Квадратное уравнение (8 класс)

  • Документация
  • Домашнее обучение
  • Занимательные материалы
  • Домашнее обучение
  • pdf
  • 25.01.2022
Публикация на сайте для учителей

Публикация педагогических разработок

Бесплатное участие. Свидетельство автора сразу.
Мгновенные 10 документов в портфолио.

Иконка файла материала 8 Алгебра 26,01,21ж.pdf

 

Тақырыбы:

yax2 n және ya(xm)2 функцияларының графиктері

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

8.4.1.1 функция және функцияның графигі ұғымдарын меңгеру; 

8.4.1.2 функцияның берілу тәсілдерін білу;

8.4.1.3 у= ах2 функциясының графигін пайдаланып,  y= ax2+n, y=a(x-m)2 +n  функцияларының графиктерін салу.

Сабақ мақсаты

-          у=ax2 функциясының графигін пайдаланып,  y= ax2+n, y=a(x-m)2 және y=a(x-m)2 +n  функцияларының графиктерін салу алгоритмін білу; осы алгоритм арқылы  функциялар графиктерін сала біледі.

-          квадраттық функция және жалпы функция туралы білімдерін пысықтайды,  есептер шығаруда іскерлікпен қолдана білуге үйренеді.

-          сабаққа қызығушылығы артып, өз ойын жүйелі түрде жеткізеді.

-          оқушылар сыни тұрғыдан ойлауға дағдыланады.

-          оқушының сыни ойлауы қалыптасады.

                                                                      Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңдері

Жоспарланған жұмыс

Ресурстар

Сабақтың басы

Оқушылардың назарын сабаққа аудару. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі.

Сұрақ-жауап әдісі арқылы оқушылармен пікір алмасу.

Мына кестеден берілген функциялардың графигін дұрыс анықтағанда, әр парабола төбесіндегі әріптерден қандай сөз шығады? Ол нені білдіреді? а) y = -x2 ; ә) y = (x+5)2 б) y = -(x-3)2 +4;

в) y =(x+4)2 – 4   г) y = -(x + 2)2 +3;

д) y = -(x-6)2 

е) y = x2 +2

Тақтада жапсырылған түрлі түсті стикерлерді тандап оқушылар жұптасады. 

 

Ауызша есептер шығару.  

1. Квадраттық функция келесі формуламен берілген. Парабола төбесін анықтаңдар. y = x2-1,y =(x+1)2, y=(x-2,5)2+2,5; y = (x+1,5)2+1.

Ауызша

сұрақтарға жауап береді

Сабақтың ортасы

Практикалық жұмыс

1-тапсырма. y=x2 үлгісінің көмегімен мына графиктерді салыңдар: а) y=-x2-2 , б) y=-(х+1)2 – 3

 

2-тапсырма. Параболаның төбесінің координаттарын тап:

1) у=2(х-4)² 2) у=-6(х+1)²

3) у= (х+7)²

 

3-тапсырма.

1)      у= 1/2х2        

2)      у= 2х2           

3)      у= -х2            

а-ның таңбасын анықта, параболаның төбесінің координаталарын тап, кесте арқылы функциялардың графигін сызыңдар.

Оқулық 8 сынып

Алгебра, №1 жұмыс

дәптері

 

 

Тест (Өзін-өзі тексеру)

1.                  Берілген көпмүшелердің қайсысы квадрат үшмүше болады?

А) 2х+3 В) х3 – х -7  С) х2-19х  Д) 3х2 -9х -1

2.                  х2 -9х+8 квадрат үшмүшесін көбейткіштерге жіктеңдер: А)(х-1)(х-8) В) (х+1)(х –9)  С) (х+1)(х+8) 

Д)жіктеуге болмайды.

3.                  y = (x+23)2-14 функциясының графигін y = x2 функциясының графигінен қандай түрлендіру арқылы алуға болады?

А) Ох осі бойымен 14 бірлік оңға, Оу осі бойымен 23 бірлік төмен

В) Ох осі бойымен 23 бірлік солға , Оу осі бойымен 14 бірлік төмен

С) Ох осі бойымен 23 бірлік оңға, Оу осі бойымен 14 бірлік төмен

Д) Ох осі бойымен 14 бірлік солға, Оу осі бойымен 23 бірлік жоғары жылжыту арқылы алуға болады.

4.                  y=x2 -14х-4функцияның графигін y=x2 функцияның графигінен қалай алуға болады?

А) Ох осі бойымен 14 бірлік оңға, Оу осі бойымен 4 бірлік төмен

В) Ох осі бойымен 14 бірлік солға , Оу осі бойымен 4 бірлік жоғары

С) Ох осі бойымен 7 бірлік оңға, Оу осі бойымен 53 бірлік төмен

Д) Ох осі бойымен 7 бірлік солға, Оу осі бойымен 53 бірлік жоғары жылжыту арқылы алуға болады.

5.                  y = 3x2+4х-7 параболаның х осімен қиылысу нүктелерінің абсциссаларын анықта:

А) 1; -7/3  В) 1; 7/3  С) 2; 4  Д) 8; 1

 

Сабақтың соңы

Оқушылар  сұрақтарға жауап береді.

1.        Сызықтық функцияның графигі қандай сызық болады?

2.        у=кх+l функциясының графигі қалай салынады?

3.        y=3x+5 функциясының графигінен l-дің мәні неге тең?

4.        Координаталары берілген нүктенің түзуге тиісті (тиісті емес) екені қалай тексереміз?