«Сары күз»
Залдың іші әсем жапырақтармен шарлармен безендірілген. Балалар залға (Күзгі Вальс бимен)билеп кіреді.
ЖҮРГІЗУШІ:Сәлеметсіздерме,қадірлі қонақтар бүлдіршін балалар! Бүгін күз мезгілінің ең тамаша мерекесіне қош келдіңіздер!
-«Сары күз"!атты мерекемізді бастауға рұқсат етіңіздер!
Жүргізуші: Көбейді құт береке,
Астық толы қоймамыз.
Құтты болсын мереке,
Алтын күзді тойлаймыз–дей келе
Мерекемізді бастауға ортаға тақпақтарын айтуға балаларды шақырайық: .
Тақпақтар: С.Даниял.
Малика. Алмаз. Фатима. Таймас.
Жарайсыңдар, өте жақсы.
ЖҮРГІЗУШІ: міне балалар күздің соңғы күндерімен қоштасып,
бізге берген ырысы мен жемістеріне рахмет айтпақпыз.
Жүргізуші: Біз балдырған тең басқан
Дос құшағын елге ашқан
Тілегіміз бейбіт күн!
Ашық болсын кең аспан – дей отырып, мына тамаша әнді өздеріңізге тарту етеміз қабыл алыңыздар.
Ән: «Қазақстан!»
Жүргізуші: Өте жақсы керемет! Рахмет сендерге орындарыңа барып отыра қойыңдар. Балалар тыңдаңдаршы осында біреу келе жатқан сияқты
(Осы кезде залға Жаңбыр кіріп келеді)
Жаңбыр: Сәлеметсіздерме балалар! Мені сендерге Күз Аруы жіберді. Балалармен бірге күз мерекесін тойлап көңіл көтер деді. Ал, өзі сәл кешігіп келетінін айтты.
Жүргізуші: Төрлет Жаңбыр! Күз мерекесіне қош келдің!
Біздің балалардың өнерін тамашалаңыз!
Жаңбыр: Бәрекелді!
Жүргізуші: Жаңбыр Сен бізге Көктем де келдің, міне Күз айының соңына дейін бізбен бірге боласың, ал сен осы Қыс мезгілі болған да қайда кетіп қаласың?
Жаңбыр: Мен Қаһарлы қыс келгенде, демалысқа шығамын.
Жүргізуші: Сонда сен демалысты қалай өткізесің?
Жаңбыр: Кітап оқимын, жылы жақтарға барып демалып келемін!
Мен қысты ұнатпаймын! Қыс деген атамыз мені мұзға айдалдырып жібереді! Ол сондай суық! Мен қыс мезгілін жаратпаймын!
Жүргізуші: Онда сіз біздің балаларымыздың дайындаған қойылымын тамашалаңыз!
«Аю мен Маса» қойылымы
Би: «Көбелектер»
Жаңбыр: Міне керемет! Жарайсыңдар балақайлар!
(Осы кезде залға Күз аруы кіреді)
Күз аруы: Сәлеметсіздер ме балалар!
Балалар: Сәлеметсіз бе.
Жүргізуші: Амансыз ба Алтын күз!.
Күз аруы: Сәлем өрен, достарым!
Қандай әсем алтын күз.
Мереке сіз бен бізге шуақ шашсын,
Көңілдің серіппелі күйін ашсын.
Бақ пенен шаттық бірге қонып,
Береке бірлік пенен ортақтассын!
Балалар: Алтын күз, алтын күз
Күтеміз сені біз.
Төріміз сіздікі
Келіңіз, келіңіз!
Жүргізуші: Күз аруы балалардың күз мерекесі жайлы тақпақтарын тамашалаңыз:
Тақпақтар: Ибрахим. Ясмин. Бекарыс. Сезім. Байрам.
Жүргізуші: Балалардың дайындаған әндері де бар, тамашалаңыз:
Жеке Ән: «Күз тамаша!»
(осы кезде әнді балалар шеңберге тұрып орындайды)
Күз аруы: Жарайсыңдар, өте жақсы
Мен сендерге жұмбақ жасырамын сендер жауабын табыңдар.
Жұмбақтар:
Қызыл ,жасыл кемелер,
Су бетінде қалқиды
Соқса егер салқын жел,
Ырғалады, толқиды (Жапырақ)
Ұзын мұртты сарылыр
Қойнында наны бар (Бидай)
Үстіне тігіп көк шатыр,
Астында қызғылт дәу жатыр (қызылша)
Қалың киімді ұнатады,
Шешіндірсең жылатады. (Пияз)
Жүргізуші: Күз аруы рахмет сізге. Жұмбақтарың қызықты болды. Бүгінгі күз мерекесіне арнап дайындаған балаларымыздың тақпақтары тағы бар:
Тақпақтар: Рамазан. Ислам. Азима. Ануар. Дінмұхамед. Дария.
Күз аруы: Рахмет. Жарайсыңдар балалар!
Жүргізуші: Балалар сендерге мен бір жұбақ жасырайын,
Ағайынды бәрі,
Шықса – жасыл,
Түссе – сары. Бұл не?
Балалар: Жапырақ !
Жүргізуші: Бәрекелді ! Жауабын дұрыс таптыңдар.
Ендеше осы күзгі жапырақтармен ән шырқайық
Ән: «Күзгі жапырақтар»
Күз аруы: Жарайсыңдар балалар! Әндерің керемет екен.
Жаңбыр: Ал балалар тұрайық, қызық ойын бастайық!
Ойын «Кім жылдам» шалшық суларды айналып жүреді.
Күз аруы: Бәрекелді балалар. Менің де сендермен ойын ойнағым келіп тұр.
Ойын: «Жапырағынан таны» деп аталады.
Ойынның шарты: Үш бала үш ағаш / емен, қайың, үйеңкі / болып үш шеңберде тұрады, қалған балалар жапырақтар болып әуенмен билейді. Әуен тоқтағанда аталған ағашқа жапырақтар ұшып барады. Ойын солай жалғасады.
Жүргізуші: Өте жақсы балалар! Күз аруы балаларға сіздің ойыныңыз ұнады деген ойдамыз.
Күз аруы: Иә балалар, рахмет сендерге, жарайсыңдар!
Жүргізуші: Балалар сонымен күз мезгілі өзінің молшылығымен байлығымен ерекшеленеді екен , осы керемет күз байлығына арнап, жемістер деген әнімізді орындап берейік.
Ән: «Жемістер»
Күз аруы: Балалар мына әндерің көңілді, тамаша екен.
Мен сендердің бүгінгі мерекеге атсалысып, қатысып, өнерлеріңді көрсеткендеріңе ризамын. Бүгінгі мереке барлықтарыңызға қуанышты көңіл силасын. Мына себеттегі жемістерді өздеріңе сыйлаймын.
Жүргізуші: Күздің берер жемісі,
Алуан – алуан емеспе?
Сол алуан сыйыңды,
Күтеміз біз әр күзде
– деп, Күз ару, өзіңізге үлкен рахмет айтамыз.
Күз аруы: Балалар келесі жылы кездескенше, қош сау болыңдар!
Барлық балалар: Сау болыңыз, Күз аруы!
Жүргізуші: Осымен құрметті қонақтар «Сары күз» атты ертеңгілігіміз өз мәресіне жетті. Біз өздеріңізбен қоштаспаймыз, тек сау болыңыздар деп, алдағы мерекелерде өздеріңізді күтетін боламыз!
© ООО «Знанио»
С вами с 2009 года.