2 – сынып күні: ____________
12- сабақ
| Сабақ тақырыбы: | Менің қояным бар. | 
| Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) 
 
 | 2.1.3.1 тыңдаған мәтінге мұғалімнің көмегімен иллюстрация/суреттер/сызбалар таңдау және қарапайым сұрақтарға жауап беру. | 
| 2.2.1.1 сөйлеу барысында алған ақпарат бойынша сұраулы сөйлем құрастыру үшін сөздер мен сөз тіркестерін қолдану. | |
| 2.5.1.1 мұғалімнің көмегімен заттың атын/сынын/санын/іс-қимылын білдіретін сөздерді ауызша және жазбаша тілде қолдану. | |
| Сабақтың мақсаттары | Барлығы: иллюстрация/суреттер/сызбалар таңдайды және қарапайым сұрақтарға жауап береді. | 
| 
 
 | Көбі: сұраулы сөйлем құрастыру үшін сөздер мен сөз тіркестерін қолданады. | 
| 
 
 | Кейбірі: заттың атын/сынын/санын/іс-қимылын білдіретін сөздерді ауызша және жазбаша тілде қолданады. | 
| Күтілетін нәтиже | Аң аттарын атайды, олардың сыртқы тұлғасын сипаттайды, «үлкен, кішкентай» сөздерін қолданып, сөйлемдер құрайды. | 
| Жаңа сөздер: | Аң, аю, қоян. | 
| Сабақта қолданылатын материалдар: | тақта, слайдтар, бейнебаян, түрлі түсті суреттер, кестелер, желімқағаздар (стикерлер). | 
| Оқыту әдістері: | Түсіндіру, сұрақ-жауап, «Шаттық шеңбері» тренингі, «Қап бәлем!» мультфильмі, топтық жұмыс, сергіту жаттығуы. | 
| Дереккөздері: | Әдістемелік құрал, дидактикалық материалдар, сөздік. | 
Тапсырмалар:
Сабақ барысындағы мұғалім мен оқушының іс-әрекеті:
| Тапсырма | Мұғалімнің іс-әрекеті | Оқушының іс-әрекеті | 
| Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу | Мұғалім ұйымдастыру кезеңінде «Шаттық шеңбері» тренингін өткізеді. Сәлем! - деймін достарға, Шаттық әнге басамын. Жалықпаймын сабақтан, Оқимын да жазамын. Білім нәрін таратқан, Ұстазда ылғи назарым... | Мұғаліммен бірге өлең жолдарын қайталайды.Сәлемдеседі, бір-біріне жақсы тілектер айтып, сәттілік тілейді. | 
| Өткен сабақты тексеру | Үй тапсырмасын тексереді. Кемшіліктерді анықтайды, түзетеді, бағалайды. | Үй тапсырмасын айтады, тақырып бойынша сұрақтарға жауап береді. | 
| 1. Қызығушылықты ояту | Мұғалім «Қап, бәлем!» мультфильмінен үзінді көрсетеді, А4 парағына оқушыларға «қоян» деген сөзге кластер құрғызады. | Оқушылар мультфильмді тамашалайды, кластер құрайды. | 
| II. Мағынаны тану | 1. Сөздікпен жұмыс. А) Мұғалім тақтадан тақырыпқа қатысты жаңа сөздермен таныстырады, аудармасын айтады. Оларды оқиды, оқушыларға қайталатады. | Тыңдалым. Оқылым. Жаңа сөздерді тыңдайды, қайталайды. | 
| Ә) «Дұрыс айт!» айдарында берілген сөздерді дұрыс айтуға машықтандырады, бірнеше рет қайталатады. | Айтылым. Сөздерді дұрыс айтуға жаттығады, қайталайды. | |
| 
 2. Мәтінмен жұмыс. Тыңдалым. Оқылым. оқулықтағы мәтінді оқытады, қайталатады. | 
 Тыңдалым. Оқылым. Мәтінді оқиды, сұраққа жауап береді. | |
| 3. Оқулықтағы тапсырмалармен жұмыс. А) Жазылым. оқулықтағы 1-тапсырманы орындатады. | Айтылым. Суретке қарап, сұрақтарға жауап жазады. | |
| Ә) Айтылым. оқулықтағы 2-тапсырманы орындатады. | Айтылым. Суреттің орнына қажетті сөзді қойып айтады. | |
| 4 Сергіту сәті. Мұғалім күнделікті сергіту жаттығуын жасатады. | Сергіту жаттығуын жасайды. | |
| III. Ойтолғаныс | Оқулықтағы 3-тапсырманы орындатады. | Айтылым. Сурет бойынша сұраққа жауап береді. | 
| IV. Бекіту | А) Жаңа тақырыпты бекіту үшін мұғалім 5-тапсырманы орындатады. | Айтылым. Сұрақтарды суретпен сәйкестендіреді. | 
| Ә) «Есте сақта!» айдарымен берілген сөйлемдерді оқиды, талдатады. | Сөйлемдерді оқиды, талдайды. | |
| V. Бағалау | Формативті бағалау. Мұғалім оқушылардың өзара бағалауы бойынша қорытынды бағаны өзі қояды. | «Ішкі және сыртқы шеңбер» техникасы бойынша өзара бір-бірін бағалайды. | 
| VI. Үйге тапсырма | Оқулықтағы 4-тапсырманы орындау. | 4 т 40 б | 
| VII. Рефлексия | Мұғалім түрлі желімқағаздар (стикерлер) таратып береді. | Оқушылар сабақтан алған әсерлерін желімқағаздар (стикерлер) ге жазып, тақтаға іледі. | 
Материалы на данной страницы взяты из открытых источников либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.