Кыз сыны байкауы «Сумбил шаш»
Оценка 5

Кыз сыны байкауы «Сумбил шаш»

Оценка 5
Конкурсы
docx
классное руководство
9 кл
01.03.2017
Кыз сыны байкауы «Сумбил шаш»
Қыздарды халқымыздың ізгі қасиеттері: имандылық, инабаттылық, ізеттілік, ісмерлік т.б. негізінде тәрбиелеу. 2. Әр қыз баланы парасатты, жан – жақты білімді болуға, әсемдік, сұлулық әлемін түсінуге тәрбиелеу. Табиғат сыйлаған қасиеттерінің ашылуына көмектесу. Байқаудың шарттары төмендегідей: 1. «Мен қазақтың қызымын» таныстыру (қатысушылар өздерін осы сөзбен, өлеңмен, әнмен таныстырады) 2. «Қызды тәрбиелеген – ұлтты тәрбиелейді» (Қыз бала тәрбиесіне байланысты даналық сөздердің мағынасын ашу) 3. «Өнер»
3 саб Жаксылыкова.docx
«Сүмбіл шаш»атты қыз сыны байқауы. Мақсаты:Қыздарды халқымыздың ізгі қасиеттері: имандылық, инабаттылық,  ізеттілік, ісмерлік т.б. негізінде тәрбиелеу. 2. Әр қыз баланы парасатты, жан – жақты білімді болуға, әсемдік, сұлулық  әлемін түсінуге тәрбиелеу. Табиғат сыйлаған қасиеттерінің ашылуына  көмектесу.             Байқаудың шарттары төмендегідей: 1. «Мен қазақтың қызымын» таныстыру (қатысушылар өздерін осы сөзбен, өлеңмен, әнмен таныстырады)                  2. «Қызды тәрбиелеген – ұлтты тәрбиелейді» (Қыз бала тәрбиесіне байланысты даналық сөздердің мағынасын ашу) 3. «Өнер» (Ән айту, би билеу, күй тарту)                 4. «Зерделінің ойы озық»                  (Лездік сұрақтарға жауап беру) 5.Анаға қарап қыз өсер. (Кеспе кесу)                 6. «Сұлулық сыры»                  (Музыка ырғағымен  шаш  өру  үлгісін көрсету) 7. «Сән үлгісі»  аруларымыздың  киімдерінің  жарасымдылығы,сахналық   жүріс­тұрысы  бағаланады. 1­жүргізуші: Армысыз қадірменді  асыл халқым Арта берсін  абыройың  атақ­даңқың Қыздардлың  сұлуы бар  дәруі бар Ұстанған қазағымның  ата салтын 2­жүргізуші :Қыз сыны қыз өнері қыз әдебі Тал бойына  жарасқан күлкі әдемі Бір көргеннекн  болмай­ақ  сахнада Өмірде  сақталсыншы ұлт әдебі. 1­жүргізуші: Уақыт құшағының  тылсымындай  сан сұрақтан  жаралған  сиқырлы  д сырлы сезім иесі  алма морйын  құралай көз  қыпша бел  қазақ   аруы­сан  ғасырлар  бойы жиған  тариқымыздай  болған  мақтанышымыз. Әрине  ырымшыл  қазақ қыздың  шашын қиюына  қысқартуына  тиым салған   және оны  әдептілік  деп қабылдаған.Сол себепті  қазақта «Сүмбіл шаш  ару»  деген  әдемі түсінік бар. 2­жүргізуші :Демек  қазақ аруы  әрқашан  да күлкісі сыңғырлаған,шолпысы   шылдырлаған,ақындар жырлаған,салт­дәстүрді    бар бойына   жинаған,ақылына көркі сай болғанБүгінгі  «Сүмбіл шаш»  арулар байқауының мақсаты да осы.Нағыз қазақ аруының  бейнесін ашу.Олай болса құрметті  ағайын  бүгінгі байқауға қош келдіңіздер 1­жүргізуші: Мың бұралған арулар аңдап басып, Келеді міне ортаға толқып тасып Аруларын сыйлаған, халқым менің, Көңілді қошеметпен қарсы алайық!                            (Арулар ортаға шығады) 2­жүргізуші :Ақерке қыз өнерлі                          Бойға өнер жиған қыз.                  1­жүргізуші:Аяжан қыз білімді                                        Меңгерген бар ілімді  2­жүргізуші : Елдана  қыз елгезек                           Алады тез тіліңді.                     1­жүргізуші:Ақша бетті Галина                                         Ұқсайды хор қызына   2­жүргізуші :  Аделина қыз  үлбіреп                             Қос жанары мөлдіреп                      1­жүргізуші    Гүләйім қыз шығады                                             Бұрымдары желбіреп.  2­жүргізуші :  Күннауар қыз  салмақты                            Көрсетер өнерін жан­жақты                     1­жүргізуші    Нұрша қыз  әдепті                                               Қазақтың  салтын сақтаған.  2­жүргізуші Ал, халайық, аруларға тамсанайық, Қыз қылықты дегенге ән салайық. Атына заты сай аруларға Тағы да бір қол соғып  қошемет көрсетейік.                     1­жүргізуші    Уа, арулар, арулар! Ешкімің жоқ алалар. Ару болу үлкен сын, оны қазың бағалар. – деп әділ – қазылар алқасымен таныс болыңыздар. ­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­ 1­жүргізуші    Бойжеткен арулар келіп жетті танытуға, Бойындағы бар дарынды дарытуға. Қорықпастан сахнаға келіп жетті, Әдеппен, ізетпенен танысуға.  2­жүргізуші Бұл сайыста үзеңгі қағыстырып, Көрейік, ару қыздарды жарыстырып. Бұл залда білетін бар, білмейтін бар, Әрбір ару көрсін өзін таныстырып. 1­жүргізуші    Байқаудың І кезеңі «Мен қазақтың қызымын». Таныстыру бөлімі бойынша ару қыздарымыз өздерін осы сөзбен бастап,  өлеңмен, әнмен таныстырады. Әділ – қазылардан арулардың бағасын күтеміз 2­жүргізуші Пір тұтқан адамдықты, адалдықты, Көркімен таң қалдырған тамам жұртты. Қыздардың қылығымен өмір қызық, Қыздардың ғұмырымен заман құтты – дегендей Байқаудың ІІ кезеңі  «Қызды тәрбиелеген – ұлтты тәрбиелейді» деп аталады. 1­жүргізуші    Жаңа  технологиялар,инновацияны  меңгерген  аруларымыз   заманауи  пікірлер  мен тың  идияларды  да  ойлап табуда.Демек  сайысымыздың  екінші кезеңі  қоамда орын  алып жатқан   әлеуметтік   маңызы барь    жоба  әзірлеп соны талқылап қорғайды. Олай болса сайысымыздың   екінші  кезеңін бастайық ,әр үміткердің  жобасы үш минуттан аспауы керек. 2­жүргізуші Өнері өрге жүзер, таңғалмаңыз! Таланты талмай ұшар, таңғалмаңыз! Таңғажайып әлемі ­ өнер аты, Шарпып өтсін лебімен, таңғалмаңыз! 1­жүргізуші    Кедеймін деп қысылма, Өнерің болса қолыңда Өнерлінің ырысы Жарқырап жатыр жолында. Сайыста ән салайық, би билейік, Өнермен өрге басып кідірмейік. ІІІ кезең «МЕн Өнерлімін» Бұл кезеңде арулардың өнері тамашаланады (Ән айту, би билеу, күй тарту) Әділ – қазылардан арулардың бағасын күтеміз 2­жүргізуші :Мықты болсаң  сұрақтарға жауап бер, Келді кезек  тапқырлықты танытар, Бұл сыннан да сүрінбей  егер өтсең Жүлде  сенде,қуана бер,күлімде  ­деп  ІҮ –кезең «Зерделінің ойы озық» деп  аталады.  «Сұрақ ­ жауап» Бұл бөлімде аруларымыз билет алу арқылы  сұрақтарға жауап береді. Білім құйған бойына Қанын өмір жайына Салт дәстүрдің әр сөзін Сақтап жүрген ойына ­ деп сайыскерлерді ортаға шақырамыз. 1­жүргізуші    Сұлу да өнерлі  қыздарымыз  болашақ  бір әулеттің келіні   болары анық қой.Ұяда не  көрсең  ұшқанда  соны ілерсің,атиа көрген  оқ  жонар,ана көрген  тон пішер­дейді атам қазақ.Демек қазір  анасына еркелеп   жүрген қыздарымыз  болашақта    бес саусағынан бал тамып ьтұруы керек  емеспе? 2­жүргізуші Дұрыс айтасың ­­­­­­­­­­­­­­­ Адамның арқауы ас!Олай болса  қазіргі сайысымыз   «Анаға қарап  қыз өсер  деп аталады»Бұл кезеңде  кеспені қалай кесіп даярлайды екен соны   байқасақ.Қатысушы аруларымыызды ортаға  шақырамыз. Алдарыңызда тұрған дайын жайылған наннан кеспе кесіп  әділ қазылар  алқасына  ұсынасыздар өздерінің тиісті бағасын беріп кетеді. 1­жүргізуші    «Қыздың жиған жүгіндей» Бұл теңеу қыз баланың ұқыптылығын, шеберлігін көрсетеді. Өздеріне тән  нәзіктілігімен, сүйкімділігімен, сыртқы және ішкі сымбаттылығымен ерекше  екендігін айтқан 2­жүргізуші Сұлу қыздар, ару қыздар Шашты кеспей күтіп оны қараңдар. Қыздың көркі шаш екенін түсініп, Өріп қойып шаш үлгісін жасаңдар, ­ деп аруларымыз шаш үлгісін көрсетеді.  Олай болса «Сұлулық сыры» кезеңінде аруларымыз музыка ырғағымен  шаш   өру  үлгісін көрсету бойынша сынға түседі.                      1­жүргізуші    Адамның сыртқы түріне, киіміне қарап та қандай адам  екендігін айыруға болады. Қазіргі талғамға, өзінің жас ерекшелігіне,  эстетикалық талғамына сай жарасымды киінген, сыпайы да үлгілі қылығымен,  мәдениеттілігімен ерекшеленген қыздарды көргенде көңілің толады.  «Жастықтың өзі жастығымен әдемі» деген бар емес пе? Жас қыздардың  өздері­ақ қырдың қызыл гүліндей әдемі ғой. Табиғат берген көркі – жастығынан артық не бар? 2­жүргізуші Қыздарға әсемдік жарасады, Ай көркі биіктерге таласады. Болмаса сұлу қыз, ару әйел Табынып еркіндікпен санасады –деп, соңғы кезең  жаны сұлулыққа   құштар,жүрегі әсемдікке,әдемілікке   жақын,көңілі тазалықты  қалайтын   аруларымыздың  «Сән «байқауы. Олай болса  «Сән үлгісі»  аруларымыздың  киімдерінің   жарасымдылығы,сахналық  жүріс­тұрысы  бағаланады.                                                                                                                                       1­жүргізуші    7­шы кезең бойынша аруларымыздың ұпайлары. Енді әділқазы алқаларынан барлық ұпай сандарын санап, жеңімпаздарды  анықтауларын сұраймыз. Ұпай сандары әзір болғанша кезекті әнге берелік. ­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­әні. Орындайтын ­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­ Қорытынды сөз әділқазы алқаларына беріледі, марапаттау рәсімі. VII Қорытынды: 2­жүргізуші Қыз баланы ізетті, инабатты асыл жан етіп, ісіне көркі сай  тәрбиелеу, қыз сыйлау халқымыздың қанына сіңген қасиет, олардың  айналадағы адамдармен қарым – қатынас жасай білуіне көңіл бөле отырып,  оларға нәзіктік пен сүйкімділік қасиеттерін бере білген. 1­жүргізуші   «Қыз емес қыздың аты қызыл алтын, Көрінер толған айдай жүзі жарқын, Үлкеннің алдын орап сөз сөйлемес, Халқының сақтай білген ізгі салтын» ­ дегендей, қыздарымыз апаларының  өнегелі істерін өз бойларына дарытып өссе екен дейміз. Қыздарымыз ата­ бабаларымыздың ықылым заманнан келе жатқан салт­дәстүрін, әдет­ғұрып  сөндірмей жалғастыратын өнерлі де ибалы боп өссе дейміз. Осымен байқауымыз өз мәресіне жетті. Ару қыздарымызға рахмет айтамыз.  Мерекелеріңіз құтты болсын!

Кыз сыны байкауы «Сумбил шаш»

Кыз сыны байкауы «Сумбил шаш»

Кыз сыны байкауы «Сумбил шаш»

Кыз сыны байкауы «Сумбил шаш»

Кыз сыны байкауы «Сумбил шаш»

Кыз сыны байкауы «Сумбил шаш»

Кыз сыны байкауы «Сумбил шаш»

Кыз сыны байкауы «Сумбил шаш»

Кыз сыны байкауы «Сумбил шаш»

Кыз сыны байкауы «Сумбил шаш»
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
01.03.2017