Конспект урока по физической культуре на казахском языке
Оценка 4.7

Конспект урока по физической культуре на казахском языке

Оценка 4.7
Документация
docx
физическая культура
Детсад
19.11.2018
Конспект урока по физической культуре на казахском языке
Конспект физической культуры, во второй младшей группе на казахском языке Тақырыбы: «Сәлем саған» Мақсаттары: Тәрбиелік: Отбасы мүшелері туралы әңгімелеу. Бір- бірін сыйлауға тәрбиелеу, достық қарым – қатынасты, сапта тыныштық сақтауға тәрбиелеу. Дамытушылық: Икемділікті, жылдамдықты, шыдамдылықты дамыту. Оқыту: Сапта бір-бірлеп жүру және жүгіруді, бір-бірінен 1,5–2 метр арақашықтықта отырып, аяқты алшақ ұстаған қалпында допты домалатуды үйрету.
конспект 1.docx

ІІ- кіші «Жұлдыз, Қарлығаш, Жидек» тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі № 3

Өткізу күні:

Нұсқаушы:

«Денсаулық» білім беру саласының ұйымдастырылған оқу қызметі: Дене шынықтыру

Өтпелі тақырып:  ««Менің отбасым»»

Тақырыбы: «Күннің көзі қонақта»                                                                         

Мақсаттары:

Тәрбиелік: Бір- бірін сыйлауға тәрбиелеу,құрдастарымен араласуда мейірімділікті және тіл табысушылықты, достық қарым – қатынасты, сапта тыныштық сақтауға тәрбиелеу.

 Дамытушылық: Екі аяғымен бір мезгілде екпінмен итеріліп алдыға қарай қос аяқпен секіру және жартылай бүгілген аяқтың ұшымен жерге түсу дағдыларын  дамыту.

Оқыту: Бірінің артынан бірі жүру және жүгіруді, екі аяқтап жоғары секіріп басты затқа тигізе отырып, алға қарай 2-3 метр қашықтықта қарай жылжи отырып секіруді үйрету.

Педагогикалық технологиялар : Денсаулық сақтау, ойын технологиялары.

Ресурстармен қамтамасыз ету: Ысқырғыш, заттар.

Билингвалдық компонент : Күн – солнце, секіру - прыгать

Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы

  1. Ұйымдастырушылық  кезеңі: Сәлеметсіздер ме балалар !? Қарандаршы ауа-райы қандай тамаша, күнің көзі бізге қара күлі тұр, онымен амандасы, қол былғайық. Дала  жылы екеніне балалардың көңілін аударады.

-          Білесіңдерме неліктен?

-          Өйткені біз күннің көзінде қонақтамыз!!!(күннің көзін көрсетеді)

Қауіпсіздік ережесін айтып өту.

  2.Негізі бөлімі:  Алаңды айнала бір - бірінің артынан жүргізеді. Шеңберге  тұрып  ЖДЖ- құралсыз  орындауды ұсынады. Жаттығулардың дұрыс жасалуын қадағалайды.

Бірінің артынан бірі жүру және жүгіру, екі аяқтап жоғары секіріп басты затқа тигізе отырып, алға қарай 2-3 метр қашықтықта қарай жылжи отырып секіру.

Қауіпсіздік ережесін қайталап айту.  

 Қимылды ойын:  «Поезд»

Балалар колоннаға бір-бірден тұрады (бір-бірімен қол ұстаспай). Біріншісі — паровоз да, қалғандары— вагондар. Нұсқаушы сигнал береді де, поезд алға жылжи бастайды, ең әуелі баяу, кейін жылдам, жылдамырақ және ең соңында балалар жүгіруге айналады. «Поезд станцияға жақындап келеді»,— дейді нұсқаушы.Балалар жүрісті бірте-бірте баяулатады да, поезд тоқтайды. Балалар серуендеуге шығады; олар жан-жаққа тарап, гүлддер, жеміс, саңырауқұлақ, бүршік тереді. Сигналды ести сала олар қайтадан қатарға тұрады да, поездың қозғалысы жаңадан басталады. Ойын 4—5 рет қайталанады.

  3.Қорытынды: Бір қатарға тұрғызады. Дем алатын жаттығуды жасатады.

-екі қолды жоғары көтеріп демді ішке тартып,

-қолды төмен түсіріп өкпедегі демді сыртқа шығарамыз.

Балалар жарайсындар бүгінгі сабақ қызықты болды, күнің көзі сендерге қарап риза болып,  күліп тұр. Бір- бірімізбен дос болайық. Жарайсындар балалар, сау болыңдар.

 

 

 

 

 

 

 

 

 


 

Жұлдыз, Қарлығаш, Жидек» тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі № 3 Өткізу күні:

Жұлдыз, Қарлығаш, Жидек» тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі № 3 Өткізу күні:

Балалар жүрісті бірте-бірте баяулатады да, поезд тоқтайды

Балалар жүрісті бірте-бірте баяулатады да, поезд тоқтайды
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
19.11.2018