Құс –адамның досы.
Көлеңкеде қаннен -қаперсіз ұйықтап жатқан жеті – сегіз жасар балаға қарай айыр тілін сумаңдатып улы жылан жақындап келеді. Күтпеген жерден қайдан шыға келгені белгісіз бір құс бала мен жыланның арасына түсіп, кестей берді. Жылан да атылуға айналғандай, шиыршық атып , айбат шегіп ысқырып жіберді. Құс аяғын санап басып жақындай түсті. Бала жайына қалды. Екі түс тағысының адам үшін шайқасы басталып кетті. Жылан шабуылды үдете түсті. Бірақ құс тез жалтарып, жыланның улы тісін бойына дарытатын емес. Міне, жылан тағы да шап берді. Құс құйрығымен жер тіреп жалтара берді де, жылан басын қайтып тартып аламын дегенше өткір тұмсығымен оны төбесінен шоқып-шоқып алды. Жылан жан сауғалап, жиырыла кейін шегінді. Бірақ ашулы құс шаңқылдап, үсті-үстіне шоқи берді, шоқи берді.
Бала оянып кетті.Ол қимылсыз бауыры жалтыраған улы жыланды, оның жанында ауыр дем алып жатқан құсты көріп, таң қалды. Мұның екеуін бірдей кімнің өлтіріп кеткенін білмей, аңырап жан-жағына қарады. Жүрегі әлсіз ғана соғып жатқан мына кішкене құстың өзі үшін мерт болғанын бала түсіне қойды.
Бірақ біз дұрыс түсінуіміз керек.Пайдалы аңдарды мезгіл жоқ, мекен жоқ, орынсыз қыра беруге қатаң тыйымсалу керек. Табиғатты қорғау заңын мүлтіксіз орындау бәрімізге парыз, ал оның бақылаушысы арнаулы кісілермен қатар
құс адамның досы.docx
Оқу ісінің меңгерушісі ______________
Күні:
Сыныбы: 5 «а» , «ә»
Сабақтың тақырыбы: Мазмұндама . Құс адамның досы.
Сабақтың мақсаты:
1.Білімділік: оқушыларды шығармашылыққа баулу, өз ойларын дұрыс әрі сауатты жеткізуге дағдыландыру.
2.Тәрбиелік: оқушыларды ел тарихын қастерлеуге тәрбиелеу, елжандылыққа баулу.
3.Дамытушылық: оқушылардың ауызша және жазбаша тіл мәдениетін дамыту.
Сабақтың типі: бақылау сабағы
Сабақтың түрі: мазмұндама
Сабақтың әдістәсілі: мәнерлеп оқу, әңгімелеу, сұрақжауап
Сабақтың көрнекілігі: Диктанттар мен мазмұндамалар жинағы
Пәнаралық байланыс: тіл
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен сәлемдесу.
2.Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.
3.Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.
ІІ.Жаңа тақырыпты түсіндіру.
Құс –адамның досы.
Көлеңкеде қаннен қаперсіз ұйықтап жатқан жеті – сегіз жасар балаға қарай
айыр тілін сумаңдатып улы жылан жақындап келеді. Күтпеген жерден қайдан шыға
келгені белгісіз бір құс бала мен жыланның арасына түсіп, кестей берді. Жылан да
атылуға айналғандай, шиыршық атып , айбат шегіп ысқырып жіберді. Құс аяғын санап
басып жақындай түсті. Бала жайына қалды. Екі түс тағысының адам үшін шайқасы
басталып кетті. Жылан шабуылды үдете түсті. Бірақ құс тез жалтарып, жыланның
улы тісін бойына дарытатын емес. Міне, жылан тағы да шап берді. Құс құйрығымен
жер тіреп жалтара берді де, жылан басын қайтып тартып аламын дегенше өткір
тұмсығымен оны төбесінен шоқыпшоқып алды. Жылан жан сауғалап, жиырыла кейін
шегінді. Бірақ ашулы құс шаңқылдап, үстіүстіне шоқи берді, шоқи берді.
Бала оянып кетті.Ол қимылсыз бауыры жалтыраған улы жыланды, оның
жанында ауыр дем алып жатқан құсты көріп, таң қалды. Мұның екеуін бірдей кімнің
өлтіріп кеткенін білмей, аңырап жанжағына қарады. Жүрегі әлсіз ғана соғып жатқан
мына кішкене құстың өзі үшін мерт болғанын бала түсіне қойды.
Бірақ біз дұрыс түсінуіміз керек.Пайдалы аңдарды мезгіл жоқ, мекен жоқ,
орынсыз қыра беруге қатаң тыйымсалу керек. Табиғатты қорғау заңын мүлтіксіз
орындау бәрімізге парыз, ал оның бақылаушысы арнаулы кісілермен қатар оқушылар,
студенттер, жас экологтар болуы керек. Өйткені адам тағдыры табиғатпен
байланысты. Табиғат болмаса, адам да жоқ. Адам табиғатты бағындырады десек
те, адам табиғаттың бір мүшесі. Табиғатқа бағынышты екенін естен шығармау керек.
Ол үшін табиғатты сүй! Қоршаған ортаның құсын, аңдарын, өзенкөлдерін, ну орманын
сақта! Жер –анаңды қадірле! Жер бетіндегі тіршілік иелерінің бәрі де өз туысың
екенін ұмытпа!
Мазмұндау жоспары:
1 Ұйқыдағы бала
2 Жылан мен құс, олардың шайқасы.
3 Бала аңырап жанжағына қарады.
4
Жас экологтар міндеті
Кус адамнын досы
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.