көзін ашқан бұлақтай талғам қиялын ұштау. Осы тұрғыдан алғанда табиғат балаларға эстетикалық тәрбие берудің бірден-бір құралы болып есептеледі. Айналадағы орта, орман, су, тау, тас, жайқалған жасыл желек, құстардың сайраған әсем дауысы, жануарлар дүниесі, олардың барлығы бала жанына әсер етіп назарларын қытықтап,табиғат әсемдігі туралы түйсігін тоғайтады. Тәрбиеші балаларды табиғат құбылыстарымен таныстырып қана қоймай, әдемілікті түсініп, сезе білуге, күн сәулесінің шуағын,жаңбырдың нұрын, ормандағы құстардың сайрағанын зерделеп түсінуге баулиды. Балалардың зейінін табиғат жанашырларының іс-қимылына аударып, олардың қимыл әрекеттерін бақылатады, мұның бәрі балалардың эстетикалық сезімін оятып, еңбектене білуге, табиғат байлығын жанашырлықпен қорғауға үйретеді. Табиғатта болып жатқан алуан түрлі болып жатқан құбылыстар желісі,алуан түрге енетін әуе кеңістігі, қызылды-жасылды ағаштар жемісі бәрі-бәрі адам баласын таңқалдыратыны сөзсіз. Міне, адам баласының табиғатты жырлау шеберлігі, табиғатпен сырласуы-осының айғағы. Қалай десек те, табиғаттың күйін, әсемдігін,қазыныға толы қоймасын көрсек жанымыз тойғысыз, жырласақ тіл жеткісіз. Дүниеге жаңа зымырандар,адуынды автомобильдер, тікұшақтар, мықты моторлы қайықтар, роботтар келді. Ғылымдағы озық техниканың жетістігі саналатын мұндай жаңа дүниелер құпияға толы табиғаттан үйренген адам баласының жетістігі екендігі рас. Мысалы, қазіргі тікұшақты инелікке, жүк машинасын қоңызға,ұшақты құсқа, автобусты есекқұртқа, сүңгуір қайықты балыққа,жерді қопарғыш тракторды бұзаубасқа қарап жасалғандығы анық.Жер жүзіндегі жеті кереметке Вавилон бақшасы арқылы үлесін қосқан табиғаттың шеберлігін ұққан адамзат сән өнері, сурет салу, сәулет өнері, шеберлік сынды қасиеттерді бойына дарытқандығы даусыз. Мәселен, өзіміздің әлемге әйгілі суретшіміз -Әбілхан Қастеевтен:"Сен мұндай өнерді қайдан үйден?"- деп сұрағанда:"Таудың бұлағынан қойдың құлағынан, апамның киізінен, ешкінің мүйізінен үйрендім"-деген екен. Яғни, адамзат өмір бойы барлығын табиғаттан үйренді, үйреніп келеді. Міне, сондықтан да табиғатқа адамзаттың қыруар өлшеусіз қарыздылығы оның табиғат тынысын тазартып, аялай білумен қатар, көркем бейнесін қалпына келтіріп, әлемнің жеті кереметін жетпіс кереметке жеткізумен өлшенбек. "Таза болса табиғат-аман болар адамзат,табиғат,сен-тіршілік тұнып тұрған,сен-күнсің,көтерілген күліп қырдан,сен-көлсің,сен -ормансың,сен- бұлбұлсың,адамға сұлулықты шын ұқтырған",-деп ақын ағамыз Садықбек Хангелдин жырлағандай,табиғат күллі тіршілік атаулының құтты қоныс мекені,алтын ұя бесігі, құт-берекесі. Адам үшін табиғат ең қасиетті де қастерлі ұғым.Өйткені,адамның өзін дүниеге әкелетін аяулы да,қадірлі жан-анасы болса, адамның табиғатты"Ана" деп құрметтеуінде өте үлкен мән жатыр. Адам-табиғаттың бір бөлшегі әрі ғажайып туындысы. Адамның табиғатсыз өмір сүруі мүмкін емес. Себебі, адам өміріне қажетті заттардың барлығын табиғаттан алады. Сондықтан табиғат пен адамды бөліп қарауға болмайды. Әсіресе,қазақ халқының тұрмыс-тіршілігін табиғатсыз елестету мүмкін емес.Сан ғасырлар бойы халқымыз табиғат аясында көшіп-қонып тіршілік еткен. Табиғаттың сан алуан құпия сырларына үңіліп,өзіндік ой түйген. Сол атқылы табиғат табиғат заңдылықтарына үндесіп, бірлікте өмір сүрген. Әсіресе, мал шаруашылығымен айналысқан халқымыз өз кәсібін табиғатпен үйлесімді жүргізіп отырған. Табиғатқа аялы алақан, жылы жүрек сезімі, көздің қарашығындай қамқорлық керек екендігіне ерекше мән берген. Табиғат- тылсым дүние,табиғаттың өзі арайлап атқан таң, қызарып батқан күн,жүйіткіген бұйра бұлттар, мың құбылған сағым, жарқыраған әсем жұлдыз, әнші құм, биші қайың секілді құпия сырлы тылсым дүние, жұмбаққа толы ғой шіркін! Сол себепті, табиғат тылсымын түсіне білгендер-бақытты жандар! "Табиғат -біздің дүниетанымымызды қалыптастырушы және басты ұстаз. Адам баласының білім алатын көзі-табиғат. Сол табиғатты бақылау, зерттеу оны қорыту, сырын шешу қажет". "Ғаламның ғажайып көркі де сонда,сыры да сонда,мақамы да сонда...ғылымы да сонда, адамның өмірі де сонда",-деп А.Машанов айтпақшы тілсіз табиғаттың тылсымын түсініп,оны аялау,қорғау және көркейту - әрбір адамның міндеті әрі борышы. Себебі,табиғат пен адам - егіз. Біз жас ұрпақ табиғаттың қорғаны.Атадан балаға мирас болып келе жатқан табиғатымызды көздің қарашығындай сақтап,анамыздай аялап, келер ұрпаққа таза күйінде қалдыруымыз керек. Табиғат адамның бойына қуат,көңіліне шабыт, сезіміне ләззат шапағатын ұялататын сұлулық пен әсемдік әлемі. Сол сұлулықты,әсемдікті жоғалтпай қастерлеуіміз керек.Бұл жайында халқымыздың қалдырған тағылымдық, тәрбиелік мәні зор: " Атаңнан мал қалғанша,тал қалсын" " Бұлақ көрсең,көзін аш" ," Бір тал кессең,он тал ек" тағы да басқа ұлағатты сөздері, табиғатқа сүйіспеншілікпен,қамқорлықпен қарап, үйлесімділік сақтағанда,адамзат баласы үшін табиғат кең сарай, мәңгі тозбас құтты қоныс болады. Жер бетіндегі барлық тіршілік атаулы Табиғат-Анаға қарыздар. Сондықтан да табиғатқа немкетті қарау,онымен санаспау ана сүтін ақтамағанмен пара- пар. Адам баласы Табиғаттың ең ұлы перзенті болумен бірге,ең ұлы қамқоршысы да екенін ешқашан естен шығармауымыз керек. Табиғат озбырлықты көтермейді. Оны мәпелеп баптап, мейіріммен аялау арқылы ғана қажетті үлесіңді үзбей ала аласың. Табиғат қазынасын қастерлеген адам ғана ұлы мұратқа жетеді. Өз адамгершілігінің салмағын өлшегің келсе, табиғаттың сыр сипатын түсіне білуге әрекет жасап көр. [2] Адам табиғаттың ең сенімді, айнымас досы, қамқоры, қорғаушысы. Туған жеріміздің баға жетпес қазынасын ысырап етпей, еселеп арттыра беру жолында талмай, жалықпай еңбек ету барлық үлкен- кішінің абырайлы борышы, мүлтіксіз атқаратын міндеті. Табиғат-адам үшін жайлы мекен, барлық игіліктің бастауы. Адамзаттың басты міндеті табиғи қуат көздерін орнымен пайдалану, табиғат әсемдігін сақтау, қоршаған ортамен үйлесімді өмір сүру,мейірімділік нұрын шашу екенін ұмытпайық. " Адам табиғатқа тәуелді болса, табиғат та оған тәуелді", демекші,барша байлықтың анасы - Жер. Жерді күтіп баптай білу, оның қойнауынан қазба байлықтарын игеріп ала білу, табиғат пен қоршаған ортаны түлетіп гүлдендіре беру өз қолымызда. Пайдаланған әдебиеттер тізімі: 1. Балабақшадағы экологиялық тәрбие /Отбасы және балабақша-1996. №11-12/ 2. Көбеева Н «Бала және табиғат» \\ Үйелмен және балабақша. – 1993. № 5. 3. Құлшанова С Табиғатты қорғау. \\ Отбасы және балабақша. – 1993. № 6. 4. Керімбаева Р Табиғат. Бала. Тәрбие.\\ Отбасы және балабақша. – 1997. № 1 – 3. 5. Жұмабекова Ф.И Көркемдік тәрбиені ұйымдастыру ерекшеліктері. \\ Бақшадағы көркемдік тәрбие. |
Скачано с www.znanio.ru
© ООО «Знанио»
С вами с 2009 года.