ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ
ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ
ӨСКЕМЕН ҚАЛАЛЫҚ БІЛІМ БӨЛІМІ
ӨҚӘ «Қ.Нұрғалиев атындағы №43 мектеп-лицей» КММ
Секция:
Орындаған:
ӨҚӘ «Қ.Нұрғалиев атындағы №43 мектеп лицей» КММ
11- «А» сыныбының оқушысы
Қанатұлы Әсет
Ғылыми жетекшісі:
ӨҚӘ «Қ.Нұрғалиев атындағы
№43 мектеп лицей» КММ мұғалімдері Нурсолтанова Г.С.,
т.ғ.к Чекетаева Р.С
Өскемен қ., 2020 жыл
КІРІСПЕ ....................................................................................... 3
1 ФАРАБИТАНУ МЕН АБАЙТАНУДЫҢ ҒЫЛЫМИ 12
ТЕОРИЯЛЫҚ КОНЦЕПЦИЯСЫНЫҢ НЕГІЗІ ...................
1.1 Әл-Фарабидің қазақ даласына қайта оралуы......................... 12
1.2 Абайтану тарихының мәселелері және Абай мұрасы........... 26
2 ӘЛ-ФАРАБИ МЕН АБАЙДЫҢ РУХАНИ 40
САБАҚТАСТЫҒЫ.......................................................................
2.1Фараби мен Абай ілімдеріндегі тарихи 40
үндесім..........................................................................................
2.2 Әл-Фараби мен Абай мұраларында діни-философиялық 51
көзқарастарының үйлесім табуы
2.3 Әл-Фараби мен Абай- «Мәңгілік ел» идеясының негізін
қалаушы философтар
2.4 Әл-Фараби мен Абайдың оқу-білімнің адам өміріндегі орны
туралы қағидаттары
ҚОРЫТЫНДЫ ............................................................................. 66
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ........................ 26
ҚОСЫМШАЛАР .......................................................................... 27
Тақырыптың өзектілігін негіздеу. Елбасы Н.Назарбаевтың «Pухани жаңғыру» [1] қоғaмдық сананы жаңғырту бағдарламасы «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласындағы «Ұлы даланың ұлы есімдері» жобасында «біздің қаһаpмандарымыздың өмірі мен қызметі жөнінде тек еліміздегілер ғана емес, сондай-ақ шет елдегілер де білетін болады» [2] - деп Елбасы жазғандай тарихи тұлғалардан тәлім алу арқылы тәрбиеленуде дана ғалым әл-Фараби мен ойшыл Абайдың орны бөлек.
Сол себептен тақырып бойынша ғылыми-зерттеу жүpгізу бүгінгi таңда қоғамдық сұраныстан туындағaн. Демек тақырып өзекті, әрі ауқымды. Өйткені, Тәуелсiздік жылдары азаматтық қоғамның және нарықтық экономиканың құрылуымен ғана емес, сондай-ақ қоғамдық сананың, діни серпілістің жүруімен де сипатталады. Ата жолымыздан адаспай, рухани байлығымызды сақтап қаламыз десек, Әл-Фараби мен Абайдың қоғам, саясат, әдебиет, мәдениет туралы ойларын, дін туралы көзқарастарын оқып зерделеуіміз керек.
Бұл тақырыпты жан-жақты және терең зерттеу ең алдымен олардың өмірінің, кәсіби мұрасының ашылмаған қырларын тану өткен тарихтан қорытынды жасап, бүгінгі өмірде ұтымды пайдалану ғана емес, ертеңгі ұрпаққа дұрыс жол сiлтеу үшiн қажет. Көптеген ғалымдар әл-Фараби мен Абай жайлы қалам тартты, дегенмен басым бөлігі олардың өмірі мен мұрасын жеке-жеке зерттеді, зерделеді. Қос алыпты бірлікте зерттеу мәселесінің кейбір қырлары түрлі әдебиеттерде, баспасөз беттерінде жазылғанмен мақсатты түрде зерттеу нысаны ретінде осы күнге дейін толық зерделенбеді. Тақырыптың басы ашық «ақтандақтары» көп.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Қос тұлғаның өмірі мен қызметін, кәсіби мұрасын зерттеу, талдау, оған баға беру бүгінгі зеpттеушіден үлкен iзденімпаздықты талап етеді. Себебі, кеңестік филиологиясында, тарихнамада көбінесе зерттеулерде бұл мәселенің кейбір аспектілері ғана қapaлып, зaмaн тaлaбына сай бip идеология бұғауынан шығa aлмaды. Фараби мен Абай мұраларының сабақтасты біртұтас арнайы зерттеу объектісі ретінде қарастырылмай келді.
Олapдың өмір белестері, еңбектері, қоғамдық қызметі көптеген мақалалар, ғылыми еңбектер, диссертациялар негiзiнде дe қарастырылған. Жалпы, жазылған бapлық дeрeктep мен еңбектep, құжаттар салыстырмалы сараптаманы талап eтe отырып, зерттеушіден тың ой-пікір түюін қажет еткізедi. Сол себептен бiз жұмыстың зерттелу деңгейін жүйелендіру мақсатымен зерттеу жұмысына қaтысты деректердi кезең-кезеңімен, мүмкiндiгiнше жеке-жeкe қарастыруды жөн көрдік. «Егер Абайды жақсы білмесем әл-Фарабиге бара алар ма едім» деген. «Әл-Фараби мен Абай арасындағы көзге көрінбей тұратын, бірақ үзілмейтін, өшпейтін жарық сәуле біздің де көкіректегі көзімізді ашып тұратын секілді» [3], - деп Фараби мен Абай мұраларының сабақтастығына алғаш Ақжан Машанов баға берген. Ал Абай туралы қалам тартқан ғалымдар баршылық. Әл-Фараби мен Абайдың рухани сабақтастығы талай зерттеулердің арқауы болды. Әйтсе де осы екі дананың шығармашылық мұрасының сабақтастығы ұлттық идея тұрғысынан зерттеудің әлі де шешімін таппаған тұстары баршылық.
Зерттеу нысаны Фарабитану мен Абайтану мәселелері.
Зерттеу пәні Фараби мен Абайдың кәсіби мұрасы ғылыми тұрғыдан талданып, қазіргі тіл білімі ғылымы талаптарына сай зерттелуі болып табылады.
Зерттеу жұмысының мақсаты. Фараби мен Абайдың мұрасына талдау жасау және дүниетанымдарын, өмірлік ұстанымдарын тұтас бірлікте, нақты тарихи деректер негізінде тіл білімі ғылымы тұрғысынан зерделеу. Осы аталған мақсаттан төмендегі міндеттер туындайды:
- Фараби мен Абай мұраларын ұлттық идея тұрғысынан бағалау;
- Фараби мен Абайдың үндестігін талдау;
- бүгінгі тіл білімі ғылымының жетістіктеріне сүйене отырып, тақырыптың түйінді, өзекті мәселелеріне өз көзқарасымызды білдіру.
Зерттеу жұмысының деректік негізі. Негізгі деректер Қазақстандағы республикалық мұрағаты, республикалық, облыстық кітапханалар мен мұражайлардан алынған құжаттар мен материалдардан, мерзімді баспасөз мәліметтерінен, естеліктерден алынды.
Сонымен қатар әл-Фараби, Абайдың еңбектері дерек көзі ретінде пайдаланылды. Бұл тақырыпты зерттеуде Қазақстан Республикасы Орталық Мемлекеттік мұрағатының 2285 қорында А.Шәкәрімұлының А.Машановқа жазған хаты, А.Машановтың әл-Фараби, Абай туралы жазған мағлұматтары жайлы құжаттар тіркелген. Бұл құжаттар тақырыптың тереңірек және дәлірек ашылуына септігін тигізді. Бұл келешекте тарихи айналымға енгізілетін құнды материалдар болып табылады.
Зерттеу жұмысының методологиялық негізі. Зерттеу жұмысы барысында пәнаралық зерттеу әдістері де қажет болды. Тақырыпты философиялық, тарих, дінтану, әлеуметтанулық, мәдениеттанулық ілімдерінің пәнаралық тоғысында қарастыру негізінде әл-Фараби мен Абайдың шығармашылық мұрасының ұлттық идея тұрғысынан мәні мен мағынасын, теориялар мен тұжырымдарды жан-жақты талдауға негіз болды.
Зерттеу әдістері ретінде жүйелілік, салыстырмалық, құрылымдылықфункциялық тарихи ұстанымдар және концептуалдық ережелер, танымдық теория негіздері басшылыққа алынды. Зерттеу нақты, фактілік материалды зерделеу, ғылыми зерттеудің талдау және жинақтау, жүйелендіру, салыстыру, салғастыру және басқа да жалпыға белгілі әдістер негізінде жүргізілді.
Жоба жұмысының жаңашылдығы. Қазақстандық тіл білімі ғылымының зерттеу ауқымы үшін салыстырмалы дәрежеде жаңа мәселе болғандықтан «Фараби мен Абай мұраларының ұлттық идеялары» мәселесі жан-жақты және кешенді зерттеліп отыр. Зерттеу жұмысының алға қойған міндеттеріне сәйкес қол жеткізілген жобаның жаңалығы келесідей нәтижелермен айқындалады:
- тақырыпқа қатысты ҚР мемлекеттік мұрағаттары мен қорларынан құжаттар мен деректер алғаш рет ғылыми айналымға енгізілді;
- әл-Фараби мен Абайға қатысты сақталған мәліметтер тиісті ғылыми деңгейде зерделеніп, кеңестік саяси-идеологиялық біржақты көзқарас әсерінен жабық күйінде, ескерусіз келген мәселелер зерттеліп, объективті тұрғыда қайта қарастырылды;
- әл-Фараби мен Абайға қатысты әдеби, тарихи, философиялық, педагогикалық, публицистикалық шығармалар, мерзімдік басылымдардағы мақалалар және олардың шығармаларын зерттей отырып, оның көзқарастарына алғаш рет жаңаша тұрғыдан баға берілді.
- әл-Фарабидің еңбектерін STEAM білім берумен байланыстырылды және Абай еңбектерінің тарихи дерек ретіндегі маңызы айқындалды.
Зерттеу жұмысының қолданбалы маңызы зерттеу жұмысы болғандықтан оның нәтижелері мен тұжырымдары мектеп оқушыларына семинар сабақтарын жүргізу барысында қосымша материал ретінде қолдануға болады.
Зерттеу жұмысының құрылымы кіріспеден, негізгі екі тараудан, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен, қосымшадан тұрады.
Биыл елімізде, жалпы ЮНЕСКО көлемінде Шығыстың ғұлама ойшылы, математик, астролог, музыка теоретигі, Аристотельден кейінгі екінші ұстаз атанған Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдық мерейтойы аталып өтілуде. Қазақ топырағынан шыққан ұлы данышпанның толық аты-жөні - Әбу Насыр Мұхаммед ибн Мұхаммед ибн Тархан әл-Фараби. Әл-Фараби бабамыз 870 жылы қазіргі Отырар деп аталатын Фараб қаласында дүниеге келіпті. Бұл қала кейіннен арабтардың ықпалымен "Барба-Фараб" деп аталып кеткен. «Сол себепті «әлемнің екінші ұстазы» атанған ойшылды Әбу Насыр Әл-Фараби, яғни Фарабтан шыққан Әбу Насыр атанған» дейді зерттеушілер. Ақжан әл-Машани табандылығы мен ғылыми ізденісінің арқасында әл-Фарабидің қазақ жерінен шыққандығын бұлтартпас айғақтармен дәлелденді. Осылайша осыдан тура елу жыл бұрын әл-Фарабидің 1100 жылдық алғашқы мерейтойы Қазақ елінде аталып өтілді.
Мың жылда бір туатын ғұламаны іздеуге негіз болған оқиға сонау Ұлы Отан соғысы жылдарынан бастау алды. Нәтижесінде әл-Фараби сынды ұлы ғұламаның рухы, есімі өз Отаны қазақтың қара топырағына қайтты. КСРО-ның батыс бөлігінен, басқа елдерденҰлы Отан соғысы жылдары көшірілген ғалымдар Алматыда көп болатын. 1943 жылдың қысында Чехославакиядан келген Э.Я.Кольман деген математика ғылымының тарихын жақсы білетін ірі ғалым, профессор филиалда баяндама жасайды. Баяндаманың негізгі мазмұны «Орталық Азиядан шыққан ғалымдардың араб ғылымына қосқан үлесі» туралы айтылады. Әбу Насыр әл-Фарабидің мұрасын зерттеуге әл-Машани 1943 жылғы конференциядан кейін кірісті.Машановтың басты мақсаты Фарабидің қазақ топырағында кіндік қаны тамғандығын дәлелдеу керек болды. 1961 жылы Вестник Академии наук Казахской ССР журналының №5 санында «Ал-Фараби еңбектері туралы» [4] мақаласында ғалымның еңбектері жүзден астам деп көрсеткен. Кейіннен әл-Фарабидің математика, астрономия, химия, география, геология, философия, медицина, музыка тәрізді ғылым мен өнер салаларына арнаған еңбектері 150-ден асады деп қорытындылады. Бірақ КСРО-дан оның бірде-бір еңбегін таба алмады. Әл-Фараби ғалымның аты Еуропа т.б. дүние жүзінің дамыған елдерінің ғалымдар қауымына таныс болғанмен, туған елінде бірде-бір еңбегі сақталмағаны қазақ зиялыларын толғандырды. Мүмкін Шыңғыс хан Отырар кітапханасын өртемегенде, ғалымның хаты сақталар ма еді? деген пікірлерде айтылды.
А.Машанов алдымен әл-Фарабиді Отырар-Фараб қаласынан шыққан екендігіне дәлел келтірді, он бір ғасырдан соң ұрпағымен табыстырды. Сөйтіп, Фарабидің әлемдегі екі ұстаздың бірі - «Әл-мұғалім әл-сани» атанған қазақ даласынан шыққан перзенті екендігін зерттеу еңбектерімен дәлелдеді. Бұл - «көшпенділердің өркениетке қолы Кеңес дәуірінде ғана жетті» делінетін коммунистік идеологияның көбесін сөккен қарсылықтын алғашқысы болатын деп Ш.А.Абдраман лайықты бағасын берді [4, 60 б]. 1971 жылы Мәскеуде өткен ғылым тарихына арналған ЮНЕСКО-ның 13-конгресі аясында әлФарабиге арналған симпозиумде А.Машани бастаған Қазақстан ғалымдарының еңбектері әл-Фарабидің 1100 жылдық мерейтойына арналған халықаралық ғылыми конференцияны Қазақстанда өткізуге негіз болды. Сөйтіп, ұзақ жылдар бойы дүниежүзілік «Екінші Аристотель» аталған Әл-Фарабиге арналған ғылыми форум 1975 жылы қыркүйектің 8-13 аралығында Мәскеуде басталып, Алматыда аяқталған болатын. Осы кезеңде А.Машани әл-Фараби мұраларын игеруге арналған 32 ғылыми еңбек жариялап үлгерді. Оның екеуі жеке кітап, монография болатын. Мұның ішінде «Фараби» атты тарихи роман да бар еді.
Қазіргі таңда Әл-Фарабидің ғылыми мұрасын зерттеуге тырысқан қызметкерлердің ауыр жағдайда жұмыс істейтіндіктен, көбісі араб тілін білмегендіктен түпнұсқасын оқи алмауынан,сонымен қатар еуропалықтардың аударғаны бұрмаланып бізге дұрыс жетпейтіндіктен Қазақстанда фарабитану кенже қалып жатыр.
Биыл Абай Құнанбайұлының туғанына 175 жыл болды. Мерейтойға арналған іс-шаралар әлемдік деңгейде жүргізілуде. Абай Құнанбайұлы ғұлама, ойшыл, ақын, ағартушы, ұлттың жаңа әдебиетінің негізін қалаушы, аудармашы, композитор ретінде ел тарихында өшпес із қалдырғаны сөзсіз. Оның өлеңдері мен қара сөздерінде ұлт болмысы, бітімі, тұрмысы, тіршілігі, дүниетанымы, мінезі, жаны, діні, ділі, тілі, рухы көрініс тауып, кейін Абай әлемі деген бірегей құбылыс ретінде бағаланды. Абайтану ілімінің пайда болып орнығуының маңызы зор болды. Абайдың мұрасын ғылыми жолмен игеру үстінде үлттық ғылыми күштер өніп-өсті. Абайтанудың басында тұрған Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, одан Мұхтар Әуезов, бүгінгі абайтанушылар Мекемтас Мырзахметов пен Ғарифолла Есімовке дейінгі аралықта Абайдың мұрасын тануға көптеген ғалымдар өз үлестерін қосты.
«Біріңді қазақ, бірің дос, көрмесең істің бәрі бос» сөздерін іске асырмай түпкі мақсаттарға жетудің қиын екендігін ел-жұртына түсіндірумен болған
Абай өмірден өткеннен кейін оның қазақ халқы үшін орны толмас қаза екенін қазақ зиялылары түсінді. Әлихан Бөкейханов Абай еңбектерін жоғары бағалаған, жинаған, зерттеген адам. 1904 жьшы Абай қайтыс болғанда терең мазмұңды қаралы мақала (некролог) жазған. Сонымен қатар ол Абай еңбегін орыс оқымыстыларына алғаш рет таныстырушы болып тарихта қалды. Абайды әлемге танытқан қазақтың ұлы жазушысы М. Әуезовтің «Абай жолы» эпопеясы әлемнің 116 тіліне аударылып, Ұлы тұлға туралы теңдесіз көркем шығарма болып табылады. Мұхтар Әуезов қазақ халқының санасын оятқан, алдымен оята бастаған Абай деп, ұлы ағартушының ісін жалғастыруға тырысты. Шығармашылық зиялылар Абай Құнанбаевты өзі танып, елге танытумен бірге Абай Құнанбаевты ұлт ұстазы ретіндегі рөлін қалыптастырды. Абайдың қазақ әдебиеті мен тарихтағы орны туралы бірде өршіп, бірде бәсеңсіген пікірталасқа Сәбит Мұқанов, Сәкен Сейфуллин, Ілияс Жансүгіров, Ғаббас Тоғжанов, Ыдырыс Мұстамбаев, Бейсенбай Кенжебаев, Ілияс Қабылов, Әзімбай Лекеров, т.б. оқымыстылар қатысты. Абай мұрасын іздеп жүріп жинап жария етуге қатысқан, шиеленіскен идеологиялық таласта Абайды қорғаған шығармашылық зиялылар өкілдері - осы ізгілікті іске атсалысқандардың бәрі ұлт зиялылары аталуға лайықты тұлғалар деп бағалауға болады.
Абайды тану арқылы әлем қазақты таниды. Сондықтан қазақтың ойшылы, ғалымы, ұлы ақыны Абайдың жолы – халқымыздың рухани-мәдени мұрасы, асыл қазынасы. Абай тақырыбына жиырмасыншы жылдардың басында бет бұрған Мұхтар Әуезов бүкіл саналық ғұмырын Абайтануға арнады. Зерттеушілер Мұхтар Әуезовтің 1933 жылы жазған Абайдың тұңғыш ғылыми өмірбаянын Абайтанудың бастамасы деп қарайды. Қоғамтану ғылымдары бойынша қазақтың тұңғыш ғылыми-зерттеу институтының ғылыми жұмысына сол тұстағы қазақтың шығармашылық зиялыларының таңдаулы өкілдері қатысты. Институт филологтары 1934-1935 жылдары Абай шығармаларын ғылыми тұрғыда жүйелеп, кітап етіп дайындау ісін қолға алды.
Көптеген қарапайым оқырмандар «Абайтану» дегенді Абайдың әдеби мұрасын зерттейтін ғылым деп түсінеді. Дегенмен Абай жайлы әдебиетшілер, тарихшылар, философтар, әлеуметтанушылар, музыканттар, суретшілер т.б. айналысады. Біздің қарастырған деректерде ХХ ғасырдың 20-30 жылдары қазақтың музыка зерттеу ғылымында музыкалық абайтану ғылыми жаңа саланың туғандығын дәлелдейді. Музыкалық абайтанудың бастауын 1914 жылдың 26 қаңтарда Семейде өткізілген әдеби-музыкалық кештегі Нәзипа Құлжанованың Абайдың ақындық және композиторлық шығармашылығына арналған баяндамасы бастап берсе керек. Нәзипа Құлжанова 1919 жылы шығыс музыкасын жинап-зерттеуші А.Э.Бимбоэске «Татьянаның Онегинге жазған хаты» әнін жаздырды. Тұрағұл Абайұлы әкесінің жиырмаға жуық әндерін кенжесі Мәкенге үйретіп Абай әндерінің сақталуына себепкер болды.
Мәкен Тұрағұлқызының орындауында «Онегиннің Татьянаға жазған хаты», «Хұп білемін, сізге жақпас» сынды әндерді 1939 жылы Ахмет Жұбанов, кейінірек Борис Ерзакович, А.Серікбаева, Қ.Жүзбасов нотаға түсірді.
А.В.Затаевич 1920-1923 жылдары Абайдың сегіз әнін нотаға түсірген.
1934 жылы Әміре Қашаубаев Абайдың екі әнін, 1935 жылы Семейде Әрхам
Кәкітайұлы он жеті әнін, 1939 жылы әнші Жүсіпбек Елебеков төрт әнін, Мұхтар Әуезов пен Мәкен Тұрағұлқызы он алты әнін орындап нотаға түсірді. Бұл үлкен еңбек. Аталған зиялылар және олар орындаған әндерді жазып алған композиторлар мен зерттеушілері Евгений Брусиловский, Борис Ерзакович, Латиф Хамиди, Ахмет Жұбанов, А.Серікбаев, Қ.Жүзбасов, күйшілер Мұхтар Жылқайдаров, Уәли Бекеновтің еңбектері музыкалық абайтанудың негізін қалады.1934 жылғы 29 маусымды Абайдың ең үздік бейнесін салу жөнінде республика суретшілері арасында конкурс жарияланды. Конкурс жюриінде Мұхтар Әуезов, Санжар Аспандияров, Ғабит Мүсірепов т.б. болды [5]. Абайдың портретін салып, осы жарысқа қатысқан Әбілхан Қастеев Абай тақырыбымен өмір бойы айналысып жиырмадан астам сурет салды.
Мекемтас Мырзахметов қазақ халқы Абайдың әдеби мұрасын танып білгенімізге 130 жылдан асты дейді. Осы аралықта абайтану тарихы үш кезеңді бастан кешіргенін айтады. Бірінші 1889-1934 жылдар М.Әуезовке дейінгі зерттелу кезеңі деуге болады. Абайды танытуды Алаш қайраткерлері халықтық таным тұрғысынан мақала, зерттеулер арқылы насихаттады. Ал М.Әуезовтің «Абай ақындығының айналасы» мен профессор Қ.Жұбановтың «Абай қазақ әдебиетінің классигі» деген зерттеу мақалалары абайтанудың сол тұстағы болашағына ғылыми жаңа бағыт бағдарына тыңнан жол салған көсем ойлы танымдар болды [6].
Екінші кезең, 1933-1934 жылдан 1961 жыл аралығында қанаты кең жайылған «Абайтану тарихының Мұхтар Әуезов кезеңі» қалыптасты. Оның «Абай жолы» эпопеясын әлем мойындады. «Абай Құнанбаев» деп аталған ғылыми монографиясы шықты. Осы екінші кезеңде абайтану саласында алғашқы кандидаттық, докторлық диссертациялар қорғалып, ғылыми еңбектер жазылып жатты. М.Әуезов абайтануды биік деңгейге көтеріп кетті.
Үшінші кезең 1961 жылы М.Әуезов өмірден өткен соң басталды. Жаңа буын өкілдері тың көзқарспен қарап, зерттеулерді жалғастырды. Мекемтас Мырзахметов «Мұхтар Әуезов және абайтану проблемалары» тақырыбындағы еңбегі сол кездегі саяси қысыммен сесекенбей жазылды. Соңғы кездегі зерттеулер бұрынғы маркстік-лениндік тұжырымдамадан тәуелсіз жазылған. Кеңестік тұста Абайды атеистік, материалистік тұрғыдан қараған болса, қазір оның дін жайлы айтылған ойлары да тереңдетіліп зерттелуде. Абайтануға байланысты ғылыми зерттеу институттары да өз жұмыстарын абайтану бойынша жүргізуде.
2.1 Фараби мен Абай ілімдеріндегі тарихи үндесім .
Тәуелсіздікпен бірге елімізде әр кезеңде тіл білімі, әдебиет,тарихта орын алған оқиғалар мен құбылыстарға жан-жақты, шынайы баға беретін жаңа зерттеулер жазуына мол мүмкіншіліктер жасалуда. Соның бірі осы екі тұлғаның даналығының сабақтастығының негізінде жатыр.
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» [7] мақаласында Абайдың «Толық адам» тұжырымдамасын қайта зерделеу қажеттігін баса айтты. Бұл жерде Фарабидің адамның кемелдену тұжырымдамасынан бастаған дұрыс деп ойлаймын. Фараби адам гармониясының негізгі мәні - оның көпжақты тұтастығы, мәдениет гармониясының тұтастығы екендігін көрсеткен. «Адамның қайырымдылық жасауы бұл - бірінші кемелденуі» - деген. Ол осындай әрекет жасамай тұрып рақымды бола алмайды, өйткені кемелдену оның алған қасиеті салдарынан әрекет көрсетуінде емес, әрекетті орындауында [8]. Адамгершіліктің тепе теңдігі, қоғамдық өмірдегі үйлесімнің сақталуына тоқталған. Әл-Фараби адамның ашқарақтығы нағыз ғылымның жауы екендігін жақсы түсінді. Ол ғылымның игілікті мақсаты табиғаттың тамаша жомарт, әрі даналық құпиясын тану деп білді. Оның ойынша ғылым ақиқатына тек қана ұяты таза, ақ пейіл адам ғана жетеді деп ойлады. Тек осындай адам ғана шығармашылық ләззатын тауып, бақытқа жетпек деді.
Философия ғылымдарының докторы, профессор Т.Бурбаев: «Қазақтың топырағы данышпан-ғұламаларға толы екені белгілі. Сонау Анахарсистен бастап әл-Фараби, Абайға дейінгі, одан қалды Ахмет Байтұрсыновтан күні бүгінге дейінгі заманды ой елегінен өткізер болсақ, біртұтас ұлылар мен данышпандардың галлереясын көз алдыңа елестетуге болар еді» [9]. Әрине, аталған есімдердің тарихи салмақтары, көзқарастары әр түрлі екені белгілі. Екі ойшылдың шығармаларына назар аударсақ, даналық ой-толғамдары әр түрлі сөзбен жеткізілсе де, айтар ойлары, ұлттық идея тұрғысынан көздеген мақсаттары бір. Ғалым Ә.Марғұланның «Абай мен әл-Фарабидің көздегені адамдардың рухани байлығы, олардың бақытты болуы мен әсемдікке ұмтылуы болып табылады», - дегені соның дәлелі сияқты. Кеңес дәуірінің кертартпа саясатынан екеуінің мұрасы толыққанды зерттеліп бітпеді деседі болады. ӘлФараби мұрасын келесі ұрпаққа мүмкіндігінеше жеткізе білген Ақжан
Машанов болса, Абайдың ойлары мен мұраттарын барынша талдай алған Мұхтар Әуезов еді. Олардың өзіндік позициясының, өз үнінің, өз ойының барлығы екі дананың шығармашылық мұрасын бүгінгі күнге жеткізуі қадамдарының бірі деп бағалауымыз керек.
Араб мәдениеті, арабтық-мұсылмандық Шығыс әл-Фараби мен Абай үшін бірдей рухани бастау, олардың арасын жалғастырар арқау болған, үндестік, жіпсіз байланыс, кейбір идеялардың бірімен байланысты болғандығын растайды.
Әл-Фараби мен Абайдың өзара өзектестігі мен сабақтастығын іздейтін болсақ, әуелі Фарабидің дүниетанымының, шығармашылық мұрасының негіздеріне қайта оралуымыз қажет. Сол негіздерді Абайдың дүниетанымымен, шығармашылығымен салыстырып қарастырсақ қана екі ойшылдың мұраларының ұлттық құндылығын үндестігін, сабақтастығын табамыз.
«Әл-Фараби мен Абай арасын жақындастыру, оларды үндестіру, біздің халқымыздың мың жылдық рухани, мәдени-рухани дүниесін тірілту деген сөз. Демек бұл зор мақсатты халықтық іс деп түсіну керек. Ал, осы екі алып тұлғаны жеке-жеке тануда едәуір істер істелгені рас. Бірақ бұлардың арасын жалғастырып тұратын ғажайып нәзік, тамаша берік рухани жіпті біз әлі таба алмай жүрміз. Бірақ оның барын анық сезсек те, оны көруден әлі шалғай жатырмыз» [3, 71 б] - дейді А.Машанов.
Әл-Фараби мен Абай мәселесімен айналысқан Ақжан Машанов екі ойшылдың арасын тарихи сабақтастықпен жалғастырушы Шахабутдин Маржани деген пікірін келтіреді. Ш.Маржани әл-Фарабидің философия, музыка, жаратылыстану ғылымдары туралы трактаттарымен таныс болған, Абай Маржаниді көп оқыған, ал Абайға Маржанидің шәкірттері Семей медресінде дәріс бергендігін жазып кеткен [3, 83 б.].
Әл-Фараби ұстаздың ілімі қазақстан мен Орта Азияда кеңінен таралса, сол бұлақтан Абай нәр алды. Ол Шығыс мәдниетін пір тұтқан, келешектің тірегіне айналар ұрпақ өсіруге жан-тәнімен атсалысқан. Ғасырлар қойнауынан шымырлап шыққан бұл дәстүр Абай Құнанбаев сияқты әз-ағалардың бастамасымен өзінің өміршеңдігін танытты, жастардың қиялын самғатып, өмірге, білімге деген құштарлықтарын арттырды. Ибраһим нәр алған бұлақтарының бірі – ежелгі қазақ мәдениеті, ауыз әдебиеті, екіншісі – шығыстың рухани қазынасы, үшіншісі – орыс мәдениеті және сол тілде аударылған батыс әлемінің рухани қазыналар көзі. Ол барлығы адамның өзінөзі жетілдіруі арқылы іске асатының түсінуі болды.
Тәуелсіздік алғаннан кейінгі абайтануда Абайдың мұрасын шығыстық тұғырмен байланыстыра зерттеу жалғасты. Ғарифолла Есімов Абай мұрасының шығысқа қатынасына оң көзбен қараған ой пікірлері алғашқылардың бірі болып қозғады. «Абай – шығыс ақыны, шығыс мәдениетінің қайраткері, нақтырақ айтсақ мұсылман шығысының аса көрнекті ойшылдарының бірі... оның көзқарасын діни философия жағынан іздеу керек», - деп өте дұрыс баға берді. Ислам философиясын білмей Абай көзқарастарын талдау, бағалау өте қиын екеніне тоқталған. Бұл турасында Ақжан Машанов былай деген: «Абайды оқып, тағылым-тәрбие алмаған болсақ әл-Фарабиді сөз етер ме едік... Өзім шындық жолды іздеуге бағыт берген Абай шығармалары деп білемін» [3, 84 б]. А.Машанов тоқсанға аяқ басқан шағында Абай тақырыбына қайта оралып, екі дарынды тұлға туралы әл-Фараби және Абай шығармасын жазады. Екі алып баба арасындағы рухани, ғылыми байланыс арқауын тарата тарқатады. Бұл ұрпаққа қажет ұғымдарды жаңғырта, жаңадан мағынасын ашып өсіп-өнуге мензейтін шығарма.
Ал кейінірек шыққан оқулықта Абай ислам дінінің қағидаларын барынша құрметтейтін діни отбасында өсіп, тәрбие алғандығын жақсы жазып кеткен. Бала жасынан араб-парсы және көне түркі әдебиетінің үлгілерімен таныстығы, қазақтардың дәстүрлі әдеп-ғұрыптары, заңдары т.б терең меңгергендігі дұрыс бағаланған. Абай заманында алғаш рет шетел зиялыларының өлеңдерін, шығармаларын қазақ тіліне аударып, қазақ жастарына таныстырды. Оның аудармаларында А.С. Пушкин, М.Ю. Лермонтов өлеңдері, И.А. Крылов мысалдары және т.б. ұлы ақындардың өлеңдері көрініс тапты. Абайдың жақын достары жер аударылып келген демократиялық көзқарастағы Е.В. Михаэлис, С. Гросс, Н.И. Долгополов секілді зиялы қауым өкілдері болғанын жазады. Шығыс ойшылдарының әсерін төмендетпей, өз деңгейінде бағалаған.
2.2 Әл-Фараби мен Абай мұраларында діни-философиялық
Бұл сабақтастықтың өзара үйлескен негіздері бар. Атап кетсек, әл-Фараби мен Абайдың рухани жетілуді адам дамуының негізгі мәні деп таныған. Руханилыққа апаратын жол – дінде, имандылық жолы деп қарастырған. Бұл дүниетанымдық негіз олардың бойында ертеден қалыптасқан. Әл-Фараби мен Абайды мұраларының ішінде етене жақыны – олардың діни-философиялық көзқарастары. Фараби ғылым мен философия тарихындағы методологиялық жаңалығы шындықтың екі жақтылығы туралы ілімді негіздеуі еді [10]. Фарабидің ойынша Аристотельден басталған рационал шындық және Құранның хадистерінде көрсетілген діни, нақыли шындық бар. Бұл екі шындық өзара үйлеседі, біріне бірі қайшы келмейді. Сондықтанда әмбебап ғалым әл-Фарабидің даналық негізі хакім Абайдың да бойында болғандығы, кейіннен басқада философиялық ойлар қосылып, жетілгені сөзсіз. «Өмірдің өзі шындық», - деген Абайдың тамаша қағидасы дәлел.
Абайтанушы А.Омаров осынау қиын сырды бізге Абайдың өзі «Құдай жолы» ұғымы арқылы ашып береді. Адамзаттың бәрін сүю, әрине, мүмкін емес. Бірақ кімде кім өзінің жақын айналасын, ең болмаса бір адамды шын сүйе білсе, оның Құдай жолына қадам басқаны сол. Егер сол мақсаттан еш тайқымауды пенде өзіне шарт қылып, өмір сүретін болса, оның адамзаттың бәрін сүйгендігі сол. Бұл пайым дәлеліне 38-сөздегі мынадай қорытынды түйінді келтірелік: «Енді білдіңіздер, перзенттер! Құдай тағаланың жолы деген жол ниһаятсыз (шексіз) болады. Оның ниһаятына ешкім жетпейді. Бірақ сол жолға жүруді өзіне шарт қылып, кім қадам басты, ол таза мұсылман, толық адам делінеді» [11]. Осы қара сөзі арқылы Абай бүгінгі таңда таба алмай жүрген діндегі түзу жолымызға сілтейді. Бұл ұлағаты өлеңіндегі «Алла мінсіз, әуелден пайғамбар хақ, мүмин болсаң үйреніп, сен де ұқсап бақ» деуімен сабақтасады.
Мұхаммед пайғамбар 1, 23, 24, 52 хадистерінде «Білім алуға ұмтылыңдар», «Бір сағат ілім үйрену бір кеш бойы құлшылық етуден жақсы, бір күн бойы дәріс алу–үш ай нәпіл ораза тұтқаннан жақсы» делінгенін жақсы түсінген. Осындай ойдың желісін Абай шығармаларынан да табуға болады. Жасынан зерек болып өскен Абай ғылым нәрінен сусындаудан қол үзген жоқ. Сол себепті өлеңдерінің де көпшілігі білім туралы, оқу туралы еді. Мысалы: «Интернатта оқып жүр», «Ғылым таппай мақтанба», «Білімдіден шыққан сөз» және т.б. өлеңдерінің негізгі мазмұны білім, ғылым, өнерге шақыру.
Абайдың «дүние де өзі, мал да өзі, ғылымға көңіл берсеңіз» [11, 94 б] деп келген жолдары қара сөздерінің де мағыналық түйініне таңқаласын. Білім алып, ғылымды не бір өнерді игерсеніз малда, дүниеде өз табылатынына меңзейді. Сол кәсіптің адамды асырайтының басқа қара сөздерінде де негіздеген. Өйткені хакім Абайдң қай сөзін алсаңыз да, көкіректің ашылуы, жақсылыққа ұмтылуы - барлығы осы білім, ғылымнан басталады. Мәселен, жиырма бесінші сөзінде ол «Дінге де жақсы білгенің» деп келген ойын ғылымға қиыстыра отыз екінші, отыз сегізінші сөздерінде таратып, тарқатып айтады. «Дүниенің кілті ғылымда» деу арқылы ұлы акын кез келген нәрсеге таным тұрғысынан карап, ғылыми негізде түсініп қабылдау керек деп есептеген. Бұл ой оныншы кара сөзінде де келтіріледі «Құранның іші толған ізгілік іс». Абай өмір сүріп отырған қоғамға, жеке тұлғаға қатысты, моральдык асқақ қағидаларға үңдеген, рухани тазалыққа шақырған. Адами құндылықтардың терең тәрбиелік, эстетикалық сипатқа ие екендігіне көзің жеткізуге бағыттаған.
Абай қара сөздерінде адамдықтың биік деңгейін білім, ғылыммен ғана емес, иманмен бағалаған. «Толық мұсылман болмай – толық адам болмайды» деп дәйектеген. Исламның діни кұндылықтарының ішіндегі ең басты мәселесі «Иман»/ сенім болып табылатының жадысынан шығармаған. Абай шығармаларында иман мәселесіне көп тәрбиелік мән берілген. Он екінші және он үшінші сөзінде «Иман деген не?» оның түрлері, «Қайткеңде иман толымды болмақ?» деп түсіндіріп тарқатады. Иманға көп көңіл бөлуінің себептері, сол кездегі қоғамда орын алған жағдайлар еді. Үшінші қара сөзіндегі қазақтардың бірінің тілеуін бірі тілеспей кеткені, қызметке таласқыштық, жалқаулық, бірінбірі көрсетіп іс қозғау мәселелері қатты толғандырады.
Абай иманды «якини иман» және «таклиди иман» деп жіктейді. Бөліп қарастырады да «Енді мұндай иман сақтауға қорыкпас жүрек, айнымас көңіл, босанбас буын керек. Якини иманы бар деуге ғылымы жоқ, таклиди иманы бар деуге беріктігі жоқ, я алдағанға, я азғырғанға, я бір пайдаланғанға қарап, ақты қара деп, я қараны ақ деп, я өтірікті шын деп ант ететін кісіні не дейміз? Құдай тағала өзі сақтасын... жоғары жазылмыш екі түрліден басқа иман жоқ» деп қорытындылайды. Ал иманның жеті шарты ол өз алдына үлкен мәселе болып табылады. Ислам дініңдегі жеке адамның рухани дүниесінің жетілуі, ақыл-парасатының толысуына, наным-сенімінің беріктігіне, мінезінің тұрақты болып келуіне әсер ететін, бір-бірінен туындайтын мәселелердің, шарттардың басы осы иманнан алынды. Исламдағы діни құңдылықтың бірден-бір көзі осы эстетикалық тәрбиелік сипаты өзгеше «иманға» келіп тіреледі. Осы ойдың сабақтастығын Шәкәрімнен де табуға болады. Бүл жөнінде Абайдың шәкірті Шәкәрім «Тәңіріні іздеп бір мұңғыл» деген өлеңіңде ойын жалғастырады. Өз заманының ойшылы, дін жолын жете меңгерген оның шәкіртіде ислам құндылықтарын, оның барша адамзатқа тигізер пайдасын, жеке тұлғаның қалыптасуында алатын орнын атқаратын қызметін сипаттауды өз өлеңдеріне арқау еткен. «Мұсылмандық шарты» [12] атты кітабын да Абайдың «Алла» ұғымына қатысты ойын сабақтап кең ұғындырады.
Кеңестік философияда - Фараби діни көзқарастарға ашық қарсы шықпағанымен, ол ғылымды білімді діннен әлде қайда жоғары қояды, оның ілімі негізінен діни идеологияның ірге тасын шайқалтуға бағытталған деген өздеріне тиімді негіздерді жасап алды. Олар Фарабидің пікірінше, дін елдің ішіндегі ізгілікті тәртіпті орнатушы күш бола алмайды. Өйткені оның негізгі бөліктері философиядан алынған. Философия ізгілікті діннің мазмұны дәлелдеп береді. Олай болса, елді басқару ісімен айналысу діннің ішіне кіретін мәселе болғандықтан, әлі философияға бағынады деп дәлелдеді. Әл-Машанидің айтуынша әсіресе оның ислами шындыққа сүйенген ең керекті ілімдерін жариялауға жол берілмеді, керісінше оған жалған жала жауып исламға қарсы етіп көрсетпекші болды. Тәуелсіздік алғанға дейін әл-Фараби туралы, оның тамаша ілімі, жазып кеткен ғалымның туралы шындыққа жол толық ашылмады. Әл-Фарабиді зерттеуші, оның әлемде шашылып жатқан еңбектерін жинақтаушы Ақжан әл-Машани қайтыс болғалы фарабитану қайтадан тұралап қалды. Қазіргі көптеген зерттеушілер әл-Машани қалтырған деректер негізінде қарайды, басқа мемлекеттерден оның еңбектерін іздестіру ақсап жатыр. Ақжан әл-Машанидің жазылған мақалалар, естеліктер, еңбектерде де әлі қарайтын қыры, ашылмаған сыры көп.
Әл-Фараби өзінің табиғат туралы ғылыми еңбектерінде алдымен құран аяттарында онан кейін пайғамбар сөзіне, онан кейін өзінен бұрыңғы ислам ғалымдарына сүйенеді. Басқа тараптан кірген мәліметтерді әл-Фараби ислам елегінен өткізіп барып талдаған. Мысалы, ғалымның алғашқы нұры жайында дәл сондай талдау берілген. Нұр, сәуле, жарық, жылу деген талдауларда әлФараби қазіргі оптика ғылымының негізін салған. Ол сәуленің жиналу, сыну, тарау, шоғырлану заңдарын геометриялық дәлді әдіспен тапқан. Сәуленің шоғырланған шұғыласын ол «мұхарақ» деп атаған, яғни «күйдіру» - «оттық орын» деген сөз. Әл-Фараби бұл мәселені әрі қарай дамытып, өз қолымен ойыс /пара бола/айна жасап, линза жасап соларды қоланған. Оның барлығын көптеген әлем мекмлекеттері мойындаған. Ал, біздің оқулықтарда, мысалы мектеп оқулығы физиканы ашып қарап жіберсек, әл-Фарабидің оған қатысы жайлы неше сөз табамыз екен? Ойланатын мәселе. Әлі Еуроцентрлік көзқарастан шыға алмай жатырмыз.
Әл-Фарабидің «Табиғат ғылымының жоғарғы асыл тeгi» [13] деген еңбегінде мынадай бip сөз жазылған. Мұхаммад Расул Алланың қасында жүретін Жабр бин Ғабдолла атты бip сахабасы сұраса керек: «Иә расул Аллаһ! Taңipiң ең бipiншi жаратқан не нәрсе?» - деп. Оған Мұхаммад расул Аллаһ айтқан: «Иә Жабр! Алланың ең бipiнші жаратқаны сенiң пайғамбарыңның нұры». — деген. Осы бip ауыз хадис бүкіл ғаламның кілті болып табылады. Осыдан кейін расул Аллаһты ислам елі Нұрмұхамад атаған». Ғалымның алғашқы нұрына, оның дамуына арналған Әл–Фарабидің еңбегін әл-Машани «Космология» деп атады [14]. «Tәңipi жаратқан ғаламының ту басынан бастап, Құран аяттарына, хадистарға және өзінен бұрынғы ғалымдардың еңбектеріне, өзінің өлшеу, бақылауларына сүйене отырып жазылған бұл еңбек табиғаттану ғылымының нeгізі болып табылады», - деп баға берген. КСРО тұсында әлФараби еңбектерін аударуда, талдағанда атеистік ықпалмен бұрмаланган еді. Оның Құранға сүйеніп жазған діни еңбектерін, мысалы «Космологиясын» шығарттырмай қойған. Фараби да, Абай да Құранды ислам дінінің діни кітабы деп қана қарамай, кітаптан көптеген ғылымға жол ашатын қағидалардың ғылыми негіздерін көре білген. Фарабидің философиялық ілімі – негізінен дүниені бір құдай жаратты деген қағиданы басшылыққа алған идеалистік ілім болды.
Сонымен қатар Фарабидің дінге қатысында қызықтыратын мәселелердің бірі - дін бақытқа жету үшін қызмет ету керек. Әрқилы қайырымды қалалар мен халықтардың әр түрлі діні болуы мүмкін екенін және олар бәріде бір бақытқа сенеді және де бірі мақсатқа ұмтылады деді.
Әл-Фараби де, Абай да «жақсылық та - Құдайдан, жамандық та -
Құдайдан» деген қағидамен келіспеген деп айтуға болады. Фараби өзінің «Жұлдыз бойынша болжаулардың анығы мен танығы» атты трактатында дүниеде белгісіз кездейсоқ құбылыстар мен жәйттар бар екенін негіздейді. «Егер дүниеде беймәлім кездейсоқ құбылыстар болмаса, онда қорқыныш құрып, үміт үзілер еді, ал бұлар құрыса, онда не адамның әрекетінде, не заңдылқта, не саясатта береке болмас еді. Өйткені егер қорқыныш пен үміт болмаса, ешкім ертенін ойламас еді, бағынышты басшысына бағынбас еді, ал басшысы бағыныштыларына қамқорлық жасамас еді, біреу біреуге рақым қылмас еді, Аллаға құлшылық құрар еді, тақуалық болмас еді», - деген.
Осы сарындас Абайдың жиырма сегізінші сөзінен кездестіреміз: «Дініміздің бір жасырын тұрған жалғаны жоқ болса ,ақылды, оны ойлама дегенімізге пенде бола ма? Ақыл тоқтамаған соң діннің өзі неде болады? Әуелі иманды түзетпей жатып, қылған ғибадат не болады? Жақсылық, жамандықты жаратқан Құдай, бай қылған, кедей қылған Құдай емес деп, нанып ұқсақ болар, әйтпесе жоқ» [11, 55 б.]. Адамның бақытсыздығын біреуге артуға болмайтының, әркім өзінің өмірі үшін жауапты екенін түсіндірумен болған.
Әл-Фараби де, Абай да Алла тағаланың барлығына шүбә келтірмейді. Екеуі де Құдай – дүниені бар етуші, тірлік-тыныс беруші, бастапқы түпкі себеп деп қарастырады. Абай тек жер бетіндегі тіршіліктің Алланың әмірімен қазіргі қалыпқа түскенін тұжырымдаса, әл-Фараби бүкіл әлемді жалпы кеңістікуақыт ауқымында қарастырып, Құдайдың құдыретімен қалай, неден пайда болғанын негіздеуге ұмтылады. Абай отыз сегізінші сөзінде бұл жөнінде былай деп жазады: «Құдай тағала бұл ғаламды ақыл жетпейтін келісіммен жаратқан, онан басқа бірінен бірі пайда алатұғын қылып жаратыпты. Жансыз жаратқандарынан пайда алатұғын жан иесі хайуандарды жаратып, жанды хайуандардан ақылды адамзатты жаратыпты». Абай ойыда әл-Фарабидің жаратушы туралы түсінігімен сабақтасады.
Әл-Фараби, Абай және ұлттық идея деген тіркес жайлы әр түрлі пікірлер бар. Себебі Абай шығармаларында «ұлт», «ұлттық идея» деген сөздерді кезіктірмейміз [15]. Бұл сөз тіркестері қазырғы таңда жиі айтылады. Дегенмен екі дананың даналығы сонда олардың айтқандары әлі заманауи, құндылығын жойған жоқ. Мысалы, Қазақстан халқы ассамблеясында Мәңгілік Ел патриоттық актісі жарияланса, қазір жалпы білім беру стандартында да «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясы кіріктірілген. «Мәңгілік Ел» идеясы үш тұғырдан, яғни үш негізден тұратыны бәрімізге белгілі. Біріншісі, көне түркі жазба ескерткіштеріндегі «Мәңгі Ел» манифесінің жариялануы. Екіншісі, әлФарабидің философиялық шығармаларында, әсіресе «Қайрымды қала» шығармасында [16] «Мәңгілік ел» идеясының теориялық-методологиялық тұрғыдан негізделуін қарастырады. Үшіншісі, Жүсіп Баласағұнидың осы идеяның іс жүзіне асуын қамтамасыз ететін «Құтты Білік» дастанын жазды. Бұл үшеуі бір-бірімен тығыз байланысты, бір заманның жемісі және өзіне дейіңгі бабалар мұратымен жалғаса отырып, кейіңгі ұрпақтарының құрған мемлекетшілдік, яғни «Мәңгілік Ел» идеямен сабақтасады.
Әл-Фараби ежелгі грек философиясы мен шығыстың мұсылман ілімдерін байланыстыра отырып, түркі дүниесінің «Мәңгілік Ел» философиясының теориялық негіздемесін жасап берді. «Мәңгілік Ел» идеясын әл-Фарабидің саяси-философиялық тұрғыдан негіздеуі тамаша жасалған. Ғалым «Мәңгілік Ел» теориясының негізгі ережелерін «Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары туралы», «Азаматық саясат», «Мемлекет билеушінің нақыл сөздері» шығармаларында баяндайды. Ғұлама ғалым өмір сүрген кезеңде түркілердің қала-мемлекеттері көп болған еді. Сондықтан ол «мемлекетті» көбінесе «қала» түсінігімен қатар қойды. Бақытқа жету жолында адамдардың арасындағы қайрымдылық пен түсінушілік, бір-біріне көмек беру, достық пен бейбітшілік, тәрбие мен тәлім – әл-Фарабидің тұтас әлеуметтік-саяси теориясының ажырамас бір бөлігін құрайды. Мемлекет пен қоғамның кемелденуі туралы әлеуметтік-саяси теориясында мемлекет басқарушылары мен сол қоғамда өмір сүретін адамдардың да ұстануы тиіс мемлекетті басқарудың императивтері мен механизмдері ашылды. Сондықтан, бұлардың бәрі қазіргі таңда түркі тілдес мемлекеттердің ұлттық құндылықтары ретінде саналуы тиіс. Қазақстан үшін оның шығармаларының ұлттық идея тұрғысынан құндылығы өте жоғары. Фараби мемлекетке адам пайда келтіргенде ғана күшті, дамыған мемлекет болады деп негіздеп кеткен. «Үлгілі мемлекет қандай болу керек?» - деп сұрақ қойып, «Ондай мемлекет жетілдірілген, дамыған иерархиялық құрылыстағы мемлекет болу керек. Мұндай мемлекетте әрбір адам бір өнермен шұғылдануы қажет дейді», - деп оған өзі жауап береді. Мемлекеттегі әрбір адамдарды кәсіптік белгісіне қарай жіктеген. Қоғамдағы адамның жағдайы байлығына емес, біліміне қарап бағалануы қажет екенін атап көрсеткен. Ал білім тәрбиеге және сыртқы жағдайға байланысты деген. Бұндай ойлар Абайдың «толық адам» болып қалыптасту үшін ішкі және сыртқы себептері бар деген қара сөздерімен үндеседі.
Фараби өз трактаттарында қоғамдық саяси мәселе бойынша халық билігімен демократия жайлы айтады. Мәдениетсіз қалалардың барлық түріне қарама-қарсы қайырымды қалаға ең жақыны коллективті/ұжымдық қала дейді. Бұл қаланың тұрғындары барлық іс-қимылды тең құқылы, бұл жерде бағыныштылар мен билік етушілер жоқ. Ал қаланың басшылары құрметке иеленгендер ғана бола алады. Фараби бостандықпен тең құқылыққа ықыласпен қарайды, бірақ басшысыз, оның өкіметінсіз жалпыға ортақ бақытқа жету мүмкін емес деп есептейді .
Өзінің «қайырымды» және «қайырымсыз» қалалардың әр түрлі мінездемелерімен жіктеулерінде/классификацияларында Фараби қоғамның жетілдірілген әлеуметтік құрылымын қайта жасады. Ол қала-мемлекеттің қоғамдық өмірінің толық мінездемесін береді. Фараби «адамның жануарлар әлемімен бөлініп тұратыны ақыл ойы және тәнінің жетілдірілгендігімен , бірақта адам одан әрі жетіле түсу үшін ол тіл және әр түрлі өнерге зәру» - деді.
Фараби мемлекеттің міндетін және оның ішкі және сыртқы міндеттерін толық анықтап береді. Сыртқы міндеті мемлекеттің қайрымды қала тұрғындарын немесе мемлекетті сыртқы жаулардан қорғау, яғни күшті қорғаныс ұйымдастырумен жүктеледі. Ішкі міндеті мемлекеттің өз халқының бақытқа жетуі үшін көрнекті шараларды іске асыру керектігін көрсетті. Дұрыс басшы әділеттілікті орнату, халықты оқыту, оларды керекті ғылыммен толықтыру оны адамгершілікке тәрбиелеу, қайырымдылықты тарату және ең жақсы бақытқа жеткізілетін әдеттерді бойға сіңіру қажеттігін негіздеді. Қалған мәселелердің бәрі экономикалық және саяси мәселелерге яғни негізгі міндетке бағынады, яғни адамдардың бақытқа жетуі олардың рухани жетілуіне тәуелді.
Фарабидің «Бақытқа жету жолында барлық халық бір-біріне көмектесетін болса, жер беті түгелімен берекеге толады» - деген сөзі тап бүгінде өте көкейкесті мәселе. Ол адамның іс-әрекетінде зиялылықтың рөлі аса зор деп бағалады. Зиялылардың ақыл-ойы халықтар арасыдағы ұрысжанжалдардың пайдасыздығын ұғуға жетеді деп ойлады. Сондықтан олар ең жоғарғы игілікке жету жолында, яғни «бақытқа жету жолында бір-бірімен келісімге келуі керек, өйткені ненің жаман, ненің жақсы екенін тек қана адамның ақыл-ойы шешеді» - дейді. Гуманизмді, халықтар достығын насихаттап, адамның өзін, оның ақыл-ойын, қабілет пен жігерін өте жоғары бағалайды. Адамның шынайы бақытын тілейді, оларға тынымсыз іздену, оқуүйрену арқылы өзін-өзі жетілдіруге шақырады. Тек «адамның мінез-құлқына байланысты ғана одан жаман немесе жақсы қылық шығады» [60], - дейді. Фараби мұрасының ішінде «этика» үлкен орын алады. Этиканы ол ең алдымен жақсылық пен жамандықты ажыратуға мүмкіндік беретін ғылым деп қарастырды. Сондықтан оның этика жөніндегі тұжырымдамаларында жақсылық, мейірбандық басты роль алады. Жақсылық өмірдің мазмұнмағынасының бір бөлшегі, сондықтан ол өмірмен біте қайнап жатады. Ал жамандық жақсылық сияқты емес, ол болмыс жоқ жерден пайда болған дейді. Жақсы адамның да жамандыққа еріп кетуі мүмкіндігі бар, адамгершілікті жоғалтпағанда ғана дұрыс жолда болатынымзды жазды. Ол жамандықты жақсылық жеңгенде ғана адам баласы ізгі мұратына жетеді деп қарайды. Білім, мейірбандық, сұлулық үшеуінің бірлігі болса, қоғамға пайдалы екенін дәріптеді.
Абай 39-шы қара сөзінде ата-бабаларымыздың білімін өз заманымен салыстыра, сынға ала жазады. Дегенмен ары қарай бұл замандағылардан артық екі мінезі бар екендігі «Рас», - деп жазды. Ол заманда ел басы, топ басы деген кісілер болған екен. Көш-қонды, дау-жанжалды ел басылардың шешімі, бітімі билік ететінін жазып кеткен. Екінші жағымды мінезі – намысқорлық екеніне ерекше мән берді. Ат аталып, аруақ шақырылған жерде ағайынға өкпе, араздыққа қарамайды екен, жанын салысады. Қазақ халқының мифологиясында аруақ түсінігі бар екені бәрімізге белгілі. Қазақ халқы және көнедегі түркі тайпаларының басымы адамның жаны мәңгілік, тек тәні ғана өледі деп білген. Осы жерде хакім Абайдың «Мені мен менікінің айрылғанын, Өлді деп ат қойыпты өңшең білмес», - деп адам рухының мәңгі жасайтындығын айтады.
Абай хакімнің айтып отырған екі қасиеті қазақ ұлтына тән қасиет. Халық түгелімен ел басына бағынған, мемлекетті басқарған қайраткерге, ханға толық билікті берген. Халықты жақсылықта да, жамандықта да тығырықтан алып шығатын ел басын тыңдаған, бұйрығын орындаған. Ел басқарған адам мемлекеттің күшті болуына, халықты бірлікте ұстауға міндетті болған. Абай қарасөздерінің идеясында да «Мәңгілік Ел» жатыр.
Абайдың ата-бабаларымыз жайлы айтқан екінші қасиеті – жеке мемлекет болғанда қазақтың ешкімге намысын жібермегендігін, елдің бірлігі күшті болғандығына негіздеген. Аруақ шақырғанда, мемлекетті қорғауға барлық қазақтың күш салатынын еді, - деген идея жатыр.
41-сөзінде қазаққа ақыл беремін, түзеймін деген кісі әуелі – өкімет, қолында жарлығы бар кісі болуы керек дейді [11, 107 б.]. Ол патшалық Ресейге қарсы қолына қару алып күрес демейді. Тарихқа көз жүгіртсек – Ресей басқыншылары мыңдаған жылдық тарихы бар іргелі қазақ елін бодан етіп, еркін билеп-төстеу үшін оның рухани тұтастығын ірітуде, өткеніне балта шабуды, тілін, әдет-ғұрпын, дінін, салт-дәстүрін, билігін жоюды мақсат етті. Азып-тозған, жадынан айырылған халықты айтқанына көндіріп, айдауына жүргізу оңай деп білді. Жұртшылықтың қанын теспей сорды. Наразылық білдірген жергілікті ұлт өкілдерін аяусыз жазалап отырды. Кенесарылардың жеңілгенін, қарсы шықса қанша шығын болатынын түгел дерлік сезді.
Отарлықтан құтылудың жолы ретінде білім-ғылым, еңбекті көрді. Абайдың көпшілік қарасөздері еңбек етуге шақырады. 4-ші сөзінде «Қулық саумақ, көз сүзіп, тіленіп, адам саумақ – өнерсіз иттің ісі. Әуел құдайға сиынып, екінші өз қайратына сүйеніп еңбегінді сау, еңбек қылсан, қара жер де береді, құр тастамайды» [11, 14 б], - деген. Бұл жер өңдеу, мал шаруашылығымен айналысқанның аш қалмайтындығын насихаттайды. Көз сүзіп тіленбеуге, қайыр тілемеуге, еңбек етуге шақырады. Қара сөзді тереңірек түсінген адам ой-санасына қазақ халқының этногенезі мен этникалық тарихына, көшпелі мал шаруашылығының генезисіне, отырықшы егіншілік пен көшпелі мал шаруашылығының арақатынасы мен өзара тығыз байланысына қатысты ең маңызды көкейкесті мәселелеріне шоғырыланады. Егіншілік пен көшпеліліктің өзара әсері мен бірлігі тұрғысында қарасақ та болар еді. Бұл жергілікті мәдениеттің тамыры тереңге кететін салттары ғана емес, «мал таптың, байыдың. Сол малды сарып қылып, ғылым табу керек. Өзіңе табылмаса балаң тапсын» [11, 25 б], - деп тағы білім-ғылымға шақырады. Абайдың еңбекті, білімді насихаттауы Мемлекетіміздің «Мәңгілік Ел» құндылықтарының ішінде «Жалпыға бірдей еңбек қоғамы» құндылығымен сабақтасады.
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» мақаласында Абайдың «Толық адам» тұжырымдамасын қайта зерделеу қажеттігін баса айтты. Бұл жерде Фарабидің адамның кемелдену тұжырымдамасынан бастаған дұрыс деп ойлаймын. Фараби адам гармониясының негізгі мәні - оның көпжақты тұтастығы, мәдениет гармониясының тұтастығы екендігін көрсеткен. «Адамның қайырымдылық жасауы бұл - бірінші кемелденуі» - деген. Ол осындай әрекет жасамай тұрып рақымды бола алмайды, өйткені кемелдену оның алған қасиеті салдарынан әрекет көрсетуінде емес, әрекетті орындауында. Адамгершіліктің тепе теңдігі, қоғамдық өмірдегі үйлесімнің сақталуына тоқталған. Әл-Фараби адамның ашқарақтығы нағыз ғылымның жауы екендігін жақсы түсінді. Ол ғылымның игілікті мақсаты табиғаттың тамаша жомарт, әрі даналық құпиясын тану деп білді. Оның ойынша ғылым ақиқатына тек қана ұяты таза, ақ пейіл адам ғана жетеді деп ойлады. Тек осындай адам ғана шығармашылық ләззатын тауып, бақытқа жетпек деді.
Әл-Фарабидің айтуынша адам өзінің жетілу жолында «адамдықтың баспалдығынан» өтеді деген. Оның үш жолы бар: бірінші – потенциалды ақылой, екінші –игерілген ақыл-ой, үшінші күшті ақыл-ой. Сонымен қатар әлФараби өзінің «Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары» атты трактатында «Қайрат. Ақыл. Жүрек» секілді ұғымдарға түсінік берген. «Жүрек – басты мүше, мұны тәннің ешқандай басқа мүшесі билемейді. Бұдан кейін ми келеді. Бұлда басты мүше, бірақ оның үстемдігі бірінші емес» [17, 289 б], - дейді.
Әл-Фараби жүрекке шешуші мән берген, оның идеялары Абайдың 17-ші қара сөзінде жалғасын тапқан сияқты. Абайдың «Толық адам» ілімінің негізі түркі әлемінің дүниетанымында жатыр. Абай «Қайрат. Ақыл. Жүрек» үшеуінің айтыс-тартысына шешім айтуды ғылымға жүгіндіреді. Ғылым «Үшеуің басынды қос, бәрін жүрекке билет... Үшеуің ала болсаң, мен жүректі жақтадым» [11, 35 б], - депті.
Абай адамның кемелденуінің ішкі және сыртқы себептерін көрсеткен. Туған беттегі қасиеті баланың анасының құрсағында жатқандағы жағдайы және оның ата-тегіне байланысты дейді. Ал туғаннан кейінгі келешек өмірі оны қоршаған ортасы, алған білімі адамның дамуына әсер ететін сыртқы себептер деген екен. Ал жетілудің ішкі себебі - жүректің әсері деген.
«Табиғат тәрбиеге қарсы» пікірі бүгінгі күндегі даулы мәселелердің бірі. Жүргізіліп жатқан соңғы зерттеулер бойынша ген адамның мінез-құлқына әсер етеді, мінез-құлқы генге әсерін тигізгені анықталған. Оның қорытындысы бойынша генетикалық әсерге қарағаанда, қоршаған ортаның ықпалын қайтару ауыр екенің дәлелдеген. Сонда Абайдың осыдан бір жарым ғасыр бұрын айтып кеткені әлі өзектілігін жоймаған.
Фараби «Адамның қайырымдылық жасауы бұл - бірінші кемелденуі» деп, кемелденудің өзінің кезеңдерін көрсеткен. Абайда оның ойын жалғастырғандай «Толық адам» болып бірден қалыптаспайтынына назар аударған. Абайтанушы зерттеушілер оның мұрасын жүйелей келе адамның жетілу жолын үш сатыға бөлген. Жетілмеген төменгісін Абай «жарым адам» десе, материалдық жетілуді «адам» деп, ал ең жоғарғы рухани жетілу «Толық адам» деп атап, олардың өзін түрлі деңгейге бөлген. Абайдың «Толық адам» тұжырымдамасы сол кездегі саяси көзқарастары оянып келе жатқан қазақ қоғамына өзекті мәселе болды. Саяси оқиғаларға толы ХХ ғасырдың басындағы ұлт зиялыларының Абай өлеңдері, қара сөздерінен алар тәлімі жоғары болды.
Абай қара сөздерінде адамдықтың биік деңгейін иманмен бағалап, «Толық мұсылман болмай – толық адам болмайды» деп тұжырымдаған. Ол толық адам туралы ойын «Ғылым таппай мақтанба» өлеңінен басталады. «Адам болам десеңіз» жалғасын тауып, «Ғылым таппай мақтанба» өлеңінде күрделене түскен.
«Үш-ақ нәрсе адамның қасиеті: ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек», – дейді данышпан Абай. Осы үш қасиет «толық адам» бойында болуы шарт.
Онсыз ұрпақты биікке самғату, білімді, білікті, қайырымды етіп тәрбиелеу біржақты болып шығады. Қисық, қыңыр бала да тәрбиенің жетімсіздігінен. Қайрат әркімде-ақ бар. Бірақ ол бүлдіруге ме, әлде жасампаздыққа қызмет етуге бағытталған ба? Мәселе сонда. Абай ыстық қайрат, яғни, адамға жақсылық әкелетін қайратты таңдап, қалап отыр. Ақыл да әркімде-ақ бар. Оның да қолданысы әр түрлі. Абай соның нұрлысын, адамның өзіне немесе ұрпаққа, шәкіртке, төңірегіндегілерге күн сәулесіндей шапағат шашатынын, тәлімтәрбие беретінін, даналыққа толы ақылды қалаған. Жүрек те әр түрлі болады. Халық жек көрген адамын тасжүрек, сужүрек, жүрегі мүйіз боп кеткен қатыгез, қанішер, мейірімсіз деп сөгеді. Ал адамға нұрлы болашақ силайтын, келешегіне дұрыс жол нұсқайтын, ғибратты ақыл-кеңес беретін, жастардың бойына адамгершілік, имандылық дәнін себетін, рухты көтеріп, мерейді тасытатын жүректі жылы, мейірбан жүректі деп есепеттейді.
Өйткені, адамзатқа және қоғамға орасан зор проблема әкелетін жаһандану мен жаңғыртудың әсерінен айналадағы әлем түбегейлі өзгеріске ұшырауда. Мемлекет басшысы Қ-Ж.Тоқаевтың «әлеуметтік жауапкершілік қайткенде орнына келеді?», -деп сұрақ қойып, оған жауап ретінде «бұл күрделі мәселенің шешімін Абайдың «Толық адам» формуласынан іздеген жөн болар», - деген тұщымды жауабы өте орынды.
Шығыстың «Абада» (Адабу) институтының алғашқы өкілдерінің бірі әлФараби Шығыс философтары арасынан алғашқылардың бірі болып сұрақжауап түрінде баяндалатын трактаттар жазған автор. Қойылған сұрақтарға өзі қысқа да тұжырымды жауап береді. Бұл тәсілді Абай Құнанбаевта қолданған.
Әл-Фарабидің «Философтар сауалдарына жауаптар» атты шығармасында 42 сұраққа қайтарған жауабы келтірілген. «Денелердің түсі қалай пайда болды?», «Босаң, тығыз деген ұғымдар не? Болмысы қандай және қандай категорияға жатады?», «Есте ұстау мен ақылда ұстаудың қайсысы артық?» деген сияқты сұрақтарға тұщымды, дәлелді жауаптар қайтарған.
Абай Құнанбаевтың да сауалдардан тұратын қара сөздері бар. Мысалы, қырықыншы сөзіне тоқталсақ. Абай хакім сұрақты өзі қояды да, жауабын айтуды оқушыға қалдырады. Оның сұрақтарының көбі қазақи фәлсафа, психологи мен әдеп-ғұрып, мінез-құлық төңірегіндегі келенсіздіктерді, жөнсіздіктерді әшкерелеуге арналған «Жаттың бір тәуір кісісін көрсе «жарықтық» деп жалбырай қалып, мақтай қалып, өз елінде сонан артық адам болса да танымайтұғыны қалай?» деп өте орынды, қазақы ділге тән сұрақ қоя отырып, өз оқырманын ойландырып қояды.
Жанрлық жөнінен салыстыруға келерлік шығармалар қатарына білім мен ғылымды меңгеру шарттары туралы жазылған әл-Фарабидің «Философияны үйрену үшін қажетті шарттар жайлы трактаты» мен Абайдың отыз екінші сөзімен байланысты. Әл-Фараби еңбегінде Аристотельдің ғылымын, философиясын меңгеру үшін қажет болатын тоғыз шарт туралы жазған, олардың әрқайсысын әлемдегі екінші ұстаз өз пікірін келтірді. Фараби ғылымдарды меңгерудің, үйренудің қажеттігін дәріптеп қана қоймай, бұл мақсатқа жетуге көмекші боларлықтай жетекші трактаттарды да жазды.
Әл-Фараби жан-жақты болып қана қоймай, бірнеше ғылымды өз зерттеулерінде кіріктіре білген ғалым. Оның мұрасынан бүгінгі күні де сабақ алуымыз қажет. Қазір Қазақстанда да STEM-білім берудің белсене дамуы басталды. Бұны Білім мен ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында STEM контекстінде мектептегі білім берудің мазмұнына өту дәлелдейді. Жаңа білім беру саясатын жүзеге асыру үшін оқу бағдарламасына жаңа технологияларды, ғылыми инновацияларды, математикалық үлгілеуді дамытуға бағытталған STEM-элементтерді енгізу жоспарланды өзекті мәселелердің біріне айналды [18]. Әмбебап ғалымдардан үлгі алу арқылы оқушыларға, студенттерге STEM білім беру инженерлік, сыни және шығармашылық ойлау қабілетінің дамуына ықпал ететін болады. Себебі, қазіргі уақытта STEM әлемдік білім берудің басты трендтерінің бірі болып табылады. Технологиялардың қарқынды дамуының арқасында жаңа мамандықтар пайда болып жатыр, STEM мамандарға сұраныс жаппай өсіп жатыр.
Философ Гегельдің: «Апыр-ау! Фарабидің асқазаны қандай мықты! Оның қорытпаған ғылымы жоқ!» – деген ойы жаратылыстану ғылымдарын гуманитарлық мазмұн-сипатында ұлттық құндылықтармен сабақтастыра дамытудағы бірегей ғұламалығы, оның STEАM-білімге ие болғандығының дәлелі.
«Ғылымды, ақылды сақтайтұғын мінез деген сауыты бар. Сол мінез бұзылмасын! Ғылымды үйренгенде ақиқат мақсатпен білмек үшін үйренбек керек» деп дұрыс жол сілтейді. Әл-Фараби мен Абай ойлары ұқсас. Екеуі екі заманда, екі тарихи уақытта өмір сүрседе қоғамдағы сол мәселелерді қараған. Абай «Ғылым таппай мақтанба» өлеңінде «Сізге ғылым кім берер, Жанбай жатып сөнсеңіз?» - деп сұрақ қою арқылы адманың өзін үнемі жетілдіріп отыруы керектігін негіздегендей. Бүгінгі күндеде өмір бойы оқу қажеттілігі туындады. Абайдың білім-ғылым жайлы өлеңдерінің, қарасөздерінің ұлттық идеясы қайтсем қазақты білім алуға, еңбекке үйір қыламын деген ой болды. Қазақстан Республикасы білім беру мазмұның жаңарту бойынша орта білім берудің құндылықтары ретінде - «өмір бойы білім алу» құндылығын оқушы бойына сіңіру міндеті қойылған. Әл-Фараби мен Абай өсиеттері, шығармаларының ұлттық идея тұрғысынан құндылықтары бүгінгі күндеде өз өзектілігін жойған жоқ. Тарихтан сабақ ала отырып қазіргі кезеңдегі Қазақстандағы білім мен ғылымды реформалаудың негізгі бағыттары жарияланып, Отандық білім беру алға жылжуда. Себебі, Қазақстан кеңестік уақытта одақтас республикалардың бірі ретінде білім беру мен ғылымды дамыту салаларында ұйымдастырылған шараларға қатысты. Бұл жерде Фараби мен Абайдың шығармаларындағы ұлттық идея жас ұрпаққа сабақ болмақ.
ХХІ ғасыр адамзат баласының алдына шешімі күрделі іргелі мәселелерді тартты. Әлем алуан түрлі түрлену сатыларынан өтіп, тұтастану, бірігу, кірігу, жаһандану дәуіріне қарай қадам басты. Осындай түрленулер барлық елдерге айтарлықтай ықпал жасады. Әрбір елдің күн тәртібіне болашақ бағдарымыз қандай болмақ, жаһандану процесінде алатын орынымыз қандай, нендей мұраттарды нысана тұтқанымыз абзал деген күрделі де маңызды сауалдар қойылды. Әрине, бұл процестен Қазақстан да тыс қала алмады.
Сондықтанда Тәуелсіздік талабына сай ұлттық «менді», тарихи сананы қалыптастыруға, ұлттық мәдени құндылықтар негізінде жалпыадамзаттық мәдениеттің қалыптасу үрдісіне қомақты үлес қосуға бағытталған шаралар бірінен соң бірі жалғасты. Соның бірі- Ұлы даланың ұлы есімдері жобасы. Онда «Ұлы дала әл-Фараби мен Ясауи, Күлтегін мен Бейбарыс, әз-Тәуке мен Абылай, Кенесары мен Абай және басқа да көптеген ұлы тұлғалар шоғырын дүниеге әкелді» [2, 3 б], - деп, бұл тұлғаларды қаһармандарға балаған. Осы пікірді толықтыра келе біз зерттеу жұмысымыздың мақсаты мен міндетеріне сәйкес төмендегідей қорытындыға келдік:
Негізі әл-Фараби мен Абай шығармаларының тарихи жадыны сақтаушы, халықтың рухани мәдени мұрасы ретінде құндылығы аса зор. Біріншіден, әлФараби мен Абай мұралары қазақ халқының тарихи-мәдени қазынасы, дәстүрлі рухани құндылықтар жүйесі ретінде ұлттық бірегейлікті нығайтушы құралы. Екіншіден, дәстүрлі дүниетанымға негізделген ұлттық менталитет ерекшеліктерінің сипаты. Үшіншіден, тарихи жады, ұлттық код, ұлттық сананың сақтаушысы деген тұжырымдарды ұсындық.
Әл-Фараби мен Абайдың шығармашылық мұрасындағы дінге қатысты көзқарастарын зерделей келе жасаған қорытындымыз, олардың шығармаларының құндылығы қазақ халқының дәстүрлі діни көзқарасын ұстанып, рухани сауаттылықты тереңдетіп, шеттен төңген деструктивті жат діни ағымдарға, шетелдік дәстүрлі емес көзқарастарға қарсы ұстанымдарды қалыптастыруға көмектеседі.
Фараби мен Абай шығармашылығының нағыз тереңдігін, оның адамзат мәдениет қазынасына қосқан үлесінің салмағын Қазақстанда ғана емес, планетаның барша түкпірінде жақсы түсінеді. Абайды Мұхтар Әуезов әлемге танытса, Фарабиді Ақжан Машанов қазақ жерінде туғандығын дәлелдеп, есімін туған жеріне оралтты. Бұдан жасайтын қорытындымыз, егер адамгершілігі жоғары азаматты және өз Отанының патриотын тәрбиелеуде әл-Фараби, Абай секілді еліміздің тарихи тұлғаларын үлгі етсек, онда ғылымға қызығатын оқушылардың үлесі артады.
Абай қалам шалған тақырыбына орай кейде ақын, тағы бірде тарихшы, тағы бірде ойшыл, саясатшы, педагог ретінде көрінеді, еңбектерінде экономикалық, мәдени, рухани мәселелерді бірлестіре сөз етеді. Көзге ерекше шалынатыны оның ағартушылық, адамгершілік, еңбек сүйгіштік идеясы, ерекше қасиеті осының барлығын құндылық деп танитыны. Оның еңбектері Фараби еңбектерімен үндеседі, жалғасы іспеттес. Оның өлеңдері, қара сөздері қоғамдық-саяси сананы оятты. Абай туындыларының тарихи дереккөзі ретіндегі құндылығы өте жоғары деп бағалаймыз.
Осы зерттеу барысында біздің көзіміздің анық жеткені әл-Фараби мен Абай туралы зерттелгеннен гөрі әлі де болса зерттелмеген тұстарының көптігі. Олардың өмірін, қызметін, кәсіби мұрасын, оның патриотизмін жан-жақты саралауға, талдауға, бағалауға құлшына кіріскен әдебиетшілер, философтар, педагогтар мен музыканттар, тарихшылар болашақта мақсатты түрде түпсіз қазына іспетті екі дананың мұраларын тереңірек зерттей түсуі қажет. Осы мақсатта мынадай ұсыныстарды енгіземіз:
1 Әл-Фараби мен Абай мұрасындағы ұлттық идея туралы ғылыми
тұрғыдан жазылған зерттеулер негізінде деректі фильм түсірген жөн;
2 Мемлекеттік биліктің рухани жаңғыруды жандандыру бағытындағы ұстанымына ұлт мәдениетін дамыту барысындағы атқарылып жатқан ісшаралар қатарында әл-Фараби мен Абай мұрасын зерттеу саласындағы жұмыстарды халықаралық аренада насихатталуының барысына жаңаша баға
беру;
Ғылыми жоба жұмысымды қорытындыласам, рухани жаңғыру адам жандүниесінің құндылығы ретінде сан мың жылдаған ғасырлар бойы халық санасына сіңіп, ұлттық құндылыққа айналатыны сөзсіз. Осы құндылықтар ішінде әл-Фараби мен Абай мұраларының ұлттық идеясы жатыр. Әрбір адам өз ұлтының тұлғалы азаматы болу үшін сол өз ұлтының рухани құндылықтарын бойына сіңіре қалыптасуы – адамзат дамуының құнды заңдылығы. Бүгінде Қазақстан үшін екі түрлі міндет туындап отыр. Бірі – санадағы бодандықтан, арылу, екіншіден – әлемдік өркениетке өзіндік кескін-келбетімен ену. Демек, әлемдік жаһандануға енуді мақсат еткен Қазақстан үшін тиімідісі - тәуелсіздік алу мен оны нығайту жағдайындағы қоғамдық сана эволюциясы құндылықтардың жаңа жүйесін қалыптастыру үшін бірқатар жұмыстар жүргізілуі керек.
Әдебиеттер тізімі
1. Назарбаев Н.Ә. «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру». –Астана, Ақорда. - 12сәуір. – 2017.
2.
Назарбаев
Н.Ә. «Ұлы даланың жеті қыры». - Астана, Ақора. –
21 қараша. - 2018. https://www.akorda.kz/kz/events/memleket-basshysynyn-uly-dalanyn-zhetikyry-atty-makalasy
3. Машанов А.Ж. Әл-Фараби және Абай. Алматы: «Қазақстан», 1994. - 192 б.
4. Фараби ғибраты. - Алматы: Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ баспа Орталығы, 2006. - 397 б.
5. Абай. Энциклопедия. – Алматы, 1995. – 264 б.
6. Қазіргі Абайтанудың өзекті мәселелері. - Алматы: Ғылым, 2002.- 274 б.
7. Тоқаев Қ-Ж. Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан. – 09 қаңтар. -2020. https://www.akorda.kz/kz/events/memleket-basshysy-kasym-zhomart-tokaevtynabai-zhane-hhi-gasyrdagy-kazakstan-atty-makalasy
8. Ақжан әл-Машани. Әл-Фараби және бүгінгі ғылым. –Алматы: Алатау баспасы, 2007. – 224 б.
9. Бурбаев Т. Қазақ философиясы және әл-Машани. Астана., 2006 жыл. 37 б. Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ Ұлттық университетінде 2006 жылы өткен «Ұлттық ғылыми құндылықтар және А. Әл-Машани мұрасы» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференцияның материалдары. Алматы, 2006 жыл.
10. Көбесов А. Әл-Фараби мен Абайды қатар оқығанда. –Алматы: Қазақ университеті, 2006. – 58 б.
11. Абай. Қара сөздері. – Алматы: Өнер, 2006. – 124 б.
12. Құдайбердіұлы Ш. Мұсылмандық шарты. — Алматы «Қазақстан»,
1993. — 80 б.
13. Табиғат Матбуғат, Великая книга природы., Маяки истины. ҚРОММ 2285 қор, 1-т., 17- іс., 187-п.
14. Әл-Фарабидің Космологиясы. ҚРОММ 2285 қор, 1-т., 12- іс., 149-п.
15. Әбдезұлы Қ. Қазақ прозасы және ұлттық идея: Оқу құралы / жауапты ред.
З.Қабдолов. – Алматы: Қазақ университеті, 2005. – 242 б.
16. Аль-Фараби. Трактат о взглядах жителей добродеятельного города. // Философские трактаты. –Алма-Ата, 1970.
17. Әл-Фараби. Әлеуметтік-этикалық трактаттар. Алматы : «Ғылым», 1975. –
419 б.
18. SТЕМ білімді енгізу бойынша әдістемелік үсынымдар. Методические рекомендации по внедрению SТЕМ образования. – Астана, 2017.
19.
20. Әлемдік педагогикалық ой сана. 10 томдық /Жетекшісі С.Қалиев/. – Алматы: Таймас, 2010. – 9 том. - 400 б.
Қосымша А
Ең алғашқы салынған Әл-Фарабидің М.Сариев ұсынған репродукциясы.
А.Машановтың әл-Фараби моласы басында шыққан өлеңінің көшірмесі
А.Машановтың түрлі оқиғаларды жазған маңызды дәптерлері. ҚРОММ 2285 қор, 1-т., 77- іс., 11-п.
Қосымша В
А.Машановтың әл-Фараби мен Абай туралы ойларының көшірмесі
Абай озат ойшыл. ҚРОММ 2285 қор, 1-т., 53- іс., 9-п.
Материалы на данной страницы взяты из открытых источников либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.