Кіріктірілген үй тапсырмалары арқылы оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту
Оценка 4.9

Кіріктірілген үй тапсырмалары арқылы оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту

Оценка 4.9
Исследовательские работы
docx
другое
Взрослым
29.03.2023
Кіріктірілген үй тапсырмалары арқылы оқушылардың  функционалдық сауаттылығын дамыту
Кіріктірілген үй тапсырмалары арқылы оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту, зерттеу жұмысы
Кіріктірілген үй тапсырмалары арқылы оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту.docx

Кіріктірілген үй тапсырмалары арқылы оқушылардың  функционалдық сауаттылығын дамыту

Development of functional literacy of students through integrated homework.

Джилкибаева Р.Б

Dzhilkibaeva R.B

 

Шымкент қаласы. Химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік

мектебінің математика пәнінің мұғалімі.

 

Math’s teacher of Nazarbayev Intellectual school of Chemistry and Biology in Shymkent.

Сейдинова Т.А

Seydinova T.A

 

Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты  №27 "Мәртөбе" жалпы орта білім

беретін мектебінің бастауыш сынып мұғалімі.

Primary school teacher of №27 "Martobe" general secondary education under the Department of Education of Shymkent giving school

 

Annotation

In learning process, homework is a continuation of learning objectives. This is a key indicator of understanding and assimilation of the learning objectives by the students. The quality of homework depends on how well the skills are mastered independently by the learners.

Development of functional literacy of students through integrated homework, improving the quality of lessons on learning skills are few of the attributes’ learners must master. During the study, it was revealed that before giving homework, the teacher should familiarize themself with the class schedule, so we started this process of study in primary school phase.

By developing integrated homework assignments, we have achieved good results with students’ work and progress. Students’ feedback showed that they admired this. Thus, the topic of our research work will now focus on: "Evaluation planning and assessment of students' knowledge through an integrated section".

Аннотация

В процессе обучения домашнее задание является продолжением целей обучения. Это ключевой показатель понимания и усвоения учащимся целей обучения. Качество домашнего задания зависит от того, насколько хорошо усвоены навыки самостоятельной работы. Развитие функциональной грамотности учащихся посредством интегрированных домашних заданий, повышение качества уроков по навыкам обучения. В ходе исследования было выявлено, что, прежде чем давать домашнее задание учитель должен ознакомиться с расписанием занятий. Поэтому мы начали исследование в начальной школе. Разрабатывая интегрированные домашние задания, мы добились хороших результатов в работе учащихся. Отзывы учащихся показали, что это  им понравилось. Таким образом, появилась тема нашей исследовательской работы: «Планирование оценивания и оценивание знаний учащихся посредством интегрированного раздела ».

 

Андатпа.

Оқыту  үдерісінде  үй жұмыстары сыныпта өтілген оқу мақсатының жалғасы. Оқушының оқу мақсатын қаншалықты түсініп, меңгергендігін көрсететін негізгі көрсеткіш болып табылады.  Үй тапсырмаларының сапалы болуы өз бетімен жұмыс істей біліуіне қаншалықты үйренгеніне байланысты болып келеді. Кіріктірілген үй тапсырмалары арқылы оқушылардың  функционалдық сауаттылығын дамыту, оқу дағдылары бойынша сабақ сапасын жақсарту. Зерттеу барысында үй жұмысын берер алдын мұғалім міндетті түрде сол сыныптың сабақ кестесімен таныс болуы қажет екені анықталды. Сондықтан, біз зерттеуді бастауыш сыныптан бастадық. Кіріктірілген үй тапсырмаларын құрастыра отырып, оқушылардың жұмысынан жақсы нәтижелерге тап болдық. Оқушылардың кері байланысынан оларға ұнағаны байқалды. Сол арқылы жаңа зерттеу жұмысымыздың тақырыбы пайда болды: «Кіріктірілген бөлім бойынша бағалау жұмысын жоспарлау және оқушылардың білімін бағалау.»

 

Оқу мен оқыту  үдерісінде  оқушыларға тек білім беріп қана қоймай,  оның үй тапсырмасын беру қатар  орындауына үлкен мән беруі қажет екені баршамызға аян.  Үй жұмыстары сыныпта өтілген оқу мақсатының жалғасы. Оқушының оқу мақсатын қаншалықты түсініп, меңгергендігін көрсететін негізгі көрсеткіш болып табылады.  Үй тапсырмаларының сапалы болуы өз бетімен жұмыс істей біліуіне қаншалықты үйренгеніне байланысты болып келеді.

Үй тапсырмасы - сыныптағы сабақтардан кейін  оқу және тәжірибелік жұмысты оқушының өздігінен орындайтын оқу үдерісіннің құрамдас бір бөлігі. Сабақта бекітілген білім көлеміне тура тәуелділіктегі үй тапсырмасының  педагогикалық мақсаттағы көлемі оқу бағдарламасымен көзделген. Тапсырмалар оқу мақсатын ашатын,  жаңалық элементі бар және дербестігін көрсетуге мүмкіндік ашатындай болуы керек.  Ал, мұғалімдерүй  тапсырмасының көлемі мен оның қалай орындалуына үлкен назар аудару қажет.  «Біз жан – жақты жеке тұлға тәрбиелегіміз келсе, ол тұлғаны  жан – жақты зерттеп білуіміз керек» - деген ұлы педагог К.Д.Ушинскийдің сөзі бар. Сондықтан берілген үй тапсырмалар оқушыларға қалай әсет ететін алдын ала зерттеп алу қажет деген ойдамын. Бірінші зерттеу жұмысымызда оқушылардың жауаптарын талдай отырып, әрбір пән бойынша ұсынылатын үй жұмысының көлемін шамадан тыс жүктемені болдыртпау мақсатында балалардың жеке психофизиологиялық ерекшеліктерін ескеру қажет екені анықтадық. Бұл әрине, жеке оқушының пікірі, бірақ, сынып оқушыларының көпшілгі осы мазмұнда жауап берген. Үй жұмысын берер алдын мұғалім міндеттті түрде сол сыныптың сабақ кестесімен таныс болуы қажет. Себебі сізден басқа пән мұғалімдеріде үйге тапсырма береді. Тапсырманың көлеміне назар аудар керек.

Бірінші іс әрекеттегі зертеу кезінде белгі болған жағдайлар және зертеу жұмысының қорытындысы.

Ø     Үй тапсырмаларын бермес бұрын оның маңыздылығын анықтау;

Ø     Берілген тапсырмалардың  оқушыға  қаншалықты әсер ететінін анықтау;

Ø     Тапсырмалардың саны мен сапалығын тексеру;

Ø     Келесі сабақтың оқу мақсатына бағыт-бағдар беретін тапсырмалар беру;

Ø     Сабақ кестесіне қарай отырып және оқушы сол тапсырманы қанша сағат орындай алатын уақыт саралап алу керек;

Әрбір пән бойынша ұсынылатын үй жұмысының көлемін шамадан тыс жүктемені болдыртпау  және жаратылыстану-ғылыми цикл пәндері бойынша үй тапсырмаларын бірге жоспарлау мақсатында, жаңа зерттеу жұмысымыздың тақырыбын белгілеп алдық. Ол  зерттеу жұмысы : «Кіріктірілген үй тапсырмаларын жоспарлау және оқушылардың үй тапсырмаларын өзбетінше орындау арқылы білім алу дағдысын қалыптастыру»

Іс-әрекетті зерттеу (Action Research) мұғалімдерге жүйелі түрде тәжірибе туралы ойланудың күшін көрсете алады. Біз  зерттеу нысанына  4 сыныпты алдық. Себебі бұл сынып бірнеше пәннен бірдей мұғалім береді.

Іс-әрекеттегі зерттеу жүргізудің ең басты мақсатымыз :  Кіріктірілген үй тапсырмалары арқылы оқушылардың  функционалдық сауаттылығын дамыту,оқу дағдылары бойынша сабақ сапасын жақсарту.

Мақсат және міндеттемелер:

Кіріктірілген үй тапсырмаларын әр түрлі әдістермен құрастыруды жоспарлау;

Оқушылардың кіріктірілген үй жұмысын орындалуын қадағалай отырып, олардың жұмыстары мен кері байланысын бақылап отыру ;

А тобындағы оқушылардың қызығушылығын арттыратын есептерді жинақтау және С тобындағы оқушылардың деңгейін бақылап отыру;

Ата-аналармен  жүздесу, ауызша және жазбаша түрде кері байланыс жасау ;

Оқушылардан анкета алу, сауалнама жүргізу;

 

Кіріктірілген үй тапсырмаларының үлгісі.  (Бір сурет арқылы бірнеше пәннен алынған үй тапсырмалары.

№1. Тақырыбы: «Адам  және  табиғат»

Описание: Calaméo - табиғат слайд

І.Дүниетану

Оқу мақсаты: 4.2.3.2 түрлі  дереккөздерге негізделе  отырып,  өз аймағының экономикалық қызмет атқаратын субъектілеріне сипаттама беру.

Сұрақтар:

1.Арша,  қайыңды сипаттама беріп, жаз.

2. Өз өлкеңнің  табиғаты қандай?

ІІ.Жаратылыстану

Оқу мақсаты:  4.2.1.3 Тозаңдану нәтижесінде тұқымның  түзілуін сипаттау.

Сұрақтар:

1. Табиғаттағы тозаңдану  дегенімізді не?

2. Өсімдіктер  қалай  өседі?

ІІІ.Қазақ тілі

Оқу мақсаты: 4.1.7.1  сөз ішіндегі эәне сөз бен сөздің арасындағы  буын, дыбыс үндестігін сақтап айту.

Сұрақтар:

1. Табиғат сөзіне  дыбыстық талдау жаса.

2. «Адам мен табиғат-егіз» шығарма жазу.

ІV. Математика

Оқу мақсаты: 4.1.3.6 10000, 20000 тг купюраларды және түрлі мемлекеттің валюталарын (рубль, евро, доллар) ажырату және  түргіше  төлем жасау.

Сұрақтар:

1.                      Қайың -10000тг, емен-15000 тг.  Ағаштардың құнын қағаз ақша  жинағының қосындысы  түрінде жаз.

V. Әдебиеттік  оқу

Оқу мақсаты: 4.2.1.1 шығарманы  дауыстап түсініп, рөлге  бөліп, мәнерлеп  оқу, теріп  оқу,  шапшаң оқу

Сұрақтар:

1.                      Ағаштардың адам  өмірінде алатын орны туралы  өз ойыңды  жаз.

 

 

 

 

 

№2. Тақырыбы: «Адам  және  топырақ»

Описание: D:\табиғат.jpg

І.Дүниетану

Оқу мақсаты: 4.2.3.1 өз өңіріңдегі және Қазақстан аймақтарындағы адамдардың табиғи  жағдайларға (рельеф, климат, өсімдік  және  жануарлар әлемі, су  нысандары)  байланысты  шаруашылық іс-әрекетін талдау.

Сұрақтар:

1. Өз өлкеңдегі  топырақты сипаттап  жаз.

2. Өсімдікке  топырақтың әсері  қандай?

ІІ.Жаратылыстану

Оқу мақсаты:  4.2.1.4 Тұқым  таралу  жолдарын  сипаттау.

Сұрақтар:

1. Тұқымның таралуы  жолдарын сипатта.

2. Өсімдіктер  қалай  өседі?

ІІІ.Қазақ тілі

Оқу мақсаты: 4.1.7.1  сөз ішіндегі және сөз бен сөздің арасындағы  буын, дыбыс үндестігін сақтап айту.

Сұрақтар:

1.  «Табиғат – екінші анамыз!» тақырыбында 4-5 сөйлем  жазу.

2. Үш-төрт  буынды сөздерді  тасымалда.

ІV. Математика

Оқу мақсаты: 4.1.3.4  ұзындық (мм, см, дм, м, км) масса (мг, г, кг, ц,т) аудан (мм 2 , см 2 , дм 2 , м 2 , г, а)  өлшем  бірліктерін  қолдану.

Сұрақтар:

1.                      Ұзындығы  4м, ені  3м болатын егін алаңынын ауданын тап.

2.                      Сызбамен сызып көрсет.

V. Әдебиеттік  оқу

Оқу мақсаты: 4.2.1.1 шығарманы  дауыстап түсініп, рөлге  бөліп, мәнерлеп  оқу, теріп  оқу,  шапшаң оқу

Сұрақтар:

1.                      «Туған  жердің  топырағының  ыстығы-ай!» шығарма  жаз.

V. Орыс тілі

Оқу мақсаты: 4.2.1.1 использовать необходимые слова для поддержания разговора

 Задание:

1. В словах растение, человек подчеркните гласные буквы одной чертой, согласные -двумя чертами.

 

 

 

 

 

Оқушылардың кері байланысы.

№1 Мұғалімнің сізге берілген кіріктірілген  үй тапсырмалары тиімді ме, несімен тиімді.

 

№2 Кіріктірілген  үй тапсырмалары жақсы және нашар тұстарын жазыңыз.

 

 

Оқушылар мен ата –аналардың кері байланысы талдай келе, кіріктірілген  үй тапсырмалары өте жақсы әсерде болғанын аңғардық. Сонымен бірге өмірмен байланыстыра отырып, барлық пәннен бір сурет арқылы  пән аралық байланысты анықтадық. Бұл тек қәзірге  бастауыш сынып пәні бойынша зертеу жүргіздік. Зертеу нәтижесінде 4 «А»  сыныбыптың 25 оқушы І-тоқсанда білім сапасы 76%  болса, ІІ-тоқсанда 88% болды.

 Әрине, зертеу жұмысымыз барысында бірнеше кедергілерге де тап болдық. Мұғалім үй жұмысын берер алдын міндеттті түрде сол сыныптың сабақ жоспарымен танысып алуы қажет екенін аңғардық. Себебі сізден басқа пән мұғалімдеріде үйге тапсырма береді. Міндетті түрде тапсырманың көлеміне назар аудар керек екенін және де тапсырмаларды оқушыларға қай кезеңде беру керек екенін (апта барысында ма, жоқ апта соңында ма).

Кіріктірілген үй тапсырмаларын бірге жоспарлау мақсатында, жаңа зерттеу жұмысымыздың тақырыбын белгілеп алдық. Келесі тақырыбым: «Кіріктірілген бөлім бойынша бағалау жұмысын жоспарлау және оқушылардың білімін бағалау.»

Зерттеу жұмыс барысында туындайтын кедергілерді уақтылы, тиімді әрі толық шешіп отыратын болсақ біз өз мақсатымызға жетеміз деген ойдамыз. Альберт Эйнштейннің  «Мен еш уақытта өз оқушыларыма еш нәрсе үйретпеймін - тек қана олардың оқуы үшін жағдай жасаймын» деген сөзімен Action Research зерттеу жұмысымды қортындылаймыз.

Пайдаланылған әдебиеттер:

 

1. Жарықбаев Қ. Б. Психология негіздері: Оқулық. Алматы: Эверо, 2010. - 462 б.

2. Педагогикалық диалог. Ақпараттық-әдістемелік журнал: №2(4) 2013ж.

3. Қоянбаев Ж.Б – Педагогика. Алматы: «Рауан», 2000–б 126.

4. З.Муфтибекова, Ә.Рысқұлбекова. Әдебиеттік оқу пәні- Алматы кітап баспасы, 2021

5. Ә.Б.Ақпаева, Л.А.Лебедева, М.Ж.Мыңжасарова. Математика Алматы кітап баспасы, 2019

6. Б.Тұрмашева, С.Салиш, В.Пугач. Дүниетану баспасы "Атамұра" 2019

7. Ә.Е.Жұмабаева, Г.И.Уайсова, Г.Т.Сәдуақас. Қазақ тілі "Атамұра" 2019

8. П.К.Бигазина, А.Ж.Жаманкулова. Жаратылыстану "Назарбаев зияткерлік мектептері" ДББҰ, 2019

 


 

Кіріктірілген үй тапсырмалары арқылы оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту

Кіріктірілген үй тапсырмалары арқылы оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту

Сондықтан, біз зерттеуді бастауыш сыныптан бастадық

Сондықтан, біз зерттеуді бастауыш сыныптан бастадық

Кіріктірілген үй тапсырмаларын әр түрлі әдістермен құрастыруды жоспарлау; •

Кіріктірілген үй тапсырмаларын әр түрлі әдістермен құрастыруды жоспарлау; •

Оқу мақсаты: 4.2.1.1 шығарманы дауыстап түсініп, рөлге бөліп, мәнерлеп оқу, теріп оқу, шапшаң оқу

Оқу мақсаты: 4.2.1.1 шығарманы дауыстап түсініп, рөлге бөліп, мәнерлеп оқу, теріп оқу, шапшаң оқу

Оқу мақсаты: 4.2.1.1 шығарманы дауыстап түсініп, рөлге бөліп, мәнерлеп оқу, теріп оқу, шапшаң оқу

Оқу мақсаты: 4.2.1.1 шығарманы дауыстап түсініп, рөлге бөліп, мәнерлеп оқу, теріп оқу, шапшаң оқу

А» сыныбыптың 25 оқушы І-тоқсанда білім сапасы 76% болса, ІІ-тоқсанда 88% болды

А» сыныбыптың 25 оқушы І-тоқсанда білім сапасы 76% болса, ІІ-тоқсанда 88% болды
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
29.03.2023