Сабақтың мақсаты:
Білімділігі:Оқушылардың өткен тақырып бойынша білімдерін жүйелеу,тиянақтау.
Дамытушылығы:Ойлау қабілеттерін дамыта отырып,ауызша,жазбаша есептеу дағдыларын жетілдіру,сөздік қорларын молайту,мәнерлеп оқу дағдыларын қалыптастыру,сөйлеу мәдениетін дамыту.
Тәрбиелігі:Өз білімдерін пайдалана білуге,іздемпаздыққа,еңбек етуге тәрбиелеу. Оқушылардың бесендігін арттыру. Ашық сабақта өзін- өзі ұстатай білу. бағалау өз-өзін.Сәттілік тілеу
18.11. қазақ тілі.docx
Қазақ тілі: 4 СЫНЫП
Сабақтың тақырыбы: Кіріктірілген сабақ.Жеті лақ
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі:Оқушылардың өткен тақырып бойынша білімдерін жүйелеу,тиянақтау.
Дамытушылығы:Ойлау қабілеттерін дамыта отырып,ауызша,жазбаша есептеу дағдыларын
жетілдіру,сөздік қорларын молайту,мәнерлеп оқу дағдыларын қалыптастыру,сөйлеу мәдениетін
дамыту.
Тәрбиелігі:Өз білімдерін пайдалана білуге,іздемпаздыққа,еңбек етуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі:кіріктірілген сабақ
Сабақтың әдісі:сұрақжауап,ертегі
Сабақтың көрнекілігі:сызбалар,тапсырмалар, сурет, үлестірмелі тапсырмалар, ешкі және жеті лақ,
плакаттағы тапсырмалар
Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі
1.Сабаққа назарын аудару.
Бүгін бізде ерекше сабақ болады.Сендердің білімдеріңді көруге қонақтар келіп отыр.Бір сабақта
бірнеше пәннен білімдерімізді қайталап ертегілер еліне саяхатқа шығамыз.Сабағымыздың
мақсаты:Өткен тақырып бойынша білімдерін жүйелеу,тиянақтау Сабақта алаңдамай,еркін еңбек
етіңдер.Өз ойларыңды қысылмай,ашық айтыңдар.Мен сендерге сәттілік тілеймін.
2.Психологиялық дайындық.
Балалар, бірбіріңнің қолдарыңнан ұстап, көздеріңді жұмып, бүгінгі сабаққа сәттілік тілейік.Бір
бірлерімізге жақсы тілектер айтсақ бүгінгі сабағымызда «Жеті лақ»ертегісіне саяхат жасаймыз.Ерт
егі тыңдауға дайынбыз ба?
Ертеде бір ешкі жеті лағымен орманда тіршілік етіпті.Бірде ешкі лақтарына азық әкелуге орман
аралауға кетерде есікті ешкімге ашпаңдар! Мен қайтып оралғанда есікті қағып:
«Лақтарым,шұнақтарым!Есікті ашыңдар!Аналарың сендерге сүт әкелді!деп ән саламын»,дейді.
Осы кезде ешкі үйінің маңында қасқыр жемтік іздеп жортып жүрген.Ол лақтарды алдамақ
болды.Қасқыр ешкінің кеткенін күтіп,лақтардың ешкімнің қарауынсыз қалған сәтін аңдыды.Қасқыр
үйге жақындап келіп,өзінің қарлыққан,қырылдаған даусымен:
Лақтарым,шұнақтарым!Есікті ашыңдар!Аналарың сендерге сүт әкелді!,деді.
Лақтар:
Естідік!Тыңдадық!Бұланамыздың дауысы емес.Біздің анамыз жіңішке,нәзік дауысымен
әндетеді.Кет,қасқыр,біз саған есікті ашпаймыз,деп жауап қатты.
Қасқыр ісмер адамға келіп,жіңішке дауыспен ән салу үшін тамағын қағып беруін сұрады.Ісмер таң
тамаша болды,бірақ тамағын қағып,оның дауысын жіңішкертті.
Қасқыр ешкі үйіне жақындап келіп,есігін қақты.Сонан соң жіңішке,нәзік дауысымен: Лақтарым,шұнақтарым!Есікті ашыңдар!Аналарың сендерге сүт әкелді!деп әндетті.
Лақтар есікті ашты.Жауыз қасқырға керегі сол еді.Ол үйге баса көктей,кимелей кірді де,лақтарды
бірінен соң бірін қылғытып алды.Тек бір лақ қана тығылып үлгерген еді.Сұрқия қасқыр жетінші
лақты ұзақ іздеді,бірақ таба алмады.Ешкінің келетін уақыты болып қалған болатын.Сондықтан ол
зытыа жөнелді.Ешкі үйіне келсе,есік айқара ашық жатыр.Үй ішінде ешкі көрінбейді.Пеш ішінен
лағын тауып алды.Ешкі басына түскен қайғыдан көз жасын көл қылып,зарлы үнмен жылады.
«Лақтарым,шұнақтарым,көлге біткен құрақтарым!Есікті ашып қасқырға жем болдыңдар!
Енді не істеймін деп тұрғанда бір қағаз тауып алады.Ешкі сен оқушылардан көмек сұра.Ашық
хаттың ішіндегі тапсырмаларды дұрыс орындаса лақтарыңды қайтарамын.Әр тапсырмаға 1 лақтан
жіберемін деген екен.Ал дұрыс орындамаса қайтармаймын деп жазыпты.Балалар көмектесіңдерші,
дейді ешкі
Иә балалар ешкіге көмектесеміз бе?
Иә
Ендеше 1тапсырма
Көркем жазу: Д д
Міне балалар қасқыр уәдесінде тұрды .Тапсырманы дұрыс орындаған үшін бізге
1 лақты қайтарды
2 тапсырма
Өлеңді оқып , жатқа жазу.
Күз
Ұшырды жапырақты жел екпіні,
Ол, сірә, көрді дейсің елеп кімді.
Жоғалтқан ойыншығын жас баладай,
Мұңайып үй артында терек тұрды.
Өлеңнен қыстырма сөзді тап.
Міне балалар қасқыр уәдесінде тұрды .Тапсырманы дұрыс орындаған үшін бізге
2 лақты қайтарды
Сергіту сәті
Балалар шаршап қалған шығармыз барлығымыз орнымыздан тұрып
бойымызды жазайық
3тапсырма
Мәтінді көшіріп жазу. Мәтіннен құрмалас сөйлемді тап.
Тау жолы . Тар соқпақпен адамдар ақырын жүріп келеді. Арқаларында ауыр сөмке , қолдарында
ұзын сапты балғаларыбар. Бұлар – геологтер. Олар тау – тасты кезіп , пайдалы қазбалар іздейді.
Міне балалар тапсырманы дұрыс орындаған үшін тағы 3 лақты қайтарды
4тапсырма
Мәтінді түсініп оқы.
Мен араб әліпбиіндегі бірінші және екінші әріптердің атауымын. Жазуда қолданылатын әріптердің
белгіленген тәртіп бойынша жиынтығымын. Әріптердің рет тәртібін де білдіремін. Мен қазақ
тіліндегі 42 әріптен тұрамын. Алфавит.
Міне балалар тапсырманы дұрыс орындаған үшін тағы 4 лақты қайтарды
5тапсырма
Берілген сөздерден жаңылпаш құрап айту.
Ат мінген , бозда ,боз, атам,
Атан, боздап жүрген, бозда.
Міне балалар тапсырманы дұрыс орындаған үшін тағы 5 лақты қайтарды
6 тапсырма
Мақалдардың сыңарын оң жақтан тауып жаз.
Міне балалар тапсырманы дұрыс орындаған үшін тағы 6 лақты қайтарды
7 тапсырма
Сөз тіркесін белгіле.
А. Оқып отыр Ә. Сары май
Б. Шашын өрді
Міне балалар ең соңғы тапсырманы дұрыс орындадық.Қасқыр лақты жібере ме екен байқайық.
Таша ең соңғы лақты қайтарды.
Қасеке сізге рахмет.Келесі сабақта да тапсырмаларды дұрыс орындаймыз.Лақты енді жемеші.
ІІІ.Қортындылау
Қасқырдың берген барлық тапсырмасын орындап ешкіге көп көмегімізді тигіздік.Ешкі тәрізді тағы
көмек сұраған адамдар болса көмек көрсетеміз бе?
Иә,міне бүгінгі сабағымызда қасқырдың тапсырмаларын орындадық.Тапсырмалар қиын болды ма?
Қай тапсырма қиын болды?
ІҮ.Рефлексия
Сабақ сендерге ұнады ма?Несімен ұнады?
Ү.Бағалау жақсы қатысқан балаларды мадактау.
Кері байланыс
Кіріктірілген сабақ.Жеті лақ 4 сынып
Кіріктірілген сабақ.Жеті лақ 4 сынып
Кіріктірілген сабақ.Жеті лақ 4 сынып
Кіріктірілген сабақ.Жеті лақ 4 сынып
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.