Кіші жүздің Ресейге қосылуы
Оценка 4.8

Кіші жүздің Ресейге қосылуы

Оценка 4.8
Презентации учебные
pptx
история
29.11.2020
Кіші жүздің Ресейге қосылуы
Кіші жүздің Ресейге қосылуы
Кіші жүздің Ресейге қосылуы.pptx

КІШІ ЖҮЗДІҢ РЕСЕЙГЕ ҚОСЫЛУЫ

КІШІ ЖҮЗДІҢ РЕСЕЙГЕ ҚОСЫЛУЫ

КІШІ ЖҮЗДІҢ
РЕСЕЙГЕ ҚОСЫЛУЫ

Кіші жүздің Ресейге қосылуының алғышарттары мен себептері

Кіші жүздің Ресейге қосылуының алғышарттары мен себептері

Кіші жүздің Ресейге қосылуының алғышарттары мен себептері

Жоңғариямен ұзаққа созылған аса ауыр соғыста қазақ жасақтары тамаша жеңіске жеткенімен ол табыс баянды бола қоймады. Қазақ хандары мен сұлтандарының тақ таласына байланысты алауыздығы салдарынан бұл күреске Ресей империясы да тартылды.
Ресей қалайда Қазақстанды өзіне қосып алуды көксеп, қолайлы кезеңді күтумен болды. Әбілқайыр қазақ хандығында жеке өз билігін нығайту жолдарын жатпай-тұрмай тынымсыз іздестіре бастады. Кіші жүздің ханы Ресей мемлекетінің қолдауына сүйенуге бел буды. Бұл ретте оның жеке басының қадір-қасиеті де шешуші рөл атқарды.

Жоңғариямен соғыс қызу жүріп жаткан 1726 жылдың өзінде-ақ

Жоңғариямен соғыс қызу жүріп жаткан 1726 жылдың өзінде-ақ

Әбілқайыр Жоңғариямен соғыс қызу жүріп жаткан 1726 жылдың өзінде-ақ Ресейге елші жіберіп, оның қол астына өту туралы өтініш білдіру арқылы әрекет жасап көрген болатын. Бұл өтінішті елші Қойбағар жеткізген еді. Алайда ханның өтініші ол жылы жауапсыз қалдырылды.

Әбілқайыр хан

Кіші жүздің билері ханға Ресеймен әскери одақ жасасуды ұсынды

Кіші жүздің билері ханға Ресеймен әскери одақ жасасуды ұсынды

1730 жылы Кіші жүздің билері ханға Ресеймен әскери одақ жасасуды ұсынды. Алайда Әбілқайыр өз уәдесінде тұрмай, Ресеймен келіссөз мүлде басқаша сипат алды. Ресейдің өкімет билігімен неғұрлым жақын бола түсу мақсатымен 1730 жылғы қыркүйек айында Әбілкайырдың батыр Сейітқұл Қойдағұлұлы мен би Құтлымбет Қоштайұлы бастаған елшілігі Кіші жүзді Ресейдің қарамағына алу туралы императрица Анна Иоанновнаның атына жазылған өтінішті табыс ету үшін Петербургке келді.
Бұл жолы Әбілқайырдың елшілігіне зор құрмет көрсетіліп, ол үлкен ықыласпен қарсы алынды. Ресей үшін Кіші жүзді империяның құрамына қосып алудың ең қолайлы сәті туды. Бұған дейін Ресейдің құрамына Еділ қалмақтары, Кабардин князьдігі косылған болатын.

Анна Иоанновна 1731 жылы императрица

Анна Иоанновна 1731 жылы императрица

Анна Иоанновна

1731 жылы императрица Анна Иоанновна Кіші жүздің қазақтарын Ресейдің қол астына алу туралы грамотаға (ресми құжатқа) қол қойды. Бұл грамотаға қол қою кезінде бірқатар шарттар қойылатыны ескерілді.

Кіші жүздің Ресейге қосылуы

Кіші жүздің Ресейге қосылуы

А.И. Тевкелев 1731 жылы 30 сәуірде патша үкіметі Әбілқайырға

А.И. Тевкелев 1731 жылы 30 сәуірде патша үкіметі Әбілқайырға

А.И. Тевкелев

1731 жылы 30 сәуірде патша үкіметі Әбілқайырға Петербургтен А.И.Тевкелев бастаған елшілік жібереді. Кіші жүз билеушілерін Ресейдің қол астына алу үшін дүние-мүлік беріп, тікелей сатып алу жағы да қарастырылды. Ол үшін 1 миллион орыс рубліне дейін жұмсауға рұқсат етілді.

Петр “Бір миллион сомға дейін қыруар көп шығын жұмсайтын болсақ та, оны тек бір жапырақ қағаз арқылы

Петр “Бір миллион сомға дейін қыруар көп шығын жұмсайтын болсақ та, оны тек бір жапырақ қағаз арқылы

І Петр

“Бір миллион сомға дейін қыруар көп шығын жұмсайтын болсақ та, оны тек бір жапырақ қағаз арқылы Ресей империясының құрамында ұстау керек, өйткені ол, қырғыз-қайсақ ордасы... бүкіл Азия елдерінің қақпасын ашатын кілт”

Дипломатиялық тапсырмамен келген елшілерді қорғау ісі Әбілқайырдың өз ұлы

Дипломатиялық тапсырмамен келген елшілерді қорғау ісі Әбілқайырдың өз ұлы

Дипломатиялық тапсырмамен келген елшілерді қорғау ісі Әбілқайырдың өз ұлы Нұралы сұлтанға тапсырылды.

Кіші жүздегі қазақ ақсүйектерінің көпшілік бөлігі Ресейдің қол астына өтуге қарсы болды.

Дүние-мүлікке қызықтыру арқылы пара беріп, кейде қоқан-лоқы жасап қорқыту арқылы келіссөздерді өз пайдасына шешкен А.И.Тевкелев, Әбілқайыр ханның төңірегіндегілерді Ресейдің қол астына өтуге көндірді.

Кіші жүздің Ресейге қосылуы

Кіші жүздің Ресейге қосылуы

Башқұрт старшинасы Таймас Шайымовқа тархан атағы берілді

Башқұрт старшинасы Таймас Шайымовқа тархан атағы берілді

Башқұрт старшинасы Таймас Шайымовқа тархан атағы берілді.

А.Тевкелев әуелі полковник, одан сәл кейінірек орыс армиясының генералы әскери шенін алды. Оның ұрпақтары Орынбор өлкесіндегі ірі-ірі мұсылман помещиктеріне айналды, олардың мыңдаған басыбайлы шаруалары болды.

Әбілқайырдың патша үкіметіне қарсы белсенді іс-әрекеттері ол 1748 жылы өзінің саяси қарсыластарының қолынан қаза тапқанға дейін жалғасты.

1741 жылы Қазақстан аумағына жоңғар билеушісі Галдан-Церен жаңадан жойқын шабуыл жасады.

Ресейдің қол астына өткеннен кейін тап сондай әрекетке қазақтардың басқа да бірқатар билеушілері бара бастады

Ресейдің қол астына өткеннен кейін тап сондай әрекетке қазақтардың басқа да бірқатар билеушілері бара бастады

Әбілқайыр Ресейдің қол астына өткеннен кейін тап сондай әрекетке қазақтардың басқа да бірқатар билеушілері бара бастады. Оның үстіне, Ресейдің қол астына өту бәлендей міндеттер жүктей қоймайтын еді.
Патша үкіметі қазақтардың билеушілеріне ірі-ірі сыйлықтар берді. Әрбір шекаралық бекініске қазақтардың ақсүйектеріне «қолдау көрсету үшін» едәуір мөлшерде ақшалай қаражат бөлінді. Орта жүздің және Орта Азияның басқа да халықтары хандарының Ресейдің қол астына өтуіне Әбілқайырдың тигізген ықпалы мен атқарған рөлі күшті болды.
Ол ара ағайындық қызмет атқарды, ал патша үкіметі түрлі сыйлықтар жасауға, ақшалай және азық-түлік жағынан көмек көрсетуге сараңдық жасамады. Қазақтар шекаралық шептерде айырбас түріндегі сауда жасауға мүдделі болды. Ресейдің қол астына өту олардың қысқы уақытта шекара шебінің ішкі жағына өтіп, уақытша түрақтауына мүмкіндік беретін еді. Ресей өзінің қол астына өткен хандықтардың ешқайсысының ішкі істеріне де, сыртқы істеріне де қол сұғып араласпады.

Сондықтан да 1731 жылдың соңына қарай

Сондықтан да 1731 жылдың соңына қарай

Сондықтан да 1731 жылдың соңына қарай Орта жүздің ханы Сәмеке Ресейдің қол астына өтті және оған адал болуға ант қабылдады. 1733 жылы Ұлы жүз тарапынан да Ресейдің құрамына кіруді сұраған алғашқы әрекет жасалды. Алайда Ұлы жүздің Ресей аумағынан алыс жатуы себепті 30-жылдары ол Ресейдің құрамына ене алған жоқ.
1740 жылы Орынборда Әбілқайырдың ара ағайындық етуімен Орта жүздің ханы Әбілмәмбет пен сұлтан Абылай Ресейдің қол астына өтті. Атап айтатын бір нәрсе - Ресейдің қол астына негізінен шекара шебіне таяу тұратын қазақтар өтті.
1731 жылы патша үкіметі Әбілқайырдың көмегімен Хиуа хандығын Ресейдің қол астына өткізуге әрекет жасап бақты. Бірақ Хиуа хандығы ол ұсыныстан үзілді-кесілді бас тартты. 1742 жылы Әбілқайырдың белсенді ара ағайындық көмегімен Орынбор қаласында Ресейдің қол астына 30 мың қарақалпақтар да өтті.

Кіші жүздің Ресейге қосылуы

Кіші жүздің Ресейге қосылуы

Ор өзенінің Жайыққа құяр жерінде салынды

Ор өзенінің Жайыққа құяр жерінде салынды

Қамал Ор өзенінің Жайыққа құяр жерінде салынды. Кейінірек Ор бекінісі деп аталды.

1735 жылы Әбілқайыр ханның өтініші бойынша Орынбор қаласының негізі қаланды. Қазақ ханы дала төсінде әлдебір бүліншілік жағдай бола қалса, сол бекініс-қамалда бой тасалауды көздеді.

Орынбор Батыс Қазақстан аумағын отарлаудың стратегиялық орталығына айналды. Ірі сауда орталығы қызметін де атқарды.

Кириллов қайтыс болған соң Орынбор экспедициясының бастығы болып В.И. Татищев тағайындалып, ол өз кезегінде Әбілқайырдың қолдауына сүйене отырып, Орта Азияға бірнеше рет сауда керуенін жөнелтті.

Оның бұл әрекеті шекара аймағындағы жер дауын бірден өршітіп жіберді

Оның бұл әрекеті шекара аймағындағы жер дауын бірден өршітіп жіберді

Қазақтарды өзінің қол астына алғаннан кейін патша үкіметі бекіністер салуға қызу кірісті. Оның бұл әрекеті шекара аймағындағы жер дауын бірден өршітіп жіберді.
Біріншіден, XVIII ғасырдың 30—40-жылдарында әскери бекіністері бар Үй шекара шебі салынды, ол Жоғарғы Жайық бекінісінен Звериноголовская бекінісіне дейінгі 770 шақырымға созылды.
Екіншіден, патша үкіметі 1734 жылдан бастап қазақтардың Жайық өзенінің оң жақ өңірінде көшіп-қонып жүруіне қатаң тыйым салды.
Үшіншіден, 1742 жылы патша үкіметі қазақтардың Жайық өзеніне, Жайық қалашығына, сондай-ақ салынып жатқан бекіністерге жақын келуінің өзіне қатаң тыйым салды.
Мұндай қатаң шектеулер мен тыйым салулар содан кейінгі жылдарда да жалғаса берді. Мұның бәрі де көшпелі қазақтардың әлеуметтік-экономикалық жағдайын нашарлата түсгі. Сөйтіп қазақтар салынып жатқан шекара шебіне дүркін-дүркін шабуыл жасауды жиілетті. Мал шаруашылығымен айналысатын қазақтар дағдарысты қиын жағдайда калды, көшпелілердің кедейленіп, қайыршылану үрдісі басталды.

Кіші жүз бен Орта жүз қазақтарының бір бөлігінің

Кіші жүз бен Орта жүз қазақтарының бір бөлігінің

Кіші жүз бен Орта жүз қазақтарының бір бөлігінің Ресейдің қол астына өтуінің, негізінен алғанда, ұзаққа созылған келеңсіз салдарлары болды. Қазақ халқы бірте-бірте өз тәуелсіздігінен айырыла бастады. Патша үкіметі хандар мен сұлтандарды уақыт өткен сайын өзінің бір айтқанды екі етпейтін тәртіпті шенеуніктерге айналдырып алды.
Патша үкіметі жалпықазақтық хандықтың болуын танудан саналы түрде қасақана бас тарту арқылы Қазақ мемлекетінің аумақтық тұтастығын бұзып, бірлігін ыдырата бастады. Іс жүзінде қазақтардың билеушілерімен ешқандай келісіп алмай-ақ, қазақ-орыс шекарасының бүкіл өн бойына әскери бекіністер, қамалдар, далалық шағын бекіністер салуды үсті-үстіне үдете берді.
Жайылымдық жерлердің тарыла түсуі мал өсірумен айналысатын көшпелі және жартылай көшпелі қазақтардың шаруашылық негізін елеулі түрде шайқалтты. Жұт болған жылдары қазақтардың мал басын аман сақтап қалуы үшін шекара шебіндегі аймақтарға көшіп баруына рұқсат етілмеді.
Қазақстанның Ресейдің ықпалына енуі кейінгі жылдары қазақтардың Орта Азия мемлекеттерімен қарым-қатынасының едәуір нашарлап кетуіне әкеп соқтырды. Хиуа мен Бұхардың әскерлері Оңтүстік Қазақстанның қазақтарына оқтын-оқтын жорық жасап тұрды, алым-салық төлетті. Сонымен қатар Ресей мен Қазақстанның екі арасындағы сауда қатынастарының күшейе түсуі едәуір оңды сипат алды

Бекіту сұрақтары: 1. Әбілқайыр хан

Бекіту сұрақтары: 1. Әбілқайыр хан

Бекіту сұрақтары:
1. Әбілқайыр хан Ресей құрамына қосылуы туралы өтінішті қашан білдірді?
2. Қазақтардан ант алу үшін патша үкіметі Әбілқайырға А.И.Тевкелев бастаған елшілікті қашан жіберді?
3. «Қырғыз-қайсақ ордасы бүкіл Азия елдерінің қақпасын ашатын кілт» деп кім айтты?
4. 1741 ж Қазақстан аумағында жаңадан жойқын жорық жасаған жоңғарлардың билеушісі кім?
5. Орта жүздің ханы Сәмеке Ресейдің қол астына өтті және оған адал болуға ант қабылдады қай жылы?
6. Әбілқайырдың өтініші бойынша Орынбор қаласының негізі қаланды қай жылы?

Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
29.11.2020