Көптілділік – бәсекеге қабілетті маман қалыптастыру құралы ретінде.
Оценка 4.8
Образовательные программы
docx
библиотека
Взрослым
16.11.2018
«Қазақстан әлемде жоғары білімді, халқы үш тілде де қазақ тілін- мемлекеттік тіл ретінде, орыс тілін – ұлтаралық қатынас тілі ретінде және ағылшын тілін- жаһандық экономикаға нәтижелі өтудің көмекші тілі ретінде еркін меңгерген ел болып танылуы керек».
Н. Ә. Назарбаев «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан»
Көптілділік - бәсекге қабілетті маман қалыптастыру мақала.docx
Көптілділік – бәсекеге қабілетті маман қалыптастыру құралы ретінде.
Тянова Гүлназ Бисенбековна
Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы, Ұштаған ауылы
Асқар Өтепбергенов атындағы орта мектептің
Биология пәнінің мұғалімі
«Қазақстан әлемде жоғары білімді, халқы үш тілде де қазақ тілін
мемлекеттік тіл ретінде, орыс тілін – ұлтаралық қатынас тілі ретінде және
ағылшын тілін жаһандық экономикаға нәтижелі өтудің көмекші тілі ретінде
еркін меңгерген ел болып танылуы керек».
Н. Ә. Назарбаев «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан»
Бүгінгі таңда көптілді оқыту жас ұрпақтың білім кеңістігінде еркін самғауына жол
ашатын, әлемдік ғылым құпияларына үңіліп, өз қабілетін танытуына мүмкіндік беретін
қажеттілік.
Үш тілді оқыту заман талабы десек, оның негізгі мақсаты: бірнеше тілді меңгерген,
әлеуметтік және кәсіптік бағдарға қабілетті, мәдениетті тұлғаны дамыту және
қалыптастыру. Елбасы Н. Ә.Назарбаев: «Қазақстан бүкіл әлемде халқы үш тілді
пайдаланатын мәдениетті ел ретінде танылуы тиіс». Қазіргі уақыттағы ғылымның дамуы
адамдардың көп тілді білу қажеттілігін туындатып отыр. Осы мүддені жүзеге асыруда
біздің, яғни мектеп ұстаздарының рөлі зор. Кезінде халқымыздың «Жеті жұрттың тілін біл,
жеті түрлі білім біл» деген атыл сөзі бүгінгі дәуірімізге сай айтылғандай. Тарихымыздағы
ұлы тұлғалардың бірі, ислам дүниесінің ең ірі, атағы әлемге жайылған ғұлама
Аристотельден кейінгі «екінші ұстаз» атанған Әбу Насыр ӘлФараби бабамыз өз өмірінде
70ке жуық ұлттың тілін жетік білгендіктен, артына мәңгі өшпес мол рухани құнды мұра
қалдырып кеткендігі анық.
Жаратылыстану пәндерін үш тілде оқыту болашақ ұрпақтың білім кеңістігінде
еркін самғауына жол ашатын, ғылым құпияларына үңіліп, өз қабілетін танытуына
мүмкіндік беретін бүгінгі күнгі қажеттілік. Ғылыми техниканың дамуы адамдардың
практикалық және кәсіби тұрғыда көп тілді меңгеру қажеттілігін тудыруда.
Сабақ процесінде жаңа технологиялық әдістерді пайдалануда техникалық
құрылғыларды қолдану кезінде ағылшын тілін білу маңызды.
«Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте»деген даналық сөзді басшылыққа ала
отырып, мен осы курста Бриджит Гудманның «Үш тіл – білім берудегі ресурс»
тақырыбындағы дәрісін тыңдадым. Бриджит Гудман сабақты сергіту сәтінен бастады, ол:
What you know? – Сен не білесің?
What you want to know? – Сен нені білгің келеді?
What you’ve learnt? –Сен нені оқыдың? Деген сұрақтар берді. Бұл сұрақтарды беру арқылы
оқушыларға жаңа тақырып өту барысында олардың нені білетінін, нені білгісі
келетінінлогикалық ойлау арқылы анықтауға болатынын және де бұл әдісті сабақта қолдануға тиімді тәсіл екенін ұқтым. Сабақ барысында Бриджит Гудман биология
сабағында топтық тапсырмалар берген кезде студенттердің тек ағылшын тілінде ғана емес,
сондайақ орыс және қазақ тілдерінде де сөйлеуіне мүмкіндік бергендігі ұнады. Себебі
барлық оқушылар бірдей деңгейде бола бермейді. Кейбір оқушылар ағылшын тілінде біліп
тұрғанымен сөйлей, жеткізе алмауы мүмкін. Топтық және жеке тапсырмалар берген кезде
суреттерді көрсету арқылы ағылшынша атауын айтқызды. Бұл әдісі арқылы оқушылардың
есте сақтау қабілетін арттырады. Бұл да бір тиімді әдіс деп есептеймін.
Тіл халықтың ең негізгі байлығы. Қазіргі заман талабына сай үштұғырлы және
жалпыға тіл саясатын бәрімізде қолдаймыз. Үштұғырлы тіл өмірдің қажеттілігі. Бұл бүгінгі
елдің тыныс тіршілігін айқындайды және жалпыға ортақ қалыпты норма болып саналады.
Үш тілді қатар меңгеру бәсекеге қабілетті ел азаматының міндеті. Қазақстанның білікті,
білімді әр азаматын ғаламдық ақпараттар мен инновациялық ағынына ілесу ағылшын тілін
үйренуге жетелейді.
Н.Ә. Назарбаев Университеті Жоғары білім беру мектебінің студенті Лаура
Қарабасованың «ПТКО үш тілді оқытудың тиімді тәсілі ретінде» тақырыбындағы видеоны
көре отырып, өз түсінігім бойынша «CLIL»дегеніміз «Пән мен тілді біріктіріп оқыту»
дегенді білдіреді. CLIL – оқытудың инновациялық әдісі, ол пәннің мысалы: география,
биология, және химия сияқты пәндердің мазмұнын материалдарын шет тілі арқылы оқыту.
CLIL – де мұғалімдердің назарын екі нәрсеге аударады. Біріншісі – пәннің өзі. Екіншісі –
тіл. CLIL – тек қана оқыту тілін ауыстыру болып табылмайды. CLIL – пән мазмұны мен
тілді дамытудың бірігуі. Мұны оқушылармен жеке жұмыс жасау арқылы да, сондайақ
топтық жұмыс жүргізу арқылы да ұйымдастыруға болатынын түсіндім. CLILдің тағы бір
маңызды ережесі сабақ жоспарын құрғанда тіл үйренуді үнемі сабақтың бір мақсаты етіп
қою. CLIL – де баяу сөйлеудің сонымен қатар анық нақтылап түсіндірудың маңызы зор.
CLIL сонымен қатар жаттығулар мен тапсырмаларға қатысты жүйелік әдісімен
ререкшеленеді. Анықтамаларды салыстыру сөйлемнің басы мен аяғын іздеу, бос жерлерді
толтыру т.б сияқты осы тапсырмаларды беру арқылы сабақ барысында оқушылардың жаңа
тақырыпты түсінгендігін анықтауға болатыны маған ұнады.
Біз еліміздің тірегі, мемлекетіміздің беріктігі өзіміздің қолымызда екенін айқын
түсінеміз. Келешектің кепілі білім беру ісіне ерекше көңіл бөліп отандық білімді жаңа
сатыға көтеру Елбасы Н. Ә.Назарбаевтың Жолдауын бұлжытпай орындау, жаңа
технологияны игеріп, үштілділікті меңгерсек, өркениетті озық елдердің бірібіз боламыз
деп сеніммен айта аламын!
Бриджит Гудманның «пән мен тілді кіріктіріп оқыту» лекциясын тыңдай отырып,
KWL CHART жаттығуын жүргізу әдісін үйрендім.
KNOW K (KWL атауының
бірінші әрпі) яғни сіз CLIL
WANT сіздің білгіңіз
туралы білетініңіз
келетін қандай сұрақ бар
LEARNED
Бұл кестеде көрсетілген KNOW,WANT бөлімдері сабақ барысында толтырылса,
LEARNED бөлімі сабақ соңында яғни кері байланыс есебінде толтырылатынын ұқтым.
Койл және оның әріптестері «қосымша тіл» ол әрқашан шетел тілі екенін атап өтеді, бірақ
ол сондайақ мемлекетте екінші тіл мәртебесіне ие болуы немесе мұрагерлік тіл болуы мүмкін. Мұрагерлік тіл ол адам өкілі болып табылатын халықтың тілі. Қазақстан CLIL
бойынша қазақ тілі көпшілікке бірінші тіл болып саналады. Бриджит Гудман осы ағылшын
тілінде оқытатын мұғалімдерді мынадай топтарға біріктірді.1) Ол тілді жақсы үйренетін,
бірақ жаратылыстану математикалық пәндерді жақсы ұғынбайтын ағылшын тілі
мұғалімдері;2) ол ағылшын тілін білмейтін пән мұғалімдері; 3) тілді меңгерген, пәнді
білетін бірақ оқыту әдістерін меңгермеген мамандар. Бұл лекцияны тыңдай отырып ойыма
мына сұрақ туындады: мұғалімдер сабақта қазақ, орыс және ағылшын тілдерін қалай
қолдану қажет? Әрине ойым бойынша әр мұғалімнің өз тәжірибесіне сәйкес қолдану
қажеттілігі болып табылады. Өз ойым бойынша оқушыларға қиын болмау үшін бірінші
мәтінді ана тілінде түсіну, орыс тілінде оқыту барысының тиімділігі жоғары. Өйткені
көптеген ұлы ғалымдардың еңбектері мен қолжазбалары ағылшын тілінде жазылған.
Ағылшын тілін жақсы меңгерген оқушы ғалымдардың еңбектерін сабақ барысында қолдана
алады. Шет елдердің соңғы жаңалықтарын оқушыларға айта отырып, сол жаңалықтарды
жасау біздің оқушылардың қолынан да келетіндігін баса айта отыру.
Сондықтан мен «Үштілділікті меңгеру бағдарламасы» курсының тыңдаушысы
болғаныме өте қуаныштымын. Маған бұл жоба ерекше ұнады. Сондайақ алдағы уақытта
жинақтаған тәжірибемді, осы курста алған білімімді, өз пәніме, яғни биология пәнінің
терминдеріне жүйелі тізім жасап, әр сабағыма дидактикалық материалдар, тесттер,
карточкаларға ағылшын тілін кіріктіру арқылы білім беріп, басқа да пән мұғалімдерімен
тәжірибе алмасып, еліміз өркендеу үшін Отанымыздың болашағы баянды болу үшін білім
жолында, білім жүйесінде аянбай еңбек етемін!
Көптілділік – бәсекеге қабілетті маман қалыптастыру құралы ретінде.
Көптілділік – бәсекеге қабілетті маман қалыптастыру құралы ретінде.
Көптілділік – бәсекеге қабілетті маман қалыптастыру құралы ретінде.
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.