Консультация для родителей "Балаларға қандай ойыншықтар қажет?"
Оценка 4.9
Памятки
docx
воспитательная работа
Детсад
06.11.2017
Балаларға қандай ойыншықтар қажет?
Баланың бай эмоционалды әлемі ойыншықтарсыз дамуы мүмкін емес, олар баланың өз сезімін білдіруге, қоршаған ортаны зерттеуге, өзін тануға және қатынас жасауға мүмкіндік береді. Ойыншықтардың міндетті түрде қымбат және бай қуыршақ, машина болуы қажет емес. Кейбіреуде анасынан қалған қонжық, перделерден тігілген киімдері көп қуыршақ болуы мүмкін. Көптеген сансыз ойыншықтар ішінен тек қана бала өзіне қажеттісін таңдап ала алады. Бұл таңдау үлкендердің достар мен сүйіктілерін таңдау сияқты, ішкі эмоция қозғауыштарымен шарттасады.Балаларға қандай ойыншықтар қажет?
Баланың бай эмоционалды әлемі ойыншықтарсыз дамуы мүмкін емес, олар баланың өз сезімін білдіруге, қоршаған ортаны зерттеуге, өзін тануға және қатынас жасауға мүмкіндік береді. Ойыншықтардың міндетті түрде қымбат және бай қуыршақ, машина болуы қажет емес. Кейбіреуде анасынан қалған қонжық, перделерден тігілген киімдері көп қуыршақ болуы мүмкін. Көптеген сансыз ойыншықтар ішінен тек қана бала өзіне қажеттісін таңдап ала алады. Бұл таңдау үлкендердің достар мен сүйіктілерін таңдау сияқты, ішкі эмоция қозғауыштарымен шарттасады.
Ата-анаға кеңес.docx
Балаларға қандай ойыншықтар қажет?
Баланың бай эмоционалды әлемі ойыншықтарсыз дамуы мүмкін емес,
олар баланың өз сезімін білдіруге, қоршаған ортаны зерттеуге, өзін тануға
және қатынас жасауға мүмкіндік береді. Ойыншықтардың міндетті түрде
қымбат және бай қуыршақ, машина болуы қажет емес. Кейбіреуде анасынан
қалған қонжық, перделерден тігілген киімдері көп қуыршақ болуы мүмкін.
Көптеген сансыз ойыншықтар ішінен тек қана бала өзіне қажеттісін таңдап ала
алады. Бұл таңдау үлкендердің достар мен сүйіктілерін таңдау сияқты, ішкі
эмоция қозғауыштарымен шарттасады.
Әр баланың сырласатын, ұрсатын, жаза қолданатын, аяп, аймалайтын
ойыншығы болуы керек. Ондай ойыншық атаана бір жерге кеткенде, жарық
сөніп ұйықтау кезіндегі қараңғыдан қорқу сияқты жалғыздық қорқынышын
ойыншық – досы жеңуге көмектеседі. Кейде ол ойыншықтарға ызаланады,
жазалайды, сындырып көрінбейтін бұрыштарға тығып тастайды, бірақ
ренжіген кездерінде естеріне алып, жөндейді, өшіріліп қалған көзін, ернен
қайтадан жаңартады, жаңа киімдер, құлағын, құйрығын тігеді.
Ал робот – трансформерге, «Денди» ойыншығына бала қатынасы
соншалықты болады деуге сену қиын. Кішкентай ұлдар мен қыздар жандарына
жақын Барби, қонжық, мысық, қоянды өздеріне дос ретінде қабылдайды,
өйткені олар адамдарға жақын және түсінікті.
Дегенмен, баланың таным, ойлау қабілеті, өрісі дамуы үшін, үлкендерге
еліктеу, ертегі оқиғаларын қайталау үшін өзіндік ойыншықтар жиынтығы
болуы керек.
Өмірге байланысты ойыншықтар.
Қуыршақтар отбасы (жануарлар отбасы болуыда мүмкін), қуыршақ үйі,
ыдысаяқ, жиһаз, машиналар, қайық, касса, таразы, медициналық және
шаштарас құралдары, сағат, кір жуу машинасы, шторлар, теледидар, бор және
тақта, есеп, музыкалық құралдар, темір жолдар, телефон және т.б.
Ашуды шығаруға көмектесетін ойыншықтар.
Солдаттар, қарулар, доптар, үрленетін ойыншықтар, секіртпелер, кегли,
сонымен қатар лақтыратын дротиктер және т.б.
Шығармашылық қиялды және өзін танытуды дамыту ойыншықтары. Текше, матрешка, пирамида, конструкторлар, әліпбилер, үстел ойындары,
кеспе суреттер мен открыткалар, бояулар, пластилиндер, мозайка, қол еңбегі
жинағы, жіптер, мата қиындылары, желім, аппликация қағаздары және т.б.
Ойыншық сатып аларда мына тәртіпті қолданыңыз: ойыншықтарды
жинау
керек.
таңдау
емес,
Үлкендердің елестетуіндегі ойыншықтар балалар пікірі бойынша
ештеңеге жарамсыз. Автоматты және жартылай автоматты жиналған
эмоционалдық талабын қанағаттандырмайды. Балаға мінезге тән өңдейтін,
жөндейтін ойыншықтар қажет. Ол үшін автоматты ойыншықтар жарамсыз.
«Өмір бойы ойыншық ойнау мүмкін емес» дейтін нақыл бар. Бұл
шындық, бірақ үлкендер де кейде күлкілі сувенирлер сыйға алғанда да мәз
болатынына келісетін шығарсыздар. Өз балаларыңызға тек қана туған
күдерінде және жаңа жылда ғана емес, сонымен қатар жақсы көңіл күйде
болғанда да шаттық сыйлаңыздар!
Соңғы жылдары кең көлемде дамыған қуыршақпен ойынды бақылау өте сирек
кездеседі. Оның мәні неде? Неге қазіргі заманғы балаға қуыршақпен ойын
қызықты емес болып қалды?
Бұл ересектердің балаға көп көңіл бөлмегендігінен болған сияқты, өйткені
балалар өздерін өздері ойнамайды, бұл қызық емес. Сонымен қатар өнеркәсіп
ұсынған қуыршақ сондай тартымсыз, сымбатсыз, сондықтанда балалар
олармен ойнауға қызықпайды. Ал қазіргі мектепке дейінгі мекеме
тәрбиешілері оқу әрекетіне көбірек көңіл бөледі, сондықтанда балаларда
ойынға уақыт жоқ, ал ондай мүмкіндік бола қалған жағдайда оны қалай істеу
керек екенін білмейді: тәрбиешілер оны ұмытты.
Бұдан шығатын қорытынды: оқутәрбие мекемелеріне ойыншықтарды қайтару
қажеттігі жетті.
Сондықтанда МДҰ балаларды тәрбиелеу жұмысында ойыншықтарды
қолданудың түрлі әдістерін енгізу қажет.
Ол үшін:
1. Балалар ойынының тақырыбын таңдау.
Қыз балалардың сүйікті ойындары – отбасы, аурухана, дүкен, ал ең ерекше
қызығушылық туғызатын ойыншығы – қуыршақ. Ал ер балалардың сүйікті
ойындары әскери және көлік құралдарымен байланысты, ойыншықтары
машина, қаружарақтар. Балалар ойындары қарапайым және жәй
ойыншықтармен ойынға саяды.
2. Сабақтарда қуыршақты таңғажайып сәт ретінде пайдалану. Қуыршақты тек
сабақта ғана емес, басқа әрекет түрлерінде де кіргізуге болады. Қуыршақ
балаларға түрлі күрделі тапсырмаларды шешуді ұсынады және бір нәрсеге үйретеді. Балалар қуыршақ ұсынысына шын көңілдерімен келісіп, оның
тапсырмаларын орындайды.
3. Қуыршақтармен ойынды ұйымдастыру және өткізу.
Қуыршақтар кейіпкер ретінде қолданылады. Қуыршақтың бет әлпеті, киімі
балалар көңілін аударатындай әдемі, ерекше болуы қажет. Ол топта
тұрмайды, балаларға айына 23 рет 2530 минуттай уақытқа қонаққа келеді.
Қуыршақтың сиқырлы қасиеті бар. Ол барлық жайттан хабардар, ол топта не
болып жатқанын біледі, оған бұл үшін, сиқырлы сыбызғы немесе шынысы
көмектеседі. Ол балаларды жақсы көреді, олардың жасаған жақсы істеріне
қуанады. Мұндай жұмыс қуыршақты адамгершілік тәрбиесінің құралы ретінде
қолдануға мүмкіндік береді.
Тәрбиешіге мынадай тапсырма беріледі:
Топ қуыршағының тарихын құрастыру.
«Менің сүйікті ойыншығым» тақырыбында мереке өткізу.
Батырлық сипаттағы ойын ұйымдастыру: құтқарушылар, өрт сөндірушілер,
әскери және көркем шығарма кейіпкерлерінің қатысуымен ойын.
Ер балаларға сәби қуыршақпен «Анамыз үйде жоқ» ойынын ұйымдастыру.
«Бізге өзге елден қонақ келді» ұлттық қуыршақты қолдану арқылы ойын
ұйымдастыру.
Қазіргі заманғы балалардың адамдарға, қоршаған әлемге қатынасы, жақынын
және бәрінен бұрын өзінөзі түсіну қабілеті олардың қандай ойыншықпен,
қалай ойнағанына байланысты көрінеді.
Бірігіп, біз көп нәрсеге қол жеткізе аламыз.
Ойнай отырып, біз балалармен олардың әлемінде қарымқатынас жасаймыз.
Балалар ойындары әлеміне кіре отырып, біз көп нәрсені үйренеміз және
балаларды үйретеміз.
Ойын бізді неге үйретеді?
Баламен бала тілінде сөйлесуге;
Балаға үстемдік ету сезімінен арылу;
Өзімізде балаға тән сипаттарды ояту: шыншыл, таза сезім;
Бейнеге еліктеу, сезіну, уайымдау сезімдері арқылы өзі үшін үйрету әдісін
ашу;
Балаларды қандай болса, сондай күйінде жақсы көру.
Ойнай отырып, біз балаларды неге үйрете аламыз?
Өздеріне басқа жағынан, өзге адамдардың көзімен қарауға;
Түпкі кейіпкер мінезқұлығын көре білу;
Ойнаушыларға өз әрекетін, өз ықыласын, өз сезімін түсінікті жеткізу;
Шындыққа ұмтылу, тек басымдылыққа ұмтылмай ойын кезінде келісімге
келу;
Бірбіріне сену.
Консультация для родителей "Балаларға қандай ойыншықтар қажет?"
Консультация для родителей "Балаларға қандай ойыншықтар қажет?"
Консультация для родителей "Балаларға қандай ойыншықтар қажет?"
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.