Конспект урока по физической культуре на казахском языке
Оценка 4.7

Конспект урока по физической культуре на казахском языке

Оценка 4.7
Документация
docx
физическая культура
Детсад
19.11.2018
Конспект урока по физической культуре на казахском языке
Тақырыбы: «Сәлем саған» Мақсаттары: Тәрбиелік: Отбасы мүшелері туралы әңгімелеу. Бір- бірін сыйлауға тәрбиелеу, достық қарым – қатынасты, сапта тыныштық сақтауға тәрбиелеу. Дамытушылық: Икемділікті, жылдамдықты, шыдамдылықты дамыту. Оқыту: Сапта бір-бірлеп жүру және жүгіруді, бір-бірінен 1,5–2 метр арақашықтықта отырып, аяқты алшақ ұстаған қалпында допты домалатуды үйрету.
конспект.docx
ІІ- кіші «Жұлдыз, Қарлығаш,Жидек» тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі № 1 Өткізу күні: Нұсқаушы: «Денсаулық» білім беру саласының ұйымдастырылған оқу қызметі: Дене шынықтыру Өтпелі тақырып: «Менің отбасым» Тақырыбы: «Сәлем саған» Мақсаттары: Тәрбиелік: Отбасы мүшелері туралы әңгімелеу. Бір- бірін сыйлауға тәрбиелеу, достық қарым – қатынасты, сапта тыныштық сақтауға тәрбиелеу. Дамытушылық: Икемділікті, жылдамдықты, шыдамдылықты дамыту. Оқыту: Сапта бір-бірлеп жүру және жүгіруді, бір-бірінен 1,5–2 метр арақашықтықта отырып, аяқты алшақ ұстаған қалпында допты домалатуды үйрету. Педагогикалық технологиялар: Денсаулық сақтау, ойын технологиялары. Ресурстармен қамтамасыз ету: Музыка,ысқырғыш,доптар,гүлдер, жеміс, саңырауқұлақтар. Билингвалдық компонент: Отбасы-семья, деңсаулық- здоровье. Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы. 1.Ұйымдастырушылық кезеңі: Балаларды спорт залға кіреді, нұсқаушы балаларды бір қатарға тұрғызады, олармен амандасады. Балалар қарандаршы біздің дене шынықтыру залында не бар? Құралдарды көрсетіп таныстырады. Балабақшада біз бір отбасындай тату өмір сүруіміз керек, ал сендердін отбасыларың тату-тәтті өмір сүре ма? Отбасы мүшелерін сыйлау керек.Ата- ананы тындау керек. Балалар сендерге жұмбақ жасырайың, жауабың тауып көріндерші. -Сені ұрамын, жыламайсың ­Одан да қатты секіріп ойнайсың! (Доп) Допты балаларға көрсетеді.  «­ Кімнің үйінде доп бар? Сендер онымен қалай ойнайсыңдар? Қауіпсіздік ережесін айтып өту. 2.Негізі бөлімі: Залды айнала бір бірінің артынан жүргізеді. Басты тік, арқаларын түзу ұстап жүруін қадағалайды. Шеңберге тұрғызады ЖДЖ құралсыз өткізеді. Сапта бір-бірлеп жүру және жүгіру. Бір-бірінен 1,5–2 метр арақашықтықта отыру, аяқты алшақ ұстаған қалпында допты домалату. Қауіпсіздік ережесін қайталап айту. Қимылды ойын: «Поезд» Балалар колоннаға бір-бірден тұрады (бір-бірімен қол ұстаспай). Біріншісі — паровоз да, қалғандары— вагондар. Нұсқаушы сигнал береді де, поезд алға жылжи бастайды, ең әуелі баяу, кейін жылдам, жылдамырақ және ең соңында балалар жүгіруге айналады. «Поезд станцияға жақындап келеді»,— дейді нұсқаушы.Балалар жүрісті бірте-бірте баяулатады да, поезд тоқтайды. Балалар серуендеуге шығады; олар жан-жаққа тарап, гүлддер, жеміс, саңырауқұлақ, бүршік тереді. Сигналды ести сала олар қайтадан қатарға тұрады да, поездың қозғалысы жаңадан басталады. 3. Қорытынды: Бір қатарға тұрғызады. Дем алатын жаттығуды жасатады. -екі қолды жоғары көтеріп демді ішке тартып, -қолды төмен түсіріп өкпедегі демді сыртқа шығарамыз. Балалар жарайсындар бүгінгі сабақ сендерге ұнады ма? Сендер барлық жаттығуларды дұрыс жасадындар. Ақылды, тәртіпті болындар. Ата- ананы тындап, сыйландар. Сау болыңдар балалар.

Конспект урока по физической культуре на казахском языке

Конспект урока по физической культуре на казахском языке

Конспект урока по физической культуре на казахском языке

Конспект урока по физической культуре на казахском языке
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
19.11.2018